COVID-19 пандемиясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің психологиялық көрсеткіштерінің әлеуметтік-демографиялық, кәсіби көрсеткіштерімен байланысын анықтау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №27 (422) июль 2022 г.

Дата публикации: 11.07.2022

Статья просмотрена: 12 раз

Библиографическое описание:

Жунисова, М. Б. COVID-19 пандемиясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің психологиялық көрсеткіштерінің әлеуметтік-демографиялық, кәсіби көрсеткіштерімен байланысын анықтау / М. Б. Жунисова, Н. Ш. Абдурахманова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 27 (422). — С. 264-269. — URL: https://moluch.ru/archive/422/93863/ (дата обращения: 26.04.2024).

Мақалада авторлар COVID-19 пандемиясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің психологиялық көрсеткіштері мен әлеуметтік-демографиялық және кәсіби көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтады.

Кілтті сөздер: медицина қызметкерлері, COVID-19, психологиялық көрсеткіштер.

В статье авторы пытаются определить связи психологических показателей медицинских работников в период пандемии COVID-19 с социально-демографическими и профессиональными показателями.

Ключевые слова: медицинские работники, COVID-19, психологические показатели.

11 наурыз 2020 жылы Ухань қаласында (Қытай) пневмонияның түсініксіз жағдайларының тобы ретінде жаңа коронавирус ауруын ресми түрде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемия болып жариялады [1].

SARS-CoV-2 немесе Covid-19 Coronaviridae тұқымдасына жатады, өткір респираторлық синдромды (SARS) және Таяу Шығыстағы тыныс алу синдромын (MERS) тудыратын вирустармен бірдей және ұқсас эпидемиологиялық сипаттамаларға ие. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап COVID-19 инфекциясы бүкіл әлемге Уханьнан таралып, пандемия тудырды. 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша әлемде 3 миллионнан астам инфекцияның расталған жағдайы тіркелді, олардың 200 мыңнан астамы қайтыс болды. Ең көп зардап шеккен елдер Италия, Франция, Испания, Германия, Америка Құрама Штаттары және Иран болды [2].

Көптеген зерттеулерде COVID-19 эпидемиясы кезінде медицина қызметкерлері жарақаттан кейінгі стресстен зардап шеккенін көрсетті. Уханьдағы қиын жұмыс және өмір сүру жағдайларының салдарынан оқшаулау кезінде медициналық қызметкерлері қатты күйзеліске және психологиялық күйзелістерге тап болды, бұл жарақаттан кейінгі стресстің бұзылу қаупін арттырды. Сонымен қатар, жарақаттан кейінгі стресстің бұзылуы бар медициналық қызметкерлер Уханьдағы тәжірибесін көбінесе қатты қорқыныш пен физикалық сезімдермен бірге жүретін қорқыныш немесе жарқын және интрузивті естеліктер арқылы қалпына келтіреді. Бұл белгілер кем дегенде бірнеше аптаға созылуы мүмкін және медициналық қызметкерлердің отбасына, біліміне, кәсібіне және өмірінің басқа да маңызды аспектілеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Осылайша, оқшаулау кезінде Уханьға жіберілген медициналық қызметкерлердің ықтимал себептері мен әсер ету факторларын түсіну жарақаттан кейінгі стресстің бұзылуы эпидемияның алдын-алу және бақылауды қалыпқа келтіру жағдайында өте маңызды.

Демек, аурудың өршуінің қоғамға әсер етуінің психологиялық аспектілерінен басқа, жұқтырған науқастарды медицина қызметкерлері емдеуге тікелей қатысу және жұқтыру қаупінің жоғарылауы, отбасыларға инфекцияның берілуінен қорқу, өздері мен жақындарының денсаулығы туралы алаңдаушылық, стигматизация және қабылдамау сезімдері, сондай-ақ экстремалды қысым жағдайында жұмыс істеу салдарынан қосымша күйзеліске ұшырайды. Екінші жағынан, ауру жағдайлардың көбеюі және онымен байланысты өлім-жітім, ұзақ уақыт бойы үлкен жұмыс жүктемесі және персоналды қорғау құралдарының сарқылуы уақыт өте келе эмоционалды және физикалық күйзелісті тудырады. Медициналық қызметкерлер үшін COVID-19 басталуының психологиялық әсерін және қауіп пен қорғаныс факторларын түсіну үшін жүйелі зерттеулердің қажеттілігі туындайды.

Зерттеудің мақсаты: COVID-19 пандемиясы кезіндегі медицина қызметкерлерінің психологиялық көрсеткіштерінің әлеуметтік-демографиялық, кәсіби көрсеткіштерімен байланысын анықтау.

Зерттеу объектісі — Түркістан, Шымкент қалаларының медициналық қызметкерлері (дәрігерлер, мейірбикелер, кіші медициналық қызметкерлер).

Бір мезетті, көлденең зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмысының мақсатына байланысты 287 медицина қызметкерлеріне анонимді сауалнама жүргізілді. Негізгі демографиялық мәліметтерге мамандық (дәрігер немесе мейірбике), жыныс (ер немесе әйел), жас (жылдар), отбасылық жағдайы (тұрмысқа шықпаған, үйленген немесе ажырасқан), пандемия кезінде қызметі: провизорлық бөлімдерде, фильтр бөлімінде, жедел жәрдем бөлімі, жалпы изолятор және қарқынды күтім блогы кірді, еңбек өтілі, бала саны, т.б.

COVID-19 өршуі кезінде медицина қызметкерлерінің басынан өткізген психологиялық реакцияларын және олармен байланысты факторларды бағалау үшін психологиялық сауалнамалар алынды.

Біздің зерттеу жұмысымызда медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығын бағалау үшін біз төрт шкаланы қолдандық. 9 пункттен тұратын пациент денсаулығының сауалнамасы (PHQ-9), 7 тармақтан тұратын жалпыланған мазасыздықтың бұзылуы (GAD-7), 7 пункттен тұратын ұйқысыздықтың ауырлық индексі (ISI) және өмір сүру сапасын анықтайтын SF-36 сауалнамалары қолданылды.

Нәтижелер «SPSS» статистикалық бағдарламалар пакетінде есептеліп жүзеге асырылды.

Респонденттердің 115-і (40 %) әйел, ал 172 (60 %) ер екені анықталды (сурет 1).

Сурет 1. Респонденттердің жынысына қарай таралуы

Зерттеуге алынған медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерін талдау барысында: отбасы жағдайын тексергенде 64,5 % тұрмыс құрған/үйленген, 27,9 % бойдақ, 5,2 % ажырасқан, 2,4 % жесір болды. Біздің зерттеуге қатысушыларымыздың жартысынан көпшілігі 61,3 % орта және кіші медициналық қызметкерлер және 38,7 % дәрігерлер екені анықталды (кесте 1.).

Кесте 1

Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Саны / %

Жынысы: ер

172 / 60 %

әйел

115 / 40 %

Жанұя жағдайы:

бойдақ

80 / 27,9 %

тұрмыс құрған/үйленген

185 / 64,5 %

ажырасқан

15 / 5,2 %

жесір

7 / 2,4 %

Дәрігерлер

111/ 38,7 %

Орта буынды медицина қызметкерлері

100/ 34,8 %

Кіші буынды медицина қызметкерлері

76 / 26,5 %

Еңбек өтілі:

1–6 жыл

25 / 8,7 %

7–15 жыл

112 / 39 %

15 жылдан жоғары

150 / 52,3 %

Жұмыс орыны:

арнайы провизорлық стационар

225 / 78,4 %

жалпы аурухана

62 / 21,6 %

Физикалық денсаулықты өзін-өзі бағалау

өте жақсы

133 / 46,4 %

жақсы

116 / 40,4 %

қанағаттанарлық

32 / 11,1 %

әлсіз

6 / 2,1 %

Балаларының саны:

0

100/ 34,8 %

1

20/ 7 %

≥ 2

167/58,2 %

Сауалнамаға жауап берген медицина қызметкерлерінің COVID-19 пандемиясы кезінде 78,4 % арнайы провизорлық стационарда COVID-19 күдікті пациенттермен тығыз байланыста болды, 21,6 % респонденттер жалпы ауруханаларда жұмыс істеген. Кәсіби еңбек өтілі 65,7 % жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін, ал қазіргі сыныптағы жұмыс өтілі 80 % жағдайда 5 жылдан аз болды. Олар 52,3,5 % жағдайда медициналық мамандық бойынша 15 жыл, 39 % респонденттердің еңбек өтілі 7–15 жыл аралығында және 8,7 % жағдайда 1–6 жыл болғанын атап өтті. Сауалнаманың бұл бөлімінде балалар саны сұрағына: қатысушыларымыздың тең жартысында 58,2 % — 2 баладан көп екені көрінді. Респонденттердің сексен алты пайызы субъективті тұрғыдан өзінің физикалық денсаулығын өте жақсы/жақсы деп бағалайды (кесте 1.).

Респонденттердің жас ерекшелігіне байланысты 112 (39 %) — 20–29 жаста, 111 (38,7 %) — 30–39 жас аралығындағылар, 49 (17,1 %) — 40–49 жастағылар, 15 (5,2 %) 50 жас және одан жоғары деп бөлініп көрсетілді. Медицина қызметкерлеріміздің көп бөлігі 20 жастан 40 жас аралығында болғаны анықталды (сурет 2).

Сурет 2. Респонденттердің жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі

Көптік логистикалық регрессиялық талдау жүргізгенде төрт тәуелсіз айнымалылар енгізілді (мысалы, провизорлық стационарда жұмыс, COVID-19 жұқтырған науқастармен тікелей байланыс, қазіргі кездегі темекі шегуі және жұмыс өтілі). Провизорлық стационарда жұмыс істейтін мейірбикелер (OШ=1,647, p=0,009), COVID-19 пациенттеріне тікелей клиникалық қызмет көрсетумен айналысады (OШ=1,421, p=0,018) және қазіргі темекі шегушілер (OШ= 3,843, p<0,001) депрессияның жоғары қаупімен байланысты болды (кесте 2).

Кесте 2

Депрессия ны көптік логистикалық регрессиялық анализ арқылы анықтау

Көрсеткіштер

Көптік логистикалық регрессиондық анализ

ОШ

95 % ДИ

p

Провизорлық стационарда жұмыс

1.647

1.131–2.400

0.009

COVID-19 бар науқастарға күтім жасаған

1.421

1.062–1.902

0.018

Темекі шегетін қызметкерлер

3.843

1.951–7.569

<0.001

Еңбек өтілі

1.007

0.992–1.023

0.361

P <0.05; 95 % ДИ

Ұйқысыздық ауырлық индексінің дәрежесінің медицина қызметкерлеріне қарай — дәрігерлер мен орта/кіші буын қызметкерлермен салыстырмалы түрде зерттеу нәтижесі бойынша мейірбикелерде дәрігерлерге қарағанда ұйқысыздық орташа деңгейі жоғары, сенімділік дәрежесі оң мәнді (p <0,001). Жынысы бойынша салыстырмалы қарағанда айырмашылық болмады. Медицина қызметкерлерінің пандемия кезінде жұмыс орнына қарай салыстырмалы бақылау жүргізгенде провизорлық стационарда, тікелей аурумен жанасатын қызметкерлерде ұйқысыздық орташа/ауыр деңгейі жоғары болды, сенімділік дәрежесі оң мәнді (p <0,001) (кесте 3).

Кесте 3

Ұйқысыздық деңгейінің таралуын салыстырмалы зерттеу

Ұйқы бұзылысы

Медицина қызметкерлері

p

Жынысы

p

Жұмыс орны

p

Дәрігер

n= 111

Орта/ кіші мед. қызметкер

n = 176

Ер

n= 172

Әйел

n= 115

Пров. стационар

n= 225

Жалпы аурухана

n= 62

Жоқ

75,5 %

68,8 %

<0,001

70,9 %

64,5 %

0,04

59,3 %

70,7 %

<0,001

Жеңіл

18,4 %

23 %

22,5 %

27,3 %

28,3 %

24,7 %

Орташа

4,9 %

7,2 %

5,8 %

7 %

10,5 %

4 %

Ауыр

1,2 %

1 %

0,6 %

1 %

1,7 %

0,4 %

Мазасыздық, ұйқысыздық ауырлығының және өмір сүру сапасының әлеуметтік-демографиялық және кәсіби көрсеткіштерге байланысы корреляциялық анализ арқылы анықталды (кесте 4).

Кесте 4

Мазасыздық, ұйқысыздық ауырлығының және өмір сүру сапасының әлеуметтік-демографиялық және кәсіби көрсеткіштерге байланысын зерттеу

Әлеуметтік-демографиялық және кәсіби көрсеткіштер

Мазасыздық ауырлығы

Ұйқысыздық ауырлығы

Өмір сүру сапасы

Жынысы

0,17

-0,09

0,02

Жас тобы/ возрастная группа

0,04

0,02

0,64

Отбасылық жағдайы

-0,15

-0,51

0,01

Еңбек өтілі

0,11

0,05

0,11

Мамандығы

-0,55

0,02

-0,76

Ауысымнан кейін карантинге оқшаулау

0,009

0,01

-0,35

Жалпы емдеу мекемелеріндегі жұмыс

0,18

-0,14

0,003

Провизорлық стационардағы жұмыс

-0,05

0,37

0,02

COVID-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкерлерінің психикалық денсаулығына байланысты әлеуметтік-демографиялық және кәсіби ауыспалылармен байланысын анықтау барысында: мазасыздықтың бұзылуына қатысты респонденттердің жасы жоғары (p=0,04) және ауысымнан кейін карантинге алынғандар едәуір жоғары мазасыздық (p= 0,009) болды. Ұйқысыздық бұзылыстары жас тобына (р=0,02), жұмыс өтіліне (р=0,05), мамандыққа (р=0,02) және ауысымнан кейін карантинге алынғандарға (р=0,01) байланысты айтарлықтай өзгерді. Өмірдің кәсіби сапасы жынысқа (р=0,02), отбасылық жағдайына байланысты айтарлықтай өзгерді (р=0,01), балалар саны (р=0,019), жасы (р=0,008) және COVID бөлімшелерінде (р=0,023) қызметке байланысты өзгереді. Ұйқысыздықтың ауыр бұзылуынан зардап шегетін дәрігерлерде кәсіби өмір сапасы статистикалық түрде өзгерді (р=0,038).

Қорытынды: COVID-19 пандемиясы кезінде дәрігерлер мен орта/кіші буын қызметкерлермен салыстырмалы түрде зерттеу нәтижесі бойынша мейірбикелерде дәрігерлерге қарағанда ұйқысыздық орташа деңгейі жоғары, провизорлық стационарда, тікелей аурумен жанасатын қызметкерлерде ұйқысыздық орташа/ауыр деңгейі жоғары болды. Мазасыздықтың бұзылуы жасы жоғары және ауысымнан кейін карантинге оқшаулауға алынған қызметкерлерде жоғары екені анықталды. Өмірдің сапасы отбасылық жағдайына байланысты, балалар санына, жасына және провизорлық стационардағы қызметке байланысты өзгереді. Денсаулық сақтау органдары медициналық қызметкерлер арасында психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында тұрақты скринингті ұйымдастырып, уақтылы қаржылық қолдау көрсету арқылы, алдын-алу шараларын жасауы керек, психологиялық кеңес берудің онлайн-сервисін ұйымдастыру қажет.

Әдебиет:

  1. World Health Organization Coronavirus disease 2019 (COVID-19) Situation Report–82. Kroenke K. Enhancing the clinical utility of depression screening. CMAJ 2012; 184 (3): 281–2.
  2. Wang C, Horby PW, Hayden FG. A novel coronavirus outbreak of global health concern. Lancet 2020; 395: 470–3.
Основные термины (генерируются автоматически): медицина, CMAJ, COVID, ISI, MERS, SARS, мена орта, немес, ОШ, сан.

Ключевые слова

COVID-19, медицина қызметкерлері, психологиялық көрсеткіштер

Похожие статьи

Коронавирусная инфекция (COVID-19): история, меры борьбы...

Стартовой версией послужил SARS-CoV (Severe acute respiratory syndrome coronavirus — 2002).

Вирус с модифицированным геномом назван MERS — CoV — «ближневосточный синдром».

Новый коронавирус COVID-19 (SARS-CoV-2). ДЕТСКИЕ ИНФЕКЦИИ .

Пандемия коронавируса COVID-19: государство, граждане и меры...

Активное распространение по всему миру коронавируса внесла коррективы в жизнедеятельность всех стран. Экспансия инфекции повлияла на внутреннюю и внешнюю политику. Последствия пандемии новой болезни не ограничиваются негативными процессами в экономической и...

Психологияда «Мен»-концепция ва тасаввуф | Статья в журнале...

Ушбу мақолада психология фанидаги муҳим концепциялардан бири — «Мен» концепция кўриб чиқилади. Мазкур концепция инсондаги «Мен» туйғусини ўрганиши билан аҳамиятлидир. Тасаввуф таълимоти ҳам инсоний «Мен» тушунчаси билан ишлайди.

Последствия пандемии COVID-19 для российской экономики

В статье анализируются последствия пандемии «COVID-19» в экономической сфере государства, рассматриваются применяемые правительством меры в текущей

Ни для кого не секрет, какую угрозу для всех сфер жизни общества представляет коронавирусная инфекция «COVID-19».

Maqom san`atini o‘qitishning dolzarb masalalari

Xalq musiqa san’atining jonli jarayonini aks ettiruvchi mezon bu — ijrochilik amaliyotidir. Ijrochilik amaliyoti qanchalar ilg‘or va salohiyatli bo‘lsa, uning ijodiyotga ta’siri ham ulkan bo‘ladi.

Жacөспірімдерді әлеуметтік ортаға және өмірге бейімдеу...

Осы орайда орта дегеніміз - адамға стихиялы түрде әсер ететін сан алуан сыртқы құбылыстардың комплексі.

Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыруға және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталады.

Основные стандарты и модели интеграции медицинских...

В данной статье рассмотрено понятие медицинской информационной системы, приведена актуальность проблемы интеграции медицинских информационных систем. Рассмотрены основные стандарты интеграции медицинских информационных систем, а также принципы и...

Определение чувствительности микрофлоры кожи человека...

Рубрика: 3. Медико-биологические дисциплины. Опубликовано в. V международная научная конференция «Медицина и здравоохранение» (Казань, май 2017). Дата публикации: 03.05.2017. Статья просмотрена: 12661 раз.

Гостиничный и туристический бизнес во время пандемии...

В статье представлен краткий аналитический обзор современных научно-практических исследований, отражающей негативное влияние пандемии коронавируса COVID-19 на экономику стран в целом и туристический и гостиничный бизнес, в частности.

Менингококковая инфекция: этиология, клиника, патогенез...

Авторы: Хутинаева Эмма Батразовна, Шерхова Диана Зауровна. Рубрика: Медицина. Опубликовано в Молодой учёный №3 (398) январь 2022 г. Дата публикации: 21.01.2022 2022-01-21.

Задать вопрос