Жacөспірімдерді әлеуметтік ортаға және өмірге бейімдеу арақатынасы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Несмотря на коронавирус, электронный вариант журнала выйдет 13 июня.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Туреханова, С. Т. Жacөспірімдерді әлеуметтік ортаға және өмірге бейімдеу арақатынасы / С. Т. Туреханова, А. С. Боранбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 9.1 (195.1). — С. 22-24. — URL: https://moluch.ru/archive/195/48560/ (дата обращения: 30.05.2020).



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы 2050 жылға дейінгі стратегияны іске асыру жолдары мен орындалу механизмдерін нақты түсіндіріп беруімен құнды. Сонымен қатар осы Жолдауда қоғамдағы өзекті мәселелерге де айрықша мән берілген [1].

Елбасымыз айтқандай, - «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жастардың алдындағы жауапкершілікті күшейтуіміз керек». Білім беру ісімен бірге ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып, болашақ мамандарды іскер, адамгершілік қасиеттері мол, өзінің жеке басы мүмкіншіліктерін бағалай білетін, саналы, әдепті азамат етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Біріншіден, жеке тұлғаның өзінің азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз міндетін күнделікті өмірде бұлжытпай орындауы, екіншіден қоғамдағы өз орны мен үлесін салмақтай білуі, өзін Қазақстан Республикасы азаматы екенін саналы түрде сезінуге және оған өзінің қандай да үлесін қосуға тәрбиелеу. Қазіргі кезеңде қоғамдық құбылыстардың даму үрдісінде жеке тұлғаның орны ерекше маңызды. Қазіргі білім жаңалықтары және әлеуметтік-экономикалық ортада тұлғаның қалыптасуына және әлеуметтенуіне негіз болады. Оның әлеуметтік жағдайларда қалыптаса бастауы, ортаның дамуымен, ондағы тұлғаның дамуына жетелейді. Сондықтан, тұлғаның қоғамдық ортадағы қалпы, оның қоршаған шынайылықты қайта қалыптастыруға бағытталған саналы және жүйелі іс-әрекеті маңызды болып табылады.

Осы орайда орта дегеніміз - адамға стихиялы түрде әсер ететін сан алуан сыртқы құбылыстардың комплексі. Ал әлеуметтік орта деген ұғым кең мағынада қоғамдық өмірдің материалдық жағдайлары, әлеуметтік және мемлекеттік құрылыс, өндірістік, қоғамдық қатынастар жүйесі және оларды анықтап отырған әлеуметтік жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әр түрлі мекемелер қызметін қамтиды. Қоршаған ортаның - қоғамдық болмыстың, нақты әлеуметтік ортаның, отбасының, мектептің, ауланың, қала берді, тіпті балалардың өз ортасында бір нәрсеге қызығушылық нәтижесінде пайда болатын ресми емес, уақытша топтардың, ересек адамдардың ықпалынсыз жас баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы, бойынша адамзат қауымдастығына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңіруі екі талай. Демек, өмірге жаңадан келген әрбір жас нәрестенің, жаңа адамның пісіп-жетіліп, аяқтануы, өсіп-өніп, ер жетіп, есею барысында оның бойында адамзат қауымдастығына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңіріп, қоғамдық өмірге даярланып, қосу - оны қоршаған нақты әлеуметтік ортаның - белгілі бір мемлекеттік құрылыстың, ондағы қалыптасқан қоғамдық-өндірістік қарым-қатынастар мен байланыстардың көрінісі тәріздес әлеуметтік институттардың - отбасының, мектептің, көпшілік ақпарат құралдарының т.с.с. тәлім-тәрбиелік ықпалына сондай-ақ, аға буын өкілдерінің үлгі-өнегелік тағылымына тікелей қатысты. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі - баланың қоғамға тек үйреніп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік іс-тәжірибе жинақтауы. Әлеуметтендіру барысында, бір жағынан өмір сүріп отырған қоғамдағы әр түрлі сипаттағы факторлар мен әр түрлі өмірлік жағдайлар ықпалымен әсер етудің стихиялы жолымен қалыптасса, екіншіден, мақсатты тәлім-тәрбиелік жұмыстар арқылы жүзеге асады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары ретінде биологиялық факторды, сыртқы ортаны және тәрбиені айтуымызға болады. Биологиялық факторларға балаға ата-анасының қасиеттері мен ерекшеліктерінің берілуі кіреді. Сыртқы ортаға: әлеуметтік орта, отбасы, мектеп, құрбылары жатады. Тәрбие жеке тұлғаның бейімділік қабілеттерін де жетілдіреді [2].

Латын тілінен аударғанда «бейімделу» - икемделу, үйлесу деген мағынаны білдіреді. Адамның бейімделуінің төрт түрін көрсетуге болады: психологиялық, физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік. Бейімделу үдерісі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбінде объективті, субъективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т.б. байланысты. Әрбір адамға сол әсер еткен стимул әр түрлі адамдарда түрлі жауап реакциясын тудыруы мүмкін.

Әр саладағы ғалымдар, зерттеушілер өзінің зерттеу бағытына байланысты «бейімделу» терминіне анықтаманы ұсынады. Соларды қарастыратын болсақ В.Н. Дружинин – «бейімделуді» - ағзаның орта мен нәтижелі әрекет ету процесі деп қарастырады. Ал Е.А. Ямбург «бейімделуді» - ағзаның құрылысы және функциясы, оның мүшелері және ұлпаларының орта жағдайына икемделуі дейді. Л.Д. Столяренко «бейімделу - адамның қоршаған ортаның түрлі талаптарына ішкі қолайсыздықты сезінбей және ортаға қақтығыссыз икемделе алу қабілеті» - деп қарастырады.

Көп жағдайда адам тағдыры оның кез-келген жағдайда өмірінің туа біткен және қалыптасқан қабілеті, бейімделгіштігімен анықталады. Жоғары, орташа, төмен бейімді адамдар болады. Бейімділіктің туа біткен негіздері – ол инстинктер, темперамент, дене құрылымы, эмоциялар, туа біткен интеллектік талабы, ағзаның физикалық жағдайы және сыртқы көрсеткіштері болып табылады.

Әлеуметтік топтарда психикалық бейімделуді нәтижелі ететін маңызды факторға, әлеуметтік тұтастылық, тұлға аралық қарым-қатынасты орната алу қабілеті жатады.

Бейімделу деңгейі – қоғамдық қарым-қатынас объектісі ретінде қарастырылады. Бұл деңгейде адам тұлға болуға бағытталады және ереже, талаптарды, белгілер жүйесін меңгеру болады. Сондықтан егер бала мектепке бейімделу деңгейінен өтпесе және әлеуметтік өмірдің негізін меңгермесе, ол одан әрі икемделе, бейімделе алуы күрделене түседі.

Адамның бейімделу ерекшелігі «әлеуметтік әлемге бірте-бірте енуімен» мінез-құлық, жүріс-тұрыстың әлеуметтік ережелерін меңгеру процесі мен адамның әлеуметтенуімен байланысты болады. Негізінде әлеуметтік бейімделу әлеуметтенудің маңызды механизмі болып табылады.

Әлеуметтену жеке тұлғаның бейімделуі жақын түсініктер, қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірыңғай процесін сипаттайды, сондай-ақ әлеуметтену түсінігі бейімделу түсінігінен аумақты болып табылады.

Әлеуметтену – тек тұлға болуымен, жалпы дамуымен ғана жиі байланысады, ал бейімделу – қалыптасып қойған тұлғаның икемделу процесімен байланысады. «Бейімделу және әлеуметтену» түсінігінде мазмұнына байланысты мәнді айырмашылықтар бар. Бейімделу адамның жаңа заттық іс-әрекет жағдайына икемделуі, дағдылануы, әлеуметтенуі тұлғаның қалыптасу процесінен көрінеді.

М.И. Бобнева әлеуметтену мен әлеуметтік - психологиялық бейімделу процесі тығыз өзара байланысқан деп көрсетеді. Психологиялық механизмдер, бейімделу процесінде тұлғаның әлеуметтік ортамен өзара әрекет етуін жеке алғанда, жанама түрде тұлғаның мотивациялық құрылымы, психикалық құрылымы, кейбір даралық ерекшеліктер индивидтің әлеуметтену процесінде әлеуметтік жағдайдың әсерімен құрылады. Тұлғаның әлеуметтенуі, тұлғаның қоғамда, нақты бір ұжымда бейімделуі үшін қажетті жағдай болып табылады.

Жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік мәртебесін түсінуін, сондай-ақ онымен байланысты рөлдік мінез-құлық түрі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшеліктерін жүзеге асыруды қарастырады.

Жасөспірімдердің бейімделуі немесе бейімделе алмауының сипаты мен деңгейі көбінесе адамның биологиялық, физиологиялық, психикалық қасиеттеріне және оның әлеуметтік дамуына байланысты.

Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі ережелерді қайта орнатуға, әлеуметтік пайдалы қарым-қатынас, мінез-құлық, іс-әрекеттің өзгеруіне бағытталған. Психологиялық бейімделу - әлеуметтік қажетті құндылық бағдар және мінез-құлықты меңгеру, әлеуметтік ортаның күтілімдері мен тұлғаның бағыттылығын, бағдарын жақындаттыру. Бейімделудің әлеуметтік және психологиялық жақтары бір-бірімен үздіксіз байланыста.

Әлеуметтік бейімделу процесінің негізі - әлеуметтік ортаның оған ұсынатын талаптарына тұлғаның мінез-құлық, жүріс-тұрысы және іс-әрекетінің сәйкестенуі, яғни әлеуметтік күтілімдер жүйесіне мінез-құлықтың сай болуы.

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу түсінігін қысқаша қарастыратын болсақ, жеке адам мен топтың өзара қатынасының жағдайын жеке адам созылмалы емес ішкі және сыртқы қақтығыстарсыз басты әрекетке сәтті қосылуы, негізгі социогенді қажеттіліктерді қанағаттандыруы, оның топ ұсынатын рөлдік күтілімдеріне қарсы шығуы, өзінің ісін көрсету және шағармашылық қабілеттерін еркін көрсету жағдайы - әлеуметтік-психологиялық бейімделу деп аталады.

Бейімделу кезеңіндегі мәселелер:

 Соматикалық мәселелер - баланың денсаулығындағы ауытқулар;

 Эмоциялық қиыншылықтар, қобалжу, мектептегі мәселелер туралы уайымдау;

 Бейімделу кезеңнің дұрыс өтпеуі дезадаптацияға әкеледі, яғни баланың өз еркімен қиыншылықтарға төзе алмауы;

 Интеллектуалдық іс-әрекеттің бұзылуы;

 Өз сыныптастарынан даму жағынан қалып қоюы;

 Тәртіптілік - моральдық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тәртіптің түрі;

Коммуникативтік мәселелер - үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасай алмауы.

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық бейімделу мәселесі психология ғылымындағы және психология ғылымының басқа да аймағындағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтендіру дегенімізбелгілі бір себептермен күйзеліске душар болған, торығу нәтижесінде қатардан шығып қалған не болмаса саяқтық, оқшаулану секілді қоғамдық ортада өмір сүруіне кедергі болатын мінез-құлқын тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қалпына келтіру арқылы тұлғаны қатарға қосу. Әлеуметтендіру дегеніміз – сана-сезімі, психикасы, мінез-құлқына нұсқан келген не болмаса басқаларға ұқсамайтын ерекше қабілетті жасөспірімдерді қоғамдық ортада толыққанды өмір сүруіне қайтару үшін істелетін жұмыс жүйесі. Адам туған сәттен бастап әлеуметтендіру ықпалына түседі. Отбасы тәрбиесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барлығы да оқушыларды әлеуметтендіруге арналған деуге болады. Себебі сол арқылы балалар болашақта қоғамдық ортада қатарынан қалмай өмір сүруге үйренеді, қажетті білік, дағдыларды бойына сіңіреді. Бұл әрекеттерді меңгере алмаған, оқу-тәрбиеге көнбеген балалар арнайы әлеуметтендіру шаралары арқылы әлеуметтендіріледі.

Әлеуметтену үрдісінде екі мәселе шешіледі.

Әлеуметтік адаптация (бейімделу) – жеке адамның ортаға бейімделуі барлығымен бірге болу. Балаға барлық бағытта көмектесу. Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыруға және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталады.

Әлеуметтік автономизация (оқшаулану) – ортамен бірге бола отырып, өзімен-өзі болу, іс-әрекеті мен қарым-қатынастарында табанды болмай, тұлғаның өзін бағалау білмеуі.

Жасөспірімдерді әлеуметтік өзгерістерге бейімдеу, олардың қажеттіліктерінің негізінде жоспарланып, мынадай негізгі бөлімдерден құралады.

 Дәстүрлі мектепішілік іс-шараларға, ұжымдық шығармашылық істерге, жалпы мектептік мерекелерге қатыстыру;

 сынып ұжымының қызығушылықтарына және сұраныстарына сәйкес өткізілетін іс-шараларға қатыстыру;

 оқушылармен даралап жұмыс жүргізу [3].

Жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға және өмірге бейімдеу бағытындағы іс-әрекеттерімізді саралай келе, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе аламыз:

 Әрбір тұлғаға жан-жақты қолдау болған кезде ғана өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасапғ өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;

 Бала өзінің жақсы жақтарын танып, өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады;

 Өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол басқаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.

Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы, оларға қоршаған ортаның немқұрайлы қатынасы басты орын алады, нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі, қорғансыздығы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.

Әдебиет:

  1. Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-nenazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2014-zhylgy-17-kantar
  2. Айтбаева Ж. // Әлеуметтік психология. – 2016. - №2.
  3. Сапарова Ж.Т. // Қызықты психология. – 2016. - №11-12. - 8-12 бб.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос