Саяси-демографиялық қауіпсіздіктердің қатерлері, тиімділіктері мен пайдалы қырлары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (111) апрель-1 2016 г.

Дата публикации: 12.04.2016

Статья просмотрена: 100 раз

Библиографическое описание:

Калдыбай, Кайнар Калдыбайулы. Саяси-демографиялық қауіпсіздіктердің қатерлері, тиімділіктері мен пайдалы қырлары / Кайнар Калдыбайулы Калдыбай, Н. А. Ниязов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 7.1 (111.1). — С. 14-16. — URL: https://moluch.ru/archive/111/28203/ (дата обращения: 17.12.2024).



Тиімді тұстары: Жаһанданудың тиімді бір тұсы – мемлекет ішілік және мемлекет аралық қақтығыстар әлемді дүр сілкіндіретін болды, соған байланысты зардап шегушілер әлемдік мемлекеттер тарапынан қамқорлыққа алынуы туралы түсінік қалыптасты, кез келген елдегі шектен шыққан, кең масштабтағы әділетсіздік пен үстемдік саясат әлемнің назарынан тыс қалмады. Оларға «көмек қолын созу», «саяси реттеу» сияқты пейілдер белгілі бір ықпал етуші күштер арасында дәстүрге айналып кетті. Тіпті ең болмағанда, әрбір елдегі саяси-әлеуметтік іргелі өзгерістер әлемнің назарынан тыс қалмады деп айта аламыз, оған алаңдаушылықтар да білдірілді.

Қатерлі тұстары: Бірақ бұл ықпалдастықтың түйткіл тудыратын жағы – шын мәнінде келісімділік идеясы болғанмен, ол кей жерлерде кері әсерге ие болып, мемлекеттердің ішкі саясатына араласу, жанжалдар тудыру, билікті құлату сынды оқиғаларға да жетеледі. Жаһандану аясында өз ықпалын әлемге жүргізуге тырысып отырған мемлекеттер, өзге елдердің ішкі істеріне тікелей, кейде астыртын, кейде идеологиялық тұрғыдан ықпал етіп отырды. Мәселен, Солтүстік Африкадағы мұсылман мемлекеттерінің жағдайы, биліктегі төңкеріс пен бейбіт халықтың, шерушілердің қырғынға ұшырауы, оның елдегі азамат соғысына дейін өршуі, әсіресе, сырттан таңылған ықпалдар мен күштер әсерінен болды. Өзге елдердің ішкі ісіне қол сұқпау декларацияда қабылданғанмен, ол ескеріле бермеді. Бұл тек Солтүстік Африка елдері ғана емес, бүкіл әлем мемлекеттеріне ой салды, қауіпсіздікке кепілдік берілмегендігін, қандай-да бір ықпалды күштердің белең алып отырғандығын т.б. айғақтап берді.

Шешілу жолдары: Ұлттық қауіпсіздік мәселесін басты орынға шығару керек. Қазақстандық патриотизм – саяси идеология, бұл да дұрыс. Қазақ патриотизмі табиғи үрдіс. Ел мен жердің қорғаушысы мен жанашыры сол мемлекеттің тұтас халқы, ал бұның «шекаралық жағдайдағы» (К. Ясперс бойынша: түптеп келгендегі адамның шынайы болмысының ашылған сәті) шынайы кейпі сол елдің жергілікті ұлты, яғни, қазақ халқы екендігін естен шығармауымыз керек. Билік пен ұлттың тұтастығы саяси мәртебе емес, заңды табиғи, солай болуы тиіс құбылыс. Демек, ұлттық қауіпсіздік, сол ұлттың рухы мен намысы, жігері мен шабытынан құралатындығын үнемі есте ұстау керек. Ал қазақстандық ұлт ел бірлігі мен ынтымағы, қазаққа өзге халықтардың мәдени-психологиялық тұрғыдан кірігуі болып табылады. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрегенді ұлттық саясат пен ұлттық рухты, шеткі мүмкіндікке дейін келісімділік пен парасаттылықты, төзімділік пен бірлікті нығайту қажет. Бірлік идеологиясын нығайту, шындығында, әсіресе, қазақ халқы үшін аса маңызды.

Тиімді тұстары: Жаһандану жағдайындағы көпұлтты тұтастық еліміздің толеранттылық санасы мен ұлтаралық қатынастағы мығым сезімімен үндесіп кетуі бұл үдеріске қоғамдық сананың тез бейімделуіне алып келді. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстанның көп ұлттылығы мен көпконфессиялығы белгілі бір деңгейде, «жаһандануға дайындық» тәжірибесі іспетті болды және керісінше, жаһанданудың интеграциялық қызметі еліміздің осы үлгісімен сәйкестеніп келіп жатты. Осыған орай, жаһандану үдерісі Қазақстанның осындай саясатын белгілі бір деңгейде әрі қарай дамыту мен жетілдіруге септігін тигізді. Жаһандану үдерісі тұсындағы аймақтық, ұлттық, нәсілдік, діни, туыстық араласулар еліміздің саяси-әлеуметтік бағдарына байланысты онша жат, оғаш беталыс ретінде еленбеді. Ұлттардың бірігіп коэволюциялық түрде өмір сүруінің консенсустық жағдайларын туғызды, болмай қоймайтын әлем халықтарының бірлесіп, бір кеңістікте, жалпыадамзаттық бір мүддеге ұмтылуының жаңа үлгісін көрсетті.

Қатерлі тұстары: Бірақ бұрынғы көпұлтты Қазақстан, енді одан әрі көпұлтты бола түсіп, ол жергілікті ұлт өкілдерінің санынының өзге ұлттардан азайып кету қаупін туғызды, этноэкология проблемасы пайда болды, аралас некелер көбейе бастады. «Егер елімізде соңғы кездері орта есеппен жылына 100 мың неке қиылатын болса, оның 20 мыңы аралас неке екен. Бұл үрдіс жыл өткен сайын көбеймесе азаяр емес», - деген айғақтар бұл беталыстың қарқынды жүріп бара жатырғандығын көрсетеді [1]. Мәселен, қытайлардың эммиграциясы ұлтымыздың сандық балансын бұзуға қарай беттеп бара жатырған қауіпті құбылысқа айналды. Бұл аралас неке, одан кейін жаңадан келген өзге ұлттардың экономикалық және саяси билікке енуіне жағдай туғызды. Тәуелсіздік алғаннан кейін енді ғана түзеліп келе жатырған мемлекет құраушы ұлттың демографиялық жағдайына кері әсер ету мүмкіндігі шындыққа айнала бастады. Діліміздегі қонақжайлылыққа негізделген «ашық есік» жаһанданудағы әлемдік эммиграциялар мен миграцияларға қолайлы бола түсті. Қазақтардың еліміздегі қазір 70 пайыздан астам көрсеткіші жаман емес прапорция. Бірақ оның ішінде «маргинал» деп аталып жүргендердің үлес салмағының қомақтылығы да мемлекет құраушы ұлттардың арасалмағы мәселесін өзектілендіре түсуге септесіп отыр. Осыдан, ұлт тазалығы, қан тазалығын сақтап қалу мәселесі өзектіленіп барады, қазақ халқының тек рухани-мәдени ғана емес, генетикалық жағынан ассимиляциялану үдерісі заманауи ағымдар ықпалымен жүргізіліп келеді.

Қатерлердің алдын алу жолдары: Бұл жоғарыда айтып өткендей, ұлттық идеяның санаға сіңірілуі және оның ұлтжандылық, ұлттық рух тәрізді құрылымдарының белсенді ықпал етуінен туындайды. Демографиялық жағдай сыртқы форма, ал ұлттық рух ішкі мазмұн. Аз да болса ұлттық рухы биік халық қашанда жеңіске жетеді. Бұл – тарихтағы әлемдік соғыстар нәтижесінен-ақ белгілі. Демек, біріншіден, маргиналдарды бөле жармай, оларды да түбегейлі қазақтандыру жүргізілуі керек, екіншіден, оралмандарды тартуды және оларды жергілікті ұлт аз мекендейтін аймақтарға қоныстандыру қажет, үшіншіден, эммиграция мен миграция үдерісі туралы заңдар ел мүддесіне сай қатайтылуы тиіс, төртіншіден, ұлттық кәсіпкерлікті өркендетіп, жұмыс күшінің сырттан енгізіле бермеуін қадағалауымыз қажет, бесіншіден, аралас некеге құштарлықтың себептерін зерттеу керек т.б.

Тиімді тұстары: Жаһандану үдерісінің тағы бір жағымды қыры – діни көптүрлі сенімнің қанат жаюы, бұдан еліміздегі азаматтардың сенімдерді тану мен таңдау мүмкіндігінің кеңейгендігі. Сан алуан сенімдердің күресі мен бәсекелестігі аясында, шынайы, өміршең, өзіміздің ұлттық тарихи танымымызға, болмысымымызға, ділімізге сәйкес келетін дінді жаңғырту мүмкіндігі ашылды. Діни идентификация шынайы күрес арқылы қол жеткізілетін болды. Ұлттық болмысымызға жат діни сенімдердің ықпалы, белгілі бір деңгейде төл дінімізді сақтау мен жаңғырта түсу мәселесін өрістетті, оның құндылығы мен қастерлілігін арттырды.

Қатерлі тұстары: Бірақ бұл үдерістің жағымды қырынан гөрі, жағымсыз, тіпті ұлттық қауіпсіздік үшін кесепатты жақтары ашылды: діни экстремизм мен террористік күштер, жоғарыдағы бөлімдерде атап өткеніміздей, елімізде қанат жая бастады, жат, дәстүрлі емес діни ағым өкілдері жастарымызды дәстүрлі сенімдерінен айырды. Қазақстан бұрын-соңды терроризм болмаған аймақтардың бірі ретінде, діни тұрақтылық пен конфессия аралық бірліктің үлгісі ретінде мақтанышпен айтылатын еді. Діни-саяси экстермизмді зерттеушелер бұл үдерісті елімізде тыныштық пен тұрақтылықтың кезеңі аяқталғандай болды [2] деген сарапшылардың пікірін мысалға алып түсіндіреді. Ең өкініштісі, бұл үдерістің беталысы мен өрлеу динамикасы үрей туғызады. Бұл дегеніміз, тоқтау қойылмаса, жақын болашақта елімізді дәстүрлі емес діни ағым жайлайды деген сөз және бұған қарсы мемлекеттік деңгейде де нақты іс шаралардың жоспары әлі жүйелі жасақталмаған. Экстремизм мен терроризмнің жаһандану ықпалы екендігі және оның себептері туралы зерттеушілеріміздің пікірлеріне сүйенсек, оны «діни жаһандану», «дінаралық мемлекетті құру» деген түсініктермен пайымдағандығын [3] негізге алсақ, бұл үрдістің тамыры тереңде жатқандығын бағамдауымызға болады.

Қатерлердің алдын алу жолдары: 1. Дәстүрлі ислам өкілдері, әсіресе, мешіт имамдарының көпшілігінің діни-саяси-дүниетанымдық білімі төмен болғандықтан, «имам» мәртебесін нығайтып, оған өте сауатты және арнайы комиссия етиханымен тағайындалуы керек; 2. Имамдардың қызметіне жат ағымдармен күрес дәйектемесін арнайы қосу керек; 3. Экстремизм мен терроризмнің шығу көзін табу керек; 4. Әрбір жанұя, әрбір мекеме өзінің субьектісінің жат ағымға еріп кеткені үшін белгілі бір деңгейде жауапты болуы тиіс (тіпті моральдық немесе әкімшілік шара болса да) т.б.

Әдебиет:

  1. Ордабеков С. «Аралас неке: оларды не күтіп тұр?» //Алтын орда. – 2011. - 8 қыркүйек.
  2. Курганская В.Д. Қазақстандағы діни экстремизмнің интенсификациялану факторлары және оған қарсы әрекет ету жолдары // Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің ролі атты ғылыми-практикалық конференция. – Алматы, 2011. – 98 б.
  3. Нургалиева М.М. Қазақстандағы діни экстремизм үрдісі: қарсы тұруға дайын болу //Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің ролі атты ғылыми-практикалық конференция. - Алматы, 2011. – 44 б.
  4. Насимов М.О., Калдыбай К.К., Паридинова Б.Ж. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі (саясифилософиялық талдау). – Алматы, 2015. – 135 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Экстремизм мен, пена.


Похожие статьи

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері

Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Дәстүрлі діндердегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты аксиологиялық ұстанымдар

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы мен негізгі бағыттары

Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі

Похожие статьи

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері

Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Дәстүрлі діндердегі қауіпсіздік мәселесіне байланысты аксиологиялық ұстанымдар

Геометриялық мазмұнды сызықты дифференциалдық теңдеулерді құру және жетілдіру әдістері

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы мен негізгі бағыттары

Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі

Задать вопрос