Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның гүлденіп, өркендеуінің кепілі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Нускабаев, О. Н. Ұлтаралық тұрақтылық, татулық және келісім-Қазақстанның гүлденіп, өркендеуінің кепілі / О. Н. Нускабаев, Г. С. Шинтемирова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 52-54. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39711/ (дата обращения: 17.12.2024).



Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, көпшілік байланыста көрінеді. Әрбір ұлт өкілі басқа ұлт өкілінің жан тазалығын немесе жамандығын, басқа ұлт өкілдеріне көзқарасын басқалармен салыстыра отырып бағалайды. Басқа ұлт өкілдері бойындағы адамдық жағымды қасиеттерді өз бойына дарытуға, олардағы өмірлік тәжірибе мен шаруашылық жүргізудің озық үлгілерін меңгеруге ұмтылады.

Ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы – әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас өмірдегі татулық, адал достық қатынас, өзара түсіністік пен сыйластық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік бір-бірінің ұлттық мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, мүдделеріне және талғамдарына құрмет, көңіл-күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық болып табылады. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністік пен келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Құқықтық мемлекет құруға негіз қалап этникалық ерекшелікке қарамай, тұрмыстың ортақ жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық, игілік пен ізгілік идеясы біріктірген адамдардың түсіністік қауымдастығын қалыптастыруға қызмет етеді. Яғни құқықтық қоғам орнатуға бет бұрған тәуелсіз мемлекеттің өз тұрғындарына азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, өзара құрмет пен сыйластық, татулық пен ынтымақтастық тілеп, осы бастан өсер ұрпақтың бойына ұлтаралық қатынас мәденниетінің ұрығын сіңдіруге ұмтылысы құптарлық іс.

Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру – Қазақстанды мекендеушілердің санасында және іс қимылында жаңа тұрпатты ұлттық қатынастар дамуының жоғары деңгейінің көрінісін табу формасы болып келетін қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі. Саяси және моральдік принцип ретінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттар мен ұлыстардың даму, гүлдену процестерін білдіретін призма тәріздес әлеуметтік принцип, айна [1,7 б.].

Тәуелсіздік жағдайында жаңа мемлекетте қалыптастырғалы отырған ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттардың бірін-бірі сыйлау ісін бірінші кезекке қояды. Оған басты себеп тоқырау заманының жағымсыз құбылыстары қоғамдық ой-пікірлерді де шарпыды. Ұлттық қатынастар саласындағы адамдардың өр көкіректік, менмендік қылықтары бұл процесті одан әрі шатастыра түсті. Әр ұлт өкілдері арасындағы теңдікті бұзған адам екінші жақтың ренішін туғызады. Ұлттық сезімге тиісе беру оны ушықтырып жібереді. Бұл жағдайда кез-келген адамның мінез-құлқы, саяси мәдениет деңгейі, гуманизмділігі басты рөл атқарады. Дегенмен, кезінде қалыптасып үлгерген ұлт араздығы, сенбеушілік, бір-біріне күдікпен қарау әлі де қалмай келеді. Бұл жағдай еліміздегі қарым-қатынас мәселелерін қайта қарап, нақты шешім қабылдауды керек етеді. Ұлттық тіліміздің жойыла бастауы мен тарихи дәстүріміздің бір жаққа ысырылуы сана-сезімімізге теріс әсер етіп, адамгершілік, имандылық пен қайырымдылық қасиеттерін жоятыны белгілі. Мұның барлығы экономика мен әлеуметтік мәдени талаптардың жөн-жосықсыз бұрмалауына әсерін тигізуде. Соңғы жылдары осы олқылықтар бүкіл халықтың ой елегінен өткізіліп, тиісті бағдарламалық құжаттар қабылданды. Оның ішінде көптеген құнды ұсыныстар халықтар достығын нығайтуға, өзара құрмет пен сыйластық, ортақ тұрағымыздың мерейін көтеруге үлес қосуда. Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан ұлттар саяси, экономикалық, әлеуметтік бірлік негізінде әрекет етуде. Осыған байланысты көптеген ұлттардың өмірінде жаңа қарым-қатынастық қасиеттер пайда болуда. Ұлттардың жан-жақты жетілу процесінде интернационалдық қасиеттердің дамуымен қатар ұлттық сипат та жетілуде. Қазақстанда жалпы мемлекеттік және ұлттық мүдделердің бірлігі, ұлтаралық қатынастың үйлесімді сабақтасуы айрықша мәнге ие болып отыр. Бірақ бұл Қазақстанда ұлттық қарым-қатынас мәселелері түбегейлі шешілді деген сөз емес. Қазіргі уақыттағы ең басты мәселе азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, халықтар достығы, ынтымақтастық пен бауырластық мәселелерін нығайту экономикада орын алып жатқан дағдарысты жою, әлеуметтік шындық, сөз бен істің үйлесімділігі сияқты принциптерді жүзеге асыру жолдарын іздестіру. Ұлттық мақтаныш пен ұлтжандылықтың мағынасын дұрыс бағалау –өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосады. Әр адамның қызметінде, мінез-құлқында мемлекеттік және ұлттық факторлардың дұрыс ұғымын қалыптастыру олардың сана-сезіміндегі адамгершілік, имандылық қасиеттерінің терең орнығып, қалыптасып, ұлттық эгоизм т.б. кері тартпа қалдықтарымен ымырасыз болуына ықпал етеді. Мемлекеттік тәрбиені бір жүйеге келтіру әрбір ұлттың сана-сезімін дамыту ұлттық мақтанышын орнату арқылы жүзеге асырылғаны жөн. Бұған ұлтаралық сипатта өрбіген жанашырлық белгілер қажет. Ең маңыздысы мемлекеттік және ұлттық мүдделерді байланыстыра білу керек.

Мемлекетіміздің барлық тұрғындарын толғандырып жүрген ұлтаралық келісім мен татулық мәселелері елдің ішкі бірлігі жайындағы мәселелер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде жан-жақты көрініс тапты [1]. Республикада этникааралық қарым-қатынас мәселелерін дұрыс шешуде, әсіресе, жастардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңіруде Н.Ә.Назарбаевтың осы еңбегінің үлкен мәнді методологиялық маңызы болды. Өйткені, Қазақстан дүниежүзілік өзгеде бір қатар мемлекеттер сияқты көп ұлт өкілдері қоныс тепкен аймақ болып саналады. Түрік және славян тілді қауымдардың ірі топтарының қазақ жерінде мекендеуі ұлтаралық қатынас мәселелерін әрдайым басты назарда ұстап, реттеп отыруды талап етеді. Басты орын алып отырған осы мәселені шешу ішкі саясатта Қазақстан тәуелсіздігімен алысымен-ақ күн тәртібіне қойылды. Көпұлтты Қазақстан мемлекетінде әртүрлі ұлттық мүдделерді шешудің бір ғана жолы бар. Бұл қазақ ұлтының біріктіруші рөлі негізінде барлық халықтардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады [2,35-41 бб.].

Өзге кез-келген жол апатты қақтығыстарға, демократиялық реформалардың бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Осы себептен де біз үшін маңызды міндет ел тұрғындарының бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңдіру, ұлтаралық саясатты жетілдіре отырып, Қазақстан халықтарының өзара татулық, түсіністік, ынтымақтастық рухта өмір сүруге ынталандыру болып табылады.

Ұлтаралық келісім-бұл адамның өнегелік тәрбиелігінің, жоғары мәдениеттілігінің, барлық ұлттардың ортақ мүдделері деңгейлерінің көрсеткіші. Осыған байланысты әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың дамуының құрамдас бөлігі ретіндегі тәрбие процесін тікелей ұйымдастыруға қатысты бірқатар келеңсіз жайттар туындайды.

Біздің әрқайсысымыз іс жүзінде күн сайын барлық адамдармен араласу барысында оның мәдениет деңгейін бағымдайтын және салыстырмалы түрде өз мәдениеттілігімізді де өзіміз бағалайтын тәрбие нысаны болып табыламыз. Біздің бағалауымыз әділ ме әділ емес пе, тәрбиелік күші әсерлі ме, әсерсіз бе, бұл біздің пайымдауларымыздың күштілігіне, олардың ғылыми негізділігіне және оларды іс жүзінде пайдалану дәрежесіне тәуелді. Өйткені, менің көзқарасым бойынша, ұлтаралық келісімнің күнделікті өмірде нақты тұлғалар арасындағы қатынаста көрініс беретіндігінің жағдайы әрдайым ескеріле бермейді. Бірақ, әлі де болса біздегі жүйелі тәрбие жұмысының шынайы адамға, алуан түрлі ұлттық ортадағы әрбір азаматтың қажетті қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталуы өте нашар. Бұл мәселе арнайы зерттеуді талап етеді. Сонымен бірге адамдарға ұлтаралық келісімге байланысты тәрбие беру ісін «өмірдің нақты мысалдарымен жүргізудің рөлі өте зор». Ұлтаралық келісім тәрбиесі – бұл адамға оның бойында интернационалистік көзқарастарды, сенім-нанымдарды, нормаларды, принциптерді, сондай-ақ осы көзқарастар мен принциптерге сәйкес оның іс жүзіндегі мінез-құлқын қалыптастыру мақсатындағы ықпал ету жүйесі.

Сөйтіп, ұлтаралық келісім әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың және жаңа, жалпы адамзаттық өркениеттің дамуын айқындайтын маңызды белгілердің бірі болып келеді. Сонымен бірге ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық халықтардың баға жетпес құндылығы. Сондықтан да біздің тәрбие жұмыстарымыздың бүгінгі міндеті – ұлтаралық келісімді әрбір азаматтың өмірлік серігі ету [3].

Қорытындылай келе, жоғарыдағы аталған сан-салалы теорикалық және практикалық қағидаттар мен тұжырымдарды саралап, мынадай түйін жасауға болады: адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастығының түрлері қоғамдық дамудың белгілі бір сатыларында туындап, аса маңызды категорияларға айналды, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орайлас адамдар қауымдастығының әлеуметтік-этникалық түрі де өзгеріп отырды. Рулық, тайпалық, қауымдық құрылыстардан бері қарай ұлыстар мен ұлттардың пайда болуы, дамуы, жетіліп, өзгеріп отыруы, мысалы адамдардың сана-сезімін байытып, жалпы ортақ игіліктерді ойдағыдай меңгеруіне көмектесіп келеді. Сонымен қатар адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастығының әрбір нақты түрі бір-бірінің өзінің материалдық-өндірістік негізі мен әлеуметтік құрылымы, өзіндік ерекше белгілері мен ажыратылады. Барлық әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың түріне ортақ белгілер ретінде территория, тіл, мәдениет, экономикалық өмір ортақтығы, өзара ынтымақтастыққа тән қасиет.

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың барлық түрінде ұлт саясатын дұрыс жүргізу ұлтаралық келісімге қол жеткізу қоғам дамуының тарихи заңдылығы болып саналады. Демократиялық өркениетті мемлекетте ұлтаралық келісім мен ұлтаралық қатынас мәдениеті – дос халықтардың ең маңызды жетістіктерінің бірі және ұлттық мәселелердің ғылыми шешімінің нәтижесі, қоғамның дамығандығының көрінісі көрсеткіші ретінде білінеді. Сондықтан ұлт саясаты өмір саласында туындайтын проблемаларға дер кезінде үн қатудың, ұлттық қарама-қайшылықтарды тиімді шешудің тетіктерін табудың, ұлттық шынайы көрінісін бағымдаудың тұрақты творчестолық жолын табу болмақ.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде // Астана, 2015. – 32 б.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050, Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы // Алматы: Юрист, 2013. – 44 б.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына 2017 жылғы Жолдауы // Егемен Қазақстан.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена, оса.


Похожие статьи

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Құқықтық тәртіп пен заңдылық тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізгі шарттары

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Көптілді тұлғаны қалыптастыру– бүгінгі күннің талабы

«Бөлме өсімдіктерін күту» курсында проблемалық сұрақтарды пайдалану

Похожие статьи

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Сыбайлас жемқорлықтың күрделі, көп қырлы әлеуметтік жағымсыз болмыс ретіндегі ұғымы

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Құқықтық тәртіп пен заңдылық тәуелсіз Қазақстанның дамуының негізгі шарттары

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Көптілді тұлғаны қалыптастыру– бүгінгі күннің талабы

«Бөлме өсімдіктерін күту» курсында проблемалық сұрақтарды пайдалану

Задать вопрос