«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кипшакбаев, К. З. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым / К. З. Кипшакбаев, Г. С. Каденова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 14-16. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47504/ (дата обращения: 17.12.2024).



Мәңгілік Ел- ата -бабаларымыздың

сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Н.Ә.Назарбаев

Мәңгілік ел,Ұлы Қазақ даласы, Тәуелсіз мемлекет осы секілді сөздер адамдарды толғандырмай қоймайды. Бұл сөздердің терең мағынасын түсініп, әр қайсысына тоқталар болсақ,сонау ата-бабаларымыз өмір сүрген жылдарға барамыз. Ежелден қазақ еш елге тәуелді болмауды, қыздары абыройлы, ұлдары намысты болғанын қалады. Оған осы уақытқа дейінгі болып келген көтерілістер,соғыстар дәлел бола алады.

«Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді.

Ол арман-тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», - деген еді. Енді міне «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз - түркілердің Мәңгілік ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр. Біз бүгін ХХІ ғасырдың есігін айқара ашып, төріне еніп отырмыз. Бұл ғасыр Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды.

Бір болашақ - бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі. Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.

«Мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынымызға сенімдіміз.

«Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы:

  1. Қазақстан мен астананың тәуелсіздігі
  2. Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім
  3. Зайырлы қоғам және жоғарғы руханилық
  4. Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім
  5. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы
  6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
  7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылықтарда жатыр.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақстан Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы-Мәңгілік ел! Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры-бірлікте, жүдеудің сыры-алауыздықта. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын дәлелдеген.

Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізден біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деуге болады. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз, ең алдымен өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз болашаққа қол созып, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылу. «Жолдаудағы «Мәңгілік ел!» идеясы мен «Қазақ елі» атауы егіз ұғым. Жалпы «Республика» деген сөз ұлттың өзін-өзі басқаруы дегенді білдірсе, ал «Қазақ елі» деген ұғымға келсек, ол мемлекеттігі бар, өзін-өзі басқаратын ел деген мағынада айтылған ой. Ұлттық идеясы мен арманы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекеті болған Алашорда үкіметі де осыдын жүз жылдай бұрын: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз» - деп ұрандаған болатын. «Мәңгілік ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады. «Мәңгілік ел» «Алла Тағалының елі, халқы» дегенді білдіреді екен. Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын Орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «Мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды. Осындай «Мәңгілік ел» идеясы алпауыттардан құтқарып қалды және бұл үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз» деп Президенттің Жолдауында айтылып отыр. Даңқты өткен тарихымызда «Мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған. Мәселен, алып елдермен тең дәрежеде әріптестікте болу, сауда-саттық жасау, Ұлы Жібек жолын өз уысында ұстау, салт атты әскери өркениет құру, адамгершілік пен көпшілдікті, дархандықты, ақжүректілікті ту еткен елдік қасиеттер «Мәңгілік ел» қағидаттары болып саналған. Бүгінгі жаһандану дәуірінде «Мәңгілік ел» идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр. Ежелгі түркілердің «Мәңгілік ел» идеясы үш тұғырдан тұрды, яғни үш негізден тұрады: оның біріншісі-көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік ел» манифесі, екіншісі - Әл-Фарабидің философиялық шығармаларында, әсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі - Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни "Мәңгілік ел" идеясымен сабақтасады. "Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол", - деген ұлттық идеясының тамыры өте тереңде, өзегі сонау түркілердің дәуірінен бастау алатыны айтылды. «Мәңгілік ел» идеясын алғаш рет манифест ретінде жарияланған Тоныкөк абыз бүкіл түркі жұртын бір шаңырақтың астына біріктіруді көздеген болатын. Өзара қырқыстан әбден шаршап, тоз-тоз болып кеткен түркі тайпаларының арасында бұл үндеу кеңінен қолдау тауып, жүзеге асады да, қазақ даласында Түрік, Түргеш, Қарахан сияқты күшті қағанаттар құрыла бастайды. Кейін түркі халқының бірлігі тағы да ыдырап, жан-жаққа шашырап кеткен кезде де ұлтымыздың біртуар көсемдері халқын осы идеяның аясына қайтадан жинап, әлемге әйгілі, тарихта өз орнын қалдырып кеткен Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай, Моғолстан, Қазақ хандығы сияқты алып та, қуатты мемлекеттердің негізін қалап кетеді. «Мәңгілік елдің» өміршеңдігі соншалықты қазіргі кезде өз жалғасын тауып, Мөде, Бумын, Қапаған, Білге, Күлтегін сияқты қағандарымыздың ісін мұра ретінде қабылдаған Елбасымыз осы идеяны өз отандастарына жария етіп, қазақстандықтарға үлкен сенім артып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен дүние елдің көкейінде жүрген мәселелер еді. Бірлігімізді сақтап, ана тіліне деген құрметімізді берік етсек, ұлттық мүдденің үстемдік етері анық. Елбасымыздың осы Жолдауда көтерген идеялары жүзеге асырылса, еліміздің іргесі нық бекіп, келешек көкжиегіне талмай жетеріміз анық.

Еліміздің болашағы жарқын болып қалыптасуы үшін ұлттық құндылықты санасына терең меңгерген білімді, инабатты жас ұрпақты тәрбиелей отырып, қол жеткізсек бұл ұстаздар қауымы үшін үлкен жетістік болары айдан анық.

Қазақстан тағдыры үшін өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік!

Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

Әдебиет:

  1. Егемен Қазақстан. – 2010. - 6 шілде.
  2. Рахымжанова Н.И., М.Баттал Р. Менің Қазақстаным. - Астана баспасы, 2001.
  3. Бирюков С., Елькин Д., Делягин М., Собозобов Ю. 2020-Стратегиялық жоспары: Көшбасшылыққа бастайтын Қазақстандық жол.
  4. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. - А, 2001.
  5. Күлтегін-Тоныкөк Ежелгі руна жазбалары /Әдеби нұсқасын жасағандар Қадыр Мырза Әли. - Алматы, Өлке, 2001.
Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.


Похожие статьи

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасыжәне Сыр өңіріндегі тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мәселелері

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Евразия көшпенділерінің әскери – сяси өміріндегі аңшылықтың маңызы

Кірме сөздердің лингвомәдени сипаты және оны аудармада қолданылуы

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Сахналық киімдердегі қазақтың ою – өрнектерінің маңызы

«Бөлме өсімдіктерін күту» курсында проблемалық сұрақтарды пайдалану

Похожие статьи

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасыжәне Сыр өңіріндегі тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау мәселелері

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушыларда азаматтық — патриоттық тәрбиені қалыптастыру

Евразия көшпенділерінің әскери – сяси өміріндегі аңшылықтың маңызы

Кірме сөздердің лингвомәдени сипаты және оны аудармада қолданылуы

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Сахналық киімдердегі қазақтың ою – өрнектерінің маңызы

«Бөлме өсімдіктерін күту» курсында проблемалық сұрақтарды пайдалану

Задать вопрос