«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Досманбетова, Г. С. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама / Г. С. Досманбетова, А. А. Токсанбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 4-5. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47506/ (дата обращения: 16.11.2024).



«Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы деп алдым.

Н.Ә.Назарбаев

Жаңа ғасырдың екінші онжылдығында елдің алдында инновациялық - өндірістік дамуға өту жөнінде жаңа әлеуметтік - экономикалық міндеттер тұрды. «Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасында» жаңа тарихи жағдайда қазақ халқының алдында жаңа тарихи парыз тұр, деп көрсетілді.

Саяси түсіндірме құралына жүгінсек, «доктрина» (лат. doctrina) - ғылыми - философиялық ілім, білім, саяси жүйе деген мағынаны білдіреді. Ол - іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар принциптерінің жиынтығы. Әлемдегі тәжірибеде доктриналар көбінесе билік үшін күрестің саяси қозғалыс мүшелерін ықпалдастыру құралына да айналады. Доктрина негізінде Елбасы Жолдауында жарияланған халықтың ең басты құндылығы ретінде Тәуелсіздік идеясы қаланған. Доктрина - этносаралық төзімділіктің қазақстандық үлгісі негізінде құрастырылған, уақытында ұсынылған маңызды құжат, болашақ дамуға бағытталған әрекеттің жетекшілікке алынатын теориялық және саяси ұстынын білдіретін мемлекеттік маңызды құжат.

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялағаны белгілі. Стратегиялық бағдарламада Мемлекет басшысы еліміздің ендігі межесі мен асуын айқындап берді. Жалпы Қазақстан халқы үшін осы құжаттың орны орасан. Жолдау - жүріп өткен жолымыздағы кіріс - шығысты пайда - зиянды безбендейтін әділ таразы және ертеңгі алыс сапарға аттанар даңғайыр даңғылдың бағдаршысы.

Мәңгілік Ел... Мәңгілік Қазақстан... Осынау қастерлі ұғымдар ата - бабаларымыздың мәңгілік арманы, мәңгілік аңсары еді ғой. Тәуелсіздіктің бар - жоғы 25 жылында сол арманның асау тұлпарын ауыздықтап, ерттеп міндік. Көздеген көмбеге мерейлі межеге жеткізер құбыламыз - "Қазақстан - 2050" Стратегиясы. Ширек ғасырдан астам ұзақ мерзімге жоспар жасау - құрғақ қиял емес. Осы күні өркениеттің шырқау шыңына шығып отырған ондаған мемлекеттер осы жолдан өткен. Бірақ біздің жолымыз бөлек. Біздің жолымыз - Елбасымыз Н. Назарбаев тізгін ұстаған Қазақстандық жол.

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, - деп атап өтті. Бұл студенттер үшін, әрине, қуанышты жайт. Шәкіртақы мөлшері көбейген сайын студенттің де оқуға деген ықыласы, талабы артатыны сөзсіз. Осы жұмыстарды атқара отырып, студенттерге "сендердің азат ойлары мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш", - деп сенім білдірді.

«Қазақстан – 2050» стратегиясының «Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты конфессиялы қоғамымыз табысының негізі» бөлімінде көрсетілгендей біздің негізгі құндылықтарымыз: жаңа қазақстандық патриотизм, еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс екенін айтады.

Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы. Елбасы Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде екенін айта келіп, жастарымыздың заман талабына сай үш тұғырлы тілді меңгеру қажеттігін мақсат етіп қойды. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Ал, орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршамызға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет елдерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатыр. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Осы жағдайда Елбасымыз "Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейінде жеткізу керек. Жастарымыз қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс" екенін назарға қойды.

Президенттің қазақстандық ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін құру міндеті бізді үлкен қуанышқа бөлейді. «Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. Себебі, «Мәңгілік Ел» мұратына жету ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының көрінісі арқылы жүзеге асатындықтан да Ұлт көшбасшысының халықтың үш буынына үн қатуы кешегі тарих қойнауындағы бабалар үнін тағы да жаңғыртқандай әсер қалдырды. Елбасы жаңа стратегияны жүзеге асыруда қазақ халқына айырықша жауапкершілік жүктелетіні, бабалар өсиетіне адал, іс - қимылда ірілік көрсету қажеттігін тұжырымдай келе, бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену арқылы ғана ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасырына айнала алатындығы туралы пайымын ел - жұртына жеткізді. «Қазақстан – 2050» Стратегиялық жобасы - біздің адастырмас компасымыз, айнымас темір - қазығымыз. Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды. Одан дәмелі елдің әр баласы еңбек пен ғылымға арқа сүйеуі қажет .Елбасының бізден талап етіп отырғаны да осы. Сонда ғана халықтың әл-ауқатын көтеріп, жаһанды мойындатып, Жер бетіндегі азулы 30 мемлекеттің қатарынан ойып тұрып орын аламыз. Ол – «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Мәңгілік Ел идеясы. Осы құндылықтар бізге қуатты қару, асқақ рух болады деп шүбәсіз сенемін. Өйткені Елбасымыз айтпақшы, «Мәңгілік Ел - ата - бабаларымыздың сан жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан – 2050» бағдарламасы - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол». Жолдауда айтылған маңызды мәселелерді әр азамат ой елегінен өткізіп, оған сүбелі үлесін қосуға тырысуы қажет. Ғылыми қамтуды, экономиканы дамыту, еліміздің көреюіне ат салысу жастарымыздың мойнындағы міндет. Ал жетістік пен ғылым инемен құдық қазғандай білімнің арқасында ғана жалынан сипаттады. Сондықтан Жолдауда Елбасы алға қойған мақсаттар мүддесінен шығу үшін жастардың талмай ізденіп, ғылыми - зерттеу жұмыстарына, жобаларды жүзеге асыруға белсене кірісуі деп ойлаймын.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз - өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!

Әдебиет:

  1. Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы // Егемен Қазақстан. - №11. 2014, қаңтар.
  2. Нұрекешов Е. Мәңгілік Ел - біздің келешегіміз // Отан сақшысы, 2014. - №5.
  3. «Мәңгілік Ел» идеясы білімнің арқасында жүзеге асады // Жас өркен - Қостанай, 2014. - №1
  4. Сыздықов С. М., Селиверстов С. В., Сыздықова Ж. С., Джаферсой Н., Кара А., Қабылдинов З. Е. Н. Назарбаевтың еуразилық идеясы және түркі кеңістігі. Ұжымдық монография. - Астана, "Сарыарқа" баспасы, 2011.
  5. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. - Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005.
Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена.


Похожие статьи

Дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің моральдік-психологиялық келбеті

Сәулеттік кеңістіктің негізгі түрлері және олардың көркемдік ерек-шеліктері

Мақалада жалпы сәулеттік кеңістікті құраушы композициялық құралдардың өз-ара байланысы, олардың ерекшелігі, пропорциялық үйлесімділігі, өлшем бірліктері мен пішімдері қарастырылған.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар)

Тіл — мәтіндік дүниенің базисі және мазмұны

Сигналдарды жиілікке бөлумен мультиплексирлеу

Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерді жүзеге асыру

Мақала қазіргі күні шет тілін үйренудегі ең танымал әдіс — коммуникативті әдіс арқылы мектеп оқушыларына ағылшын тілін тиімді оқыту мәселелеріне арналған. Мақалада коммуникативтік әдістеменің негізгі түрлері келтірілген.

Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелерінің компьютерлік үлгіленуі

Мақалада компьютерлік үлгіні жетілдіру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталған, оны жеке өрт қауіп — қатерін есептеу және өрт сөндіру жоспарларын дайындау үшін өрт қауіпсіздігі мамандарын дайындау процесінде одан әрі дамыту және қолдану жолда...

Похожие статьи

Дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің моральдік-психологиялық келбеті

Сәулеттік кеңістіктің негізгі түрлері және олардың көркемдік ерек-шеліктері

Мақалада жалпы сәулеттік кеңістікті құраушы композициялық құралдардың өз-ара байланысы, олардың ерекшелігі, пропорциялық үйлесімділігі, өлшем бірліктері мен пішімдері қарастырылған.

Табиғи көрнекіліктерді дайындау

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар)

Тіл — мәтіндік дүниенің базисі және мазмұны

Сигналдарды жиілікке бөлумен мультиплексирлеу

Ағылшын тілін оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерді жүзеге асыру

Мақала қазіргі күні шет тілін үйренудегі ең танымал әдіс — коммуникативті әдіс арқылы мектеп оқушыларына ағылшын тілін тиімді оқыту мәселелеріне арналған. Мақалада коммуникативтік әдістеменің негізгі түрлері келтірілген.

Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелерінің компьютерлік үлгіленуі

Мақалада компьютерлік үлгіні жетілдіру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталған, оны жеке өрт қауіп — қатерін есептеу және өрт сөндіру жоспарларын дайындау үшін өрт қауіпсіздігі мамандарын дайындау процесінде одан әрі дамыту және қолдану жолда...

Задать вопрос