Орта Азиядағы діни-саяси әрекеттер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тулеев, М. Т. Орта Азиядағы діни-саяси әрекеттер / М. Т. Тулеев, Бекжан Шалгынбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 76-77. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48223/ (дата обращения: 17.12.2024).



Кеңес өкіметі құлағаннан кейін,Орта Азия өңіріндегі идеологиялық бостық әр қалай діни ұйымдар мен секталардың экспансиясына ұшырадыү Біз осы мақаламызда Өзбектсан, Қырғызстан, Қазақстандағы діни ахуалға тоқталатын боламыз.

Қазіргі таңда радикалды топтардың (Хизб ут-Тахрирді қосқанда) танымалдығының артуы, және осы топтар мемлекет үшін үлкен қауіп тудыруы қаупі өсіп келеді. Оңтүстік Қырғызтандағы Хизб ут-Тахрир тобының саны туралы өте көп пікір бар, бірақ сарапшылардың көбі, тым болмағанда, осы тыйым салынған ұйымның мүшелерін тұтқындау басталған сәтте, және 2010 жылы этникалық зомбылықтан кейін жаңа мүшелерін жинақтауда секіріс болғанда бірнеше мың адам деген санмен келіседі.

Көптеген жылдар бойы Қырғызстан билігі көптеген көршілес мемлекеттер Хизб ут-Тахрир ұйымын экстремисттік деп санағанына қарамастан, бұл ұйымның мүшелері қауіпсіздікке қауіп төндірмейді дегенге сенбеді. Бірақ 2010 жылдан бастап елдік өзбекстандық жастары арасында өсіп келе жатқан діни радикалдықтың тәуекеліне алаңдаушылық пайда болды. Елден кетіп және Өзбекстанның Ислам қозғалысы немесе Ауғаныстан және Пәкістандағы Исламдық джихад ұйымы күштеріне қосылатын Қырғызстан азаматы болып табылатын жас өзбек ер азаматтардың үлкен саны туралы ресми емес деректер бар.

Ташкент те оңтүстік Қырғызстандағы радикализмнен қорқады. Баткен таулы аймағын ӨИҚ отрядтарының 1999 және 2010 жылдары екі рет қоршауға алуы туралы ондағылардың есінде және өзбек билігі ислам джихадшылары шекарадан өтіп кетіп, Қырғызстанда т ұрақтауы және сол жақтан Өзбекстан аумағына шабуыл жасауы туралы ескерткен болатын. Алайда өзбек билігі тәуекелді әсірелеуі де мүмкін, пәкістан-ауғанстан шекералары қаруланған джихадқа дайындық іздеуші Орталық Азия мен әлемнің басқа да нүктелерінің жастары үшін магнит болып қала беруде, және джихадшылар да әскери іс-әрекеттерге қатысуға келісуші өзбектерге қардылық сыйақы ұсынуда. 2010 жылы Қырғызстанда болған этникааралық зомбылық та өзбек-қырғыз шекарасының екі жағынан да ондаған, дәлірек айтсақ жүздеген өзбек жастарының джихад топтарына қосылуына түрткі болды.

Қауіпсіздік органдарының жергілікті қызметкерлерінің жағдайды бақылауға алмайтыны туралы өздеріне есеп беретіндігіне қарамастан, соңғы бірнеше жылда Қырғызстан полициясы терроризм, ӨИҚ-на мүшелікке, немесе басқа, террористтік ретінде тыйым салынған ұйымдарға мүшелікке айып тағылған жеке тұлғалар мен шағын топтардың бірқатарын қамауға алды. Қамауға алынғандардың арасында Сириядағы әскери әрекеттерге қатысу тәжірбиесі бар болуы мүмкін жас қырғыз азаматтары саны көбеюде, және Қырғызстан қазақ жастарының Түркиядағы байланыстарды жиі қолданумен, Сирияға бағыт алуындағы негізгі маршруттарының бірі болып отыр.

Қырғызстанда, көршілес Қазақстан сияқты, билік басындағылар барлық проблеманың көзі ретінде ең алдымен білімсіз молдаларды (жұмыссыз немесе ішінара жұмыссыз қырғыз және өзбек жастарын емес) айыптайды және мемлекет тарапынан мұқият бақылау және діни топтарды фертификаттаудың ережелерін қатаңдату экстремизммен күресу және терроризмнің алдын алудың ең жақсы жолдары деп санайды.

Өзбек билігі тәуелсіздік алғаннан бері және қазіргі күнге дейін ислам терроризмінен үнемі қорқыныш үстінде өмір сүруде. Бүгінгі таңда оларды Пәкістан-Ауған дәлізінде және Сирияда өзбек жауынгерлерінің болуы, және осы топтардың күш-жігері, сондай-ақ пайда болған жихадшылардың өзбек мұсылмандарын Интернет арқылы қол жетімді материалдар көмегімен тартуына алаңдатуда.

Сыртқы бақылаушылар өзбек үкіметі тәуекелді аса әсірелеп және бірнеше ретешқандай тікелей қауіп төндірмейтін топтарға «террорист» деп кінә тақты деп жиі шағымданып жатқан кезде, көбінде жас өзбектерден құралған қаруланған джихадтық топтар әлемдік джихадтық қозғалыстың бір бөлігі болды, Өзбекстан шекарасын кесіп өтіп және террористтік актілер үшін жауапкершілік тартты. Осы актілердің ішіндегі ең сұрапылы 1999 жылдың ақпанында Ташкенттегі бас үкіметтік ғимарттан алыс емес алты жерде бомбалар жарылғанда болды. Жауапкершілік ӨИҚ-на ілінген осы шабуылдардың нәтижесінде жиырмадан аса адам қаза болды және жүз жиырмадан астамы жарақаттанды.

Ферган аңғарының өзбек исламшылары Тәжікстанда өткен азаматтық соғыс кезінде исламдық топ жағында соғысу үшін сонда жөнелді, және жаңа мүшелерін Тәжікстандағы жаттығу лагерлеріне басқыншылықпен тартқан Өзбекстанның Ислам қозғалысымен (ӨИҚ) бірікті. Өзбек үкіметінің қысымымен тәжік билігі ӨИҚ-сын Ауғаныстанға шығарумен, 1999 жылдың аяғында оларды елден кетуге мәжбүрледі, соңында олар күштерін Талибан жауынгерлерімен біріктірді.

2000 жылы өзбек үкіметі өзінің Тәжікстанмен шекарасының саңылаулығына алаңдап, осы шекараны миналауды бастады, бірақ 2004 жылы минасыздандыруға рұқсатын берді. Қырғызстанмен өзбек шекарасының кейбір бөліктері де миналанды, және Өзбекстан аумағына шекараны кесіп өтудің барлық пунктері екі елден де мұқият қадағаланды.

Өзбекстанға ӨИҚ-нан туындаған қауіп 2002 жылы Ауғаныстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштері (ҚЖХК) кампаниясының ӨИҚ-ның бас әскери командирі Джума Наманганиді өлтіруі нәтижесінде өте үлкен шығынға ұшырауы себепті азайды. Қозғалыстың идеологиялық басшысы Тахир Юлдашев 2009 жылы Пәкістанда өлтірілді. Осы оқиғалар өткен жылдарда ӨИҚ құлады. Бір бөлігі Пәкістан мен Ауғаныстандағы әскери әрекеттерге бағдарланған ӨИҚ атауымен қайта құрылып, Талибанның құрама бөлігі болды. Басқа бөлігі дәл солай Пәкістан мен Ауғаныстан мекендейтін, бірақ кең әлемдік мақсаттары бар Исламдық джихад қозғалысына ауысты. Екі топ та Өзбекстаннан жаңа мүшелер жинауды жалғастыруда, және ИДҚ жаңа мүшелерін барлық аймақтан тартуда. Екі топ та Өзбекстандағы «құдайсыз» (кафирлік) үкіметті құлату мақсатына берік болып қалуда.

Қазақстандағы діни ахуал 2010 жылға дейін тұрақты боп келді, дегенмен 2011 жылы Ақтөбедегі болған жағдай мәселеге бей-жай қарауға болмайтынын дәлелдеп берді. Қазіргі таңда мемлекет өкіметтік және өкіметтік емес ұйымдармен, дәстүрлі діндердің қауымдастықтарымен тығыз жұмыс істеп, діни сананың маргиналданбауы үшін кешенді бағдарламалар жүйесін қолға алды. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін БҰҰ, МАГАТЭ, ШЫҰ сынды халықаралық ұйымдармен де өте тығыз жұмыс істеуде.Осы орайда дін туралы заңнаманы ұлттық-діни бірегейлік мәселесімен ұштастыратын қағидаттық ұстаным ретінде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттіңжаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауындағы «қазақстандықтардың діни санасын елдің салт-дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес қалыптастыру» талабын айтуға болады. Ал дін мен дәстүр бірлігіне негізделген діни сана қалыптастыру мәселесі – бүкіл халықтың жұмыла көтеретін жүгі әрі бойында ұлтына деген сүйіспеншілігі бар әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Ұрпақтар сабақтастығы құндылықтар арқылы жалғасады. Ұлт тарихы үшін осы сабақтастықтың маңызы зор. Әр буын өзіне дейінгі ұлт тәжірибесін бойына сіңіріп, ары қарай дамыта білмесе, тарихын екшеп-саралау арқылы болашағына бағдар жасамаса – ол қоғам керітартпа қоғамға айналады. Өткенді мансұқтап, тарихты өзінен бастаған буын мемлекетті рухани дағдарысқа ұшыратады. Оның жекелеген көріністері де, өкінішке орай, қазіргі Қазақстан қоғамында бой көрсетуде. Яғни қазір елімізде дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға деген табиғи құлшыныс пен оны қоғам өмірінен ысырып тастауға деген жасанды талпыныс қатар жүруде. Дәстүрлі құндылықтарды аңғыртуға деген құлшыныстың алғашқы серпіні тәуелсіздік алумен тікелей байланысты болды. Үш ғасырлық отарлық және кеңестік саясат қысымында ұлттық мінезінен, санасынан, құндылықтарынан көз жазып қала жаздаған ұлт тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде тілін, тарихын, дәстүрін және дінін жаңғыртуға құлшына ұмтылды.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бар, мена.


Задать вопрос