Ұлттық және діни мерекелердің рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №20 (79) декабрь-1 2014 г.

Дата публикации: 03.12.2014

Статья просмотрена: 2189 раз

Библиографическое описание:

Енсепов, А. А. Ұлттық және діни мерекелердің рөлі / А. А. Енсепов, А. К. Абашева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 20.1 (79.1). — С. 22-23. — URL: https://moluch.ru/archive/79/14072/ (дата обращения: 19.12.2024).

Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі білім мен ғылым салаларында түбірлі өзгерістер жүргізуді, халықтың тарихи санасын объективтік шындық тұрғысынан қалыптастыруды қажет етеді. Бұл болса өз кезегінде, өткен кезеңдергі әлеуметтік,  экономикалық, саяси және мәдени даму тәжірибесін ескеруді, оны ұлттық құндылықтар тұрғысынан зерделеуді талап ететіндігі сөзсіз.

Қазіргі біздің кеудеміздегі қорқынышты жеңіп, еңсемізді тіктеген серпілісіміз – мәңгірген жанның есін жиған алабөбен әлпетін елестетеді. Егеменді ел болып, етек-жеңімізді жиып, ертеңгі күнімізге алаңдай бастауымыз соның айғағы. Жадымыз бен қанымызда қалған ұлттық болмысымыз оянып, санамызға сәуле шуағы тарап, салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың, тіліміздің, дініміздің жоғалтып алған өмірлік нышандарын жаңғыртып, жандандырып қайта оянып жатқан жайымыз бар. Халықтық нәрсенің бәрі де жермен, елмен, халықпен бірге біте қайнасып, бірге жасайтынына оны ешбір қатал қысым да, заң да, зорлық та өшіре  алмайтынына көз жетіп, көңіл қаныққандай болады.

Осы орайда қазақ елінің салт-дәстүрлері мен мәдени мұраларын қайта жаңғырту кезеңінде, ел қуанышына айналған ұлттық мейрамдарды да есімізден шығармай, оны өз деңгейінде қарсы алу мәселесі де үлкен мәнге ие болып отырғанын көреміз.

Қазақтың ұлттық мейрамдарының қатарында дініи мейрамдардың алатын орны ерекше. Яғни, мұсылман қауымында еңсе көтеріп, қайғыдан арылатын, шаттық пен мейірімге бөленетін қос мерекенің бірі – Ораза да, екіншісі – Құрбан айт.

Қазіргі таңда бұл мейрамдар көптеген мұсылман елдерінде аталып өтіледі. Мысалы, Каир көшелерінде салтанатты шерулер өткізілсе, Пәкістанның ресми мейрамы болып,  ол күн демалыс күні етіп белгіленген. Сол сияқты Мәуліт күні (жаңаша 28 шілде, дүйсенбі, 571 жыл) – мезгілі адам баласын надандық пен жаһилиет қараңғылығынан жарыққа шығарған күні ретінде мерекеге айналған. Соған орай, әлемдегі бір жарым миллиардтан асатын мұсылман қауымы қасиетті Қағбаға бет бұрып, миллиондаған адамдар Мекке-Мәдинеде қажылық парызын өтейді.

Қазақстан елі де өзінің тәуелсіздік алған уақыттан бергі кезеңде  әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыруымен бірге, рухани және мәдени өрлеу жолында көптеген іс-шараларды қолға алды. Олардың қатарында - ел өмірінде ерекше орын алатын ұлттық мейрамдар мен мерекелердің аталуы да бар.

Атап айтар болсақ, елімізде әсіресе, дін мәселесіне үлкен мән беріліп, соның негізінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы жанданып, елімізде екі мыңға жуық жаңа мешіт салынды. Талай жастарымыз Түркия, Мысыр, Пәкістан, Сауд Арабиясы сынды елдерде дінтану ілімін меңгерді. Елімізде тұрлі діни үйымдар мен қоғамдастықтар құрылды. Мұның бәрі сөз, жоқ, біздің мемлекетімізде адамның құқықтары мен бостандықтарына, наным мен сенім еркіндігіне кепілдік беретін демократиялық қағидаттардың берік ірге тартқанына дәлел болып отыр.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадисінде «Білімді болу – әр мұсылманның парызы» [1] деген қағидасы ешқашан да өзінің маңызын жоғалтпаған. Әсіресе, қазіргі заманда оның маңызы мен мәні аса жоғары болып отыр.

Әлемнің «екінші ұстазы» атанған қазақ топырағының перзенті әл-Фараби бабамыз білім мен ғылым іздеп, сол замандағы дін мен ғылым ордасы атанған сонау Шам еліне сапар шеккені тарихымыздан белгілі. Бұдан біздің аңғаратынымыз, дін тірегі – имандылық.

Сондықтан, жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге үлкен мән беру жолында діни мейрамдарды, яғни, Ораза айт, құрбан айт, мәуліт күні сынды мейрамдардың өзіндік ерекшеліктерімен қатар, олардың ұлттық дәстүр менг салт-сананы қалыптасырудағы қызметін ерекше айқындап айтуымыз қажет. Ұлт жастарының жүрегіне діни мейрамдардың тойлануы арқылы  имандылықты ұялата білсек, келешегіміз кемел болмақ.

Айт күнідері өзара кездескен мұсылмандар бір-бірлерін айтпен құттықтап, туыс, жора-жолдастарын зиярат етіп, оларға жақсы тілек білдірулері – әдептілік белгісі болып есептеледі. Сондай-ақ, науқастардың жағдайынан хабар алып, оларға шипа тілеп, игі ниетімізді білдіру, көршілер, ауылдастар мен мұқтаждарға  ерекше құрмет көрсету, жетім-жесірлерге жәрдем беріп, көңілдерін көтеру, көп Құран оқып, марқұмдарға дұға ету, алыстап кеткендерді табыстыру – әрқайсысымыздың мұсылмандық борышымыз.

Сол сияқты қазақ халқының ұлттық мейрамы Наурыз мерекесі де осындай қазақ салтымыз бен санамызды жандандыруда ерекше мәнге ие. Наурыз мейрамында жасалатын түрлі салттар мен жоралғылар, тіпті мейрам құрметіне жасалатын түрлі ұлттық дәстүрлердің жасалуының өзі біздің өскелең ұрпақ үшін маңызды болып саналады. Мәселен, Наурызды мейрамдаудың дәстүрлі атрибуттары (көрісу, көп көже, ұйқыашар, самалық айту, дір еткізер, селт еткізер, т.б.) ұлт пен ұрпақ тәрбиесі үшін өте маңызды. Яғни, Наурыз мейрамын мерекелеуді жыл сайын күшейтіп, ескі салт-дәстүрлері мен жөн-жоралғыларын жыл сайын молайта түссек, біздің жас тәуелсіз еліміз үшін берері көп болмақ. Ол әр жылы отбасылық мейрамға айналып, аталып өтсе, болашақ ұрпағымыздың бойында ұлтына деген мақтаныш, ұлттық дәстүрді бағалауына жол ашары сөзсіз болып отыр.

Қазақ елінің қазіргі таңдағы да бір тәй-тәй басқан мейрамының бірі - ел тәуелсіздігін алумен қатар пайда болған, ұлттық деңгейде аталып жүрген Тәуелсіздік күні болып отыр. Жыл сайын еліміздің барлық айтмақтарында 16 желтоқсан тәуелсіздік күні ретінде аталып өтіп, ұлттық мейрам деңгейіне көтерілуде. Қазақтың басқа ұлттық мейрамы сияқты бұл мейрам да жыл өткен сайын өзінің өткізілу шаралары мен ауқымын кеңейтіп келеді. Ол қазақ ұлты үшін жылдар бойы армандаған асқақ мақсаттарының бірі болғаны баршамызға аян.

Халықтардың ынтымақтастығын күшейтіп, бірлігін сақтауда бұл мерекелердің маңыздылығы зор. Бұлардың бәріне ортақ сипат – таныс, бейтаныс көпшіліктің ортақ қуанышы думанды шаттық ретінде атап өтілетіні. Бұл мерекелердің қазақ тұрмысындағы алатын рөлі зор. Оның бірі халық көкейіне имандылықтың негізін қалыптасырса, енді бірі халықтық салт-сана мен дәстүрді ұмытпауға, ал енді бірі тәуелсіз ел ретінде басын тік көтеріп, болашақ ұрпағы алында өзін көрсетуіне мол мүмкіндік береді. Сол себепті де халқымыздың, ұлттық мейрамдарына қажетті деңгейде мән беріп, оларды қажетті деңгейде атап өтіп, ұлтымен бірге қуану әр бір қазақ азаматының борышы екендігін есімізден шығармауымыз қажет.  

 

Әдебиет:

 

1.    Құран Кәрим қазақша мағына және түсінігі. - // Аударған: Халифа  Алтай. – Алматы, 1991. - 220 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос