Хромникельді кендерді күйдірудегі фазалық тепе - теңдіктердің толық термодинамикалық анализі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (112) апрель-2 2016 г.

Дата публикации: 09.04.2016

Статья просмотрена: 21 раз

Библиографическое описание:

Келаманов, Бауржан Сатыбалдыулы. Хромникельді кендерді күйдірудегі фазалық тепе - теңдіктердің толық термодинамикалық анализі / Бауржан Сатыбалдыулы Келаманов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.2 (112.2). — С. 43-44. — URL: https://moluch.ru/archive/112/28330/ (дата обращения: 17.12.2024).

Толық термодинамикалық модельдеу 0-900°С температуралар аралығында және Р=0,1МПа қысымында хромникельді кеннің күйдіру үрдісі жүргізіледі. Нәтижесінде Fe-Ni-Cr-C-О-Н жүйесіндегі конденсацияланған фазалардың өту ерекшеліктері анықталды. Хромникельді кенді 500°С – ке дейін күйдіргенде конденсацияланған фазалар (1 және 2 сурет), магнетит (Fe3O4), көміртегі (С), никель (Ni), хром тотығы (Cr2O3) және темір (Fe) бақыланады. 500°С – ке дейін температураның артуы пайыздық үлесі 0,36% болатын магнетиттің (Fe3O4) конденсацияланған фазасының түзілуіне әкеледі. 500°С – ден температураның жоғарлауы бұл фазаның жойылуына әкеледі. Берілген құбылыс бұл фазаның қатты көміртегімен тотықсыздануымен байланысты, бұл кезде 500-900°С аралығында Сқ–ң 0,08% – ға дейін жылдам төмендеуі бақыланады.

Бұл магнетиттің (Fe3O4) конденсацияланған фазасының тотықсыздануы 400-600°С температураларда жүретінін көрсетеді. Темірдің (Fe) басқа конденсацияланған фазасының құрамы тұрақсыз күйге ие болады.

Сурет 1-Температураның жоғарлауы кезіндегі конденсацияланған фазалар өтуінің пайда болуы мен динамикасы

Мысалы, 0-400°С температуралар интервалында берілген фазаның құрамы 0,26%- ды құрайды, 500°С- қа дейінгі температураның жоғарлауы темірдің (Fe) конденсацияланған фазасының 0,32%- ға дейін артуына алып келеді, кейін берілген фаза жойылады.

Сурет 2-Температураның жоғарлауы кезіндегі конденсацияланған фазалар өтуінің пайда болуы мен динамикасы

0-900°С температуралар аралығында никель (Ni) мен хром тотығының (Cr2O3) конденсацияланған фазалардың түзілуі кезінде құрамы сәйкесінше тұрақты 0,03 және 0,10%. 600°С температурасында құрамы 0,02% болатын темір тотығының (FeO) жаңа конденсацияланған фазасы түзіліп, температураның жоғарлауымен берілген конденсацияланған фаза жойылады. Құрамы 0,55% болатын темір карбидінің (Fe3C) конденсацияланған фазасының түзілуі 600°С температурасында басталады және 900°С температураға дейін тұрақты құрамға ие.

Осындай жолмен «АСТРА-4» программалық жиынтығы көмегімен хромникельді кендерді күйдіруде мүмкін болатын барлық негізгі конденсацияланған фазалар анықталды және орнатылды. Берілген есептеулер хромникельді кендерді дайындауда және никельді балқымаларды балқытудағы барлық физико - химиялық үрдістерді толық көлемде түсіндіре алады.

Литература:

  1. Кузнецов Ю.С. Физическая химия – Челябинск: ЮУрГУ, 1998. – 344 стр.
  2. Казачков Е.А. Расчеты по теории металлургических процессов – М.: Металлургия, 1988. – 288 с.
Основные термины (генерируются автоматически): камин, барбекю, дымоход, былая популярность, внутреннее устройство, высокая температура, отопительный элемент, принципиальное отличие, рабочая поверхность, самое дело.

Похожие статьи

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Мектепте химиялық өндірістерді оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Ағылшын тіліндегі фитокомпонентті тұрақты тіркестердің ұлттық-мәдени коннотациясы

Монтессори әдістемесі мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамдық ортаға бейімдейді

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Инновациялық әлеуетті зерттеудің теориялық негіздері

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы мен негізгі бағыттары

Егістік жерді тегістеудің заманауи технологиялары мен тегістеу тәсілдері

Топырақ құрамына минералдық қоректендіруді (гумат) пайдалану ерекшеліктері

Задать вопрос