Жеке тұлғаны патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (88) апрель-2 2015 г.

Дата публикации: 24.04.2015

Статья просмотрена: 2761 раз

Библиографическое описание:

Бесбай, Айнур. Жеке тұлғаны патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу / Айнур Бесбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 29-31. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17634/ (дата обращения: 22.12.2024).

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел алға баспайды» деген болатын.Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өзара тығыз байланыста, тіпті оларды өзара тең деп те атайды. Ендеше тәрбие бізге ауадай қажет.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез – келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болмағандықтан, мектеп оқушыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілігін, жеке адамның аман – саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке тұлғаны күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда,патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке тұлғамен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасты білдіреді.

«Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар – намысында және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп – қатерінде бөлісіп,жауды барынша жою, жанға жанмен, қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп- қатерге бас тігу». «Батылдық – іс-әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық», «Табандылық – батырлардың қалқаны», «Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес, деген жағдайдың өзіне абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс», «Отан дегеніміз – халық».

Патриотизм – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің екінші жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.

Қазақтың патриоттық – отансүйгіштік тәрбиесі – тереңнен тамырын тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетаным – көзқарасының, ақыл – ойы мен салт – дәстүр мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттық – отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш – жігері мен ақыл – қайрат жұмсап, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес.

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір буында патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Патриоттық сана, патриоттық сезім көрсеткіші – оқушының іс - әрекеті. Сонымен бірге іс-әрекет оның даму, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс - әрекет барысында тыңдаушы қоршаған ортамен құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттерді дамуына ықпал етеді, басқаша айтқанда өз басының мүддесін ұлттық, Отан, мемлекет, халық мүддесіне ұштастырады.

Жалпы патриотизм сөзі гректің « Отан», «ел» деген сөзінен шыққан. Патриоттық идея – Отаншылдық адамға туа біткен қасиет емес, ол жүре түзелетін адамның саналы өміріндегі қабаттас құбылыс. Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі – туған жер табиғаты, ана тілі, салт – дәстүрі, тарихи ата – бабаларының ерлігі. Олар әр адамзат бойына намыс, ар, сүйіспеншілік ұялатады.

Бірде бір адамзат өзінен бұрынғы ата – буынның ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибиесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Қай ел, қай халықтікі болмасын, озық тәжірбиені жатсынбай қабылдағаны дұрыс.Осыған орай өзге емес, өзіміздің ата-бабаларымыз, яғни батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегелдинов және тағы да басқалардың өткен ерліктері, көрсеткен қызметтері неге тұрады?! Тек солардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арқасында ғана қазір бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз.

«Бұл дүниеде біздің Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Бұл туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін әрбір азамат еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жақсы жан – тәнімен сезіну керек», - деген ел президентінің ғибрат сөзі патриоттық ұғымының, ел мен жердің бүтіндігін сақтау,, халықтар достығы мен бірлігі екенін нақтылай түседі.

Бойымызда отансүйгіштік, ерлік, батырлық, патриоттық сезімдерді арттыру үшін өткен ата-бабаларымыздан үлгі- өнеге, тәлім-тәрбие алуымыз керек. Оларды қуана еске алып, мақтана айту -қазақ халқының әрбір перзентінің парызы.

Таңның атысы, күннің батысында тек еліңді еске түсір, Отаныңды ойла, туған жеріңді жырла. Сонда ғана сен «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» демекші, кіші емес кісі боласың, ел қажетіне жарар нағыз азамат боласың. Сонда ғана сен бақытты боласың деген қасиеттерді жастардың бойына сіңіру – негізгі міндеттердің бірі. Патриоттық тәрбие – тамыры терең тәрбие. Сол себепті патриоттық тәрбие тамырын кеңге жаюы тиіс.

Патриоттық тәрбие – еліміздің әлеуметтік – экономикалық, саяси дамуы жаңа сапаға ие болып, тәрбие процесіне жаңаша көзқарас қажет болып отырғандықтан, қазіргі кезеңнің күрделі шарттары аясында іске асырылуда. Мұның барлығы патриоттық тәрбиенің төмендегідей өзіндік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді:

-       өткен уақыттағысына негіз болады, олардың негізінде спортшыларды патриоттық іс-әрекетке қатыстыруға болатын оқу- тәрбие процесін түзеуге болады;

-       патриоттық тәрбие өзінің мақсаты бағыттылығымен жас спортшылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырады;

-       патриоттық тәрбиеде мақсаттар мен мазмұндардың, нысандардың және тәрбие әдістерінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін жеке- әрекеттілік, кешендік қатынас пайдаланылады. Мұның өзі тәрбиеленушіге біртұтас тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін топтық және даралық ықпал қолдануға жағдай жасайды.

Сонымен, оқушыларға патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты – оқушының, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс- әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік, психологиялық,дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында тәрбие жүйесін жетілдіруге байланысты алдына қойған негізгі мақсаты – «қазақстанды патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру» - деп бүгінгі XXI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениетті өзара кіріктіре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделіп отыр.

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауында : «Олар...күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» - делінсе, ҚР – ның «Білім туралы Заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отанын ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу,мемлекттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.

Халық ауыз әдебиетінің бір саласына жататын ел қорғау, батырлық істер жайында туған халық мақалдары да халықтың бұл ой – тілегі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да, туған жер, өсіп-өнген ел – Отанды аса қажетті, қадірлі, қымбат деп көрсетеді. Мысалы: «Ел іші- алтын бесік», «Туған жердің топырағы да ыстық», Туған жерден топырақ бұйырсын деп, отансүйгіштік сезімді дәріптеген халқымыз « Отанды қорғау – азаматтық парызың» дейді.

Ал «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Елін сүйген ер болар», « Ерлік білекте емес, жүректе» т.б. мақалдар өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу,сөйтіп дұшпанын Отанын қорғап қалу нағыз халқын сүйген әрбір адамның міндеті болатынын танытады.

 

Әдебиет:

1.    Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1992. – 160 бет.

2.    Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 1998. - 25 б.

3.    //Бастауыш мектеп. – 2004.- №5. - 22-23 бб.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос