Бала бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Шукиров, Алпысбай Анапияулы. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру / Алпысбай Анапияулы Шукиров. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 19.1 (153.1). — С. 15-15. — URL: https://moluch.ru/archive/153/45312/ (дата обращения: 18.12.2024).



Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ең басты міндеттердің бірі салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Салауатты саналы ұрпақ тәрбиесінде басты рөл атқаратын отбасы және мектеп.

Тәрбие мақсаты қазаққа тәлім-тәрбие тағылымын да қойылады. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деді.

Қазіргі таңда біз білімге бой беріп, кейде балаға тәрбие беруді ұмытып бара жатырмыз. Тәрбие отбасынан басталуы керек. Алғаш адам баласына Алланың құзыретімен өмір үш айлық кезінде ананың құрсағынан басталады екен. Өйткені ол кезде балада тіршілік басталады. Бала өмірде сезе бастайды. Міне, осы уақыттан бастап тәрбие процесі басталуы керек. Ата-ананың тазалығы балаға беріледі.

Еврей халқы баланы дүниеге келтіру үшін жаңа отбасы үш жыл дайындалады. Осы кезде жаңа үйленген отбасы жаман әдеттерден аулақ болады. Арақ-шарап пайдаланбау, темекі шекпеу, жаман әдеттерден аулақ болу. Міне осы Еврей халқының дәстүрін жаңа үйленген қазақ отбасында пайдалану керек пе деп ойлаймын. Осы жерде ұлы ақын М.Жұмабаевтың керемет сөзі еске түседі. «Көркем денелі, түзу ойлайтын,дәл киінетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып жаны толқыларлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» -деп жазды.

Қазақ отбасында тазалықты ертеректен және қазірде пайдаланып келеді. Қазақ отбасылар жеті атаға дейін үйленбейді . Ертеректе баланы емізгенде дәрет алып, намаз оқып емізген. Бұған дәлел ұлы Абайды емізерде анасы дәрет алып, намаз оқыған. Міне дүниеге ұлы Абай келді.

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері екі нәрсеге аса назар аударған.Оның бірі – тілі, екіншісі әдет-ғұрып. Тәрбие – бала дүниеге келген сағаттан басталады деген сөздің жаны бар. Осы сөзді тірілтіп тәрбие ана құрсағынан басталады деп айтқым келеді. Әрине бала бойында адамгершілікті қалыптастыруды ата-ананың рөлі ерекше болу керек. Қазақ отбасында ананың орны, әкенің орны ерекше болған .

Орыстың ұлы сыншысы В.Г. Билинскийдің «Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс». Өйткені тәрбиесіз берілген білім жаңа егілген жас ағаш сияқты. Жас ағашқа жасалмаса ағаш дұрыс өспейді. Ағаш жақсы өсуі үшін топырақ құнарлығы, жарық, су, ауа, минералды тыңайтқыштар қажет.

Бала тәрбиесінде баланың таза, иманды, инабатты, қанағатшыл, еңбекқор, әділ, кішіпейіл қасиеттер ата-ананың бойындағы тазалығынан, берген тәрбиесімен беріледі.

Отбасында балаға теріс тәрбие берлуі ол отбасының кикілжіңді, ұрыс-керіс, ішкілік, баланы ұрып-соғу, отбасы мен мектеп арасында тығыз байланыстың болмауы, оқу білімге, еңбекке ықыластың төмендеуі, балаға жүрек жылуын дарытпауы, ата-анамен бала арасындағы көзге көрінбейтін өте нәзік сезімнің жүректен-жүрекке жетпей үзіліп қалуы, тәрбие құралдарының өзара үйлеспеуі. Сонымен қатар кейінгі кезде атыс-шабыс, ұрлық, зорлық-зомбылық туралы бейне фильмдер , компьютерлік ойындар, ұялы телефондар, кітап оқымау баланы рухани құлдыратады.

Қазақтың ұлы ақыны Олжас Сүлейменовтің керемет сөзі бар «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы сөз». Ұлы Абайдың өлеңдерін тәрбиенің құралы есебінде пайдалануға болады. Абай өлеңдерінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сынды жеке тұлғалық жақсы салаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. Абайдың қара сөзінде тәрбиенің шынайы элементтері бар. Құранды тәрбие құралы есебінде пайдалануға болады. Құранның әрбір аяттары тазалыққа, имандылыққа, адамгершілікке, білімге тәрбиелейді. Тәрбие құралы сөз. Ұлы кеңестік көсем В.И. Ленин Құран аяттарын еңбектерінде пайдаланған. Сондықтан мектептерде, колледждерде имандылық сабақтары болу қажет.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің мақсаты Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, қазақ баласының бойына патриотизмді, жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеу.

Основные термины (генерируются автоматически): бал, оса.


Задать вопрос