Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда болса да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек беру деген сөз. Адам кәміл жасқа толып, өзіне өзі қожа болғанша, өсіру деген мағынада болып отырады.
Дүниеге нәресте келгенде басқа жан иелерімен салыстырғанда, өте әлсіз, зағып, осал болып туылады. Кез келген мал туғанда, бирден балапандары аяқтанады, ал өмірге адам баласы келсе ақыл есі жоқ, денгесі тым әлсіз, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек беріп, яғни оған тәрбиеге, өсіп жетілуіне, анасынын жылуымен өсип жетіледі.
Тәрбие бөліктерін көп деуімізге болады: дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, сұлулық тәрбие. Адам баласына осы тәрбиенің әр қайсы берілетін болса, онда оның тәрбиесі түгел болғаны.
Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінің алғы сөзінде адамның басқа жаратылыстардан бөлек екенін, тәрбиені қажетсінетінін былай деп білдірген екен: Адам баласының бойында өсе келе ыстыққа, суыққа, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс ойын пішіп айтатын, дал табатын ақылды болса, сұлу сөзбен, сиқырлы үнімен, әдемі түрден ләззат алып, жаны таза болып, жаманнан жаны жиреніп, жақсылыққа жаны құмар болса онда адам баласының жақсы тәрбие алып, шын адам болғаны байқалады. Демек, ата – ана осы қасиеттерді бала бойына қалыптастырғысы келсе, онда бұл қасиеттерді бала бойына бере білсе, онда ата-ананың жақсы нәтижеге жеткені деп ойлаймыз.
Кез келген балаға тәрбие беру оңай нәрсе емес әрине. Бала тәрбиесі де бір өнер, өнер болғанда, ауыр өнер. Баланы тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың да болмаса жақындарыңыздын тәжірибелерімен бөлісіп танысып отыру қажет.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің әдет-ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал-мәтелдері, жыр-термелері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары бәрі айналып келгенде тәрбиеге бағытталған.
Бірақ қазіргі замандағы өкініштісі қазіргі қоғамда да ұлттық тәрбие жүйесінің ырғағы бұзылып, бала тәрбиесінің ақсап тұрғаны бәрімізге белгілі. Жас өспірім арасында қылмыстың өршіп бара жатқандығы дәлел бола алады. Дал қазіргі таңда тәрбиенің жан- жақты, сан қырлы әдіс – тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, баланы отансүйгіштікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, елжандылыққа, азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты міндеті болып отыр.
«Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ даналары бекер айтпаса керек. Баланы жетілген, жан – жақты интелектуалды азамат етіп тәрбиелеу үшін тек қана мектептің міндеті емес екенін, сонымен қатар «ұяда не көресең, ұшқанда соны ілесің» деп айтқандай, ата-ана бала тәрбиесіне өте қатты көңіл бөлу керек. Тәрбиеге ата-ана өз күшімен ат салыса отырып, тәрбие мен білім егіз десек, тәрбиесіз білім алу мүмкін емес екені белгілі. Мұғалім білімді, ізденімпаз болса онда оқушы білімпаз болып шығады. Сондықтан әрбір мұғалім – оқушыға жол көрсете білсе тәрбиемен қоса, білім нәрімен сусындатқаны дұрыс деп ойлаймыз.
Бүгінгі заман талабына сай жаңашыл, ұлттық өнегені бала бойына сіңірер – біріншіден балабақшадағы тәрбиешісі, екіншіден мұғалімі, үшіншіден ата –ана болып табылады. Тәрбиеші мен мұғалім баланын бойына өз құқығын құрметтеуге, өзіндік көзқараспен қарауға, әдептілік пен әдемілік, адамның бойындағы тән, жан сұлулығын, өз алтын ұясын мектебін құрметтеуге, қастерлеуге, салт- дәстүрді сақтауға дайын болып тәрбилеуіміз керек.
Әдебиет:
- Тәрбие құралы. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. – 2017. - №3, №4, №5.
- Бастауыш мектеп. – 2017. - №3, №7-8, №9, №10.
- Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. Педагогика. - Астана: Фолиант, 2007.
- Жұмасова К. Психология. – Астана: Фолиант, 2010,
- Мұқанова Б., Ильясова Р. Этнопедагогика. – Астана: Фолиант, 2008.