Қиын балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Есенова, Р. К. Қиын балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу / Р. К. Есенова, А. У. Тулепбергенова, У. Т. Зинаханова, Аяулым Бериккызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 3-4. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50037/ (дата обращения: 18.11.2024).



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында қиын мінезді оқушыларға мынандай анықтама береді: «Балалар мен құқық бұзушыларды үнемі жасауы,оқудан,жұмыстан үнемі жалтаруы,отбасынан немесе балаларлы оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы,сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы» [1].

Олардың әр кезеңге әр түрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» т.б.

Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығушылығының жоқ екені, олар мектепте де симай, үйде де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен қылмыскерлер шығатыны дәлелденген.

Ата-аналарды өз балаларының тәрбиесімен айналысуын үш топқа бөлуге болады:

Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай мектептегі қоғамдық жұмыстарға үлгі көрсетеді.

Екінші топ – өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндай ата-аналардың басым көпшілігі қоғамдық жұмыстарға үлгі көрсетеді.

Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болғанымен қиын балаларды беретін отбасылар.

Атақты физиолог И.П. Павлов: «Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады», – дейді. Бала отбасында және өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстаудың адамгершілік әліппесін үйренуге кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу, бірлесіп еңбек ету сияқты игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес.

Қиын балалардың туындау себептерін, оқу процесінде, мектеп, класс ұжымында оларды басшылыққа алу қағидалары, оқу-тәрбие процесінде олармен жұмыс істеудің, қайта тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негізін, ондағы мұғалім қызметін анықтау. Қиын бала, оған жасалынған қандай бір педагогикалық ықпалдар болмасын, оған іштей қалай қарайды? Осы мәселе, педагогтың есінен шықпауы тиіс. Егерде олардың ішкі жан дүниесі «табиғатын» біле білсек, соғұрлым қиын баланың мінез-құлықтарындағы адамгершілікті шағын ғана сыр-сипатын бөлектеп алып, соған негіздей жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан қарап біліп, жағымсыз қылықтарын жоюға мүмкіндік туғызу қажет.

Әрбір қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп, оларды қайта тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі-этикалық әңгімелесу, ол оқушыны зерттеп талдауда, тәрбиелеуде қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда [2].

Қиын баланың жеке дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу керек. Осы мәселе төңірегінде белгілі психолог К.К. Платоновтың көзқарасына жүгінсек, жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері (физиологиялық ерекшеліктері), екінші –адам дамуындағы психологиялық процесстерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау, т.б. қабілеттері (биологиялық ерекшеліктері) болмақ, үшіншісі баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі; ал төртіншісі, жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгерщілік қадір-қасиеттерінің бірлігінен тұрмақ. Әсіресе, соңғы екі жағдай бір-бірімен байланыста келсе, жасөспірімдердің әлеуметтік бағыт-бағдары, көзқарастары, бейім-қабілеттері қалыптасады екен [3].

О. Кунц «жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана қалыптасады», – деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың мына жағдайларды ескеру керектігін айтады: 1) білім; 2) отбасы ахуалы; 3) педагогикалық тактика және талап қоюшылық; 4) ата-аналар мен балалардың идеялық тұлғасы; 5) ата-аналардың әрекет бірлігі.

Сөйтіп диагностиканың құрылысына жүгінсек, қиын оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талдауда, олардың айналасын қоршаған адамдармен және жеке өзіне деген қарым-қатынастар жүйесіне, оқуға, еңбекке ынта-ықыластарын, қызығушылық және сүйіспеншілік күйлеріне көңіл аударып отыру қажет.

Сонымен, көп жылғы зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушылардың 96 %-на тән қасиет-өтірік айту. Өтірік айту тек олардың арына тиетін жағдайларда, яғни күшпен әсер етсе ғана емес, ешқандай сырттай қысым жасалмай-ақ өтірік-фантазия құрып айтуға икем болады [4].

Жеткіншектердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер тигізетін сыртқы факторларға мыналарды жатқызыуға болады.

1. Қоғамда болып жатқан үрдістер;

2. Жанұяның жағдайы және оның атмосферасы;

3. Мектепшілік өмір жеткіліксіз ұйымдастырылуы.

Қорыта келгенде, ата-аналар ең бірінші баланың ішіне үңіліп, «Балам қандай?», Неге қызықтыруым керек?» – деген қарапайым сұрақтарға толық жауап алумен қатар мақсатты түрде тәрбиелеуді ұйымдастырғаны және өз мүмкіндігінде ескергені жөн. Ал мұғалімдер осындай тәрбие алған балаларды анықтап алғаннан кейін олардың қолынан ненің келетіндігін, неге оның әлі келмейтіндігін осыны біліп алғаны жөн, – деп қиын балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеудің жолдарын қазіргі кездегі көптеген ұжымдық шараларда қарастыру қажет.

Алғыс білдіру

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ақыл-ойын дамыту жолдары» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

Әдебиет:

  1. ҚР «Білім туралы» Заңы. – Алматы, 2001.
  2. Ілиясова А.Н. Класс жетекшісінің жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесі. –Алматы: Мектеп, 1991.
  3. Капралова Р. Класс жетекшісінің жұмысы. – Алматы: Мектеп, 1983.
  4. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. Алматы: Мектеп, 1981.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос