Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сартаева, Н. Т. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі / Н. Т. Сартаева, С. Е. Мырзахметова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 60-62. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39696/ (дата обращения: 16.12.2024).



Қазіргі қоғамымызға күн сайын жаңа талаптар мен өзгерістер енуде. Сәйкесінше, қоғамдық міндеттерді орындап, қоғамның талаптарына жауап бере алатын, өз бетінше ойлай алатын, туындаған мәселені көре және шығармашылықпен шеше білетін түлек қажет.

Бұл міндет үдемелі дамып жатқан ақпараттық кеңістікте ерекше өзектілік танытуда. Алайда оқушылар жаңа ақпараттар легіне бағдарланып, одан қажетті фактілер мен деректер тауып, оны өз жұмысында үнемі дерлік өнімді қолдана біледі деп айта алмаймыз.

Туындаған жағдаяттан шығудың бірден-бір жолы – бастауыш сыныптан бастап оқу-тәрбие үдерісін оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеті негізінде ұйымдастыру. Зерттеушілік іс-әрекет дегеніміз – белгілі бір мерзімге созылатын ізденіспен, ғылыми сипаттағы ақпаратты терең түсіну мен шығармашылық өңдеумен, ойлау үдерістерінің талдау-болжамдық сипатта жұмыс жасауымен, «жасап көру мен қателесу» жолымен әрекеттенумен, түсінумен, жаңалық ашумен байланысты белсенді танымдық позиция болса, оқу-зерттеушілік іс-әрекеті - оқушылардың ғылым, техника, өнердің түрлі салаларында алдын ала белгісіз нәтиже алу мақсатында ғылыми зерттеуге тән негізгі кезеңдердің (мәселені қою, мәселеге қатысты әдебиеттермен танысу, зерттеу әдіснамасын меңгеру, өз бетінше мәлімет жинау, талдау, жалпылау, қорытындылау) болуын болжайтын шығармашылық зерттеушілік міндеттерді шешуі [1]. Оқуға зерттеушілік қатынас оқушыларды дайын ақпаратты енжар қолданушылар емес, шығармашылық үдерістің қатысушылары ретінде танытады. Оның үстіне бүгінгі білім беру жүйесі мұғалімді білімді дайын күйінде емес, оқуды оқушылардың өз бетінше іс-әрекеті ретінде ұйымдастыру оқу бағдарламасының шеңберінен тыс зерттеушілік жұмыс деңгейіне жеткізуге бағдарлайды. Зерттеушілік іс-әрекеті баланың дамымалы ақпаратты игеруге, яғни бағдарлануға, ақпаратты жүйелеуге ұмтылдыратын қажетті білім, білік, дағдымен қаруландыруға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушылары қашан да қолдау күтеді. Сол себепті зерттеушілік іс-әрекетке қатыстыру барысында мұғалімдер де зерттеу жұмысымен айналысады. Мектеп мұғалімдері облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысады.

Мектептің зерттеушілік әрекетінің даму деңгейлері:

  1. Төменгі деңгей – шығармашылық және зерттеушілік міндеттерді мұғалім қояды. Зерттеушілік іс-әрекет оқу жұмысының бір формасы ретінде түсіндіріледі. Жұмыс нәтижесі мектепішілік жұмыс деңгейінде қалады.
  2. Орташа деңгей – зерттеушілік іс-әрекет білім беру әрекетіне ену амалы ретінде таныла бастайды. Мекеме деңгейінде ол жүйе болып қалыптасады. Мекемеаралық деңгейде бірнеше білім беру ұйымдары қатысып, бір ғылыми қауымдастық құрауы мүмкін.
  3. Жоғары деңгей – зерттеушілік іс-әрекетке заңнамалық тұлға деңгейінде жүйелі ғылыми-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ететін ғылыми ұйымдар қатысады [1].

Оқушының зерттеушілік іс-әрекеті төмендегідей құраушылармен байланысты:

- мақсатты іштей түсіну;

- мотивация;

- мақсатқа жету критерийлері;

- мақсатқа жетуге бағытталған негізгі әрекеттер;

- бақылау;

- түзету;

- нәтижені белгілеу [2].

Зерттеушілікке баулу көп уақытта тар ұғым шеңберінде: қандай да бір ғылыми жұмыс жазу есебінде ғана түсіндіріледі. Мұның өзі өз кезегінде сабақ барысындағы әдіс ретінде сыни және шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға зор мүмкіндік жасайды.

Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын, оның жүргізілу барысын жоспарлау кезеңі орын алады. Жоспарлау зерттеу стратегиясы деген ұғымға әкеледі. Зерттеу стратегиясы деп зерттеушілік іс-әрекет нәтижесін жүзеге асыруға бағытталған ішкі ойлау операциялары мен сыртқы әрекеттердің сәйкестігін түсінеміз.

Оқушылармен жұмысты ұйымдастырар кезде оқушылар тек белгілі бір білімдерді игеріп қана қоймай, өзін түрлі әрекет саласында көрсете алуға тырысуы қажет екендігін есімізден шығармауымыз қажет.

Оқушылардың білімдік модель шеңберінде зерттеушілік іс-әрекетпен айналысуы барысында көбінесе әлемді ғылыми тану құндылығы мен өзбетінділік «ойыны» жүреді. Себебі ББД-лық (білім, білік, дағдылық) дидактиканың басты мақсаты білімді, білікті және дағдыны дамыту, ал құралдары сырттай әсер ету әдістері, оқу әрекетінің қорытынды көрсеткіштері мен бағасы болып табылады.

Біздің ойымызша, оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетіне әлеуетін жүзеге асырудың қазіргі кездегі амалы тұлғаға бағдарланған оқыту принциптеріне негізделе құрылуы тиіс. Өйткені дәл осы жағдайда оны ұйымдастыру үдерісінде оқушының мүлдем өзгеше тұлғалық даму нәтижелеріне қол жеткізуге болады.

Тұлғаға бағдарланған оқыту деп біз мұғалім мен оқушы тұлғасы оның субъектісі, оқытудың мақсаты баланың тұлғасын, оның жеке ерекшеліктерін дамыту болып табылатын, оқыту үдерісінде баланың құндылық бағдары мен ой-пікірі ескерілетін, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы ынтымақтастық пен таңдау еркіндігіне құрылған білім беру үдерісінің түрі деп түсінеміз [2].

Тұлғаға бағдарланған оқыту өзге педагогикалық жүйелерден, бірінші кезекте, таным үдерісінде балаға үлкен таңдау еркіндігін беруімен ерекшеленеді. Оның шеңберінде бала мұғалімнің мақсатына, оқыту стиліне икемделмейді, керісінше, мұғалім түрлі оқыту технологиялары арқылы өз жұмысының әдіс-тәсілдерін баланың танымдық қызығушылықтарымен, стратегияларымен, стилімен сәйкестендіреді. .

Бір білім беру парадигмасының екіншіге ауысуы барысында оқу әрекетін ұйымдастыру түрлері де өзгеруі тиіс. Бірақ бұл баяу жүреді. Себебі оның айырмашылығы нақты іс жүзінде мұғалімдерден байқалмайды және ескі стереотиптің мықтылығы да басым болады. Сондықтан мұғалімдер жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды басшылыққа аламыз дейді де іс жүзінде ескі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Бастауыш мектепте жүргізілген оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары барысына талдау жасасақ, «Құмырсқаларды зерттеу» атты ғылыми жұмыс тақырыбы аясында құмырсқа, оның түрлері, маңызы, табиғатта алар орнын анықтай келе, құмырсқалардың бірлесіп тіршілік етуі зерттеледі, илеудегі ауа ағысы мәселесіне тоқталып, құмырсқаның адамға ұқсас, беймәлім тұстарын ашуға мүмкіндік туады.

Зерттеу барысында ғылыми еңбектегі мәліметтерге талдау жүргізіліп, бақылау ұйымдастырылады, оқушылар арасында сауалнама өткізіледі.

Зерттеу жұмысының материалдарын жинақтап жүріп, білімге, ғылымға деген қызығушылығы арта түсіп, шығармашылық қабілеті дамып, қоршаған ортаға байланысты көзқарасы жаңаша қалыптасады. Оқушы өздігінен тәжірибе жасауды, қорытындылауды үйренеді. Әр адам табиғатпен дос болу керек, оған жанашырлықпен қарау керек деген ой қалыптасады.

Оқушы болашақта құмырсқалардың тигізетін емдік пайдасын одан әрі зерттеп, елімізде түрлі дәрі-дәрмектер жасауды дамыта түсу және құмырсқаның түрлерінің ішінде балды құмырсқаларды өз жерімізге жерсіндіру жолдары анықтап, зерттеуді қажет етеді деген қорытындыға келуі мүмкін.

«Құрт – қазақтың ұлттық тағамы» тақырыбында Қазақстанның ұлттық бренді - құрттың пайдасы тереңінен зерттей келе, тәжірибе жасауды, қорытындылауды үйренеді. Әр адам өзінің ұлттық тағамдарын мақтаныш тұтуы тиіс деп ойлайды. Сонда ғана қазақ халқының байырғы тағамы құрттың адам денсаулығына маңызы зор екеніндігін насихаттап, әлемдік нарыққа шығаруға үлес қосқысы келеді.

Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетпен айналысуы қазіргі қоғамда өзекті мәселеге айналуда. Себебі оқушының зерттеу дағдысын қалыптастыру тек шығармашыл, білуге ұмтылғыш оқушыны ғана емес, сонымен бірге болашақта үлкен кедергілерді жеңіп, өзіне сенімділігі мығым, бәсекелестікке қабілетті тұлға болып қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

Әдебиет:

  1. Рождественская И.В. Исследовательская работа школьников // Народное образование. – 2005. - № 4. - С. 102.
  2. Плигин А.А. Исследовательская деятельность школьников в модели личностно ориентированного образования // Исследовательская работа школьников. - 2005. - № 4. - С. 47-55.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Исследовательская работа школьников.


Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы дәстүрлері арқылы ізгілікке тәрбиелеу

Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кейбір мәселелері

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы дәстүрлері арқылы ізгілікке тәрбиелеу

Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кейбір мәселелері

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Задать вопрос