Саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Пайзрахманова, А. А. Саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы / А. А. Пайзрахманова, А. Б. Агыбай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 13-15. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101258/ (дата обращения: 05.05.2024).

Мақалада саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы талданады.

Кілтті сөздер : саясат, медиа, әлеуметтік желі.

В статье анализируется взаимосвязь понятий «политика» и «медиа».

Ключевые слова: политика, медиа, социальные сети.

Саясат — мемлекеттің тірегі. Саясат арқылы мемлекеттің негізі қаланады және ол мемлекетті тұтас етіп ұстап тұратын факторлардың бірі. Саясаттың негізгі міндеті миллиондаған халқы бар мемлекетті басқаруды ұйымдастыру, мемлекетаралық достықты сақтауда жұмыс істеу. Төмендегі тезисте саясатқа жалпы түсінік беріледі. ХХІ ғасырдағы саясаттың кең ауқымда қолдау табуының бірден-бір себебі — әлеуметтік-цифрлық медианың ерекшеліктері және оның артықшылықтары туралы сөз қозғалады. Медианың саяси қозғалыстарда, сайлау, референдум, митинг сияқты қозғалыстардағы маңызы түсіндіріледі.

Ең алдымен саясат дегеніміз не? Осы сұраққа тоқтала кетсек. Саясат — адамдардың өмір сүріп жатқан ортасы, қоғам және сол қоғамда бекітілген белгілі бір заңдар мен нормалардың жиынтығы және оның орындалуы [1]. Аристотель адамды «саяси жануарға» теңеген. Бұл сөзінен тарихта өз орнын тапқан әр мемлекеттің өз саясаты және оған бағынған халықтың болғанын білеміз. 1775 жылы Сэмюэл Джонсон саясатты мансапқа жету құралы ретінде қарастырды [1]. Жалпы алғанда саясат аймақты, елді басқара алу өнері. Осы саясаттың дамуы мен құлдырауына әсер ететін сыртқы факторлар өте көп. Төменде сол факторлардың бірі медиа, яғни барлық адамға қолжетімді ақпарат көздері жарияланатын платформалар туралы сөз қойғаймыз.

Медиа дегеніміз барлық тұтынушыға қолжетімді ақпараттар жиынтығы. Медиа арқылы әлемнің кез келген бұрышының жаңалығын бір сәтте түрлі платформалар көмегімен біле аламыз. Сонымен қатар, медианың түрлі салалардың дамуына әсер ететіні шындық. Бұл салалардың ішінде саясатта бар. Медиа барша халыққа билікте отырған шенеуніктердің халық пайдасы үшін жасаған әрекеттерінен хабардар болуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда ешқандай саяси қозғалыстар, сайлау, референдум секілді маңызды іс-шаралар медианың қатысуынсыз өтпейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының президенттік немесе парламенттік сайлауларының үгіт-насихат жұмыстары медиа арқылы жүргізіліп отырады. АҚШ-тың 45-ші президенті Д. Трамп өз сайлауында цифрлық агитацияны кеңінен қолданып, халықтың жадысына, психологиясына қатты әсер етті. 2016 жылға дейін Facebook сынды әлеуметтік медиа-платформаларының саяси маңызы толық мойындалмаған еді. 2016 жылы АҚШ-тың 45-ші президенттік сайлауында Дональд Трамп бұл стреотипті түбегейлі бұзды. Ол жеңіске электронды үгіт- насихат жүргізу арқылы жетті. Бірнеше күн ішінде Facebooк және Twitter платформаларында Трамптың баннерлері мен фотосуреттері миллиардтаған адамға таралды. Оның сайлауда жеңіске жетуінің құпиясы — президенттік жоспар-бағдарламасын әлеуметтік желіде жариялауы. Алайда АҚШ Конгресі Цукерберг пен Трамптың бұл ісін жақтыртпады. 2018 жылы Цукерберг «Facebook*-тегі миллиондаған тіркелушіні заңсыз жолмен жинады және жеке мәліметтерін заңсыз жинақтады» деген айыппен АҚШ Конгресіне шақырды [1].

Медианың Қазақстандың саяси қозғалыстарында да атқарған үлесі зор. Өткен жылғы Президент сайлауында «Facebook»* әлеуметтік желісінің халыққа тигізген ықпалы көп болды. Кандидаттар өздерін ұсыну, халыққа көрсету мақсатында бұл желіні белсенді қолдана түсті. Азаматтар мен азаматшалар осы уақытқа дейін жасаған, халыққа сіңірген еңбектерін ашып көрсете отырып, халықтың ықыласына бөленуге тырысты.

Осы жылы өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы халық арасында қызу талқыға түсіп жатқан оқиғаның бірі болып табылады. Саяси партиялар өз жұмыстарын тыңғылықты атқаруда. Мысалы, «Amanat» партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, «Respublica» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияcs, Қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясы [2].

ХХІ ғасырда белең алған цифрлық медианың саясатқа оң жағымен қатар негативті жағдай жасауы мүмкін. Оң жақтары туралы сөз қозғасақ: көзге көріне бермейтін мүмкіндіктерді ашып көрсетеді; адамдардың мүмкіншіліктері артады. Сонымен қатар, медианы қолдануда ешқандай шектеуінің жоқтығы оның ең үлкен плюсі болып саналады. Яғни мүмкіндігі шектеулі адамдарда, шет елде жүрген қандастарымызда өз елінің жаңалықтарынан хабардап болып қана қоймай, өз елінің саясатына, экономикасына өз үлесін тигізе алады.

Теріс жақтарына тоқталсақ, ақпараттың шын немесе өтірік екеніне толыққанды көз жеткізу үшін көп еңбектенуді қажет етеді. Сонымен қатар, қазірде үкімет бейресми және жалған ақпараттың кең таралуына тосқауыл қоюға дәрменсіз. Қазіргі таңда жалған ақпарат көзінің көптігінен түрлі халықаралық, мемлекетаралық кикілжіңдер туындауда.

Қарым-қатынас мүмкіндігі жоғары, өмірдің барлық салаларын қамтитын маңызды аспект болып табылады. Қазіргі таңда қарым-қатынас тек ой білдіру ғана емес, саяси әрі әлеуметтік өмірде ойып тұрып орын алатын маңызды құрал болып табылады. Әлеуметтік желідегі қарым-қатынас ХХІ ғасырдағы адам өміріндегі өлшеусіз, құдіретті құрал. Саясат-медиа көптеген адамдың дүниетанымын күн сайын өзгертіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға да толық пікір білдіруге мүмкіндік беретін құрал. Онлайн қатысу мен ықпал білдіруді 4 бөлімге бөле аламыз: ақпарат алу, кеңес беру, екі тараптың келісімге келуі, бірге шешім қабылдау [3]. Ақпаратқа бай әрі бүкіл әлемнің саяси жоспары мен тарихын білу үшін адамдар үйден шықпай-ақ түрлі біліммен сусындай алады. Бұл медианың басқа салалардан артықшылығына тағы бір дәләл [4].

Әдебиет:

  1. Хейвуд Э. Саясаттану. — Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2020. — 223 б.
  2. Саяси маусым-2023: Қазақстанда қандай партия тіркелген? // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/sayasi-mausyim-2023-kazakstanda-kanday-partiyalar-trkelgen-345790/ (қаралған күні: 16.03.2023).
  3. Гришин О. Е., Гудошникова О. Е. Новые медиа и СМИ как инструменты политической коммуникации // Вестник Университета. — 2015. — № 6. — С. 24–28.
  4. Виноградова К. Е. Роль масс-медиа в политической системе общества // Журналистский ежегодник. — 2013. — № 2–1. — С. 64–67.

 Facebook — продукт компании Meta, которая признана экстремистской организацией в России

Основные термины (генерируются автоматически): медиа, мена.

Ключевые слова

медиа, әлеуметтік желі, саясат

Похожие статьи

Медиа: определения, функции и основные этапы

Данная работа посвящена изучению понятия «медиа» и его основным характеристикам. В работе представлены взгляды учёных, основные виды и функции медиа, а также главные...

Понятие «медиа»: критический анализ | Статья в журнале...

 Понимание медиа и границ «медийного» — это фундамент, дающий ключ к постижению происходящих в обществе процессов и объяснению многих социальных фактов.

Медиа білім берудің педагогикалық негіздері | Статья в журнале...

Библиографическое описание: Смагулов, Е. Ж. Медиа білім берудің педагогикалық негіздері

Заманауи медиа материалдарын оқу процесінде қолдану барысында ақпаратты жинақтау мен...

Медиапроект: понятие, типы, жизненный цикл | Статья в журнале...

Обозначает отнесенность к медиа, в том числе к массмедиа, средствам массовой

Медиа (англ. «media») — это средства информирования и коммуникации субъекта (субъектов) с...

Новые медиа как средства массовой информации | Молодой ученый

Российские СМИ в постсоветский период находятся в непрекращающемся процессе. СМИ в России, как и все медиа за рубежом, находятся в процессе трансформации, которая носит.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

В 1976 году в том же издательстве появилась на свет книга «Одо из Мена “О свойствах трав”

Рис. 1. Применение лекарственных растений, описанных Одо из Мена, по группам заболеваний.

Медиацентр в школе как один из видов ученического...

Само по себе слово «медиа» встречается сейчас в двух близких толкованиях: – как совокупность различных видов данных, содержащих текстовую, звуковую и визуальную информацию...

Воздействие масс-медиа на социум | Статья в журнале...

Сегодня масс-медиа — это доминирующий, в силу своей эффективности, способ воздействия на социум, целенаправленно работающий на сознание масс и способный влиять не только на...

Феномен аниме и манга в современной массовой культуре

Придя в коммерческую анимацию в середине 1980-х, аниматоры этого поколения сделали аниме искусством [3]. Распространение аниме и манги на различных медиа-платформах безусловно...

Задать вопрос