Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Байтлес, А. А. Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі / А. А. Байтлес, А. Ж. Бисен, К. Б. Едигеева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 7-8. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101257/ (дата обращения: 05.05.2024).

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Кілтті сөздер: дәуір, ауыз су, әлеумет.

В данной статье рассматриваются вопросы дефицита питьевой воды в стране.

Ключевые слова: эпоха, питьевая вода, социум.

Су тірішілік көзі, сусыз тіршілік жоқ. Жер шарының ¾ бөлігін су алып жатса да оның адам тұтынатын бөлігі тым аз. Адамзат пайдасына жарайтын 30 миллион текше судың 25 миллион текше шақырымға жуығы Арктика мен Антарктиданың мәңгі мұздарында. Сол себепті көптеген елдер мен елді мекендер судан таршылық көріп отыр. Болашақта мұнай емес, газ емес, қарапайым су басты тауар боларына сөз жоқ. Мұны қазірде өңделген, таза судың сатылып жатқанынан байқауымызға болады. Тезистің мақсаты: Қазақстан өңірлеріндегі ауыз су тапшылығының себебі мен салдарын көрсетіп, маңыздылығын айқындау. Сонымен қатар, су тіршіліктің көзі екенін дәлелдеу және бұл мәселелерден шығу жолдарын ұсыну. Оқырманды тақырып жайлы мәліметтермен таныстырып, өз ойымызбен бөлісу.

Ғылыми зeрттеулер жер шарының 74 % су алып жатқаны жайлы нақты мәлімeттер беруде. Бірақ, бүгінгі таңда су тапшылығы ең маңызды мәселе болып отыр. Соның ішінде ауыз су тапшылығының өзектілігі басым. БҰҰ мәлімeттeрінің айтуы бойынша дүниe жүзінде миллиондаған адам таза ауыз суға зәру болып отыр. Дәл осы мәселе біздің елімізде де маңыздылыққа ие. Қазақстан халқының көпшілігі әлі де ауыз сумeн қамтамасыз етілген жоқ. Қазіргі таңда eліміздегі жeр асты су рeсурстары терeңірек зерттеліп, гидрoлoгиялық картасы дайындалған. Бұл жер асты су қорларының біз үшін маңыздылығы жоғары. Бұл қорлардың толықтыруына тікелей жауын-шашын, мұздықтар мен үлкен су қоры бар өзендер әсерін тигізеді. Елімізге құятын мұндай өзендерге Сырдария, Іле, Жайық, Талас, Ертісті жатқызамыз. Дегенмен, судың көп мөлшерде қолданылысы бұл су көздерін азайтуда [1].

Елімізде ауыз су жетіспеушілігінің бірнеше себептері бар. Су құбыр желілерінің ескіруі, су тазалау ғимараттарындағы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі, судың ел аумағына су көздерінің жеткілікті түрде таралмауы және көпшілік өзендердің шекарада орналасуы себепші болып отыр. Қазақстанда көптеген қалалар әлі де ауыз сумен толық қамтамасыз етілген жоқ. Әрине бұл мәселенің шешімін табу жолдары әлі күнге дейін қарастырылып жатыр. Соның ішінде мамандар жер асты су ресурстарын іздестіруді жалғастыруда. Тағы да көптеген су қоймаларының табылуы бұл мәселеге оң әсерін тигізер еді. Еліміздің адам көп шоғырланған өңірлерінде мәселенің маңызы жоғары болып отыр. Осындай өңірлердің біріне Маңғыстау облысын жатқыза аламыз. Бұл аймақта су ресурстарының тапшы болуынан гидрoлогиялық қауіп төніп тұр.

Оның басты себебіне ауа-райының жағдайы, халық санының көбеюі және өндіріс орындарының суды көп мөлшерде қолданылуы болып отыр. Арал теңізінің жағдайынан-ақ судың егіншілікте орынсыз, есепсіз пайдаланып жатқанын аңғартады. Осының салдарынан теңізге келіп құятын су 75 пайызға қысқарып, теңіз түбіндегі тұздар экологиялық жағдай тудырып отыр. Судың тапшылығы елдің хал-жағдайына үлкен кері әсерін тигізері анық. Қазақстанда шөлді, құрғақ аймақтардың бары тіптен алаңдатады. Мысалы алдыңғы жылдары болған жаңбырдың жаумауынан көптеген төрт түлік малдар қырылып қалды, өсіріліп жатқан өнімнің бірнеше бөлігі қурап, өнім бермеді. Шаруашылықпен айналысып отырған шаруаларға бұл үлкен мөлшердегі шығын алып келді, онан бөлек азық-түлік тапшылығы орын алды. Сол себептен қалай болса да бұл мәселенің шешімін тезірек табу өте маңызды [2].

Елімізде бюджеттен жыл сайын жеткілікті қаражат бөлінсе де, су құбырлары тазаланып жатқанымен суға мұқтаж ауылдардың да саны азаяр емес. Қазіргі таңның өзінде суға мұқтаж болып отырған 1,500 елді мекеннің тұрғындары ауыз сусыз отыр. Еліміздің солтүстігінде орналасқан Ольгинка ауылы 30 жылдан бері таза ауыз сусыз отыр. Сапалы ауыз судың жоқтығынан халық әлі күнге дейін жер асты суын ішуде. Тіпті тыйым салынған радиоактивті суды қолдануға мәжбүр. Себебі оларға таза ауыз суды ешкім жеткізіп бермейді. Осы ауылдың тұрғындары өз реніштерін білдіруде. Олардың айтуы бойынша олардың ішіп отырғаны тіпті құдықтың суы емес. Қаншама халықтың осындай лас, шаң тозаң мен қоқыс жиналған суды тұтынуы өте өкінішті. Тіпті елордамыз Астананың өзінде 34 елді мекеннің 9-ы сумен қамтылмаған. Ал Қостанайда тіптен 526 елді мекеннің 212-сінде су мүлдем жоқтығынан оны құдықтан, жер астынан тасып ішуге мәжбүр [3].

Бұл мәселенің шешімі ретінде қар суынан қойма тұрғызу болған. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін ең білікті мамандардың тартылғаны абзал. Айтылған сәтте салынып, ертесіне қирап жатқан қойманың не керегі бар? Дегенмен, жақсы ой жан сергітер. Көктем басталса жерлерін су басатын халықтың, әкімнің көз қуанышы болар еді бұл жоба. Бір оқпен екі қоян ату деген осы емес пе?! Бір жағы халықты су басу қаупінен құтқарса, әсіресе, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын, екінші жағынан ауыз су мәселесін де шешкен болар еді [4].

Су тіршілік көзі деп бекер айтпаған. Жаңа су қоймалары пайда болған жерде халық та егінімен алаңсыз айналысар еді. Балық шаруашылығы ұйымдастырылып жатса, маңайдағы халық үшін кәсіп болары сөзсіз.

Әдебиет:

  1. Әуелхан Е. Ауыз су мәселесі әрқашан өзекті // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://satbayev.university/kk/news/auyz-su-maselesi-arkashan-ozekti (қаралған күні: 12.03.2023).
  2. Бактыбай Т. М. Маңғыстау облысындағы ауыз су мәселесінің қазіргі жағдайы // Молодой ученый. — 2020. — № 41 (331). — С. 276–279.
  3. Жасұланұлы Р., Елубаев А. Еліміздің барлық ауыл-аймағы түгел таза сумен қамтамасыз етіледі дегенге сенесізбе? // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://youtu.be/aG7OoDMXhls (қаралған күні: 12.03.2023).
  4. Дауренов А. Су тапшылығы проблемаға айналып барады // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://el.kz/amp/su-tapshylygy-problemaga-aynalyp-barady_54120 (қаралған күні: 12.03.2023).
Основные термины (генерируются автоматически): питьевая вода, таз.

Ключевые слова

әлеумет, дәуір, ауыз су

Похожие статьи

питьевая вода, водопроводная вода, автономная система...

Отравляющие вещества образуются при загрязнении воды большим количеством органических веществ. Питьевая вода и вода, используемая в хозяйстве, с санитарно-гигиенической точки...

1.4 Международные нормы состава питьевой воды

СанПиН 2.1.4.1074–01. Нормативный документ, который регламентирует санитарные и гигиенические нормы питьевой воды, установленными в Российской Федерации.

Какую воду мы пьем | Статья в журнале «Юный ученый»

Питьевая вода является необходимым условием сохранения здоровья человека.

Вода, которую мы потребляем, должна отвечать санитарным стандартам питьевой воды.

Качество питьевой воды как глобальная экологическая проблема

Качественная питьевая вода — это вода, не содержащая примесей, вредных для здоровья человека. Она должна быть без запаха и цвета, и безопасна при длительном ее употреблении.

Чистая питьевая вода уходит от нас.

Практически 70 % населения Российской Федерации употребляет воду, не соответствующую ГОСТу «Вода питьевая». Возрастает загрязнение подземных вод, используемых для...

Необходимо ли беречь воду? | Статья в журнале «Юный ученый»

Думаем ли мы об этом, когда включаем кран? Есть такие места на планете, где уже сейчас не хватает питьевой воды, и ее привозят в цистернах или подают в дома строго по графику.

Получение питьевой воды с отрицательным...

Когда обычная питьевая вода проникает в ткани человеческого организма, она отнимает электроны от клеток и тканей, которые состоят из воды на 70–80 %.

Виды загрязнений воды и способы её очищения, основанные на...

Этот способ может пригодиться при отсутствии чистой, питьевой воды.

Ахманов, М. Вода, которую мы пьем. Качество питьевой воды и ее очистка с помощью бытовых фильтров.

Форма сухих остатков воды и степень её усвояемости человеком...

Данное исследование показывает возможность использовать данные о форме сухих остатков воды и степень ее усвояемости, как один из критериев оценки качества питьевой воды.

Вода, которую мы пьем! | Статья в журнале «Юный ученый»

Данная статья посвящена проблеме качества питьевой воды. Особое внимание автор уделяет значению воды в жизни человека, основным источникам загрязнения воды в г. о. Самара и...

Задать вопрос