Еуропа елдерінің қазіргі сәулет өнеріндегі негізгі көркемдік бағыттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №12 (407) март 2022 г.

Дата публикации: 25.03.2022

Статья просмотрена: 243 раза

Библиографическое описание:

Султанбаев, Ы. Б. Еуропа елдерінің қазіргі сәулет өнеріндегі негізгі көркемдік бағыттары / Ы. Б. Султанбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 12 (407). — С. 333-338. — URL: https://moluch.ru/archive/407/89695/ (дата обращения: 26.04.2024).



XIX ғасырда шарықтау шегіне жеткен өнеркәсіптік революция қала өмірінің көптеген аспектілеріне әсер етті. Адамдар өздерінің жетістіктері туралы көркемдік және визуалды аспектілер арқылы есеп бере бастады. Мұның бәрі жаңа сәулеттік стильдердің пайда болуына әкелді. Бұл мақалада Еуропа елдерінің заманауи сәулеті және олардың дамуы қарастырылады.

Түйінді сөздер: жаңа сәулет өнері, сәулеттік — көркемдік бағыттар, Еуропа.

Промышленная революция, достигшая своего апогея в XIX веке, затронула многие стороны городской жизни. Люди начали сообщать о своих достижениях через художественные и визуальные аспекты. Все это привело к рождению новых архитектурных стилей. В данной статье рассматривается современная архитектура стран Европы и их развития.

Ключевые слова: новая архитектура, архитектурно-художественные течения, Европа.

XX ғасырдың басында сәулет өнерінде үш ағымның, яғни жаңа рационалды сәулетте, ұлттық романтизм және неоклассицизмде қарама — қайшылықтар болды. «Модерн стилін» орынана «жаңа сәулет» өнерінің принциптері үстем болу қажет еді.

Модернизм сәулет өнері — ХХ ғасырдағы сәулеттік бағыт, өткен ғасырдың көркемдік стильдерінен бас тартумен, пішіндер мен құрылымдардың жаңаруымен байланысты мазмұндағы бетбұрыс.

Модернизм ХХ ғасырдағы КСРО — дағы конструктивизм, 1920–1930 жылдардағы функционализм және 1920 жылдарындағы рационализм, Германиядағы Баухаус қозғалысы, Германия мен АҚШ-тағы 1930–1950 жылдардағы халықаралық стиль, брутализм, кеңестік модернизм, органикалық сәулет үрдістерін қамтиды [1].

Қарапайымдылыққа, минимализмге және де ою өрнектерден бас тарту модернизм бағытын қолдаушыларға ғимараттың функционалдығына назар аударуға мүмкіндік берді. Ашық жоспарлы интерьер, биік және құрылымы бойынша жеңіл ғимараттарға жаңа материалдар мен құрылыс технологиялары инновациясы алып келді. Баухаус негізін қалаушы Вальтер Гропиус пен танымал Ле Корбюзье модернизм бағытының алғашқы сәулетшілері болды.

Модернизмді сәулет өнерін принциптерін талқыға салғанда «пішін функцияға ілеседі» жиі қолданылады. Ол пішіндерді оңайлату, сәулет жобасы жұмыс істеу үшін қажет болғаннан артық безендіруге ие болмау керек деп санады. Ою-өрнек ғимараттың құрылымы мен мақсатына сәйкес болуы керек болды. Олар ортаны жоспарлауда отбасылық өмір мен әлеуметтік өзара әрекеттестігін басты орынға қойды. Сонымен бірге басты ой жолдармен байланысқан қызметтер мен ыңғайлылықтар кеңістігін құру үшін блоктар мен террасаларды қосу арқылы аймақ құру [2]. Тұрғын үй мен коммерциялық нысандар бөлек және әртүрлі болатын аймақтарды жасауды модернистер жоспарлады. Пол Гринхалг өзінің «Модернизм в архитектуре» алғы сөзінде модернистік бағыттың негізгі ерекшеліктерін, соның ішінде функционалдылықты, прогрессті, тарихқа қарсылықты және әлеуметтік моралды сипаттады [3]. Бұл қағидаларды көптеген модернист сәулетшілердің еңбектерде кездестіруге болады

Ле Корбюзье өзінің «К архитектуре» кітабында сәулетшілерден дәстүрлі формалардан бас тартуды және де жаңа модернистік идеалдарды қабылдауға шақырды. Сәулетші қазіргі сәулет өнерінің бес бастау нүктесі ережелерін тұжырымдады. Ол ережелер: тіректер, тегіс шатырлы террассалар, еркін жоспарлау, жолақты әйнектеу, еркін қасбет. Қорыта келе модернизм өнер бағытың негізгі белгілерін айқындап алуға болады:

— Қарапайым геометрия

— Функцияға бас назар аудару

— Ою өрнек аз немесе мүлдем жоқ

— Минималды материалдар палитрасы

— Шыны, болат және бетон

— Ашық жоспарлы интерьер

Сәулет өнеріндегі модернизмнің кейбір мысалдары(1, 2 сурет)

Barcelona mies v d rohe pavillon weltausstellung1999 03.jpg https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/71/Planta_libre-pabell%C3%B3n_de_barcelona.png/240px-Planta_libre-pabell%C3%B3n_de_barcelona.png

1 сурет. Павилион Германии, Барселона 1929–1930ж, сәулетшісі Людвига Мис ван дер Роэ

Beehive, Wellington, New Zealand.jpg

2 сурет. Улей, Велингтон, 1969–1981 ж, сәулетші Бәзил Спенс

«Жаңа сәулет» өнері дәстүрлік принциптерге қарсы шығатын сәулеттік процесстің бір ғана бағыты болды. Сол уақытта екі дәстүршіл қозғалыс келесі онжылдықтарда өз маңызын сақтай отырып, алапат кушпен дамып келді. Сол кездегі көркем мәдениетте басым болған тартысты жағдайдың архитектуралық нұсқасы осындай болды.

Неоклассицизм бұл ескі классикалық негізгі принциптердің жаңа түсіндірмесі. Неоклассицизм өзінің пішіні бойынша сәуле мен көлеңкеге емес, қабырға басты назар аударды. Және оның әр бөлігі өзінің ерекшелегін сақтады. Стиль ою өрнектерден гөрі симметриялық, қарапайым геометриямен және де әлеуметтік талаптарымен анықталды. Неоклассицизм халықаралық қозғалыс болды. Сәулет өнері ішкі және сыртқы жағынан күрделі мүсіндік ою өрнектерден гөрі тегіс қасиеттерге баса назар аударды. Шығынқы жерлер мен ойықтар және олардың жарық пен көлеңке әсерлері тегіс болды. Мүсіндік баррельефтер тегіс болды және әдетте фриздармен, тақшалармен немесе панельдермен қоршалды (3, 4 сурет). Бұл Еуропадағы революциялық кезең жағдайында заманауи болып көрінетін алғашқы «кесілген» классикалық сәулет болды [4].

http://www.facade-project.ru/images/cms/thumbs/e6819433e0bbecea8774275738644e04ec0fc8e0/6_5_klasicizm_500_auto_jpg.jpg

3 сурет. Окленд әскери-тарихи мұражайы, Жаңа Зеландия, 1929ж.

http://www.facade-project.ru/images/cms/thumbs/e6819433e0bbecea8774275738644e04ec0fc8e0/6_2_klasicizm_500_auto_jpg.jpg

4 сурет. Свердлов темір жолы басқармасының ғимараты, 1925–1928 ж.

Неоклассицизм қалалық жоспарларға да әсер етті. Көш торы, қалалық қызметтері бар орталық форум, екі негізгі, сәл кеңірек бульварлар және кездейсоқ диагональды көшелер бұл сәулет өнеріне тән болды. Ежелгі қасбеттер мен ғимараттардың орналасуы осы қалалық сәулет модельдеріне бағытталған және әдетте қоғамдық ғимараттардың маңыздылығына сәйкес жұмыс істеді.

XX ғасырдың 1930 және 1950–1960 жылдары неоклассикалық сәулет өнерінің тенденциялары қайта жандана бастады. Бұл кезеңдердің неоклассицизмі тарихи прототиптермен салыстырғанда формалардың қарапайымдылығынмен сипатталды, осылайша ол рационализммен өзара әрекеттеседі. Ол сонымен қатар формалардың өздеріне емес, композициялық принциптерге жүгінді [5]. Неоклассицизм қымбат құрылыс материалдарын қолдана бастады. Бұл сонымен қатар тарих пен дәстүрге қатысудың елесін тудырды.

Органикалық сәулет-ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен ортасында Ф. Райт пен А. Аалто шығармашылығында айқын көрінетін АҚШ пен Батыс Еуропадағы стилистикалық бағыт, формасы олардың мақсаты мен қоршаған табиғаттың нақты жағдайынан, формалық организмдерге ұқсас және ішкі үйлесімді және тұтас болатын жұмыстарды құруды мақсат етті [5].

Органикалық сәулет принципі Ф. Райт өз жұмысында дамытты. Органикалық сәулет тұжырымдамасының негізі сәулет кеңістігінің үздіксіздігі идеясы болып табылады. Бұл бағыт 1920–1930 жылдары Еуропа елдеріндегі "қазіргі заманғы қозғалыстың" дамуына әсер етті. Райт өз үйлерінің иелерінің өмір салтын дараландыруды жақтады, тұрғын үйді стандарттау және типтау туралы функционалистермен пікір таластырды. Органикалық сәулет Солтүстік Еуропа елдерінде аймақтық сәулет мектептерінің қалыптасуына, жеке сәулет шеберлерінің жұмысына әсер етті (5 сурет)

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c6/Hugo_H%C3%A4ring_Garkau.jpg/800px-Hugo_H%C3%A4ring_Garkau.jpg

5 сурет. Ферма Гут Гаркау. Шарбойц, Германия. 1923–1925ж, сәулетшісі Х.Херинг

60-шы жылдардың екінші жартысында дамыған капиталистік елдерде өздерін «постмодернизм» деп атайтын және алдыңғы модернизмді сынайтын ағымдар пайда болды. Постмодернизмнің пайда болу себептері әртүрлі. Біріншіден, осы кезеңде Батыс елдерінде әлеуметтік қайшылықтардың тереңдеуі байқалды. Құрылыс қызметі жеке, жеке тұрғын үй саласына көшті. Стиль ою-өрнекке, бейнеге және талғампаз дизайнға оралуды көздеді. Постмодернизм алдыңғы стильдерге тән суықтылық пен формализмді жоққа шығарды. Функционалдылықтан басқа, сәулетшілер күрделі ассоциативті бейнелерді өз ғимараттарына әкелуге және оларды тарихи қалалық ортамен байланыстырды [5].

Постмодерндік ғимараттарда көбінесе бұрынғы кезеңдерден алынған қисық пішіндер, сәндік элементтер, асимметрия, ашық түстер мен ерекшеліктер болды. Түстер мен текстуралар ғимараттың құрылымына немесе функциясына байланысты болмады. Модернизмнің «пуританизмін» қабылдамай, ол бұрынғы стильдерден алынған ою-өрнектерге, коллаждарға оралуға шақырды. (6 сурет)

Постмодернизм теоретиктері мен практиктерінің еңбектерінде (Р. Вентури, М. Коло, Л. Кри, А. Росси, А. Грюмбако) оның келесі постулаттары тұжырымдалған:

— тарихи ескерткіштер мен "үлгілерге» еліктеу;

— жалпы композициядағы немесе оның бөлшектеріндегі әйгілі сәулет ескерткішіне «сілтемелер»;

— «стильдерде» жұмыс (тарихи-сәулет);

— «кері археология» — жаңа объектіні ескі құрылыс техникасына сәйкес келтіру;

— белгілі «төмендету» немесе қолданылған классикалық формаларды жеңілдету арқылы жүзеге асырылатын «реализм мен ежелгі күнделікті өмір» [6].

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/3/37/Secret_Intelligence_Service_building_-_Vauxhall_Cross_-_Vauxhall_-_London_-_24042004.jpg

6 сурет. SIS ғимараты, Лондон, 1994 ж, сәулетшісі Терри Фаррелл

Бүкіл ХХ ғасыр сәулет біртіндеп технологиялық прогреске және адамның әлем бейнесін қабылдауындағы өзгерістерге сәйкес өзгерді. Модернизм мен конструктивизмнің айқын формалары постмодернизм формаларына ауыстырылды.

Қазіргі заманғы сәулет тәжірибесінің белсенді дамып келе жатқан бағыттарының бірі Патрик Шумахердің теориялық еңбектерінде келтірілген параметрлік архитектураның жаңа жаһандық стилі. «Параметрика» термині компьютерлік бағдарламаларда оның математикалық көрінісі негізінде сәулет формасын модельдеу әдісін білдіреді. Параметрлік әдіс бір форманы емес, белгілі бір жиынтығын, бір математикалық тәуелділікті геометриялық бейнелеу арқылы алуға болатын формалар бұтасын сипаттайды. Математикалық өрнектердегі параметрлердің өзгеруі форманың геометриясына әсер етеді. Модельдеудің бұл түрі сандық түрде көрсетілген жоба алдындағы талдау деректерімен жақсы үйлеседі. Жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің оңтайлы мәндеріне қол жеткізу мақсатында күрделі беттермен жұмыс істеу, оларды трансформациялау процесі жеңілдетіледі [7].

Шумахердің параметрлігі сәулет қызметіндегі табиғатын өзгерісін кеңінен зерттеуге бағытталған. «Параметризм» термині шамамен бес — жеті жыл бұрын Шумахердің мақалалары, атап айтқанда «Параметрлизм — сәулет пен урбанизмнің жаңа жаһандық стилі«мақалалары жарық көрді [8].

Параметризмнің Модернизмнен айырмашылығы бірдей қайталанатын элементтерді, тұрақты геометриялық пішіндерді және өзара байланысты емес элементтердің қабаттасуын жоққа шығарады. Жаңа сәулетте тегіс ағып жатқан беттер, өзара тәуелді элементтер және өзіне ұқсас формалардың өзгерістері белсенді қолданылады. Функционалды тұрғыдан алғанда, функционалды аймақтарға қатаң бөлінуден орнына неғұрлым өткізгіш және көп мақсатты кеңістіктердің пайдасын қамтиды (7 сурет). Модернизм идеологиясының негізі-жаппай өндіріс, ал параметрлизмнің негізі — жаппай даралау.

Параметрлік стильдегі ғимараттар мен дизайн өнімдері қоршаған кеңістікпен, саяси контекстпен, әлеуметтік нормалармен және мәдени дәстүрлермен өзара әрекеттеседі. Бірақ бұл стильдің кемшілігі-ол абстрактілі кеңістікке ұмтылады, бұл модель мен енгізілген объектінің сезімі арасында сөзсіз диссонанс тудырады.

https://architime.ru/specarch/top_10_parametric_arch/5_2.jpg

7 сурет. Біріктіру мұражайы, Лион, Франция, 2014ж, сәулетік бюро Coop Himmelb(l)au

Қорытынды: Алдыңғы кезеңдердегі сәулеттік қозғалыстардар қазіргі уақытқа дейін сәулет өнерінің дамуына ықпал етуде. Қоғамдық мемлекеттердің дамуы, олардың адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жаңа сәулет және қала құрылысы бағыттарын тұжырымдайтын идеялар мен қағидалары пайда болуы сол қозғалыстардың көрінісі болып табылады. Сәулет өнеріне ғылым мен техникалардың қарқынды дамуы әсер етті. Қазіргі сәулет өнері эстетикалық мәселелерді шешуді, сәулет объектісінің кеңістіктегі орналасуы ғимараттың мақсатына барынша сәйкес келуін алдың бағытқа койған өнердің бір түрі болып табылады. Темірбетон құрылымдардың пайда болуы олардың құрылыста қарқынды қолданылуы сол кездегі сәулеттік жаңалықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Архитектуралық формалар ұтымдылықты ескере отырып жасалды, ғимараттардың орналасуы орын алды, сонымен бірге стандарттау мәселесі де ескерілді. Ғимараттар мен құрылыстардың типологиясы түбегейлі жаңартылады, халықаралық деңгейде танымал болатын жаңа экспрессивті сәулет формалары пайда болады.

Әдебиет:

  1. Архитектурный модернизм URL мекен жайы: ru.wikipedia.org/wiki/
  2. Иеремия Д. Чрезвычайное положение, экономика и модернизация, 1940–1953 гг. Архитектура и дизайн для семьи в Великобритании, 1900–70 гг. Манчестер: Издательство Манчестерского университета, 2000.
  3. Гринхал П. Модернизм в Архитектуре, Лондон, 1990.
  4. Миддлтон Р. Неоклассицизм и архитектура 19 века, Электа 1993
  5. О. В. Орельская Современная зарубежная архитектура, Москва 2006
  6. Дженкс Ч. Язык архитектуры постмодернизма, Москва, 1985
  7. Варчугова Е. В. Параметризм как направление современной проектной деятельности, Московский архитектурный институт (государственная академия)
  8. Schumacher Patrik. The Parametricist Epoch: Let the Style Wars Begin // AJ — The Architects’ Journal, № 16. URL мекенжайы: http://www.patrikschumacher.com/Texts/The %20Parametricist %20Epoch_Lets %20the %20 Style %20Wars %20Begin.htm
Основные термины (генерируются автоматически): мена, URL, Модернизм, SIS, архитектура, бас, Лондон, Москва, немес, Неоклассицизм.


Ключевые слова

жаңа сәулет өнері, сәулеттік — көркемдік бағыттар, Еуропа

Похожие статьи

Два поколения слуг в пьесе А. П. Чехова «Вишнёвый сад»...

[2, с. 255]. Ведь именно он не забывает, каким знаменитым был вишнёвый сад: «сушёную вишню возами отправляли в Москву и в Харьков. Денег было! И сушёная вишня тогда была мягкая, сочная, сладкая, душистая…»

О некоторых особенностях политического дискурса

...функций политического дискурса (агональность / гармонизация, интерпретация / ориентация и интеграция / дифференциация) связано с использованием специфических знаковых средств, составляющих его семиотическую базу.

Мессенджер как новый объект коммуникативной лингвистики

В данной статье рассматривается история возникновения системы мгновенного обмена сообщениями, описываются её общие принципы и функциональные особенности, дается определение понятия «мессенджер» как современной формы коммуникации.

Структурная и параметрическая идентификация котельного...

В данной статье рассмотрен водогрейный котел как многомерный объект управления. В соответствии с технологическим процессом определены входные и выходные параметры объекта. Построена математическая модель многомерного, многосвязного объекта в виде...

Неологизмы в современном английском языке

«sis-boombah» — зрелищные виды спорта, постоянной динамикой игры. «to buzz (звонить по телефону)" — от имитации работы телефонного зуммера. «to diddy-bop» — странная походка, с танцем.

Русский неоклассицизм конца ХХ века | Статья в журнале...

Распад Союза в 1991 г. и смена политического курса, переход к рыночным отношениям и явная

Возникнув из классической эклектики, «Новый русский неоклассицизм» стал «многогранным бриллиантом», соединив в себе различные...

Таксономия образовательных целей Бенджамина Блума

URL: https://moluch.ru/archive/396/87608/ (дата обращения: 14.05.2022).  Ключевые слова: Бенджамин Сэмюель Блум, таксономия образовательных целей. Бенджамин Сэмюель Блум родился 21 февраля 1913 года в Лансфорде, штат Пенсильвания, умер 13 сентября 1999г.

Сравнительная характеристика российских и зарубежных моделей...

Гришин В. В. Конституционно-правовая модель местного самоуправления в Швеции: дис.... канд. юрид. наук. Рос. правовая акад. М-ва юстиции РФ, Москва, 2008. С. 9–11.

Похожие статьи

Два поколения слуг в пьесе А. П. Чехова «Вишнёвый сад»...

[2, с. 255]. Ведь именно он не забывает, каким знаменитым был вишнёвый сад: «сушёную вишню возами отправляли в Москву и в Харьков. Денег было! И сушёная вишня тогда была мягкая, сочная, сладкая, душистая…»

О некоторых особенностях политического дискурса

...функций политического дискурса (агональность / гармонизация, интерпретация / ориентация и интеграция / дифференциация) связано с использованием специфических знаковых средств, составляющих его семиотическую базу.

Мессенджер как новый объект коммуникативной лингвистики

В данной статье рассматривается история возникновения системы мгновенного обмена сообщениями, описываются её общие принципы и функциональные особенности, дается определение понятия «мессенджер» как современной формы коммуникации.

Структурная и параметрическая идентификация котельного...

В данной статье рассмотрен водогрейный котел как многомерный объект управления. В соответствии с технологическим процессом определены входные и выходные параметры объекта. Построена математическая модель многомерного, многосвязного объекта в виде...

Неологизмы в современном английском языке

«sis-boombah» — зрелищные виды спорта, постоянной динамикой игры. «to buzz (звонить по телефону)" — от имитации работы телефонного зуммера. «to diddy-bop» — странная походка, с танцем.

Русский неоклассицизм конца ХХ века | Статья в журнале...

Распад Союза в 1991 г. и смена политического курса, переход к рыночным отношениям и явная

Возникнув из классической эклектики, «Новый русский неоклассицизм» стал «многогранным бриллиантом», соединив в себе различные...

Таксономия образовательных целей Бенджамина Блума

URL: https://moluch.ru/archive/396/87608/ (дата обращения: 14.05.2022).  Ключевые слова: Бенджамин Сэмюель Блум, таксономия образовательных целей. Бенджамин Сэмюель Блум родился 21 февраля 1913 года в Лансфорде, штат Пенсильвания, умер 13 сентября 1999г.

Сравнительная характеристика российских и зарубежных моделей...

Гришин В. В. Конституционно-правовая модель местного самоуправления в Швеции: дис.... канд. юрид. наук. Рос. правовая акад. М-ва юстиции РФ, Москва, 2008. С. 9–11.

Задать вопрос