Кәсіпкерлік мәдениеттің тұжырымдамалық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 1 мая, печатный экземпляр отправим 5 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №10 (352) март 2021 г.

Дата публикации: 03.03.2021

Статья просмотрена: 7 раз

Библиографическое описание:

Абдираманова, А. Т. Кәсіпкерлік мәдениеттің тұжырымдамалық негіздері / А. Т. Абдираманова, Г. М. Ибраев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 10 (352). — С. 230-232. — URL: https://moluch.ru/archive/352/78998/ (дата обращения: 20.04.2021).



Берілген мақалада кәсіпкерлік мәдениеттің тұжырымдамалық негіздері қарастырылады.

Кілт сөздер: мәдениет, кәсіпкерлік мәдениет, экономика, постмодерн.

В данной статье рассматриваются концептуальные основы предпринимательской культуры.

Ключевые слова: культура, предпринимательская культура, экономика, постмодерн.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мейлінше өзекті мәселені көтерді. Әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу үшін саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың маңыздылығына қоса, «ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз» екендігін айта келіп, «...мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» [1 деп атап көрсетті.

Қазіргі уақытта ауық-ауық қайталанып отырған жаһандық дағдарыс әр елдің ішкі жағдайына өзінің үлкен ықпалын тигізіп отыр. Әсіресе, әр алуан трансформацияларға экономика саласы барынша сезімтал екендігін көрсетуде. Кез келген мемлекеттің мұндай қатерге қарсы тұра білу қабілеті оның экономикалық және қаржылық қуатымен айқындалады. Экономикадағы дисбаланс әлеуметтік тұрақсыздық құбылыстарына да әкеледі. Әр мемлекет, оның ішінде Қазақстан мұндай салдарлардың алдын алу үшін өзінің өндіріс саласын, оның ішінде шағын және орта бизнесті өрістетіп, ұлттық өзіндік кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыра білуі керек. Бұл болса, кәсіпкерлік мәдениеттің кейбір мәдениеттанымдық астарларын қайта пайымдауды қажет етеді.

Мәдениет ұғымының өте күрделi феномен екенi белгiлi, алайда қазiргi постмодерн дәуiрi тұсында экономика шаруашылық жүргiзу саласындағы мәдениеттiң «қызметiн» зерттеу жағдайында бұл мәселе онан әрi тереңдетіле түседi. Соңғы уақыттардағы жаппай ғаламдастыру немесе экономикалық жаһандану процестерi бүкiл планетаны қамти бастаған кезеңде мәдениеттiң мәнi мен мазмұны, қоғамның дамуына ықпал ету тетiктерi механизмдерi түбегейлi өзгерiстерге ұшырады. Экономикалық мәдениет — бұл жалпыадамзаттық мәдениеттiң ажырамас бөлiгi. Ол экономикалық игiлiктердi қалыптастыру үшiн, адам мен жалпы қоғамның дамуы үшiн қажет теориялық және практикалық бiлiмдердiң шаруашылық нормаларының, құндылықтар мен рәмiздердiң символдардың жиынтығын бiлдiредi. Индустриалдық қоғам жағдайында экономикалық мәдениеттiң аталған құрамдас элементтерi сыртқы ықпалдың әсерiнен өзгерiске түспейтiн тұрақты параметрлер ретiнде қабылданды. Бұл бiр жағынан, экономикалық мәдениеттiң әртүрлi деңгейлерiн: бұқаралық сананы, басқарушылар мен шенеунiктердiң экономикалық мәдениетiн, теориялық экономикалық мәдениеттi қамтыса, ал екiншi жағынан — оның әрқилы түрлерiн: жеке адамның экономикалық мәдениетiн, кәсiпорын мен мекеменiң және жалпы қоғамның экономикалық мәдениетiн қамтыды. Индустриалдық өркениет тұсындағы мұндай экономикалық мәдениет өлi ағзаға немесе жабық жүйеге ұқсас болды, экономикалық кроссмәдениеттiң өрiсi тар болды, оның әлсiз импульстары ұлттық экономиканың да, әлемдiк экономиканың да дамуына әсер ете алмады.

ХХ ғасырда модерн дәуiрi постмодернизммен, индустриалдық қоғам постиндустриализммен алмаса бастады. Постмодерн тұсында экономикалық мәдениет пен оның құрылысы iшкi және сыртқы ықпалдардың факторлардың әсерiмен оның әрбiр құрамдас бөлiктерi ескiсiн жаңартып өңдеп, жетiле түседi, өзiнен көне догманың «жамылғысын» сыпырып тастайды. Экономикалық постмодерн-мәдениет индустриализмге тән догматтық-диктаторлық амбицияны (өзiмшiлдiктi) терiске шығарып, бұрынғы монопарадигмалық жағдайдан түбегейлi жаңа орталықсыздандырылған қалыпқа өттi және ол жетiлген плюралистiк мультимәдениетке негiзделдi.

Постмодерннiң таралуы барысында қоғамның өмiрқамының барлық саласы, тек ұлттық және әлемдiк экономика емес, экономикалық мәдениет те өзгерiстерге ұшырайды. Социумның бiрiгушiлiк интеграциялық қасиеттерi жинақталғанымен қатар, бүкiл адамзаттың ғана емес, жеке индивидтiң да болмысындағы әлеуметтiк-экономикалық шығармашылыққа кең жол ашылады.

Антикалық заманның ұлы ойшылы Аристотельдiң ғылыми айналымға енгiзген « экономика » грекше oikos — үй, шаруашылық; nomos — iлiм, заң терминi бастапқыда үй шаруашылығын жүргiзу туралы iлiмдi бiлдiрсе, кейiнiрек екi мың жылдан астам эволюциядан кейiн бұл сөз мынадай екi мағынаны бiлдiрдi: 1 қандай да бiр елдiң немесе бүкiл әлемнiң шаруашылық сондай-ақ оның бөлiктерi — кәсiпорынның, өнеркәсiп салаларының, аймақтың жүргiзуi; 2 ұлттық және әлемдiк шаруашылықты, оның құрамдас элементтерiн еңбек, тұрғылықты халық, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы және т. б. зерттейтiн ғылыми пән. Бiздi мұның алдыңғы ұғымы қызықтырады. Кез-келген шаруашылық әрекеттiң мәнi мен мағынасы ең алдымен экономиканың басты функциясы — адамдардың өмiрқамы үшiн қажеттi игiлiктердi ұдайы өндiрумен тiкелей байланысты. Адамдардың қажеттiлiктерiн өтейтiн, олардың мақсат-мүдделерiне жауап беретiн бүкiл игiлiктердi екiге бөлуге болады: 1 адамзат баласының әуел бастан пайдаланған жаратылыстың табиғи өнiмдерi жер, өзендер, орман-тоғайлар, жемiстер және т. б.; 2 адамдардың жасампаз өндiрiстiк әрекетiнiң нәтижесi — экономикалық игiлiктер.

Жалпы экономикалық теорияның ғылым ретiнде қалыптаса бастауы ХҮII-ХҮIII ғасырларда жаңа капиталистiк қатынастардың қоғамдық өмiрге енген дәуiрiнде батысевропалық елдерде меркантилизм итальянша merkante-саудагер, көпес, физиократтар грекше pnisis — табиғат, kratos — билiк мектептерiнде, ағылшынның классикалық саяси экономикасында қалыптасқаны белгiлi. Саяси экономия деген атауды алғаш рет француз меркантилистi Антуан де Монкретьен өзiнiң «Саяси экономия бойынша трактат» 1615 ж. деген еңбегiнде саудадағы мемлекет мүддесiн көздейтiн шараларға қатысты қолданған болатын. Алайда экономикада сауда капиталы емес, өнеркәсiптiк капитал үстемдiк ете бастаған өндiрiстiң индустриалдық сатысына көшу барысында меркантилизм классикалық латынша classicus-үлгiлi саяси экономияға жол бердi. Капиталистiк экономиканы тереңiнен зерттеп ұлттық байлықтың өсiмi туралы өз iлiмдерiн қалыптастырған ағылшын саяси экономикасының көрнектi өкiлдерi қатарына Уильям Петти 1623–1687, Адам Смит 1723–1790 және Давид Рикардо 1772–1823 жатады.

Ал кәсiпкерлiк (entrepzeneur) туралы алғашқы теориялық концепция француз экономистi Ричард Кантильонның «Коммерцияның жаратылысы туралы жалпы очерк» еңбегiнде кездеседi [2. Мұнда кәсiпкерлiк тауарды өндiру мен өткiзуде белгiлi бiр тәуекел мен жауапкершiлiктi өз мойнына алатын адам ретiнде қарастырылды. Кантильонның пiкiрiнше, кәсiпкерлердiң басты ерекшелiгi олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс iстеуi болып саналады. Кейiнiрек, ХҮIII ғасырдың екiншi жартысында физиократтар кәсiпкерлiк ұғымының аясын кеңейте түстi. Мысалы, Николас Бауде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әрекетiнiң жемiсi олардың жаңашылдықтар мен менеджментке бейiмдiлiктерiне байланысты деген тұжырым жасады.

Қазiргi замандағы кәсiпкерлiктiң атасы ретiнде Йозеф Шумпетер жиi аталады. Шындығында өзiнiң еңбегiнде [3 Шумпетер экономикалық дамудың негiзгi қорғаушы факторларының бiрi ретiнде кәсiпкерлiктiң ерекше дербес рөлiн атап көрсетедi. Ғылыми-техникалық прогресс саласындағы кейiнгi практикалық зерттеулер жаңашылдықтарды енгiзудегi кәсiпкерлiк функциясының маңыздылығын көрсетiп берген Шумпетердiң көрегендiлiгiн толығымен дәлелдедi.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру // Егемен Қазақстан. — 2017. — 12 сәуір.
  2. Cantillon R. Essai sur la nature du commerce en general / Ed. and trans. by H. Higgs. — New York: A. M. Kelley, 1964. — 394 p.
  3. Шумпетер И. Теория экономического развития. — М.: Прогресс, 1982. — 455 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, предпринимательская культура, экономика.


Ключевые слова

экономика, мәдениет, кәсіпкерлік мәдениет, постмодерн
Задать вопрос