«Физика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Махамбетов, У. М. «Физика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері / У. М. Махамбетов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 22-23. — URL: https://moluch.ru/archive/299/67926/ (дата обращения: 17.12.2024).



Елімізде жалпы білім беретін орта мектептердің 7-8 сыныптарында «Физика» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары ендірілуде. Қазақстандағы орта білім мазмұнын жаңарту қажеттілігі қазіргі заманның мектеп бітірушілерге қойып отырған талаптарынан туындап отыр. Ол талаптар: білім бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы, қазақстандық мектеп бітірушілер оқуын тек елімізде ғана емес, шетелдік жоғары оқу орындарында да жеңіл, еш кедергісіз жалғастыра алатындай болуы тиіс.

Қазақстан Республикасында «Физика» пәні бойынша негізгі мектептің орта білім бағдарламаларын жаңарту, ең алдымен оқу бағдарламасының құрылымын жаңартудан басталды, соның ішінде:

- түсінік хат;

- «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері;

- оқу бағдарламасын жүзеге асырудағы педагогикалық тәсілдер;

- оқу жетістіктерін бағалау әдістері;

- «Физика» оқу пәнінің мазмұны;

- оқу жүктемесінің бөлінісі;

- оқу мақсаттарының жүйесі;

- ұзақ мерзімді жоспарлар.

Екіншіден, бағдарламаны жаңарту оның мазмұнын қамтыды:

- оқытудың «шиыршық» қағидаты;

- тақырыптардың қарапайымнан жоғары деңгейге өтудегі бірізділігі;

- танымдық дағдыларды дамытуы және өмірмен байланыс;

- белсенді оқу әдістерін қолдану;

- метапәндік бағыттылығы;

- жеке нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлану;

- оқу ресурстары мен қолданылатын оқыту әдістерін таңдау еркіндігі;

- кең пәнаралық байланыс.

Мысалы, оқу бағдарламасының спиральділігінің мәні мынада:

- оқу мақсаттары әртүрлі деңгейлерде, кейде бір тоқсан аясында, кейде бірнеше тоқсанда қайталанып отырады;

- оқу мақсаттары әрбір келесі деңгейде алдыңғы деңгейге қарағанда, анағұрлым тереңдетіліп оқытылуы тиіс;

- деңгей жоғарылаған сайын, оқу мақсатының күрделілігі артып отырады;

- шиыршық құрылымы білімдер мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерілеуін қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, «Физика» пәнінің төмендегі ерекшеліктеріне басымдық берілген:

- оқушыларды білімдерін қолдануға, физикалық үдерістердің жүру шарттарын сыныптан сыныпқа дамыту және тереңдету арқылы түсінуге, алған білімдері мен дағдыларын шынайы өмірде пайдалана білуге үйретуге бағытталған;

- оқушыларда қоршаған орта мәселелерін шешудегі физиканың рөлін түсінуін қалыптастыруға жағдай жасайды;

-қауіпсіз сарамандық тәжірибелерді, практикалық сабақтарды, ұсынымдарды ұйымдастырып, өткізу арқылы зерттеушілік дағдылар мен функционалдық сауаттылықты қалыптастырады. Мысалы, бағдарлама бойынша 7 сыныпта зерттеушілік қабілетін дамыту үшін «7.1.3.1 - дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып, жазу» деген оқу мақсаты көзделген. Ал, 8-сыныптар бойынша «8.1.3.1 – эксперимент барысында деректерін жинақтау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу» деген оқу мақсаты бар.

Байқасаңыз, 7-сыныпқа қарағанда, 8-сыныпта зерттеудің жоғары деңгей дағдысы айқын.

Спиральді оқу бағдарламасының артықшылықтары:

• оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелейді;

• жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады;

• оқу мақсатынәрбір қайталап оқыған сайын, оның пәннің күрделілігі арта түседі;

• спиральді оқу бағдарламасы қарапайым идеядан анағұрлым күрделі идеяға қисынды жолмен ауысуды көздейді.

«Физика» пәні бойынша оқу жоспарында:

- тілдік мақсаттар;

- ұзақ мерзімді жоспар: бір оқу жылының бөлімдерін, тақырыптарын оқу мақсаттарын қамтиды;

- орта мерзімді жоспар: оқу кезеңіне арналған әдістер мен ресурстарды қарастырады;

- оқу мақсатынан, саралаудан, пәнаралық байланыстан, мұғалім тәжірибесі-нің кері байланысынан, зерттеу дағдыларын дамытудан тұратын қысқа мерзімді жоспардың үлгісі берілген.

Төртіншіден, жаңартылған бағдарламаның қолданыстағы оқу бағдарламасынан ерекше келесі белгісі – айқын пәнаралыс байланыс. Мысалы, «Физикадан» 8-сыныпта «8.3.1.1 - оқу мақсаты молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау» деген оқу мақсатына «Химия» пәнінде параллель «атомның заттың ең кіші бөлшегі екенін білу» қарастырылған, осыған ұқсас оқу мақсаты «Биология» пәнінде де бар: «организмдердің өміріндегі микро- және макроэлементтердің рөлін сипаттау».

Келесі ерекшелік: оқу оқушылардың ойлау дағдыларын білу, түсіну сияқты төменгі дейгей дағдыларынан талдау, жинақтау, бағалау сияқты жоғары деңгей дағдыларына қарай дамытуға бағытталған.

Қорыта айтқанда, «Физика» пәнінен 7-8 сыныптарға арналған оқу бағдарламасында мынадай өзгертулер және толықтырулар көрініс тапқан:

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған білімнің практикалық-бағдарлылығы күшейтілген;

- пәндердің мазмұны пәнаралық интеграцияны күшейту және оқу материалдарын білім беру деңгейлері бойынша бөлу жолымен жүйеленген;

- практикалық, жобалау-зерттеу жұмыстары және эксперименталды жұмыстардың саны арттырылған;

- жалпы орта білімніңмазмұнын саралау күшейтілген.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша физика пәнін оқытуда оңтайлы өзгерістер де болып жатыр. Жaлпы физикa – күрделі пән. Оны жaттaп aлу мүмкін емес, түсініп оқуды қaжет етеді.

Әдебиет:

  1. «Физика» пәні бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана: «НЗМ» ДББҰ ПШО, 2016. 117 б.
  2. Оқу жоспары. Физика. 8 класс. http://smk.edu.kz/
  3. Броневщук С.Г. Профильное обучение в школе. Вопросы организации и содержания. В помощь учителям школ. - М.: «Витязь - М», 2004.
  4. Омарова В.К. Нұрғалиева А.Қ. Жалпы білім беретін мектептің 12 жылдық оқытуға ауысуының мəселелері. - Алматы: «Отан», 2014.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, орт.


Похожие статьи

Білге қаған даналығы және оған арналған жазба ескерткіштің құндылығы

Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағы зоналық өсімдіктер туралы түсінік

«Ботаника» пәнін қашықтықтан оқытуда көмекші электронды оқыту ресурстарын пайдалану

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы

Тарихи білім беру мазмұнын жаңартудың заманауи ұстанымдары

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

«Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын іске асыру: мұрағаттардың дамуына жаңа серпін

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Похожие статьи

Білге қаған даналығы және оған арналған жазба ескерткіштің құндылығы

Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағы зоналық өсімдіктер туралы түсінік

«Ботаника» пәнін қашықтықтан оқытуда көмекші электронды оқыту ресурстарын пайдалану

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы

Тарихи білім беру мазмұнын жаңартудың заманауи ұстанымдары

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

«Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын іске асыру: мұрағаттардың дамуына жаңа серпін

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Задать вопрос