12 жылдық білім беру және мұғалімнің кәсіби дайындығын қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

12 жылдық білім беру және мұғалімнің кәсіби дайындығын қалыптастыру / А. П. Тапаева, Ж. Ж. Рахметова, А. Т. Абилда [и др.]. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 108-109. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14858/ (дата обращения: 16.11.2024).

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда [1].

Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі жаңа тұрпатты мұғалімді жалпы кәсіби дайындау моделі-қоғамның әлеуметтік тапсырысын, мұғалімдерді даярлаудағы мемлекеттік стандарттардың талаптарын, мұғалім дайындау мақсаттарын және студенттердің жалпы кәсіби іс-әрекеттерді меңгеру деңгейлерін қамтиды.

12 жылдық білімге көшу қазіргі мұғалімнен объективті жаңа нәтижемен сипатталатын ойлау қабілетін қажет етеді. Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық бағыттылығы мұғалім қызметіне төмендегідей талаптар қояды:

1) Өзінің әлсіз және мықты жақтарын жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай білуі керек,

2) Интеллектуалды әркеттің жалпы мәдениетін, тіл табысу мәдениетін игеруі тиіс;

3) Болып жатқан интеграциялық үрдістерден, әлемдік білім кеңістігінің даму тенденцияларынан хабардар болуы тиіс.

Кез келген инновациялық үрдіс экспериментті жүргізу арқылы болжанады, яғни білім мониторингісі инновациялық білім беру технологияларын қолдану, білім беру құрылымын және мазмұнын жетілдіру, мақсатты белгілеу, басқару, ұйымдастыру тәрізді білім беру үрдісіндегі жетекші үрдістерді өзгерту арқылы дамытудың оңтайлы жолдары мен білім берудің жаңа сапасына жету жолдары (педагогтің ақпаратты таба білуі, таңдай білуі және талдай білуі, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, белсенділік танытуы, т.б.) анықталады [2].

Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келеді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке түлғаның жан жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби-педагогикалық шеберлілігі жоғары ұстаздар болмақ.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтылық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни, жаңа технологияларды меңгеру – жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап. Білімді маман даярлаудың басты мақсаты – “оқушыларды бүгінгі қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс - әрекетіне толық, тиімді араластыру” [3].

12 жылдық білім жүйесіне көшу барысында әрбір ұстаз жүрегіне ой салар өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты педагоктарға қойылытын талаптар да өте жоғары.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалптастыру болса педагогикалық құзіреттілікті дамыту, үнемі іздену-мұғалімнің басты міндеті.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық –баланың тек қана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы [4].

Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті-әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынып дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл- тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеі.

Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін ескеру-баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.

12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі тәрізді тұлғалық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады. 

Білім беру жүйесінің даму деңгейі мен сапасы елдегі педагогика ғылымының жетістігімен байланысты. Бұл өз кезегінде экономикалық және ғылыми –техникалық дамудың, яғни мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі болып табылады.

Білім беру-жеке тұлға мен қоғамның мүддесінде жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтену үрдісі.

Ұрпақтың мәдени сабақтастығы мен адамның әлеуметтік және кәсіби рөлін орындауға дайындығын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу білім беруге біріктіріледі [5].

Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңащыл, жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлау.Жаңа тұрпатты мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттей алатын педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы,мәдениеттілігі,іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын,педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек.

 

Әдебиет:

 

1.       ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2.       Профильное обучение в школе: опыт, проблемы, перспективы // Материалы республиканского семинара-совещания. / Под ред. М.Жадриной. – Алматы, КАО, 2005.

3.       Әбдірәсілов М. 12 жылдық білім беру және мұғалімдерді даярлау // Қазақстан мектебі. – 2004. - №6. - 26-28 бб.

4.       Влазнев А., Филимонов В. Профильное обучения: варианты решения // Профильная школа. – 2004. - №2.

5.       Муканова С. Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений. – Алматы, РОНД, 2005.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, профильное обучение.


Задать вопрос