Білім беру процесіндегі инновациялық технологияларды дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 08.04.2015

Статья просмотрена: 262 раза

Библиографическое описание:

Тауипбаева, А. Т. Білім беру процесіндегі инновациялық технологияларды дамыту / А. Т. Тауипбаева, Г. Т. Абдихайымова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 56-57. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17226/ (дата обращения: 17.12.2024).

Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде теория жүзінде анықталып, практикада қолданыс тапқан әрі оқыту үрдісінің тиімділігін арттыратын жаңа әдіс – амалдарды инновациялық тәсілдер деп атайды. «Инновация» ұғымы білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану дегенді білдіреді.

Білім беру процесіне енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметіне тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденстің, жекелеген оқытушы мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесінен туындайды. Бұл процесс өздігінен дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді [1].

Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде оқытушылар үлкен роль атқарады. Оқыту процесінің көп түрлілігіне қарамастан дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдік және басқа да жетекші педагогикалық қызметті іске асыру оқытушының еншісінде болады. Оқытушының кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика және психологияны оқыту мен тәрбие технологиясының салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан оқытушыдан арнайы психологиялық – педагогикалық дайындық талап етіледі. Осының негізінде ғана педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәні – педагогикалық маңызы бар екі проблемадан тұрады:

-          озық педагогикалық тәжірибені зерттеу жинақтау;

-          инновациялық процестердің мазмұны мен механизмін анықтау.

Осы кезге дейін бір – бірінен оқшау қарастырылып келген бұл екі проблема өзара тығыз байланысқан екі процестің тұтастығына айналуға тиіс.

Әлемдік өркениетте жинақталған барлық игіліктердің негізінде қоғамның интеллектуалдық – рухани қуатын экономикалық - қаржылық әлеуетін әрі қарай дамытуы мақсатында білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешу үшін жоғары оқу орындарының оқытушы – профессорлар құрамы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістер батыл жол ашарлық қарекет жасаулары керек. Оқыту түрлерін, оның әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Қазаргі заманда нақты педагогикалық қызметті іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген оқытушыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптасып үлгермеген, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдарысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Оқытушы қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі психологиялық – педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің тәжірибесін ендірумен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тужырымдамасының жобасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген [2].

Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік – педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнын оңтайлы анықтаудың тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

Жаңа дәуір ұлттық бәсеке, мәліметтік сайыс, психологиялық өзгерістер сияқты көріністермен бөлене алады. Сондықтан сол кезеңге сай интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру – мемлекеттік сайыс, психологиялық өзгерістер сияқты көріністермен бөлене алады. Сондықтан сол кезеңге сай интеллектуалды, ой-өрісі жоғары дамыған, дені сау азаматты қалыптастыру – мемлекеттің бүгінгі күнгі ең өзекті мәселесі.

Бүгінгі студент, оқушы – ертеңгі маман. Жоғары оқу орнында білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау, ол – экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани жұмыстардың қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Білім беру студент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Сондықтан, оны басқарудың студенттің ой-өрісін дамытуға, өз өмірінің нысаны болуы үшін жағдай туғызуға негізделеді.

Қысқаша айтатын болсақ, өмірлік тәжірибе ойды қозғайды, ойғылымды туғызады, ғылымның дамуы зерттеуді талап етеді. Қазіргі нарық кезінде озат тәжірибені дұрыс басқару үшін – орнымен бақылау, жоспарлау, болашақты болжау дұрыс бағдарлама жасауға жол сілтейді. Осының бәрі сайып келгенде болашақта жақсы маман даярлауға мүмкіншілік береді [3].

Қазіргі кезде әлемдік экономика жаңа сапалық деңгейдегі білімге негізделген. Білімге негізделген салалардағы экономикалық өсудің қарқынынан тұрақты түрде асып отырады. Осы орайда, ақпарат легінің артуы және оның одан әрі шектеусіз өсу перспективасы, адамзат жинақтаған білімді жай игеріп қоюдың нәтижесіз мақсат екенін көрсетеді. Әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесі – білім берудің құрылымын, мақсаттарын, мазмұны мен технологиясын түбегейлі өзгертулер енгізумен іске асырылады. Білім, білік, дағдыларды бұрынғыша механикалық түрде беру емес, ақпараттық – зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашық көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру – қазіргі басымдық болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беру процесін дамытудың 2005-2010ж.ж. арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру процесін дамытудың мынадай негізгі басым бағыттары көзделген:

1. Оқыту 6 жастан басталатын, одан әрі жоғары сынып оқушыларын бейінді және кәсіпке бакғытталған жүйеде оқытатын 12 жылдық жалпы орта білімге көшу;

2. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру процесінің жаңа деңгейін құру;

3. Кредитті технологиямен оқыту жүйесіне негізделген кәсіби мамандарды даярлаудың 3 сатылдық жүйесін (бакалавриат – магистратура – докторантура) құру;

4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесі тиімді қызмет істейтін білім беру жүйесін қалыптастырып, Қазақстанның қазіргі әлемде лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту және мамандар даярлаудың сапалы білім деңгейіне қол жеткізеді [4].

 

Әдебиет:

1.         Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы.

2.         Бұзаубақова Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. - Алматы, 2006.

3.         Әйтімова Б. Уақыт талабы – ізденіс // Егемен Қазақстан. 2006. 1 қыркүйек.

4.         Бұзаубақова К.Ж. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориясы мен практикасы. – Алматы: Жазушы, 2009.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос