Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке енуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Осы тұрғыда қазіргі кезде ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылық, яғни құзіреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр.
Ал құзырлылық, құзыреттілік дегеніміз 12 жылдық біліммен тікелей байланысты. Себебі 12 жылдық білім беру жағдайында оқушы тек қана білім алушы ғана емес, сонымен қатар:
- Ізденуші
- Зерттеуші
- Басқарушы
- Ұйымдастырушы
- Кеңесші
- Үйлестіруші дербес тұлға.
Сондықтан да 12 жылдық мектепте құзіреттілік тәсіл жаңа тәсіл болып табылады.
Тәуелсіз еліміз іргелі, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ілігеміз деп ұмтылып жатқанда, сол мақсатты болашақта жүзеге асыратын ұстаз ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілетті мол тұлға болумен қатар ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын,оқу тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі бола білуі тиіс [1].
12 жылдық білім беруде әр мұғалім баламен жұмыс жасауда, яғни жүргізілген әр сабағын жаңаша өткізуге оқушының пікірін бақылап олардың өзіндік шешім шығара білуіне көп ықпал жасайды.
Қай кезде де, қандай да болмасын өзгерістер мен жаңалықтарды іске асыруда өмірге қолдануда алғашқы кезекте бар жауапкершілік бастауыш мектепке жүктеледі.
Абылай ханның сөзімен айтсақ: «Білекке сенген заманда бабаларымыз ешкімге есе бермегенде» бүгінгі білімге сенген заманды білімді ұстаз жаңа ұрпақ болып қапы қалмаймыз» деп ойлаймын.
12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның әдіснамалық тұрғыда күнделікті тәжірибеде көрінуін талдау – білім беру саясатының маңызды бағытына айналуда. Осыған сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар жаңа сипатқа ие болуда. Білім беру жүйесінің қайта құрылу үрдісінде жағымды сипаттамалар мен кедергілер де бақылануда.
12 жылдық білімге көшу қазіргі мұғалімнен объективті жаңа нәтижемен сипатталатын ойлау қабілетін қажет етеді. Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық бағыттылығы мұғалім қызметіне төмендегідей талаптар қояды:
1) Өзінің әлсіз және мықты жақтарын жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай білуі керек,
2) Интеллектуалды әркеттің жалпы мәдениетін, тіл табысу мәдениетін игеруі тиіс;
3) Болып жатқан интеграциялық үрдістерден, әлемдік білім кеңістігінің даму тенденцияларынан хабардар болуы тиіс.
Кез келген инновациялық үрдіс экспериментті жүргізу арқылы болжанады, яғни білім мониторингісі инновациялық білім беру технологияларын қолдану, білім беру құрылымын және мазмұнын жетілдіру, мақсатты белгілеу, басқару, ұйымдастыру тәрізді білім беру үрдісіндегі жетекші үрдістерді өзгерту арқылы дамытудың оңтайлы жолдары мен білім берудің жаңа сапасына жету жолдары (педагогтің ақпаратты таба білуі, таңдай білуі және талдай білуі, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, белсенділік танытуы, т.б.) анықталады [2,3].
12 жылдық білім беруге көшуді қамтамасыз ету үшін Республикалық ғылыми-практикалық орталық (РҒПО) құрылған болатын.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.
Бүгінгі күні қарқынды даму үстіндегі бірқатар елде 12 жылдық оқытуды білім беру жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда.
12 жылдық білім беруге біртіндеп көшуді жүзеге асыру-оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік танытуын қамтитын процесс.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының , сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі- баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылығын толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр.
Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
1-саты- бастауыш мектеп (1-5 сынып), білім алу 6 жастан басталады, ұзақтығы -5жыл. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.
Білім берудің бастауыш сатыдағы оқыту кезеңін бес жылға ұзарту мәселесі баланың физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қарастырылады.
2-саты-(6-10 сынып) жалпы орта білім беру дайындығының негізін қалап, оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүниетанымын кеңейтуді, сондай-ақ жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындықтың енгізілуімен ерекшеленеді.
Ал 12 жылдық білім берудің 3-сатысында (11-12 сыныптар) бейіндік оқыту енгізіледі.
Мұндағы басты мақсат- оқытуды даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзеге асыруға жағдай жасау [4].
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында бейінді оқытудың үш бағыты анықталған: жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық.
Аталған бағыттардың мазмұны арнаулы бейіндік курстар жиынтығынан тұрады. Демек, кез келген мектеп оқушысының өз білім жолын таңдауына, жергілікті мектеп желісінің ерекшеліктеріне және кадрлық құрамына қарай білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар.
12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық –баланың тек қана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы [5].
Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті-әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынып дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл- тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеі.
Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін ескеру-баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.
12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі тәрізді тұлғалық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.
Білім беру жүйесінің даму деңгейі мен сапасы елдегі педагогика ғылымының жетістігімен байланысты. Бұл өз кезегінде экономикалық және ғылыми –техникалық дамудың, яғни мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі болып табылады.
Білім беру-жеке тұлға мен қоғамның мүддесінде жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтену үрдісі.
Ұрпақтың мәдени сабақтастығы мен адамның әлеуметтік және кәсіби рөлін орындауға дайындығын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу білім беруге біріктіріледі.
Ж.Баласағұни мемлекеттік ойлауды қалыптастыру үшін басты шарт білімде деп санады.
Қазіргі кездегі жоғары сыныптарда енгізіліп жатқан бағдарлы оқыту – бұл оқытуды дифференциациялау және индивидиуализациялау негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың бір түрі.
Дифференциация біртұтасты бірнеше бөліктерге, формалар мен сатыларға бөлу, бөлшектеу деген мағынаны білдіреді.
Бірінші жағдай дифференциациялы оқытудың формалары ретінде бағдарлы сыныптар және пәнді тереңдетіп оқытатын сыныптарды, ал екіншісінде оқу пәндерін таңдау, факультативті курстар, таңдау бойынша курстар және сыныптан тыс жұмыстарды көрсетуге болады.
Дифференциацияның әртүрлі аспектілеріне қазақстандық ғалым-педагогтер М.Жадрина, К.Кунакова, С.Мұқанова, С.Нұрахметова, Д. Қазақбаева, А. Әбілқасымова, Т.Садықов және т.б. зерттеулері арналған. Бүгінгі күні дүниежүзілік тәжірибеде инвариантты ядро мен вариативті құрам бөлікті бөліп алуға бағытталған мектептегі білім беру мазмұнының құрылымын жетілдіру үрдісі байқалады.
Бағдарлы оқытудың ғылыми-теориялық негізі өз алдына күрделі және көп жоспарлы болып тұратын дифференциацияға байланысты. Қазіргі заман білім беру кеңістігіндегі инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі мектепті бағдарлау болып табылады, ол өз алдына оқушылардың қызығуларын, икемдері мен қабілеттерін толығырақ ескеретін білім беру үрдісінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырудағы өзгерістер есебінен оқытудың дифференциациясы мен индивидуализациясын қарастырады.
Бағдарлы оқытудың негізгі мәселелерінің бірі- оқытудың дифференциациясы, оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекторияларын таңдап алуы.
12 жылдық білім жүйесіне көшу барысында әрбір ұстаз жүрегіне ой салар өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты педагоктарға қойылытын талаптар да өте жоғары [6, 7].
12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалптастыру болса педагогикалық құзіреттілікті дамыту, үнемі іздену-мұғалімнің басты міндеті.
Әдебиет:
1. Влазнев А., Филимонов В. Профильное обучения: варианты решения // Профильная школа. – 2004. - №2.
2. Потапова А. Профильность как фактор качества // Образование. – 2003. - №5.
3. Профильное обучение в школе: опыт, проблемы, перспективы. - Материалы республиканского семинара-совещания. / Под ред. М. Жадриной. – Алматы: КАО, 2005.
4. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. – Астана, 2006.
5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
6. // 12 жылдық білім. – 2006. - №5, №8, №9, №11.
7. Муканова С. Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений. – Алматы: РОНД, 2005.