Қазақстан Республикасы АӨК-ін дамытудағы инновациялық процестер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Алимкулова, Э. С. Қазақстан Республикасы АӨК-ін дамытудағы инновациялық процестер / Э. С. Алимкулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 13-15. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49768/ (дата обращения: 19.12.2024).



Қазақстанның ДСҰ-на қосылуы, әлемдік азық-түлік, қаржы және экономикалық дағдарыстар, елдің импортқа деген жоғары азық-түліктік тәуелділігі тек отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерді тиімді қорғау механизмін қолдана отырып оның ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату ғана емес, сонымен қатар астық саласын дамытудың инновациялық-инвестициялық үлгісін талап етеді.

Ауыл шаруашылығын дамытудың инновациялық-инвестициялық үлгісін жүзеге асыру мүмкін болмайтын инновациялар, әдетте ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілердің аз бөлігіне ғана қол жетімді. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажет етілетін ресурстарға қарағанда, инновациялық қызмет үшін ресурстар азырақ[1]. Қазіргі жағдайда ауылшаруашылық өндірісінің инновациялық-инвестициялық үлгісінің үш өзара байланысты бағыттары бар:

 адам факторына деген инновациялар, бұл жаңашылдықты өндейтін іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу ұйымдарын, білім беру саласын басымды дамыту, инновациялар бойынша мәліметтер банкісін, сонымен қатар ауылшаруашылық тауар өндірушілерге қызмет көрсететін ақпараттық-кеңес беру жүйесін құрған кезде ғана мүмкін;

 биологиялық факторларға инновациялар, олартопырақ құнарлығының жоғарылауын, ауылшаруашылық егістік шығымдылығының және ауылшаруашылықмалдар өнімділігінің өсімін қамтамасыз ететін жаңашылдықтарды зерттеумен және дамытумен байланысты.

Көптеген жаңа техникаға негізделетін салаларды технологиялық жаңғырту арқылы ауылшаруашылық өндірісіндегі бірнешекері факторларды женуге мүмкіндік береді: экономикасы дамыған елдерге қарағанда 8-10 есе төмен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі; орташа әлемдік көрсеткіштерден бірден үш бөлігіне артта қалып отырған астық сығымы; 10-15 % тауар өндірушілер пайдаланатын материалдық-техникалық, табиғи-жер, еңбек және қаржы ресурстарын, сонымен қатар жоғары тиімді ресурсты үнемдеу технологияларының төмен пайдалану деңгейі.

Сонымен, ауыл шаруашылығының өндірістік әлеуетін технологиялық және техникалық жаңғырту саласында оны өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін экономика саласының дамуы үлкен рөл ойнайды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі бұл бағыттарды жүзеге асыу үшін ұлттық инновациялық экономика элементтерінің бірі ретінде ұлттық инновациялық жүйені құру қажет. Бұл жүйе технологиялық, экономикалық, заң және ұйымдастырушылық тұрғыдан құрылуы тиіс.

Ауыл шаруашылығында инновациялық қызмет тиімді болу үшін төрт факторлар топтары іске қосылуы қажет: экономикалық және технологиялық; құқықтық және саяси; ұйымдастырушылық-басқарушылық; әлеуметтік-психологиялық және мәдени.

Бұл факторлардың әрбір тобын максималды түрде іске қосу үшін келесілер қажет:

 ғылыми зерттеулер тиімділігінің жаңа техникалық және технологиялық деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін генетика, информатика және нанотехнологияның жаңашыл жетістіктерін пайдалану, сонымен қатар өндірісті үнемдеу саласында зерттеулерді дамыту;

 әлемдегі экономикасы дамыған елдерде олардың болашақ үлгілеріне сәйкес келетін, еңбек өнімділігінің өсімін және технологиялық серпілісін, ресурстар үнемділігін, ауылшаруашылық өндірісітің табиғи ортасының сақталуын қамтамасыз ететін көліктер мен құралдардың жаңа түрлері мен кластарын құру;

 ауылшаруашылық дақылдарды өсірудің және малдарды бағудың әртүрлі табиғи аудандарына, сонымен қатар аграрлық азық-түлік нарығындағы бәсекеге қабілеттілік пен өндірісті жаңғырту талаптарына бейімделген ауылшаруашылық өнімдердің ресурстарды үнемдеуші және жоғары өндірістік технологияларын дамыту және игеру;

 салааралық пропорцияларды теңестіру, барлық ресурстар түрлерінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету, ауылшаруашылық тауар өндірушілерден бастап сауда өрісімен аяқталатын барлық тізбектері бойынша табыстарды әділ бөлістіру мәселелеріне жауап беретін агроөнеркәсіптік өндірістің және аграрлық азық-түлік нарығының ұйымдастырушылық-экономикалық қызмет ету механизмін қалыптастырудың заманауи тәсілдерін дәлелдеу;

 ақпараттық технологиялардың қарапайым формаларынан ғылым мен білім, аграрлық азық-түлік нарығының қызмет етуін және өндіріс мақсаттары үшін елдің агроөнеркәсіптік кешенін ақпаратпен қамтамасыз етудің кешенді және барлығын қамтитын жүйесін құруға көшу.

Бірақ келесні ескеру қажет, факторлардың әр тобын ауыл шаруашылығындағы ғылыми жетістіктерін игерудің тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмі болмай іске қосуға мүмкін емес. Отандық астықтың инновациялық бәсекелестік артықшылығына жету инновациялық қызметтің барлық бағыттары бойынша жүргізілуі қажет: генетикалық іріктеушілік, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық [2].

Қазіргі жағдайда нарық инфрақұрылымының дамуымен, сонымен қатар оның баға тұрақтылығы механизмін жетілдіруімен байланысты ұйымдастырушылық-басқарушылық инновацияларға басымдық берілуі қажет.

Астық нарығының инфрақұрылымын дамыту ол үшін оның ішіне бірыңғай дамыған ақпараттық, компьютерлік және байланыс жүйені, қосарлы және қарапайым қойма куәліктері бар сауда жүйесін, астықтың биржалық сауда жүйесін өзіне қосатын ақпараттық-сауда жүйені құруды, порттық қондырғыларды жетілдіруді, теміржол мен өзен көліктерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды, сонымен қатар жүкті көтеру қондырғылардыжетілдіруді ұсынады. Бұл астықтың тауар айналымындағы логистикалық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Инновациялардың ұйымдастырушылық блогында астық одағының жұмыс істеуі маңызды рөл ойнайды. Оның қызметтері болыптауарлық, сонымен қатар экспорттық астық ағымының үйлестіруіне мемлекеттік ықпалының әсер етуін күшейту, ішкі астық нарығындағы баға жағдайының тұрақтылығы, жүкті көтеру қондырғылары мен басқа да сақтау қоймаларының құрылыс бағдарламасын жасау және жүзеге асыру жолымен астық нарығының инфрақұрылымын дамыту.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық инновациялар нарыққа қатысушылар үшін және де ең алдымен ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін әділ бәсекелестікті жүргізу, оларды арзан, сапалы, әрі сұранысқа ие астықты өндіруге ынталандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оларға өз қызметінің тиімділігін жоғарылатуға және өндірісте жаңа сұрыптар мен гибридтерді, дәнді дақылдардың өзіндік құнын төмендетуге және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал ететін энергияны үнемдейтін технологиялар мен дәнді дақылдар өнімділігін ұлғайтудың басқа да құралдарын пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді.

Бірақ бұл шараларды жүзеге асыру олардың мемлекеттік қолдауының төмен деңгейі және ресурспен қамтамасыз ететін салалардың монополизмі әсерінен астық өндірісіне деген шығындардың тұрақты өсімі арқасында тежеліп отырады.

Көп жоспарлы және көп өлшемді мәселе ретінде астық шаруашылығындағы инновациялық қызмет шаруашылық, аймақтық деңгейде қажетті шешім таппады, бұл ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін ендіру және қолдану кезінде онсызда күрделі жағдайды қиындата түсті, сонымен қатар көптеген ішкі және сыртқы жағымсыз мәселелерді туындатты. Бұл мәселелер астық шаруашылығында бұрыннан жинақтала берген болатын, бірақ нарықтық қатынастар кезінде толық және күрт көріне бастады [3].

Егер көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығындағы инновациялық қызмет оның тиімді қызмет етуінің негізі болып табылса, Қазақстанда ол тек жеке мықты экономикалық астық өндіруші шаруашылықтарға, астық өндіретін аймақтар үшін қол жетімді болып табылады.

Сонымен астық шаруашылығының дамуына көп көңіл бөлінетін болса, АӨК-гі көптеген маңызды мәселелер шешім табады, ол ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану кезінде агроөнеркәсіптік өндірістің өсу деңгейінің бастапқы буыны болып табылуы мүмкін.

Мақала авторы осы уақытқа дейін зерттеу нысанына айналып отырған мәселені тереңірек зерттеді. Зерттеу жұмыстары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда [1], Аграрлық нарық проблемалары журналдарында жарық көрді [2,3].

Әдебиет:

  1. Молдашев А.Б., Никитина Г.А. Экспортно-импортные связи Казахстана на продовольственном рынке // Х Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «АПК Беларусии: новейшие вызовы региональной и международной интеграции». – 2014. – Б. 197-200.
  2. Калдиярова Д.А., Нуртаева А.К. Инновационная деятельность в обеспечении конкурентоспособности предприятий // Аграрлық нарық проблемалары. – 2015. – № 4. – Б.5-10.
  3. Тлеужанова М.А., Касенова А.Ж., Учкампирова А.Б. Аграрный сектор Казахстана и его экспортные возможности // Аграрлық нарық проблемалары. 2016. – Б. 22-29.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші процестер

Қазақстан Республикасы АӨК-ін мемлекеттік қолдау мәселелері

Қазақстан Республикасындағы жалдау шартының құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» сабағында ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдауларын қолдану мәселелері

Оқыту процесінде студенттердің тұлғалық белсенділігін дамытуда инновациялық технологияларды қолдану

Қазақстан Республикасынды шағын және орта кәсіпорындарды қолдау

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру процесін бағалаудың методологиясын жасау

Қазақстан Республикасы аграрлық секторын мемлекеттік реттеу шаралары

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы

Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері

Похожие статьи

Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші процестер

Қазақстан Республикасы АӨК-ін мемлекеттік қолдау мәселелері

Қазақстан Республикасындағы жалдау шартының құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» сабағында ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдауларын қолдану мәселелері

Оқыту процесінде студенттердің тұлғалық белсенділігін дамытуда инновациялық технологияларды қолдану

Қазақстан Республикасынды шағын және орта кәсіпорындарды қолдау

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру процесін бағалаудың методологиясын жасау

Қазақстан Республикасы аграрлық секторын мемлекеттік реттеу шаралары

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы

Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері

Задать вопрос