Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру процесін бағалаудың методологиясын жасау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 888 раз

Библиографическое описание:

Пиримжанов, М. А. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру процесін бағалаудың методологиясын жасау / М. А. Пиримжанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 55-57. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14849/ (дата обращения: 16.12.2024).

Қазіргі күні Қазақстан экономиканың көптеген секторларындағы тұрақты позицияға қол жеткізудегі мәселе экономиканы жаңғыртуға, ұлттық шаруашылықты ғаламдандыру және әлеуметтік бағдарланған қоғамды дамыту процесіне негізделген сапалы бәсекеге қабілеттілікті арттырумен түсіндіріледі.

Қазіргі экономикалық жағдай елдердің алдына әртүрлі халықаралық рейтигнтерде жақсы позицияға қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар елдің экономикасының тұрақты дамуын және қоғамның тұрмысын қамтамасыз етуді талап етеді.Осыған орай 2010 ж. 28 желтоқсанында №1332 ҚР Үкіметінің «Бәсекеге қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейіне және 2011-2015ж ж. арналған ҚР экономикасының экспорттық мүмкіндіктеріне қол жеткізу Тұжырымдамасы туралы» Қаулысы қабылданды.

Осы тұжырымдамаға сәйкес, келесі алты басымдық анықталды: Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта, Инновациялылық және технологиялылық; бәсекеге қабілетітіліктің деңгейлес және сатылас аспектілері, тиімді бизнес, тұрақты даму, халықтың тұрмысының сапасын жақсарту, қазіргі заманғы білім беру.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру процестеріне мониторинг жүргізу, оларды бағалау және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар жасау, жоғарыда аталған басымдықтардың әрқайсысы бойынша бар тәуекелдікті жою бойынша бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейін үш бағыт бойынша бағалау әдістемесін жасадық:

1. Мемлекеттік органдардың ақпаратын талдау және мониторинг жүргізу.

2. БАҚ материалдарын және үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтерін талдау және мониторинг жүргізу.

3. Халықаралық ұйымдар, рейтингтік мекемелердің жүргізген бағалауларын талдау және мониторинг жүргізу.

Мемлекеттік органдардың мониторингінің негізгі мақсаты болып, бәсекеге қабілеттіліктің сапалы деңгейін арттыру бойынша олардың қызметін талдау және мониторингтеу көзі болып, тұжырымдаманың әрбір басымдығы бойынша іс-шараларды орындау бойынша мемлекеттік органдардың есептері мен ақпараттары табылады.

БАҚ материалдарының мониторингінің мақсаты-БАҚ ақпараты негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру процесін бағалау және Қазақстан қоғамының ең маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік оқиғалары туралы ақпараттарды обьективті тарату болып табылады.

Халықаралық ұйымдар, рейтингтік мекемелер жүргізген бағалауларының нәтижелерін талдау және мониторингтеудің мақсаты - Қазақстан экономикасын дамытудағы мәселелердің аспектілерін анықтау болып табылады.

Үшінші бағыт бойынша келесі халықаралық рейтингтердің бағалауларын қолдандық: ХЭФ,IMD, «Standard Poor s» Халықаралық рейтингтік агеттігі, «Tranparensy International» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық қоғамдық қозғалысы, АДИ(адами даму индексі) Юнисеф Орталық және Батыс Еуропа және ТМД елдерінің аймақтық бөлімшесі, Энергия тиімділігін арттыру бойынша  UNECE ЕЕ 21 компаниясы, «The economist Intelligence» Рейтинг агенттігі, «Unit Doling business» Халықаралық қаржы корпорациясы мен Дүниежүзілік банктің және Кәсіпкерліктің  ғаламдық мониторингі GEM және басқалары,

Әрбір басымдық бойынша сандық және сапалық бағалау беріледі.Талдау нәтижесі болып басымдықтарды дамытуға бағытталған шараларға ұсыныс дайындау болып табылады.

Басымдықтарды дамыту бойынша мемлекеттің жұмысын талдай отырып, ақпараттың барлық көзін пайдалану керек. Төменде әрбір басымдық бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне қол жеткізу процесін талдау кезінде қарастырылуы тиіс,негізгі аспектілер келтірілген.

Бірінші басымдық «Бәсекеге қабілетті ментальдылық - білім беру жүйесін жаңғырту, Қазақстан халқының білімін, дағдысын және шеберлігін арттыру, мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілікті саналы түсінуін, Қазақстандықтардың инновациялық ой-пікірі, сыбайлас жемқорлық сияқты аспектілерді қамтиды.

Әрбір аспект 1-10(10-100 пайыз) шкаласы бойынша бағаланады.

1. Білім беру жүйесін жаңғырту,Қазақстан халқының білімін, дағды және шеберлігін арттыру келесілерді қарастырады:тәрбие жұмыстарын жүргізу, жаңа бағдарламалар және технологияларды енгізу, ЖОО аттестациялау, «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру, халықтың білімін, дағды шеберліктерін арттыру бойынша іс-шаралар кәсіби-техникалық мектеп қызметін қарастырады.

2. Мемлекеттік қызметкердлердің бәсекеге қабілеттілікті саналы түсінуі, бәсекеге қабілеттілігінің парадигмасын мемлекеттік қызметкерлердің ар-намысы туралы Кодексіне енгізу, мемлекеттік органдардың жоспарлы және бағдарламалық құжаттарына енгізуді қарастырады.

3. Қазақстандықтардың инновациялық ой-пікірі елдің инновациялық потенциалын көтеру тұрғысын, Қазақстанның инновациялық даму жағдайын, патент алуға тапсырыс санын қарастырады.

4. Сыбайлас жемқорлық аспектілері Қазақстан халқының, кәсіпкерлердің үкіметтік емес мекемелердің сыбайлас жемқорлық құбылысын қабылдауы, БАҚ жариялануын қарастырады.

Қорытынды балын шығару: әрбір пунктіге сандық шама беріледі 25%(0.25), пунктілердің есептелген баллдары қосылып, жалпы баллы шығарылады.

Екінші «Макроэкономикалық институционалдық және құқықтық орта» басымдығына  макроэкономикалық жағдайды, институционалдық және құқықтық ортаны қарастыруды алдық.

1. Макроэконмикалық жағдай ЖІӨ деңгейін, инфляция, жұмыссыздық, ЖІӨ қатысты сыртқы қарыз сияқты көрсеткіштер арқылы бағаланады.

2. Институционалдық орта: бюджет, салық, қаржы, кеден және сот жүйесі сияқты параметрлерді қамтиды.

3. Құқықтық орта:сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа жетілдірілген формасын жасау, бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді жою, ішкі бәсекеге қабілеттілікті дамыту сияқты параметрлерді қамтиды.

Үшінші «Инновациялық және технологиялық» басымдық инновациялық жүйенің дамуын, венчурлік қаржыландыру, инновацияларды коомерциялау, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ЖОО, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың арасындағы қарым-қатынасты белгілеу, технологияны дамытуды қарастырады.

1. Инновациялық жүйелерді дамыту жаңа өнім шығаратаын кәсіпорындардың көлемі, ҒЗжТКЖ ЖІӨ пайызымен инвестициялау, ҒЗжТКЖ жеке секторды инвестициялау сияқты көрсеткіштер арқылы бағаланады.

2. Венчурлік қаржыландыруды дамыту жаңа венчурлік кәсіпорындардың санымен, шетелден венчурлік кәсіпорындарды тартуға қажетті сенчурлік тәуекелді сақтандарумен бағаланады.

3. Инновацияларды коммерциялау патенттік белсенділікті ынталандыру озық шетелдік технолгияларды алу, әлемдік инновациялық қауымдастыққа бірігу.

4. Ғылыми-зерттеу мекемелері, ЖОО, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас орнату.

5. Технологияны дамыту, ИКТ, Интернет, энергияны үнемдейтін технологияны дамтыту сияқты көрсеткіштерді қамтиды.

Қорытынды балды шығару: әрбір пункті бойынша сандық шама беріледі:20% (0.20). есептелген баллдар қосылып, жалпы баллы шығарылады.

Төртінші басымдық «Бәсекеге қабілеттіліктің сатылас және деңгейлес аспектілері» ұлттық экономиканың өнімділігін, инфрақұрылым және жекелеген салалардың дамуын қамтиды.

1. Ұлттық экономиканың өнімділігі еңбек өнімділігінің артуы, энергияны тиімді пайдалану сияқты параметрлер арқылы бағаланады.

2. Инфрақұрылымды дамыту энергияны шоғырландыратын қуаттар мен электр тораптарының обьектілерін, автокөлік және теміржол саласында реформалар жүргізу, әуе және су көлігін дамытуды қарастырады.

3. Жекелеген салаларды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігі, биоотын, тоқыма өнідірісі, мұнай-химия, мұнай-газ және атом салаларын, туризм және қызмет көрсету салаларын дамытуды қарастырады.

Бесінші басымдық «Тиімді бизнес» мемлекеттік серіктестік, экспортқа шығару, бизнес-процестерді жетілдіру, шағын және орта бизнесті қолдауды қамтиды.

1. Мемлекеттік - жеке серіктестікті дамыту әлеуметтік-кәсіпкерлік пропорцияларды дамытумен сипатталады.

2.Экспортқа шығару, отандық өндірушілердің экспорттық бағытын ынталандыратын жағдай жасау, көлік қызметінің халықаралық нарығындағы қазақстандық операторлардың позициясын нығайтуды қарастырады.

3.Қазақстандағы бизнес - процестерді жетілдіру, бизнестің сапаны басқарудың халықаралық жүйесіне көшуі, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу, ақпараттық менеджменттің сапасын арттыру сияқты параметрлерді қамтиды.

4.Шағын және орта бизнесті қолдау қазіргі заманғы технологияларды енгізуге, басқарудың электрондық әдісіне өтуге, Қазақстандағы бизнесмен кодексін жасауға және Қазақстанның бизнес қауымдастығына оны таратуға ықпал жасауын қарастырады.

Қорытынды балын шығару: әрбір пунктіге сандық шама беріледі 25%(0.25), пунктілердің есептелген баллдары қосылып, жалпы балы шығарылады.

Алтыншы басымдық «Тұрақты даму, халықтың тұрмысын жақсарту, білім берудің қазіргі жүйесі» экологиялық аспектілерді, халықтың тұрмысының сапасын жақсарту, денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтиды.

1.Экономиканың экологиялық аспектілерінің индикаторы болып, экологиялық таза қалдықсыз технологияларды, қалпына келтірілетін ресурстарды, энергия көздерін пайдалану, экологиялық технологияларды тарту, технологиялық экологиялық сараптамасын енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу, климаттық өзгерістердің алдын алу бойынша халықаралық шараларға қатысу, (Киот хаттамасы), қоршаған орта саласын техникалық реттеудің халықаралық принциптеріне өтуді қарастырады.

2.халықтың тұрмысын жақсарту әлеуметтік ортаны тұрақты дамыту, әлеуметтік қауіпсіздік(қауіпсіз еңбек жағдайы,тұрмыстық және жол жарақатынан қорғау сияқты параметрлерді қамтиды.

3.Денсаулық сақтау жүйесін басқару, денсаулық сақтауда АТ пайдалану, білікті мамандармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтауды қаржландыру жүйесін жетілдіру, өмір сүру ұзақтығын арттыру, өлім-жітімді төмендету, әлеуметтік маңызы бар аурудың деңгейін төмендету(жүрек, туберкулез), салауатты өмір салтын насихаттау,бала мен ана денаулығын қорғау қызметін жетілдіру, бала мен ананың өлімін төмендету арқылы бағаланады.

4.Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазіргі заманғы білім беру технологияларын және бағдарламасын енгізу,бизнес пен бастауыш, орта және кәсіби білім берудің арасындағы байланысты дамыту, дарындарды басқару жүйесі, ЖОО жыл сайынғы рейтинг жүйесін және елдегі ең қажетті мамандықтар рейтингінің жүйесін енгізу арқылы бағаланады.

Қорытынды балын шығару: әрбір пунктіге сандық шама беріледі 25% (0.25), пунктілердің есептелген балдары қосылып, жалпы балы шығарылады.

 

Әдебиет:

 

1.      Портер М. Конкуренция /М.Э.Портер пер. с англ.- М.: Издательский дом «Вильяме», 2000. – 495 с.

2.      Stigler, G.J. Competition, in: Sills, D. (ed.) The International Encyclopedia of the Social Sciences. - N/Y.: Macmillan, 1968.

3.      Робинсон Дж. Экономическая теория несовершенной конкуренции. – М.: Прогресс, 1986.

4.      Чемберлин Э. Теория монополистической конкуренции: Реориентация теории стоимости. – М.: Экономика, 1996.

5.      Хайек Ф. Дорога к рабству. /Составитель Борисов Е.Ф. – М.: Прогресс, 1978. – Т. 3. – 197 с.

Основные термины (генерируются автоматически): GEM, IMD, UNECE, бал мен, мена, орт.


Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы жалдау шартының құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасындағы электоралды мәдениеттің қалыптасуы және дамуы

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәселелері оны жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Ұлы Отан соғысы оқиғаларының қазақ әдебиетіндгі эпикалық көлемде көрініс табуы

Қазақстандағы азық-түлік саудасын дамытуды мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі бойынша қылмысқа қатысу интитутының белгілері

Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде

Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы жалдау шартының құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасындағы электоралды мәдениеттің қалыптасуы және дамуы

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәселелері оны жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Ұлы Отан соғысы оқиғаларының қазақ әдебиетіндгі эпикалық көлемде көрініс табуы

Қазақстандағы азық-түлік саудасын дамытуды мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі бойынша қылмысқа қатысу интитутының белгілері

Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде

Задать вопрос