Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сегизбаева, Д. У. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы / Д. У. Сегизбаева, Л. К. Спанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 46-49. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39987/ (дата обращения: 16.12.2024).

Аннотация. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Сонымен қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Мақалада индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы жаңару және даму мәселелерін қарастырылады.

Негізгі сөздер: инновациялық жобалар, индустриялды-инновациялық саясат, инновациялық қызмет, инновацияялық үдеріс.

Бүгінгі таңда инновациялық типті экономикаға жалпы дүние жүзінің көптеген елдері енуде. Кейбір аса дамыған елдер инновацияны дамытуды ертеректе бастап кеткен. Әлемнің көптеген мемлекеттері экономикалық дамуды жоспарлағанда инновациялық қызметке аса көп көңіл бөлуде. Ғылым, техника, технология саласындағы жетістіктер экономикалық жүйенің даму деңгейін анықтайтын көрсеткішке айналды.

Инновациялық үдеріс — идеяның инновациялық тауарға айналуы, яғни инновациялық жобаны іске асыру үдерісі. Инновациялық жобаның мақсаты — жаңа технологиялық, техникалық, ақпараттық, экономикалық, ұйымдастырушылық жүйені құру немесе қолданыста бар жүйені өзгерте отырып, ресурстар шығынын азайтып, тауар сапасын тамырымен жақсарту арқылы жоғары тиімділік пен экономикалық өсуге қол жеткізу. [4, с 69].

Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру мүмкін болды. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік берді. [1].

Қазіргі таңда инновациялық жобалардың түрлері өте көп: жаңа тауар, жаңа қызмет түрі, өндірістің жаңа тәсілі, басқарудың жаңа тәсілі, жаңа нарық, жаңа шикізат көзі.

Біздің жас егеменді мемлекетіміз үшін инновациялық жобалардың көптеп болуы экономиканы алға қозғаушы күшке айналмақ. Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететін инновациялық жобаларды қолдану және экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасаудың маңызы зор.

Инновациялық жобаны жасау негізінен 2 стадиядан тұрады.

1.Инвестициялау алды (инновациялық идеяны іздеу, ғылыми және маркетингтік зерттеулер жүргізу, ғылыми-техникалық негізін қалыптастыру).

2.Инвестициялық (ақша қаражаттарын жұмылдыру және жобаны материалдық жүзеге асыру).

Бүгінгі таңда елімізде инновациялық жобаны жүзеге асырудың екі стадиясында да өзіндік қиыншылықтар орын алып отыр.(сурет 1).

Сурет 1. Инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы қиыншылықтар

Бірінші стадияда қалыптасқан проблемалар бойынша мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы елімізде инновациялық идеялардың аздығының басты себебі болып табылады. [3, с 56].

Сондықтан, Бiлiм беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн басты «отты нүктелердiң" бiрi болып отыр. Елдегi бiлiм берудiң жалпы деңгейiн көтермей, Қазақстан тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізе алмайды.

Аталған өзекті проблемаларды шешуде келесідей жолдарды жүзеге асыру оң нәтиже береді деп ойлаймыз:

Біріншіден, инновациялық жобаларды отандық және шетелдiк қаржы институттарымен бiрлесіп венчурлық қаржыландыру тетіктерін әзiрлеу және iске асыруды белсенді түрде жалғастыру. Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, олардың қаупін төмендетуге, инновациялардың коммерцияландыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара тиімді әсерлесу механизмінің қалыптасуына көмектеседі.

Екіншіден, инновациялық менеджментті жетілдіру. Инновациялық жобаны іске асыруды және инновациялық процестерді басқару, сондай-ақ ұйымдастыру шараларын жүргізуші инновациялық менеджменттің ғаламдық үрдістерден артта қалуы басты мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан, инновациялық сала үшін мамандар даярлау мақсатында республикамыздың жетекшi университеттерiнде және ЖОО-да инновациялық жобаларды басқару жөніндегі менеджерлер, инновациялық кәсiпорындар үшін инженерлiк-техникалық мамандар даярлауға, сондай-ақ мамандарды қайта даярлауға көп көңіл бөліп, бағдарланған кешендi білім беру бағдарламасын әзiрлеу қажет.

Үшіншіден, елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi 0,9 % құрап отыр.

Төртіншіден, Инновациялық жобаларға негізделген гранттарды ұсыну көптеген жаңа идеялардың ашылуына мүмкіндік береді. Біздің еліміздегі қазіргі кездегі үдерістер конкурсты жылына бір рет өткізуді қарастырады. Дегенмен, конкурстарды жиі өткізіп тұру тиімдірек болар еді. Инновациялық жобалар экономикалық өсудің басты тетігі екені белгілі. [2].

Жаңа заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен пайдалану келесідей оң нәтижелер береді: еңбек өнімділігінің артуы, экологиялық жағдайдың жақсаруы, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатының көтерілуі, бәсекеге қабілетті жаңа экспорттық өнімдерің шығарылуы, экспорттық әлеуеттің әртараптандырылуы, өндірістік үдерістің тиімді ұйымдастырылуы, уақыт үнемділігі.

Қазақстанда инновацияны қалай дамытамыз? Ол үшін өндіріске жаңа технологияларды ойлап тауып, еңгізу қажет. Әрине жаңа технологияларды бірден ойлап тауып еңгізе салуға болмайды. Бұл процестің өзі бірнеше элементтерден тұрады.

Сонымен Қазақстанда инновацияны дамытудың қандай элементтерін айтуға болады?

Біріншіден, ғылыми әлеуетті дамыту қажет. Екіншіден, венчурлық капитал түріндегі қаржылық қорлар кластерін тұрғызу керек. Үшіншіден, технопарктер мен бизнес инкубаторлар түріндегі инновациялық қызмет субъектілерін құру және инновациялық кәсіпкерлікті дамыту қажет [4, с 12].

Отандық өнімдердің халықаралық рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің маңыздылығы зор. Яғни, шығарылатын өнімдеріміздің әлемдік стандарттарға сай келуіне баса назар аударуымыз қажет. Әрине, бұл үшін шығарылатын өнімнің сапасын әлемдік деңгейге дейін көтеру қажет, осы мақсатта сапаның ИСО-9000 халықаралық стандарттарын енгізу бойынша да біраз іс-шаралар атқарылды.

Индустриялды-инновациялық саясат ел экономикасындағы шикізаттық бағытты ауыстырып, экономикалық дамуда жүйелі ілгерілеуге, шикізаттық емес саладағы өндірістерді құруға, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық жағынан жетілдіруге, жаңа өнім түрлерінің көбеюіне және жаңа жұмыс орындарының айтарлықтай өсуіне мүмкіндік береді.

Елдің индустриялды-инновациялық өсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге өркендеп келе жатқан экономиканың мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында шикізаттық емес саладағы өндірістерді құру және оны жаңарту– мемлекеттің ұлттық экономиканы дамытудағы құралы және объектісі болып саналатындығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының инновациялық қызметін дамыту үшін елдің экономикалық қызығушылығындағы отандық кәсіпорындар базасында инновациялық өндірісті дамыту және жақсартуға бағытталған инновациялық климат жасалуы қажет. Елдің инновациялық дамуына мемлекет араласпаса, күтіліп тұрған нәтижелерге әкелмейді, сол себепті инновациялық және инвестициялық саясаттың іске асырылуы жеке зерттелуі мемлекеттік бақылаудың немесе реттеудің объектісі болып қалуы керек.

Индустриалды-инновациялық даму — Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз.

Инновациялар ғылыммен, конструкторлық-технологиялық базалармен, нақты сектордағы мекемелермен жəне т. б. институттар мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясатпен өзара қарым-қатынаста технологиялық өрлеудің негізіне айналады. Бұл ғылыми орталықтардың, венчурлық фирмалардың, өндірістердің əлеуетіне де, сонымен бірге Қазақстанның инновациялық жүйесі саясатын құруды жүзеге асыру механизміне де байланысты. Инновация кез келген қоғамның мəдени процесс көрсеткіші статусына ие болып отыр. Инновациялық əлеуеттің өлшемі, қоғамның өмір сүру мүмкіндіктері оның əлеуметтік кеңістікте адамның шығармашылық қызметі, өнімінің тиісті бағасы жəне осы қызметтің нəтижелерін қабылдау болып табылады.

Инновациялы индустрияландырудың негiзгi мақсаттары: кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң күштерiн біріктіру және елдiң резервтерін экономиканың басты секторларын дамытуға шоғырландыру; қолайлы кәсiпкерлiк орта мен инвестициялық климатты қалыптастыру; ұлттық экономиканың қарқындылығы мен өнiмдiлiгiн арттыру [2].

Инновациялық қызметті дамыту үшін оған жан жақтан қолдау көрсетіліп, ары қарай дамуына жағдай жасалуы керек. Мысалға, Батыс Еуропа елдерін алатын болсақ, онда белгілі бір инновациялық жоба жасалса, оны мемлекет тікелей қаржыландырудан бастап, осы жобаны пісіп жетілген түріне дейін өңдейді, тексереді. Міне осындай кезде ғана академиялық және салааралық байланыс күшейеді.

Ал Қазақстан үшін инновациялық курс кезінде басты есте сақтау керек нәрсе инновацияның өзі емес, оны нақтылы экономикалық және бизнес кездерінде оны қалай қабылдап алатыны және еңгізілуі маңызды. Экономка диверсификациясын қамтамасыз ету ғана емес, белгілі бір қысқа уақыт аралығында сапалы, тез әрі арзан тауар өндіруді үйрену маңызды болып табылады.

Сонымен қатар алдыңғы қатарлы елдерден инновацияны еңгізу жөнінен, патент алу белсенділігін ынталандыру жөнінен тәжірибе алуымыз керек.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Yкiметi. Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы:Қаулы //ПYАЖ.-2003.-№ 30.

2. Анализ современного состояния экономики и обоснование необходимости инновационного развития РК /http://www.nauka.kz/about/legislation/kz/zakon 3/gl3_3.php. -2011.

3. Гринберг А. С., Король И. А. Информационный менеджмент: Учебное пособие. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. — 415 с.

4. Абдимомынова А. Ш., Казбайкызы А. Модель взаимодействия элементов национальной инновационной системы на региональном уровне.//Молодой ученый, № 5 (109), март, 2016 г. с.31–34.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, дама.

Ключевые слова

инновациялық жобалар, индустриялды-инновациялық саясат, инновациялық қызмет, инновацияялық үдеріс

Похожие статьи

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі

Қазіргі әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет халықпен өзара тиімді әрекеттесуі үшін бұл құралды пайдалануға тиіс. Мақалада мемлекеттік аппараттың АКТ-ны пайдалану түрлері мен тәсілдер...

Мақта егісіндегі кездесетін зиянкес түрлері және олармен күресу шаралары

Мақалада 2018–2019 жылдары Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ауылшаруашылық дақылдарында зиянды және ерекше зиянды организмдердің дамуына және таралуына мониторинг жүргізілді. Аудан және қала бойынша фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бар...

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Жылуоқшаулағыш құрылыс материалдарын шығару үшін инновациялық шешім — қой жүнін қайта пайдалану

Экономикалық дағдарыстар кезеңінде құрылыс индустриясын және онымен байланысты құрылыс материалдары өндірісін дамыту орынды. Құрылыс индустриясының қазіргі даму тенденциясы қолданыстағы өнімдердің физикалық-механикалық сипаттамаларын одан әрі жетілді...

Қалааралық жолаушылар әуе көлігі: бүгінгі күнгі жағдайы

Бұл мақалада авиациялық әуе көлігінің коронавирустық пандемияға дейінгі және оның кезеңіндегі жағдайы қарастырылады. Пандемия Қазақстандағы авиация саласына қалай әсер етті,оның COVID-19-ға дейінгі және одан кейінгі статистикасы көрсетілді. Сондай-ақ...

Нұр-Сұлтан қаласының автотұрағын талдау және көшелеріндегі көлік кептелісі жағдайларын анықтау

Нұр-сұлтан, Қазақстан Республткасының елордасы көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуы, сондай-ақ қала экономикасы мен халқының жақсаруы осы салада бұрын болмаған бірқатар проблемаларды анықтады. Енді қаланы қарбалас уақытта түсіру міндеті барған сайын...

Өндірісте тexнoлoгиялық иннoвaцияның орны мен маңызы

Бұл мақалада өндірістің инновациясын зерттеумен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері сараланды. Инновациялық даму ел экономикасына оның ішінде өндіріске тікелей қатыстығы талданды. Сонымен қатар, ғалымдардың ғылыми еңбектерін сараптау арқылы, Қаз...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Задать вопрос