Аймақтардың инновациялық даму механизмдерін жетілдіру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Альмухамбетова, Б. Ж. Аймақтардың инновациялық даму механизмдерін жетілдіру / Б. Ж. Альмухамбетова, Р. И. Ерманкулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 7-10. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48229/ (дата обращения: 17.12.2024).



Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі замандағы мәселелерінің бірі нарық жағдайында мемлекеттік аймақтық инновациялық саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асырудың құрлымын жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді мемлекеттік инновациялық саясатын жасау қандай салалар экономикалық өсудің генераторы болғандығы және инновациялық ресурстардың дайын болу мүмкіндіктері және ғылыми-техникалық процесті басқарудың теңдей ұйымдастырушылық құрылымын жасаудың қажеттілігі туралы маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауды талап етеді.

Экономикалық саясат пен мемлекеттік стратегияның маңызды басылымдылықтарының бірі аймақтардың инновациялық белсенділігін күшейту болып табылады. Осыған орай 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының инновациялық саясатты ұйымдастыру және дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Аймақтың инновациялық саясатының стратегиясы экономикадағы құрылымдық өзгерістерді және олардың орындауда мемлекеттік қолдауды қамтамасыздандыру болып табылады. Аймақтың инновациялық дамуының стратегиясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік инновациялық саясатының принциптеріне негізделген және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнеркәсіптік саясатымен өзара байланысқан, облыстың табиғи-ресурстық, кадрлық, ғылыми-техникалық потенциалын ескереді. Сонымен қатар, аймақтық экономиканың жағдайы, мемлекеттің инвестициялық саясаты ескере отырып жасалды, бірақ мұнда қарастырыған іс-шаралар макроэкономикалық деңгейде қамтыла отырып, аймақтық деңгейде инновациялық саясатты жүзеге асыру тәжірибелері қарастырылмаған. Жалпы, аймақтық инновациялық саясат тұжырымдамасында аймақтық ғылыми-инновациялық даму бағыттары туралы нақтыланып көрсетілмеген және аймақтық инновациялық бағдарламаны дамыту іс-шаралары көбіне технопарктер арқылы жүзеге асырылу жолдары қарастырылған [1].

Инновациялық қызметті жүзеге асыруды әртүрлі территориялық бірліктердің орналасуына байланысты және олардың түрлі ғылыми-техникалық үрдіске икемделуін қарай анықтауға болады. Қазіргі күнде аймақтарда жаңашылдық үрдісін қолдану деңгейі ыңғайластырылмаған, бұл өз кезегінде олардың территориялық сәйкессіздігін көрсетеді. Осындай жағдайда батыс ғалымдарының ұсынған инновациялық қызметті жүзеге асырудың аймақтың типологиялық тұжырымдамасын қолдануға болады:

- креативті және инновациялық аймақ – апробациялық базасының жаңарту ғылыми орталықтары бар;

- адаптивтік аймақ – инновациялық жағдайдың кеңіне таралуы;

- консервативтік аймақ – көптеген инновациялық ареалдың жарамсыздығы.

Креативтік, адаптивтік және консервативтік тұжырымдамаға байланысты, аймақтың дамуы инерциялық мөлшері мен инерциялық қозғалысының теңсіздігін білдіреді. Олар географиялық орналасуына байланысты «орталық – орта шет – шет» шарты бойынша аймақаралық және ішкі аймақтық деңгейде орналасқан [2].

Инновациялық саясатты жүзеге асырудың аймақтың типологиялық тұжырымдамасына қарай Қазақстан аймақтарын топтастыратын болсақ, онда мынадай аймақтарға бөлуге болады:

Бірінше топқа – инновациялық аймақтар жатады. Бұл топқа бірінші Алматы қаласы кіреді, ғылыми потенциалының және қаржы ресурстарының көп бөлігі шоғырланған және басқа аймақтармен салыстырғанда кәсіпкерлік жағдайы жақсы дамыған. Сонымен бірге, Астана қаласы кіреді, оның астаналық мәртебесі, қомақты қаржы ресурстарының, белсенді жұмыс күшінің орналасуы. Бұл аймақтар ірі инновациялық қызметтерде көшбасшы деуге болады және қолдану артықшылықтары да бар.

Екінші топқа – креативті аймақтар жатады. Бұл топқа ескі индустриялық аймақтар кіреді: Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Павлодар облыстары. Бұл аймақтарға өңдеу өнеркәсібі және ғылыми потенциалының дамуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында қосуға болады. Ал Батыс-Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескі өнеркәсіп кәсіпорындары сақталған. Бұл аймақтардың өзбетінше инновациялық қызметті жүзеге асыруы мүмкіндігі бар және инновациялық жобаларды сырттан да игеруге қабілетті бар.

Үшінші топқа – адаптивті аймақтар жатады. Мұнда шикізаттық аймақтар кіреді: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. Қарқынды түрде шикізат ресурстарын игеруіне байланысты бұл аймақтардың инвестициялық және экономикалық белсенділігі жақсы дамыған. Осы арқылы аймаққа қомақты қаржы ресурстары жұмылдырылуда және шетелдік капиталдарды игеруде, бұл аймақтарда инновацияны жақсы игере алатынын көруге болады.

Төртінші топқа – консервативті аймақтар жатады. Бұл аймақтарға аграрлық аймақтар кіреді: Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары. Инновациялық жағдайының төмендігіне, өнеркәсіп орындарының болмағандығы, аграрлық секторды ғана қолдануына байланысты, бұл аймақтарда инновациялық қызмет жақсы дамымаған.

Қазіргі глобализациялық және постиндустриялық тренттердің даму шарттары біріншіден жоспарда көрсетілген ғылыми технология, білім, инфрақұрылым жоғарлауы, микро шаруашылығына байланысты болуы. Осы шартқа байланысты аймақтардың бәсекеге қабіліттілігін бағалау әдістемесі көзгереді. Мысалы, Европалық жағдайда аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау құрылымдық факторларына байланысты, адам капиталы және информациялық технология, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зерттеу мен инновация жүйесі ұзақ мерізімді және бәсекеге қабіліттілігін анықтайды.

Қазақстанда инновациялық саясатты аймақтарда дамыту үшін әртүрлі әдістер мен формаларды қолдануға болады. Жалпы, инновациялық қызметтің дамуын бағалау көрсеткіштерін ескере отырып, аймақтардың шаруашылық қайта құрылымдауға және технологиялық жаңаруға дайын екенін анықтау керек. Біріншіден, аймақтың индустриялық даму деңгейін анықтау, бұл басты көрсеткіштерді жүйелеу арқылы аймақтардағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын бағалаудан тұрады. Екіншіден, аймақтардың инновациялық даму мүмкіндігін ескеру қажет. Көптеген аймақтарда инновациялық жағдайы төмен және оларды сыртқы инновациялық жағдайларға бейімдеу керек. Үшіншіден, шетелдік инвестиция мен жұмыс күшінің келуі бәсекелес аймақтар үшін маңызды, ол аймақтардың кәсіпкерлік қызметін дамытады және халықтың өмір сүру қабілеттілігін жақсартады [3].

Қазақстанда инновацияға өте аз шығындар жұмсайды, басқа елдердің ЖҰӨ-імен салыстырғанда 0,3% ғана құрайды. Бірақ тенденциялық даму көрсеткіштері абсолютті және қатыстылық түрде орын алады. Ұйымдардың инновацияға жұмсаған шығындары айрықша дамуын көрсете алады. Инновациялық белсенді ұйымдардың саны уақытына қарай азайғанын, сол арқылы инновациялық өнім көлемі де төмендеді. Орта жылдық көрсеткіштер бойынша инновациялық белсенді кәсіпорындар саны да төмендеуде.

Бүгінгі күнде елімізде жаңа технологиялар мен пайдаланылған жаңа технологиялар көлемі ұлғайуда. Аймақ деңгейінде жаңа технологияларды құрастыру және пайдалану көрсеткіші бойынша жоғары жетістікке жеткен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қзақстан облыстары және Алматы қаласы.

Отандық кәсіпорындардың бүгінгі күндегі инновациялық қызметті қолдану дәрежесі күн санап артып келеді. Жалпы аймақтар деңгейінде кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін қарастыратын болсақ, жоғары инновациялық белсенділікке Алматы, Астана қалалары, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кәсіпорындары жоғары дәрежеде пайдаланып отырғанын көруімізге болады.

Қазақстанда кәсіпорындардың қаншалықты инновациялық белсенділігін Ұлттық статистика агентігі жылдық көрсетткіштерін анықтап отырады және аймақтардағы барлық кәсіпорындарының инновациялық қарқынын көрсетеді. Қазақстанда инновациялық белсенділік төмен дәрежеде екенін мәліметтерде көрсетілген. Инновациялық белсенділік үш аймақта ғана 5% -дан жоғары, олар Жамбыл облысы, Қарағанды облысы мен Алматы қаласы.

Қазіргі таңда өндірістік өнімің шығарылуында инновациялық өнімінің көп үлесі Ақмола және Қарағанды облыстарында шығарылады. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында инновациялық өнімін өндіру төмен дәрежеде. Басқа аймақтарда инновациялық өнімнің үлесі 2%-тен 5%-ке дейін ғана, бұл өте төмен көрсеткіш. Жалпы елдермен салыстырғанда 2,4% ғана көрсетеді.

Ел аймақтарының экономикалық жаңарудың инновациялық-технологиялық әлеуетіне талдау жасау арқылы мынадай қорытындыға келеміз:

- ЖҰӨ-нің ғылымға деген шығынының үлесінің аз болуы;

- зерттеушілер санына қарағанда зерттеу ұйымдарының саны тез өсуде;

- мемлекеттік ұйымдарда жұмыс жасайтын зерттеушілердің үлесі азайуда;

- ғылыми сфераға деген инвестиция өсуде, ғылымға жас кадрлардың келуін қамтамасыз етуде;

- Қазақстанда пайдаланылған технологияға қарағанда шығарылатын технология артуда;

- кәсіпорынның инновациялық белсенділігі өте төмен;

- барлық өндірістік өнімінің шығарылуында инновациялық өнімнің үлесі төмен [4].

Аймақтық инновациялық саясатты жүзеге асыру механизмдерін орындау жоғары технологияларды пайдалану аймақтық орталықтарын дамыту негізінде жаңа технологиялар сферасына дамыту стратегиясы; аймақтағы кәсіпкерліктің тәуекелді ытналандыру; аймақтың өнеркәсіптік-өндірістік сферасын дамыту және жандандыру; инновациялық қызмет көрсетулер нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру қажеттілігін дәлелдейді.

Аймақтарда инновациялық қызметті табысты жүзеге асыру үшін инновациялық қызметті қамтамсыз етуші және инновациялық даму талаптарына және сипаттамалары сай ұйымдар мен кәсіпорындардың жиынтығы ретінде инновациялық саланы талап етеді.

Қазақстан өңірлерінде инновациялық қызметтің қазіргі жағдайын ескере отырып, оны жетілдірудің төрт негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге болады:

- аймақтық инновациялық жүйенің ұйымдастырушылық құрылымын құру;

- инновация үрдісіне аймақтағы шаруашылық субъектілерді интеграциялау;

- аймақтардағы бар ғылыми әлеуетті және жоғары технологиялық мүмкіндіктерді тиімді қолдану;

- қолданыстағы өндірістік әлеуетті арттыру және тиімді пайдалану.

Аймақтағы экономикалық субъектілердің инновациялық дамуы үшін инновациялық саясаттағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында инновациялық саладағы барлық элементтерді қайта құрылымдауды жасауға мүмкіндік беретін әртараптандырылған құралдардың икемді жүйесі қажет. Аймақтың нновациялық даму үрдісін жүзеге асыру бірінші кезекте механизмдерді әзірлеумен байланысты, сонымен қатар бұл инновациялық экономиканы дамытуды қолдау мақсатында қоғамдық қатынастардың барлық саласын қайта құруға мүмкіндік береді.

Осылайша, аймақтардың инновациялық даму механизмін жетілдіру мәселесін шешу тұтастай аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, аумақтық және экономикалық мүдделер ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін аналитикалық құралдарды әзірлеу қажеттілігін анықтайды. Аймақтың инновациялық даму механизмдері құрамына келесі құралдар жиынтығын кіргізу қажет:

- өңірдің инновациялық әлеуетін бағалау;

- ғылыми-техникалық нәтижелерді беру тетіктерін әзірлеу;

- инновациялық қызметті қаржыландыру тетігін әзірлеу.

Осы механизмнің жұмыс істеу нәтижесі аймақтық инновациялық саланың жан-жақты, мақсатты жаңғырту болуы тиіс және де, оның институционалдық ортаны, инфрақұрылымды, қаржыландыру жүйесін және басқару тетіктерін қалыптастыруды жетілдіру арқылы көрініс табуы қажет.

Әдебиет:

1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы.

2. А.К. Туленбаев Инновация в науке Казахстан. – Деловой мир Казахстана, 2008.

3. Герасимов А.В. Инновационный потенциал регионов: теория практика. М.: Наука-Бизнес-Паритет, 2012.

4. Г.Т. Мустапаев «Инновационный механизм повышения конкурентоспособности регионов». Астана: Елорда, 2011.

Основные термины (генерируются автоматически): дама, Атырау, бар, мена, Павлодар.


Задать вопрос