Инновациялық әлеуетті зерттеудің теориялық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (112) апрель-2 2016 г.

Дата публикации: 04.05.2016

Статья просмотрена: 1159 раз

Библиографическое описание:

Самаликова, А. М. Инновациялық әлеуетті зерттеудің теориялық негіздері / А. М. Самаликова, С. Ж. Баймуратов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 19-22. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29226/ (дата обращения: 16.12.2024).



Индустриалды елдердің дамуы инновация - қоғамның дамуы мен экономикалық өсудің алғышарты екендігін көрсетті. Тиімді қызмет етуші макроэкономикалық жүйеде болуы тиіс инновациялық әлеуеттің ұтымды мөлшерін анықтау үшін, сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуына инновациялық әлеуеттің ықпал етуін бағалау үшін біріншіден, инновациялық потенциал түсінігін, екіншіден, оның құрамын нақты анықтау қажет. Зерттеу жұмысы экономикалық әдебиетте бар тәсілдердің негізіндегі инновациялық әлеуеттің зерттеуі болып табылады.

Қазіргі қоғам дамуында экономиканың стратегиялық өсуінің басты факторы инновация болып табылады. Өзінің инновациялық әлеуетін тиімсіз пайдаланушы компаниялардың өз орнын нарықта алдыңғы қатарлы кәсіпорындарға босататыны сөзсіз. Соңғылары жаңа идеяларды, жаңашылдықтарды қолдана отырып, өндіріс шығындарын қысқарта алады, қосымша пайда таба алады, бәсекелік артықшылықтарын күшейтіп, нарықтағы өз үлесін сақтай немесе ұлғайта алады. Экономикалық әдебиеттерді талдау бір жағынан, кәсіпорында инновациялық қызметтің әртүрлі бағыттарын жүзеге асыру оның инновациялық әлеуеті жеткілікті болған жағдайда мүмкін екендігін, ал екінші жағынан, басқару обьектісі ретінде ол әлі де жеткілікті зерттелмеген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта зерттеушілер арасында оның мәнін, құрылымын және бағалау тәсілдерін түсінуде бірыңғай пікір жоқ.

«Инновациялық әлеует» түсінігі 1980 жылдардың басынан дами бастады және инновациялық қызмет түсінігінің концептуалды көрінісіне айналды 1. Тиімді қызмет етуші макроэкономикалық жүйеде болуы тиіс инновациялық әлеуеттің ұтымды мөлшерін анықтау үшін, сондай-ақ ұлттық экономиканың дамуына инновациялық әлеуеттің ықпал етуін бағалау үшін біріншіден, инновациялық әлеует түсінігін, екіншіден, оның құрамын нақты анықтау қажет.

Қазіргі уақытта экономикалық әдебиеттерде инновациялық әлеуетті қалыптастыру мәселелеріне жеткілікті көп көңіл бөлініп отыр, алайда қолда бар ақпарат қарама-қайшы сипатта және біртекті тұжырымы жоқ. Мысалы, жекелеген жағдайларда инновациялық әлеует ғылыми-техникалық әлеуетпен теңестіріледі. Мұндай ұқсастық жаңалықтың оның диффузиясы мен коммерциялануы жағдайында инновацияға айналатындығын ескермейді. Ал инновациялық әлеуеттің ғылыми-техникалық құраушысы тек ғана жаңалықтың пайда болуына жауап береді. Бұған дәлел ретінде келесі деректі келтіруге болады: 1,5 млн. патенттің тек 3000-ға жуығы ғана инновациялық процесс шеңберінде коммерцияландыру кезеңіне қол жеткізуге қабілетті 2. Демек, ғылыми техникалық пен инновациялық әлеует арасында тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Осындай кемшілік ғылыми инновациялық әлеует мен ғылыми әлеуетті ұқсастырудан да көрінеді 3.

Бірқатар еңбектерде ұйымның инновациялық әлеуеті деп барлық әлеуеттердің жиынтығы қарастырылады. Мысалы, Е.П.Маскайкин мен Т.В. Арцер 4 оны өндірістік, технологиялық, еңбек, қаржылық, ұйымдастыру-басқару және интеллектуалдық әлеуеттердің жиынтығы ретінде қарастырады. Барлық компанияларда әртүрлі пропорцияда жоғарыда аталған әлеует түрлерінің барлығы бар, алайда бұл кезде олардың барлығы инновациялық қызметті жүзеге асырмайды.

Инновациялық әлеуеттің мәнін түсінуде тағы бір тәсіл ресурстық тәсіл болып табылады, бұған сәйкес инновациялық әлеует нарық субьектісімен инновациялық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әртүрлі ресурс түрлерінің жиынтығы ретінде қарастырылады 5. Аталған тәсілдің кең таралғанына қарамастан бірқатар кемшіліктері бар. «Инновациялық әлеует» пен «ресурс» терминдерінің ұқсастығын бұрыс көретін зерттеушілермен келіспеуге болмайды 6. Егер де бұл ұғымдар ұқсас болғанда шамасы бойынша бірдей ресурстарға ие кәсіпорындар бірдей инновациялық әлеуетке ие болуы тиіс еді. Бұған қоса ресурстардың ұлғаюымен инновациялық әлеуеттің де өсуі қисынды болар еді. Алайда тәжірибе әрқашан мұндай еместігін көрсетеді. Үлкен ресурстық қоры мен инновациялық әлеуеті төмен кәсіпорындар бар. Және керісінше, аз ғана ресурстары мен инновациялық әлеует деңгейі жоғары ұйымдар да бар.

Басқа да зерттеушілер, мысалы, Г.И.Жиц экономикалық субъектілердің қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін іс-әрекетке келтіре алатын әлеуеттің ресурстық сипаттамалары (пайдаланылған және пайдаланылмаған ресурстық мүмкіндіктердің жиынтығы) тұрғысынан мәселені шешуді қарастырады 6. Мысалы, Д.И.Кокурин сәйкес «инновациялық әлеует экономикалық субъектілердің мақсатқа қол жеткізу үшін іс-әрекетке келтіретін қорланған ресурстардың пайдаланылмаған, жасырын мүмкіндіктерінен тұрады»-деп санайды 1. Мұндай анықтама инновациялық әлеуеттің мәнін түсінуде біржақтылықтың жоғын тағы бір айқындайды.

Соңғы уақытта көптеген компаниялар инновациялық қызметті өздерінің стратегиялық басымдықтарының бірі деп санайды. Инновациялық әлеует бұл кезде экономика субъектілерінің инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілеттілігі мен дайындығы шарасы ретінде қарастырылады. Бұл кезде қабілеттілік бұл әлеует компонетттері құрылымының болуы және тепе-теңдігі, ал дайындық – инновациялық-белсенді қызметті қалыптастыру үшін әлеуеттің даму деңгейінің жеткіліктілігі ретінде түсіндіріледі. Мысалы, В.Н.Гунин келесідей анықтаманы келтіреді: ұйымның инновациялық әлеуеті – «бұл қойылған инновациялық мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін оның тапсырмаларды орындауға дайындығының шамасы» 7. Тар мағынасында «инновациялық әлеует кейде инновациялық процесті жүзеге асыру үшін қажетті факторлар мен шарттардың жүйесі» ретінде сипатталады 2.

Біздің ойымызша аталған категорияны қолданудың тар сферасын көрсететін инновациялық әлеует мәнінің бірнеше мысалын келтірейік. Н.Чухрайдың анықтамасына сәйкес инновациялық әлеует – бұл инновациялық даму процесінде қалыптасатын және қол жеткізілетін, мониторинг пен бағалауды талап ететін инвестициялық мүмкіндіктер тұрғысындағы белгілі бір сәтке кәсіпорын жағдайы 8. Ал С.А.Трухиннің пікіріне сәйкес аймақтың инновациялық әлеуеті деп инновацияны қабылдау мен диффузиясын қамтамасыз ететін аймақтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ғылыми-техникалық, өндірістік, технологиялық, кадрлық, инфрақұрылымдық, қаржылық, құқықтық және басқа да мүмкіндіктерінің жиынтығы 9. Аталған зерттеуші басқа да бірқатар ғалымдар сияқты инновациялық әлеуетті анықтауға оның құрылымдық сипаттамасы тұрғысынан келеді.

Инновациялық әлеуеттің анықтамаларында бұл категорияның бірнеше елеулі сипаттамалары ашылады. Мысалы, басты назар институционалды құрылым немесе әлеуетті қалыптастыру құралдарына жасалуы мүмкін. Біз инновациялық әлеуетті тұрақты өзгермелі сыртқы орта жағдайында жүйенің дамуын қамтамасыз ететін инновациялық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған процестерді ұйымдастыру және жүзеге асыру қабілеттілігі ретінде жүйелік және процестік тұрғыдан қарастыру қажет деп санаймыз. Бірінші кезекте бұл нарық талабының өзгерістерін қанағаттандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Екінші жағынан сыртқы орта өзгерістеріне реакция ретінде жүйенің өзінің дамуы жүреді. Басқаша айтқанда инновациялық әлеуетті жүйенің өзгеруге қабілеттілігі ретінде қарауға болады. Егер инновациялық әлеует тиімді қолданылатын болса, онда бір жағдайдан екіншісіне өту жүреді. Бұл жүйенің өзгеру, жақсару, даму қабілеттілігінің сипаттамасы. Бұл кезде инновациялық әлеует жаңалықтың болуымен емес, оларды пайдалану қабілеттілігімен сипатталады. Бұған қоса инновациялық әлеует жағдайынан инновациялық стратегияны таңдау мен жүзеге асыру тәуелді.

Сонымен қорытындылай келе зерттеушілер арасында инновациялық әлеует мәнін түсінуде біржақтылық жоқ деуге болады. Анықтамалардағы айырмашылық ең бірінші кезекте аталған категорияның қандай позиция тұрғысынан қарастырылғандығымен байланысты.

Әдебиет:

  1. Кокурин Д.И. Инновационная деятельность/ Д.И.Кокурин.-М.:Экзамен, 2001. -575с.
  2. Николаев А.И. Инновационное развитие и инновационная культура // Наука и наукознание. -2001.-№2.-С.54-65
  3. Основы инновационного менеджмента: теория и практика: Учебное пособие/ Под ред. П.Н.Завлина и др.-М.:Экономика, 2007.-475с.
  4. Маскайкин Е.П., Арценр Т.В. Инновационный потенциал региона: сущность, структура, методика оценки и направления развития // Вестник ЮУрГУ.-2009.-№21.-С.47-53.
  5. Емельянов С.Г., Борисоглебская Л.Н. Методологические основы исследования инновационного потенциала региона // Инновации.-2006.-№2.-С.20-32.
  6. Жиц Г.И. Способности и возможности: рассуждения о некоторых аспектах методологии оценки влияния инновационного потенциала на развитие социально-экономических систем различного уровня сложности // Инновации.-2008.-№11.-С.102-107.
  7. Гунин В.И. Управление инновациями. www.uamconsuit.com
  8. Чухрай Н. Формирования инновационного потенциала. / Львов: Изд. "Львов Политехника", 2002-316с.
  9. Трухин С.А. Совершенствование механизмов управления инновационной деятельностью в регионе: автореф.дис.канд.экон.наук.-Барнаул, 2006.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бар, инновационная деятельность, инновационный потенциал, инновационный потенциал региона.


Похожие статьи

Инновациялық технологияларды педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі

Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Педагогикалық ЖОО студентінің имиджі қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің көрінісі ретінде

Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі

Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің биологиялық әсерінің физикалық негізі

Іс әрекеттегі зерттеу: Педагогикалық зерттеулер жүргізудің кейбір мәселелері

Сиыр сүтінің химиялық құрамы, бактерицидтік және ферментативтік қасиеттері

Информатика сабағында тестілеудің тиімділігін арттырудың формалары

Болашақ психолог мамандардың рефлексиясының қалыптасуына мектептегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері

Похожие статьи

Инновациялық технологияларды педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі

Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Педагогикалық ЖОО студентінің имиджі қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің көрінісі ретінде

Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі

Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің биологиялық әсерінің физикалық негізі

Іс әрекеттегі зерттеу: Педагогикалық зерттеулер жүргізудің кейбір мәселелері

Сиыр сүтінің химиялық құрамы, бактерицидтік және ферментативтік қасиеттері

Информатика сабағында тестілеудің тиімділігін арттырудың формалары

Болашақ психолог мамандардың рефлексиясының қалыптасуына мектептегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері

Задать вопрос