Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамыту перспективалары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (141) февраль 2017 г.

Дата публикации: 16.02.2017

Статья просмотрена: 1009 раз

Библиографическое описание:

Тажибаева, Р. М. Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамыту перспективалары / Р. М. Тажибаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 64-67. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39719/ (дата обращения: 16.12.2024).



2020 жылы еліміз өндірісі өркендеген алпауыт елге айналуы қажет. Бұл - Елбасының­ халыққа дәстүрлі Жолдауында міндеттеген тапсыр­малардың бірі. Елбасы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында бес басым бағытқа айрықша тоқталған. Соның бірі - индустрия­лық бағдарламаны дамыту. Оның тапсырмасы бойынша қолға алынған Үдемелi индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңiл өнеркәсiптi өркендетудің жоба-жоспары әзірленген болатын. Құжатта шикiзатты өңдеп – дайын өнімді сыртқы нарықтарға шығару, жоғары сапалы өнiм өндiріп – жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiне деген iшкi нарық қажеттiлiгiн толықтай қамтамасыз ету және еңбекке қабiлеттi халықты жұмыспен қамту мәселесі тайға таңба басқандай анық көрсетілген.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Қазақстан жеткілікті әлеуетке ие, республикада қолайлы факторлар мен алғышарттар бар. Бұл ретте саланың жай-күйін талдау оның күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін айқындау өте мағызды.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласы шығаратын өнімдердің 51 пайызы тоқыма бұйымдар, 42 пайызын киім өндірісі, ал қалған 7 пайызы былғары және оған жататын өнімдер құрайды [1].

Сурет 1. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру көлемінің динамикасы 2010-2014 жж. мың.теңге [2].

Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркісібінің 2010-2014 жылдар аралығында ахуалды сипаттайтын болсақ, созылмалы дағдарыс өндірісі көлемінің құлдырауынан кейін осы салның жандануын байқауға болады . Осылайша 2010 жылы женіл өнеркәсіп өндірісі 34229 мың теңгені құраған болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш шамамен екі есе өсіп 65856 мың теңгеге тең болды (сурет1).

2010-2015 жылдар кезеңінде республика өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштер динамикасын талдау барысында осы саладағы тауар өндірісі өскінін байқауға болады, Жалпы жеңіл өнеркәсібі бойынша 2015 жылы тауарлар өндірісі 2010 жылмен салыстырғанда 37363 мың тенгеге (91,5%) өсті. Оның ішінде тоқыма бұйымдар өндірісі – 60,1%, киім өндірісі -190%, ал былғары және оған жататын өнімдер өндірісі 78,1% өсті. 2015 жылы жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірісі 71592 мың тенге, оның ішінде тоқыма бұйымдарының көлемі 29492 мың теңге, киім өнімдері 36111 мың, ал былғары өнімдер көлемі 5990 мың теңгені құрады (кесте 1) [2].

Кесте 1. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру көлемінің динамикасы 2010-2015 жж. мың.теңге

2010

2011

2012

2013

2014

2015

Жеңіл өнеркәсібі бойынша барлығы

34 229

39 648

53 608

64 977

65856

71592

Тоқыма бұйымдарын өндіру

18 416

18 080

23 490

31 588

32236

29492

Киім өндірісі

12 450

17 590

25 237

29 341

27447

36111

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі

3 363

3 978

4 880

4 048

6173

5990

2015 жылы елдің жеңіл өнеркәсібінде 1591 кәсіпорын тіркелген, олардың 526-ы белсенді жұмыс істейді, оның ішінде 449-ы шағын, 60-ы орта және 17-сі ірі кәсіпорын.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы саны ішінде 54%-ы киім өндірісі кәсіпорындары, 31%-ы тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары (киімнен басқа, тоқыма және тігін бұйымдарын өндіретін) болса, былғары және аяқ киім өндірісі кәсіпорындары 9%-ды, былғары мен теріден жасалған киім өндірісі - 6%-ды құрайды (сурет 2).

Сурет 2. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызмет түрлері бойынша құрылымы

Қазақстан жеңіл өнеркәсіп саласының кез келген секторын дамытуда маңызды нарықтық мүмкіндіктерге ие осы мүмкіндіктер толықтай пайдалану өте маңызды.

Қазір индустрилды-инновациялық даму бағдарламасына технологиялық-инновациялық жаңалығы бар, ғылымды қажетсінетін жобалар әзірлеп енгізілуде. Алдағы уақытта ғылым экономиканы дамытудың болашағын айқындауы тиіс. Осы ретте жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін ғалымдар, жеңіл өнеркәсіп технологиялары және сала бұйымдарын құрастыру мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттерді көптеп дайындауымыз қажет. Өйткені жас мамандар болашақта аталмыш саланы дамыту бағыттарын айқындайтын болады.

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар шешімін таппаған проблемалар бар, олар:

1) негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі;

2) қосылған құны жоғары болатын өнім экспортының төмен үлесі;

3) отандық өнімнің тұтыну үлесінің төмендігі;

4) еңбек шарттарының тартымсыздығынан білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерін талдау барысында зерттеп жатқан сала жеңіл өнеркәсібінің көрсеткіштері мен болжамына да көңіл бөлінген. Осылайша, жеңіл өнеркәсіпегі тоқыма бұйымдарын өндірудің нақты көлем индекстері, 2014 жылға қарағанда 112%, Киім өндірудің нақты көлем индекстері 102%, Былғары және оған жататын өнімдерді өндірудің нақты көлемі 110 % болады деп болжамданған [3].

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша саясат орта мерзімді кезеңде әртараптандыруға және оның әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Қазiргi уақытта дамудың бас бағыттарының бiрi Оңтүстік Қазақстан облысы қалыптастырылуды және мақта - тоқыма кластері экономикалық әлуеттi кеңейтуде. ЕЭА «Оңтүстік» жасауы жеке алғанда, барлық тоқыма өнеркәсiбіне дамуына бұрын бағытталған, даяр тоқыма өнiмдi өндiрiс үшiн әлемдiк сауда белгiлерінiң өндiрушiлерiне дайын өнiм түрінде тартады. ЕЭАның қызметi негiзгi бағыт иiрiлген жiптiң өндiрiсiн және трикотаж бұйымдары маталар, және жеке алғанда тоқылған даяр тоқыма өнiм, жоғарғы және киiм, тоқыма өнiмінiң басқада түрлерiн шығару. Осы аймақтың қызметiнің негiзгi бағыты ЕЭАның қазiргi инфрақұрылымының қалыптастыруы, сонымен бiрге жүргiзу анықталынған және тоқыма өнеркәсiпбiн облыста инновациялық жобаларды енгiзу.

Қорыта келе, жеңіл қнеркәсіп өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң жоғарылауы үшiн мақта - тоқыма кластер осы кластердiң салалары үшiн қолайлы құратын республикада экономиканы мемлекеттiк реттеудiң жүргiзуi керек.

Саланы дамыту және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан экономикасына қолдану үшін едәуір перспективалы қолдау шаралары мыналар болып табылады:

- жеңілдетілген кредиттер, несиелер, нысаналы гранттар беруді қоса алғанда, тікелей қаржылық көмек;

- инновацияларды мемлекеттік көтермелеу (жаңа технологияларды енгізу, тәжірибелік және сериялық жаңа өнім шығару);
- сыртқы экономикалық қызметті дамытудың экспортқа бағдарлануы және көтермелеу, оларға сақтандыруға көмектесу, халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және қатысу, нарық туралы ақпаратты ұсыну жатады;

- кешенді ақпараттарды ұсыну, жаңа технологиялар мен ақпараттарды құру саласындағы ғылыми жетістіктерді насихаттау, оларды пайдалану әдістемесі және нақты адресаттарды алуды қоса алғанда, ШОБ-ты ақпараттық қамтамасыз ету;

- жабдық сатып алуға арналған кредиттер бойынша нөлдік ставка;
- жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін шикізат пен қосалқы материалдарды сатып алуды субсидиялау;

- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес экспорттаушыларға өнім эксперты кезінде кәсіпорындарға ҚҚС-ны қайтару.

Салаларды экономикалық қорларды тиiмдi пайдаланудың негiзiнде өндiрiстiк шығындардың құрылымы оптимизацияның бiр бөлiгiнде республиканың мақта - тоқыма кластерiнiң мүмкiндiктерiн өткiзу бағытталған экономикалық саясаттың жүргiзуi, тауарларды өндiрiстiң бәсекеге түсе алатын деңгейiне мүмкiндiк бередi де,мақта – шикiзатын және дайын бұйымдардың экспортын дамытады.

Әдебиет:

1. Худова Л. Н. О текущей ситуации в легкой промышленности в Республике Казахстан // Инновац. технологии пр-ва товаров, повышение качества и безопасности продукции лег. пром-сти: Материалы Междунар. науч.-практ. конф., г. Алматы, 25 мая 2012. - С. 59-61.

2. Официальный сайт Агентства Республики. Казахстан по статистике [Электронный ресурс]. - Режим доступа: stat.gov..kz

3. Оперативная отчетность по мониторингу государственной программы «Программа развития легкой промышленности Республики Казахстан на 2010-2014 гг.» / М-во индустрии и новыіх технологий Республики Казахстан. - Алматы, 2012.

Основные термины (генерируются автоматически): Казахстан, мена, оса.


Задать вопрос