Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін пайдалану тиімділігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (81) январь-1 2015 г.

Дата публикации: 06.01.2015

Статья просмотрена: 2178 раз

Библиографическое описание:

Райымбекова, А. Т. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін пайдалану тиімділігі / А. Т. Райымбекова, М. И. Алиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 57-59. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14850/ (дата обращения: 17.12.2024).

Импорттық тауарлармен қатаң бәсеке жағдайында кәсіпорындар «сатып алушылар жарлығына» сәйкес бәсекелес күресті жүргізу әдістерін игеру қажетті. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейі кәсіпорынның экономикалық жай-күйінің барометрі, жағдайы нашар кәсіпорынды бағалаудың бір критерийі болу керек. Бәсекеге қабілеттілікті басқару мүмкіндігі-отандық кәсіпорынның дамуы мен аман қалуы үшін өмірлік маңызды болып табылады. Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың барлық әдістерін аналитикалық және графикалық деп бөлуге болады. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың аналитикалық әдістерін қарастырамыз. 1.Рейтингтік бағалау кәсіпорын салаларын немесе аймақтарды салыстыруда қолданылады. Бұл әдісте мынадай сипаттағы құжаттар қолданылуы мүмкін:менеджерлер, тапсырыс берушілер немесе берілген кәсіпорыннан сауалнама нәтижелері; кәсіпорынның қаржылық есептілігі. Нақты бар ақпараттар негізінде есептеуге болатын барлық көрсеткіштер кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен қаржылық жағдайының мәнді аспектілерін көрсету керек. Рейтинг жасауда екі негізгі аспектілер бойынша құрылымдық онфакторлы модель қолдануға болады; шаруашылық қызметтің тиімділігі (5 фактор) және қаржылық тұрақтылық (5 фактор). Жекелеген кәсіпорынның рейтингін құру үшін қорытынды балл мына формула бойынша шығарылады:

ТМ=∑(MіBi)

Мұндағы: ТМ-кәсіпорынның рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша қорытынды баллы

Mі-рейтинг жасау моделіне енгізілген шаруашылық қызметтің i-көрсеткіші бойынша баллы (сандық бағалау)

Bi-рейтингтік бағалау жүргізу моделін енгізуде оған берілген i-көрсеткіштер салмағы

∑(MіBi)-жекелеген көрсеткіштер мен олардың салмағының баллдар қосындысы

Нәтижесінде барлық кәсіпорындар баллдар сомасы бойынша жұмыс жасайды..

2.Бәсекеге қабілеттілікті нарықтық үлесті есептеу негізінде бағалау

Нарық бағасы-бөлшек тауар айналымының оның көлеміндегі жалпыда үлес салмақ ретінде анықталады. 0 ден 100%-ке дейінгі көбеюі немесе азаюы бәсекеге қабілеттіліктің деңгейі туралы куәландырады.

MS=RC/TC

Мұндағы: MS-субьектінің нарығының үлесі

RC-тауарайналымының бөлшектік көлемі

TC-нарықтағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі

3.Тұтыну құнының нормалары негізінде бәсекеге қабілеттілікті бағалау-маркетингтік, ұйымдастыру және басқару шешімдерінің жиынтығын бағалауды ұйғарады, яғни компанияның экономикалық технологиясын. Берілген әдіс потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін жеткілікті дәл айқындау мен бағалауға мүмкіндік береді.

4.Тиімді конкуренция теориясы негізінде бәсекеге қабілеттілікті бағалау әрбір бөлімшенің жұмысының тиімділігін 4 топты бәсекеге қабілеттілікті бағалау жатыр:1.Өндірістік процестерді тиімді басқаруды сипаттайтын көрсеткіштер:өндірістік шығындардың үнемділігі, негізгі қорлар эксплуатациясының тиімділігі, технологияның жетілгендігі, еңбекті ұйымдастыру;2.айналымды құралдарды тиімді басқаруды көрсететін көрсеткіштер: кәсіпорынды қаржыландырудың сыртқы көздерінің тәуелсіздігі, несиеқабілеттілігі, тұрақты дамуы;3.нарықта жарнама құралдарын пайдалану; 4.тауарлардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері: тауар сапасы мен оның бағасы.

Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау. Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде. Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді. Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады. Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы қол жеткіземіз». Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Президенттің халыққа кезекті Жолдауы жарияланды. Осыдан үш жыл бұрынғы Жолдауында экономиканың, халық-тың, жалпы мемлекеттің бәсекеге қабілетті болу мәселелерін көтеріп еді. Жаңа Жолдауында тек бәсекеге қабілеттілік емес, осы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең алдыңғы 50 елдің санатына қосылу біздің дамуымыздың басты мақсаты деп көрсетіп отыр.

Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ-стан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны-мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея. Бәсекеге қабілетті отандық сүт өнімдерін қалыптастыруда озық тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәимжелерін, осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық ізденістердің қолданысын пайымдай отырып, бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі туындайды. Демек әрбір кәсіпорындарға бәсекеге қабілеттілікті бағалау үшін тиімді әдістерді қолдану пайдалы болып табылады. Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет

 

Әдебиет:

1.      Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.

2.      Шальминова А.С. Инновационное бизнес-планирование развития приоритетной отрасли //Автореф. диссертации к-та экон. наук. – Казань: Изд-во КФЭИ, 2000.

3.      Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление. – М.: ИНФРА-М, 2000. – 312 с.

4.    Костин И.М., Фасхиев Х. А. Измерение конкурентоспособности предприятий/Тезисы докладов Международной научно-практической конференции «Менеджмент организации XXI века». – Наб. Челны: КамПИ, 2001. – С. 115-117.

5.    Блинов А.О., Захаров В.Я. Имидж организации как фактор ее конкурентоспособности // Менеджмент в России и за рубежом. – 2003. – №4. – С. 35-44.

6.    Денисенко М., Поляков В. Конкурентоспособность продукции металлургического комплекса. Методика оценки // Национальная металлургия. – 2003. – июль-август. – С. 74-80.

7.       Захарченко В.И. Как измерить конкурентоспособность предприятия //Маркетинг в России и за рубежом. – 2003. – №4. – С. 55-72.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, Россия.


Похожие статьи

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі

Жаһандану жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері

Топырақты өңдеу жүйесін жетілдіру арқылы алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы күрішті көшеттік тәсілмен өсіру

Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

Оқу-тәрбие процесіне шағын зерттеу жүргізу арқылы білім беру сапасын басқаруды жетілдіру

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Оқушыларды кәсіпке баулу мәселесінің зерттелу жай-күйі

Сөздіктерді пайдалануда бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту мүмкіндіктері

Похожие статьи

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі

Жаһандану жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері

Топырақты өңдеу жүйесін жетілдіру арқылы алдын ала суға бастыру тәсілі арқылы күрішті көшеттік тәсілмен өсіру

Биологиядан оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеудің қазіргі жағдайы

Оқу-тәрбие процесіне шағын зерттеу жүргізу арқылы білім беру сапасын басқаруды жетілдіру

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Оқушыларды кәсіпке баулу мәселесінің зерттелу жай-күйі

Сөздіктерді пайдалануда бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту мүмкіндіктері

Задать вопрос