Стратегиялық басқару есебінің Қазақстандағы кәсіпорындардың стратегиялық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету
Авторы: Абжанова Айым Талгатовна, Калымбетов Умирбек Канович
Рубрика: Спецвыпуск
Опубликовано в Вопросы экономики и управления №1 (8) февраль 2017 г.
Дата публикации: 20.12.2016
Статья просмотрена: 1100 раз
Скачать Спецвыпуск Учет, анализ, аудит и оценка: тенденции, стратегии и перспективы развития (pdf)
Библиографическое описание:
Абжанова, А. Т. Стратегиялық басқару есебінің Қазақстандағы кәсіпорындардың стратегиялық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету / А. Т. Абжанова, У. К. Калымбетов. — Текст : непосредственный // Вопросы экономики и управления. — 2017. — № 1.1 (8.1). — С. 10-12. — URL: https://moluch.ru/th/5/archive/51/1731/ (дата обращения: 17.12.2024).
Кәсіпорындар нарық жағдайында ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, өндірісті басқарудың тиімді нормаларын енгізу арқылы және қолданылмаған резервтерді шоғырландыру арқылы өндіріс тиімділігін, қызметпен өнімнің бәсекеге қаблеттігін арттыру талап етіледі.
Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін өз мүддесіне аудару және онда болып жатқан үдерістерді реттеу. Стратегиялық мәселелерге ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады. Құжаттардың айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады.
Стратегиялық басқару теориясында да, күнделікті тәжірибеде де микродеңгей шешуші объект болады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, әрі қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Яғни басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.
Жалпы алғанда кәсіпорынның басқарушылық есебін жетілдіру барысында келесідей мақсат пен міндеттер айқындалады:кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін шешетін стратегиялық орталықтар және олардың жауапкершіліктердің болуы, кәсіпорында стратегиялық басқару есебін ұйымдастыруда қолданылатын негізгі құралдары мен әдістерін қарастыру.
Тиімді стратегиялық басқарушылық шешім қабылдап, стратегиялық жоспар құру үшін әр кәсіпорын өзінің шығындарын, сондай-ақ сол өндірістік шығындары туралы ақпаратты талдай білу қажет. Стратегиялық басқару басшылардың басқару тұрғысынан ойлау қабілетінің кеңдігін дамытады, оларды ұйым үшін неғұрлым пайдалы етеді. Ал қызметін жаңа бастаған басшыларға стратегиялық басқару ұйым қалай жұмыс істейтіндігін, кәсіпорынның шығындарын басқара отырып, болашаққа стратегиялық маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын әлеуетін бағалау барлық қызмет саласын (басқару, өндіріс, маркетинг, қаржы, зерттеу және дайындау) қамтитын SWOT — талдау көмегімен өткізілуі мүмкін. SWOT — талдау кәсіпорын қызметі мен нарық жағдайын сипаттаумен үйлестіруге болады. Бұл стратегия жасау үшін комбинацияларды таңдауға мүмкіндік береді. Компанияның стратегиялық даму тұжырымдамасы мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыруда негізгі тенденцияларды ескере отырып қалыптастыру қажет. Іс-жүзіндегі жоспарда бұл компания дамуының стратегиялық парадигмасына үнемі түзетудің қажеттілігіне негізделеді және мына сызбада жүргізіледі: экономикадағы жағдай — мемлекеттік экономикалық саясат — компания стратегиясы — тиімді жүргізу.
Стратегиялық даму үшін негіз болып табылатын үш «маңызды пәндерді» береді («қозғаушы күш», секілді, олардың біреуі ғана негізгі стратегия қызметін атқарады) (кесте 1).
Кесте 1
Кәсіпорындардың стратегиясын дамытудың негізгі базасы
ПӘНДЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ |
МАҚСАТЫ |
ҚАЖЕТТІ ТАЛАПТАР |
шұғыл басымдылық өндіріске және өнім мен қызметті бөлуге негізделген |
бағасы мен қолдану ыңғайлылығы бойынша өнеркәсіпке бағыттау |
маркетинг, өндіріс және дистрибьюция әлемдік стандарттар деңгейінде |
тұтынушылармен сұхбаттық байланыс тұтынушыларды толық қанағаттандыратын өнімдер мен қызметтерді құруға негізделеді |
ұзақ мерзімді адалдық пен тұтынушылар пайдасы |
тұтынушыларға жақындау және ұзақ уақыттылық |
өнімдегі жетекшілік айрықша өнімдер мен қызметтердің тұрақты өндірісіне негізделеді |
жаңа идеяларды тез арада коммерцизациялау |
r&d нарығын көздеу және компанияның икемділігі мен жылдамдығы |
Біздің көзқарасымыз бойынша, кәсіпорын стратегиясын қалыптастырып дамыту мына сұраққа жауап беруі қажет: Кәсіпорын қызметтерінің қандай бағыттарын дамыту қажет? Қолма-қол ресурстар мен күрделі салымдарға қажеттілік қандай?
Кәсіпорын әлеуетін бағалау барлық қызмет саласын (басқару, өндіріс, маркетинг, қаржы, зерттеу және дайындау) қамтитын SWOT — талдау көмегімен өткізілуі мүмкін. SWOT — талдау кәсіпорын қызметі мен нарық жағдайын сипаттаумен үйлестіруге болады. Бұл стратегия жасау үшін комбинацияларды таңдауға мүмкіндік береді. Компанияның стратегиялық даму тұжырымдамасы мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыруда негізгі тенденцияларды ескере отырып қалыптастыру қажет. Іс-жүзіндегі жоспарда бұл компания дамуының стратегиялық парадигмасына үнемі түзетудің қажеттілігіне негізделеді және мына сызбада жүргізіледі: экономикадағы жағдай — мемлекеттік экономикалық саясат — компания стратегиясы — тиімді жүргізу [1].
Бүгінгі күнгі, бір жағынан, қазақстандық іскерліктің кемелдігінің өсуі және екінші жағынан, бәсекелестіктің негізгі нарықтардың буындықтауымен күшейуі — отандық кәсіпорындардың басшыларын стратегиялы жоспарлау қажеттілігі жөнінде ой тудырады.
Кәсіпорындар үшін стратегиялы даму бағдарламасын дайындаудағы қызметтер келесідей:
компанияның нарықтық ортасын зерттеу;
кәсіпорынның ішкі — стратегиялы әрі портфельді терең сараптамасын жүргізу;
компанияның бәсекелестік орнын және бәсекелестердің қызметін талдау;
жан-жақты талдау мен сараптама негізінде стратегиялы мақсаттар көзделіп, оларды жүзеге асыру жолдарын айқындау.
Стратегиялық басқару есебі көбіне сыртқы әлемге бағытталған, сондықтан компанияның сыртқа бәсекелес позициясын шығындар мен баға, өнім көлемі мен нарықтағы үлесі, қолда бар ақшанының ағымы және бәсекелес кәсірорындардың негізгі ресурстарын бойынша мәлімет жинау арқылы бағалауға жәрдемдесу керек. Стартегиялық позицияны қорғау және стратегияны анықтау үшін келесіні білу қажет: кіммен, калай, неге бәсекелесеміз, және ұтымды жағдай ма әлде керісінше ме?
Кәсіпорынның стратегиялық дамуы артықшылықта болу үшін болжамдау арқылы бәсекелес кәсіпорындардың шығындарының болашақ төмендеуін, нәтижесі ретінде бағаның төмендеуін қарастыру өте маңызды.
Стратегиялық басқарушылық есептің есеп қисабына негізгі өнім түрлері бойынша компанияның нарықтағы үлесін еңгізу қажет, өйткені оның динамикасын зерттеу арқылы негізгі бәсекелес кәсіпорындардың күшін, біздің позицияның қалай өзгергенін білуге болады.
Кесте 2
Таңдалған стратегия және шығындарды жан-жақты басқарудың негізгі бағыттары арасындағы байланыс
ДИФФЕРЕНЦИЯЛЫ |
ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША АЛДЫНДА БОЛУ |
|
қызмет көрсеткіштерін бағалау үшін нормативтік шығындардың мәні |
маңызды емес |
өте маңызды |
өндірістік шығындарды басқару үшін икемді смета құру сияқты маңызды концепциялар |
орташадан төменге дейін |
жоғарыдан өте жоғарыға дейін |
сметалық көрсеткіштерге жету маңыздылығы |
орташадан төменге дейін |
жоғарыдан өте жоғарыға дейін |
маркетинг шығындарын талдау маңыздылығы |
сәтілік жағынан критикалық |
кейде жүргізілмеу мүмкін |
баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдауда өнімнің өзіндік құн маңыздылығы |
Төмен |
Жоғары |
бәсекелес кәсіпорындардың шығындарын талдау маңыздылығы |
Төмен |
Жоғары |
Қазақстандық кәсіпорындар бәсекелестік артықшылықта болу үшін 3 стратегияны таңдайды:
1) шығындар бойынша алдында болу — осы арқылы комапния саладағы ең төмен шығындары бар өндіруші болады;
2) дифференциялы — оны қолдана отырып кәсіпорын өз өнімінің кейбір бағаны өсіретін және тұтынушылармен бағаланатын сипаттамаларын ұсына алады;
3) шоғырландыру — шығындар бойынша алдында болу, дифференцияны қолдана отырып, тар нарық сегментінде алда болуға мүмкіншілігі бар.
Стратегияны таңдауға байланысты шығындарды талдау әдістері де ерекшеленеді (кесте2).
Құндылықтар тізімін қолдану бәсекелелестік артықшылықты қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. Құндылықтар тізімінің мақсаты — құндылық қосатын қызметтер арасында байланыстарды іздеу. Осының нәтижесінде шығындар төмендеп, өнімнің дифференциясы артады [2].
Құндылықтар тізіміндегі негізгі қызметтере: алынатын материалдар логистикасы, өндірістік операциялар, жіберілетін материалдар логистикасы, маркетинг, өткізу, және қызмет көрсету. Қосымша қызметтер негізгі қызметтер үшін қажет, олар компанияның инфрақұрылымын, кадрларды басқаруды, технологияны және сатып алуды (закупки) қамтиды.Құндылықтар тізімінде әр бір қызметтін шығындары мен активтері бар.шығындар оларға әсер етуші факторларға байланысты, шығындардың құрылымы оларды басқару денгейінен байланысты.
Сурет 1- Кәсіпорындардың құндылықтар тізбегі
Компанияның құндылықтар тізбегін түсіну келесідей жағдайларға назар аударуды талап етеді:компания келесідей жолмен бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады ма, тізбектің әр буынында шығындарды қалыптастыру және бір іс-әрекет түрін жүзеге асыру шығындарының қалған буындардағы шығындарға ықпалы.
Фирманың құндылықтар тізбегіндегі өндірістік іс-әрекеттің түрлері арасындағы байланыстың бағаларды төмендету мүмкіндігін ұсынуы.
Кәсіпорынның жүзеге асырылатын операцияларды стратегиялық дамуына байланысты әрекеттер және іс-әрекет бағыттарына жіктей отырып, фирма шығындарының құрылымын жақсырақ түсініп, олардың негізгі элементтерін анықтауға болады. Аталмыш тізбектегі әр іс-әрекет түрі шығындармен және активтермен байланысты болады. Компанияның өндірістік шығындары мен активтерін тізбектегі әр іс-әрекеттің жекелеген түрімен салыстыра отырып, олар бойынша шығындарды бағалауға болады.
Әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасы
- Басқару есебі: Ержанова А. К., Айтанаева Ә.Қ., Жұманова Г. Ш., Баянова М. С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. — Алматы: 2009. — 304 бет.
- Әлжанова Н. Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. — Алматы: Заң әдебиеті, 2007. — 160 б.
- Калдияров Д. А. Инвестициялық жобалар мен инновация тиімділігін бағалау әдістемелері туралы // ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сер.= Вестник КазНУ.Сер.экономическая. — 2011. — № 6. — С. 34–37 б.