Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Серибаева, Ж. М. Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту / Ж. М. Серибаева, А. К. Рахметова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 51.1 (185.1). — С. 29-30. — URL: https://moluch.ru/archive/185/47508/ (дата обращения: 22.11.2024).



«Мен еш уақытта өз оқушыларыма

ешнәрсе үйретпеймін,

тек қана олардың оқуы үшін

жағдай жасаймын»

Альберт Эйнштейн

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» - деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің білім саласында өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.

Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу - білім реформасын жүзеге асыру алғы шарттары тұрғаны баршамызға аян.

Елбасының «Қазақстан - 2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемілекеттік жаңа саяси бағыты» жолдауын жастар зор ынта - ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыру жолында құлшыныспен еңбек ете бермек. Елбасы ұсынған елімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт «Білім саласының қызыметкерлері, біздер үшін маңызды болып табылады». Ол - жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттілігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді оқыту әдістемелерін жаңарту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізу - заман талабы [1].

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:

саралап оқыту; дамыта оқыту; деңгейлеп оқыту; шоғырландырып, қарқынды оқыту; модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; жобалап оқыту технологияларымен қатар, тікелей ақпарттық–коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын: компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы; желілік технология; Интернет технология; Интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз [2].

Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманғы сипаты педагогтар мен білім беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам білім беру орындарының алдына:

- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;

- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;

- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;

- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;

- Өзінің өз бетінше ой - өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді.
«Даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол - санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол - тәжірибеден тәлім алу» (Конфуций).

Егеменді еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында - жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті, дені сау оқушының бейнесін жасауға өз үлесімізді, жетілдірген білімімізді іс - тәжірибе арқылы оқушыларға үйретуге бар күш жігерімізді салуға тырысып жүрміз. Жаңаша форматтағы сабақтар өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, үйрете отырып, үйренуге дағдылану; бағыт-бағдар беруде түрлі амал-тәсілдерді қолдана білетін деңгейге жету; мұғалім – оқушы - ата-ана арасындағы қарым-қатынастың ынтымақтастығын құра алатындай жағдайға жету - бұл біздің негізгі мақсатымыз.

Оқу білім - бұлағы, Білім - өмір шырағы, - дегендей, білім - мінсіз тұлға қалыптастырудың бірден — бір факторы болып табылады. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман - деп біздің елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай. Сондықтан да әр маман иесі өз білімін жетілдіріп, бәсекеге қабілетті, жан - жақты, үнемі ізденіс үстінде болуға тиіс. Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы [3]. Бұл стратегиялар оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас, болжау, топтастыру,т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. «Маған айтсаң - ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде қалады, өзіме істетсең - сонда мен түсінемін» деген қытай даналығын басшылыққа ала отырып, теориялық білімді өзіміздің меңгеруіміз, барлық тәжірибелік тапсырмаларды тренеріміздің басшылығымен, бағыттауымен орындауымыз арқылы әрқайсымызда түсінік қалыптасты. Шынында да, біз өзіміз оқушының ролінде отырып сол оқушыға бағыттай отырып, көздеген мақсатымызға жетуімізге нұсқау алдық. Теория мен тәжірибені ұштастыра ең бірінші біз өзімізді - өзіміз реттеп, өзімізге - өзіміз сеніп, ойлана алатынымызды білдік. Өзін - өзі реттеген, өзіне - өзі сенген адам алға ұмтылады, алға ұмтылуына мақсат қоя алады. Нақты мақсат қойып, сол мақсатты көре алған адам нәтижеге жетеді. Шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды ойластыра отырып, оны оқушыларға орындата отырып, барлық оқушылардың жұмысқа араласып, сабаққа ынталарының артуына септігін тигізеді. Оқушы сабаққа қызығушылық танытса ғана, өзіне қажетін алады. Оқушылардың сөздік қорларының аздығы, өз ойын жетік жеткізуе алмауы тапсырмаларды орындағанда көрінді. Мұғалім оқушыларға білім беру ортасын құра отырып, тапсырманы бергеннің өзінде де көп ойлану қажет. «Бірге ойлаймыз» дегендей әр оқушыны бірге ойланатындай бір-біріне ықпал етіп сабақты түсінетіндей жағдай жасау керек. Тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, бір топта отырған оқушылар бірге талдап, зерттейтіндей, оқушылардың шығармашылығын ашатындай түрде болу керек. Осындай тапсырмаларды орындаған оқушы сыни ойлана алады, кез-келген жерде өз жауабын бере алады. Сонда мұғалім әр сабақтың басынан аяғына дейін жүйелі дайындалып, тапсырмалардың барлығын оқушыға бағыттауға көп іздену керек. Жаңа сабақты дәстүрлі оқыту кезінде өзіміз түсіндіріп белсенділік танытсақ, енді интербелсенді әдіс тәсілдер мен сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді қолдана отырып, «оқушы және оқушы» байланысы арқылы тақырыпты оқып меңгерулеріне басшылық жасай отырып, мұғалім көшбасшылығы анық байқалады. Жаңа тақырыпты меңгеруде ЖИГСО әдісін қолдануда жақсы нәтижеге жетткізеді. Оқушылардың айтуына қарағанда жаңа тақырыпты жеке және жұппен оқи отырып, қажетті сызбаларды сызып топпен талдап оқып меңгергенін басқа оқушыларға түсіндіріп, ол түсінгенін қағаз бетіне түсірген кезде естерінде жақсы қалғанын айтады. Оқушыларға топпен жұмыс жасағаны, Жигсо әдісі бойынша оқушылардың барлығы қамтылғаны, постер жасағаны және оны қорғағаны, тақырыпты өздері оқып түсінгендеріне риза болады.

Қорытынды: «Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес,пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін - өзі үйретеді.Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:"Не істеп,не оқысам да соның бәрі,тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін", - деген екен. Сондықтан зор табыстарға жету үшін «Еңбексіз талант - тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімді қосуға ат салысуға шақырамыз.

Әдебиет:

  1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. - Алматы: Жазушы, 2004. - 208 б.
  2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М. Высшая школа, 1995. – 336 с.
  3. Абилова. Ж.Т. Жаңа технологияның пайдалану тиімділігі.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос