Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші процестер | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Айдаров, О. Т. Қазақстан Республикасында халық санының өсуіне әсер етуші процестер / О. Т. Айдаров, Э. У. Жусупова, Ж. А. Нахатова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 1.1 (81.1). — С. 31-33. — URL: https://moluch.ru/archive/81/14801/ (дата обращения: 24.12.2024).

Кез-келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауылшаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі экономикалық көрсеткіштерімен қатар халқының саны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен денсаулығы да есепке алынады. Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған мемлекеттерге қарағанымызда адам ресурстарының табиғат ресурстарынан маңыздырақ екені аңғарылады [1]. Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны көңілді көншіткенімен, халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи өсуі және өлім мөлшері, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерінің қамсыздандырылу деңгейі сияқты көрсеткіштері әліде өте нашар деңгейде. Жалпы Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет. Әрбір халықтың өмір салты, әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдысы жөнінен өз ерекшелігі бар. Адамдар қатынасының маңызды құралы – оның тілі. Елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Егеменді еліміз Қазақстан – біртұтас мемлекет. Оның аумағы  2 млн. 724 мың км ². Мемлекет Еуразия материгінің орталық бөлігінде және әлемнің екі бөлігінде: аз бөлігі  Еуропа, ал көп бөлігі Азияда орналасқан. Қазіргі таңда Қазақстан құрамында 14 облыс, Респуликалық бағыныстағы 2 қала (Астана  мен  Алматы қалалары), 159 аудан, 84 қала, 193 қала үлгісіндегі кент бар. Селолық жерлердегі  селолар мен ауылдар саны 8 мыңға жуық [2].

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болуына орай демография ғылымына жүктелетін жауапкершілік күрт өсті. Біріншіден оның алдына дербес даму жолына түскен елдің шын мәніндегі демографиялық ахуалын анықтау қажеттігі көлденең тартылды [3].

Еліміздегі демографиялық жағдайға халықтың ұдайы өсіп - өнуі, ұрпақтың алмасуы, халықтың өсу қарқыны және сипаты, өсім және өлімнің деңгейі, жыныстық, жастық, жанұя құрылымы, т.б. тәрізді демографиялық процестер ықпал етеді (1 суретке сәйкес). Олар территорияның басқада қоғамдық процестерінің дамуымен тығыз байланысты. Территорияның әлеуметтік – экономикалық дамуында демографиялық процестер басты роль атқарады. Сондықтан, белгілі бір территорияның халқын экономикалық – географиялық тұрғыда зерттегенде демографиялық көрсеткіштерді қолдануға  тура келеді. Яғни, халық санын, халықтың өсуін, жастық – жыныстық құрылымын, географиялық орналасуын, тығыздығын, қала мен ауыл халқының ара қатынасын, аймақтық ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Халық саны 1999 жылғы дерек бойынша – 14 млн 953 мың 126 адам. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының  халқының саны 17 млн. адамға жетті. Яғни, халық саны жөнінен ТМД бойынша Ресей, Украйна, Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды, ал дүние жүзінде елуінші орынды иеленеді [4]. Сонда, соңғы он жылдықта Қазақстан халқы небәрі 1 млн 647 мың 11 адамға ғана өскен. Халықтың  санының бұлай аз өсуіне  туудың төмендеуі, өлім-жетімнің көбеюі, қоныс аудару процесінің артуы әсер етуде.

 

 

Сурет 1. Халық санының өсуіне әсер етуші процестер

 

2011 жылдың 1 қаңтарына еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 16,4 млн. адамды құрады. 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ол 1,5%-ға өсті. Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (52686 адамға), Астана (47737) және Алматы (35457 адамға) қалаларында, ал оның азаюы - Солтүстік Қазақстан облысында (минус 3605 адамға) байқалды.

Республиканың Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында Астана және Алматы қалаларында халық саны көші-қон және табиғи өсім есебінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - тек табиғи өсім есебінен көбейген. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, және Шығыс Қазақстан облыстарында халық саны осы өңірлердегі көші-қон кемуінің орнын толтыра алмаған төмен табиғи өсім салдарынан азайған.

2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 188,4 мың ұлдар және 177,8 қыздар дүниеге келген немесе 100 қызға 106 ұлдан келеді. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ұлдар 1,8%, қыздар - 2,4% артық туылған. Осы кезең ішінде 80,7 мың еркек және 65,2 мың әйел өлген, немесе 1000 әйелге 1238 еркек келеді. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда еркек 1,8%, әйел - 1,3% артық өлген.

 

Кесте 1. Халықтың табиғи қозғалысы

 

 

Адам

1 000 адамға

2009ж.  қаңтар-желтоқсан

2010ж.  қаңтар-желтоқсан

жағдайы бойынша

2010ж.

1 қаңтарға

2011ж.

1 қаңтарға

Туғандар

358 762

366 210

22,5

22,4

Өлгендер

143 682

145 945

9,0

8,9

Табиғи  өсім

215 080

220 265

13,5

13,5

Некелер

140 386

146 443

8,8

9,0

Ажырасулар

39 257

41 617

2,5

2,6

 

Халық өлімінің негізгі себептері арасында айтарлықтай үлес салмақты қан айналымы жүйесі аурулары алады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 45,1%-ы (46,5%) тиесілі. Жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан өлгендер саны 17,8 мың (17,5 мың), олардын ішінде өлтіруден 1,5 мың (1,6 мың), өзін-өзі өлтіруден тиісінше 3,6 мың (3,9 мың) және жол-көлік оқиғаларынан өлгендер 3,4 мың (3,3 мың) адамды құрады.

2012 жылы  Республикада 1 жасқа дейінгі 6056 (6594) бала өлімі тіркелген, олардын ішінде өлген ұлдардың саны 3483 (3757) және қыздар - 2573 (2837) құрады. Нәресте өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 16,6 (18,4) өлімді құрады. Нәрестелер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады, 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанда 3603 (4028) нәресте өлген немесе барлық нәрестелер өлімінің  59,5% (61,1%).

 Жалпы абсолюттік өсім дегеніміз – берілген деңгей біріншісімен (базисті өсім) немесе алдыңғы деңгеймен салыстырғанда қанша бірлікке өзгергенін көрсетеді, яғни соңғы жылғы халық санымен өткен жылғы халық санының айырымына тең. Негізінен халықтың өсу қарқындылығын салыстырмалы өсімнен байқауға болады (кесте 2).

2012 жылғы 1 ақпанда еліміздегі халық саны ағымдағы деректер бойынша 16698,1 мың адамды құрады, соның ішінде қалада - 9128,3 мың (54,7%), ауылда – 7569,8 мың адам (45,3%). Жылдың басымен салыстырғанда жалпы ел бойынша халық саны 23,2 мың адамға немесе 0,1%-ға көбейді.

 

Кесте 2. Қазақстан Республикасындағы халық санының өсу деңгейі

(1897-2012 жылдар аралығында, мың адам)

 

Жылдар

Халық саны, мың адам

Үлес салмағы, халықтың %

Жалпы халық

Қала халқы

Ауыл халқы

Қала халқы

Ауыл халқы

1897*

4333

303

4030

7

93

1926

6198

519

5679

8

92

1939

6081

1689

4392

28

72

1959

9283

4027

5256

43

57

1970

13014

6512

6502

50

50

1979

14688

6833

7855

53

47

1989

16199

9132

7067

56

44

1999

14958

8369

6589

56

44

2001

14842

8283

6559

56

44

2005

15071

8439

6632

57

43

2010

15566

8686

6879

56

44

2012

16698

9128

7569

54,7

45,3

 

2012 жылғы қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 21,6 мың адамды құрады (2011ж. қаңтар -  19,5 мың адам). Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 халыққа 15,5 (14,2) адамды құрады.

Қаңтар айында ер адамдар саны 11,4 мыңға өсіп, 8054,0 (48,2%) мың адамды құрады, әйелдер саны тиісінше 11,8 мыңға өсіп, 8644,1 (51,8) мың адамды құрады. Әр мың әйелге 932 ер адамнан келеді.

Европалық елдерде халық саны жыл сайын азайып келе жатқан жағдайда: Қазақстан халқы жыл сайын артып келеді (жылына 200 мың адамға көбейеді, яғни бес жыл сайын 1 млн адам қосылып отырады), мысалы 2030 жылы Қазақстан халқы 20 млн-ға, ал 2050 жылы 25 млн-ға (қазір 15,5 млн) жуықтайды. Бұл - оң көрсеткіш. Мысалы, көрші Ресей халқы жыл сайын азайып келеді (жыл сайын 800 мыңға). Яғни Қазақстанның болашақтағы демографиялық ахуалы жақсы, Ресейдің келешек демографиялық ахуалы нашар.

 

Кесте 3. Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасы (2012 жылғы мәлімет)

Елдер

Қазақтар саны, мың адам

 

Елдер

Қазақтар саны, мың адам

1

Өзбекстан

1 млн 556 мың

7

Ауғанстан

30

2

ҚХР

1 млн 500 мың

8

Түркия

25

3

Ресей

740

9

Украина

15

4

Түркменстан

100

10

АҚШ

14

5

Монголия

100

11

Иран

12

6

Қырғызстан

45

 

 

 

 

Барлығы 54 әлем елдері

4 млн. астам

 

Жалпы қазақ халқының 4 млн. астамы (Қазақстандағы қазақ халқының саны 7 млн. жетер-жетпес) сырт елдерде тұрақтанып қалған. Өз Отанындағы жалпы санының  30% сыртта жүр.

 

Әдебиет:

 

1.      Татимов М.Б. Социальная обусловленность демографических процессов. – А.: Наука, 1999.

2.      Голиков Н.Ф., Двоскин Б.Я., Спектор М.Д. Проблема расселения населения Казахстана. – А., 2006.

3.      Ердаулетов С.Р. Экономическая и социальная география Казахстана. – А.:  Каз. Университет, 1998.

4.      Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз – демографияда. – А.: Жеті жарғы, 2000.

Основные термины (генерируются автоматически): сан, мена, немес, сан мен.


Задать вопрос