Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (141) февраль 2017 г.

Дата публикации: 16.02.2017

Статья просмотрена: 13 раз

Библиографическое описание:

Жусупбекова М. К. «Қазақстан Республикасының жер құқығы» сабағында ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдауларын қолдану мәселелері // Молодой ученый. — 2017. — №7.1. — С. 22-23. — URL https://moluch.ru/archive/141/39687/ (дата обращения: 21.05.2018).



Қазақстан Республикасының жер құқығы эллективтік пәндердің бірі. ҚР жер құқығы бір кредиттен тұрады. ҚР жер құқығы құқықтық пәндер арасында маңызды орын алады. Жер адамзат қоғамы үшін ерекше құндылық және байлықтың бастапқы көзі болып табылады. Жер алдымен барлық адамдар ұрпағы үшін өмір сүретін орта, содан соң өндірістің салалары орналасатын және дамитын кеңістік базис болып есептеледі. Басқа табиғи объектілермен салыстырғанда жер қоғамдық қатынастар жүйесінде маңызды және ауқымды қызмет атқарады. Сол себептен, жерді құқықтық пайдалану мен қорғау мәселелері өзекті болып табылады. ҚР Жер құқығын оқыту кезінде көптеген нормативті-құқықтық актілер қолданылады. Оның ішінде ең көп қолданылатын ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдаулары.

ҚР Конституциясына тоқталар болсақ, ең алғашқы жер құқығына түсініктеме жасағаннан бастап ҚР Конституциясының 6 бабын қолданамыз. Оның үшінші тармағында «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» [1] делінген. Сонымен қатар, ҚР Конституциясы жер құқығының жоғарғы заң күші бар және жер заңдарының дамуының негізі мен қайнар көздерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, ҚР Конституциясы (31, 38 баптары) Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді және мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. ҚР Конституциясының 44 бабы Президентке мемлекеттік бағдарламаларды бекіту құқығын береді және Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы түсінік беруді жыл сайынғы жолдаулар арқылы жүктейді. Мемлекеттік бағдарламалар ішінде және ҚР Президентінің Жолдауларында жер мәселесі әр қашанда негізгі мәселе болып орын алады [1].

ҚР Президенті жыл сайынғы Жолдауларында құқықтық – нормативтік актілерді жетілдіру мәселелері сөз болады, оның ішінде жер және аграрлық құқықтық нормаларда да айтылады. Аграрлық деп айтып жатқан себебіміз, жер аграрлық өндіріспен тығыз байланысты, сол себептен аграрлық салаға бағытталған нормалар мен мәселелер жер саласына тиісілі деп есептеуге болады. Мысалы, 2002 жылы Қазақстан Республикасының Президенті халыққа кезекті Жолдауында агарарлық сектордың қайта қарауын ұсынды және агроөнеркәсіп кешенің тұрлаулы әрі серпінді дамытып [2], осы заманғы нарық қағидаттары негізінде шапшаң ілгерілетуді белгіледі.

Осыған орай, 2002 жылдың 5 маусымында Президенттің жарлығымен бекітілген «2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы» [3] қабылданды. Бұл құжаттың негiзгi мақсаты агроөнеркәсiптiк кешенiнiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру негiзiнде Қазақстанның азық-түлiктік қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделген: елдiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру; ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн iшкi және сыртқы рыноктарда сату көлемiн ұлғайту; ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттiк қолдау шараларын ұтымды ету. Қазіргі танда бұл құжаттын куші жойылды.

2010 жылғы 29 қаңтарындағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында агроөнеркәсіптің дамуы үш бағыт бойынша жүргізілуі керектігі айтылды [4]. Бірінші бағыт – еңбек өнімділігінің өсуі, екінші -экспорттық потенциалды жүзеге асыру, үшінші - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2011 жылғы 28 қаңтарындағы жасалған Жолдауда мал шаруашылығын дамытудың арқасында ет өндірісін көтеру жайлы және мал басын көбейту мәселелері белгіленді [5]. 2012 жылғы 27 қаңтарындағы жасалған Жолдаудың оныншы бағытында әлемде жыл сайын тамақ өнімдеріне қажеттілік өсетінің атап өтті [6]. Онда Елбасы: «Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түліккүрт шиеленістіріп отыр. Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады» деп тұжырымдады [6]. 2014 жылғы 17 қантардағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жасалған «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында агроөндірістік кешенді инновациялық жолдарға көшіру керектігі айтылды. Себебі, азық-түлікке қажеттілік жылдан жылға өсе бастайды. Сондықтан осы салаға инвестицияларды көбейту керек және фермерлер өндірісті жоғарлатумен айналысуы қажет. Сонымен қатар, жермен жұмыс жасайтындар жаңа технологияларды және өнімділікті арттырумен айналысуы қажеттілігі, ауылшаруашылық өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды құру керектігі айтылды [7].

2014 жылғы 11 қарашадағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жасалған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары жалғаса береді және «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз» деп тұжырымдады [8].

Сол себептен мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бір қатар шараларды белгіледі: фермерлердің қаржыландыруға делдалсыз қол жетімділігін ұлғайтуға; біртұтас астық холдингін құру; ет өндірісін дамыту бойынша жобаны жүзеге асыру. Қорыта айтқанда, ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдаулары жер құқығы сабағында кенінен қолданылады және білім алушылармен сабақты сапалы және жан-жақты меңгеруге ықпалын тигізеді.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2016.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ауылға айрықша назар аударылады Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 2002. – 16 сәуір.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымындағы №889 «ҚР 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы туралы» Жарлығы.
  4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 2010. – 29 қантар.
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 2011. – 28 қантар.
  6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 2012. – 27 қантар.
  7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 2014. – 17 қантар.
  8. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - 2014. – 11 қараша.


Обсуждение

Социальные комментарии Cackle
Задать вопрос