Кендебай Қарабдаловтың этнодизайнерлік шығармашылығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ералин, Куандык Ералыулы. Кендебай Қарабдаловтың этнодизайнерлік шығармашылығы / Куандык Ералыулы Ералин, А. К. Ералина, Гулмира Ашыкбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 54-56. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29209/ (дата обращения: 17.12.2024).



Еліміздің көркем мəдениетінің дамуы бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығымен тығыз байланысты. Қазақстанда көркемдік білім саласында этнодизайн ұғымы қолданылғанымен, оның мəнітолық анықталып болған жоқ. Этнодизайнерлік шығармашылық туралы нақты анықтама берілген жоқ .Этнодизайнерлер еңбегі өнертанымдық талдауды қажет етуде. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде ұлттық, тарихи жəне эстетикалық мұраға деген қызығушылықтың арта түсуі байқалады. Бабаларымыздың қалдырған мұраларының ішінде сəндік қолөнер бұйымдары мен оны жасау тəжірибесі ерекше назар аударатын құбылыс. Осылардың арасынан,қазақ халқының қыш өнері ұлттық мəдениет тарихынан ерекше орын алады. Қазіргі таңда осы қасиетті өнерді келер ұрпаққа жеткізуге орасан үлес қосып келе жатқан өнер шеберңнің бір де бірегейі Кендебац Қарабдалов. Қыш өнері шеберінің əрбір туындысынан қарапайым саз балшыққа жан бітірген шеберлікті, көз тартар көркемдікті аңғаруға болады. К.Қарабдаловтың бойындағы барлық шығармашылық келбетін қыш буйымдар жасауға арнады.Құмыралардың, саз аспаптарының тұтас жəне құрамдас бөліктерін тапты. Қышпен ою-өрнегін жіппен тізгендей етіп, композициялық шешімдерін анықтай білді. К. Қарабдалов шығармашылығы туралы бірқатар ақпараттық- танымдық мақалалары болғанымен оның этнодизайнерлік шығармашылығы туралы өнертанымдықарнайы зерттеу болған емес.Ол қазақ этнодизайнының орнын анықтап, ғылыми- өнертанымдық айналымға қосу қажеттігі туындауда.Өз ерекшелігімен дамыған жəне бүгінгі таңда ұлттық өнерімізді, менталитетімізді анықтайтын қолөнердің бір саласы ретінде қыш өнері өркендей бермек.Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік көркемдік шығармашылық қолтаңбасымен ерекшеленетін шығармашылық тұлғаның бірі–К.Қарабдаловты ұлттық қолөнер бұйымдарын заманауи технологияларды жəне дизайн талаптарына сай жасайтын этнодизайнер ретінде тануға болады.К.Қарабдаловтың шығармашылыққызметі баспасөзде этнодизайнер, этномузыкант ретінде қарастырылады.К.Қарабдалов Кеңес дəуірінде қолөнерімізді дамытуда жаңа ізденіс жасаған шебер.Қарабдаловты тану күрделі үдеріс. Өйткені ол көп қырлы шебер, өнер мен парасат иесі.Өнер шебері 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы,Көкемардан ауылында дүниеге келген. Ол жасынан Өнерге құмар болып, қолдан неше түрлі бұйымдарды саз балшықтан жасауға əуес болған. Ол жас шағынанкөне Отырардың орнынан табылған құмыра сынықтарына қызыға бастады. Этнодизайнер жас кезінен өнерге жақын болды.Орта мектепті бітірген соң Шымкент педагогика институтының көркемсурет факультетіне түсіп оны бейнелеу өнері жəне сызу мұғалімі мамандағы бойыншабітіріп шықты [1,28.].Институтты бітірген соң ол көптеген жылдар бойы өз бетінше көне Отырар қаласының орнынан табылған қыш өнерін зерттеумен айналысты.Оны ерекше қызықтырған Отырар мен Фарабтың көне пеші болды.Көне Отырар қыш күйдіру пешін Кендебай Қарабдалов қайта жаңғыртуды қалады. Кендебайдың толассыз ойынан əрқашан тың туындылар өрбіп отырды.Халық шебері əрдайым үлгі болар өшпес ұлттық өнерді дамытуға көңіл бөлді. Ол үйінің ауласындаөзінің қыш күйдіру шеберханасын ұйымдастырып, онда Отырар заманындағы қыш өңдеу пешін көне құрылымдықбайланыста қайта жасап шықты.Ол отырар қыш күйдіру пешінің технологиясын зерттеп тауып, оның құрылысын сол заманғы қалпына келтірді. Бұл шеберхана қыш өңдеу технологиясын зерттеумен айналысатын зертхана қызметін атқарғанын айтөу орынды.Сол пештеқұмыралар, музыкалық аспаптар, сазсырнай, тұмарша, майшам қорабы т.б. көркем бұйымдар жасады.Өрнектік ырғақ пен əшекейлік бұйымның формасының үйлесуінің нəзік те көркемдік шешімін тапты. Қыш өнерімен шұғылдануда форма, көлем, кеңістік мүмкіндіктерін жаңа композицияқұрылымын ршеберлікпен қолдана білді.К.Қарабдалов қолынан шыққан көркем бұйымдар біртұтас галерея құрайды.Шебер əр кез елеусіз ғана дүниенің өзінен ұлттық сипат тауып, оған кесек бітімді халықтық сипат бере біледі. К.Қарабдаловтың ұлттық өнерге қосқан үлесін шығармашылық еңбектерімен көрмелерге қатысуынан көруге болады.К.Қарабдаловтың өнерге деген алғашқы қадамы отырар уілдегін жасаудан басталды.Бұл шеберхана К.Қарабдаловтың ғылыми зерттеу жұмыстарына алғаш қадам жасаған орын болып табылады.Кендебай Қарабдаловтың ерекше қабылетін танытатын еңбек – оның жасаған жер асты өнер мен музыкалық аспаптар мұражайы.Бұл өткен ғасырдағықазақтардың тұрағының бір түрін қайта жаңғырту болып танылумен қатар, өзіндік ерекшелігі бар философиялық орталық болып табылады.Бұл мекен жай өзінің сəулеттік құрылымымен қатар дүниетанымдық мəнімен де ерекше орын алады. Этнодизайнер сəулет құрылымын тылсым табиғатпен жымдастырып, еркін оймен ерекше бейнелеуге тырысқан.Сəулет нысаны аспан мен жердің арасын адамзат баласының тіршіліктегі мекен жайыекенін меңзейді. Сонымен қатар бұл құрылысжердің асты тіршіліктен соңғы мекені екендігін еске салатындай сезім тудырады. Бұл ғимаратқа кірген адам өмір философиясы туралы ой жетегіне ілеседі.Өмірдің мəнін түсінуге ұмтылады.Бұл храмның өзіндік ерекшелігі оның жер астында жеті метр тереңдікте орналасуы. Бұл философиялық орталыққа кіру дəстүрдегіден тыс орын алады. Бұл жерде басқалдақтар жоғары қарай емес, төмен қарай орналасқан.Жер астына түскен сайын ерекше атмосфера сезіледі.Бұл жерде əрбірінің өзіндік рухани қызметі мен мəні бар төрт бөлме орналасқан.Бұл рухани орталықты ойластырып жоба жасап шығарушы Кендебай Қарабдалов оны «аспан мен жердің арасы» деп атаған.Бұл нысанның қабырғасының жартысы жердің астында болса, жартысы жердің үстінде орналасқан.Бөлменің қабырғасы он екі бөлікке бөлінген, оның себебі, бұл есеп он екі айды символдық түрде білдіреді.Ғимараттың құрылысы туралы К.Қарабдалов ,- мен тоғыз ай бойы жер астында болдым, жерді қолдап қаздым,- дейді.Аталған философиялық орталық үстінде этномузей орналасқан.Ол мұнан тоғыз жыл бұрын салынған болатын.Осы жылдар ішінде мұнда бірнеше мыңдаған адамдар болған. Мұндағы полкаларда естелік жазулары жазылған, қыш құмыралар қойылған.Бұларды əр түрлі елдердің елшіліктерінің өкілдері қалдырған.Этномұражай коллекцияларының ішінде қыш бұйымдармен қатар сазсырнай, ,отырар уілдегі, қобыз сияқты музыкалық аспаптарда бар.К.Қарабдалов этнодизайнер ретінде Отырар уілдегінің, сазсырнайдың, құмыралардың, шырағдандардың көне формаларын қалпына келтірген. Сонымен қатар олардың жаңа формаларын ойлап шығарып, оны өндіріске ендірді.Қыштан жасаған музыкалық аспаптары əлемнің түкпір түкпіріндегі ұйымдастырылған көрмелерге қатысқан. Ол өзі соққан «Қылует» атты этнографиялық мұражайда шебер жасаған этнодизайнерлік бұйымдар көрсетіліп, музыкалық аспаптарда ойнап концерттік бағдарламалар беріледі. [2. 65].Өзі осы музыкалық аспаптарда ойнап, қазақтың ұлттық əндері мен күйлерін нақышына келтіре орындаушы ретінде халыққа кеңінен танылған.Бұл нысанды Қазақстандағы алғашқы жеке этнографиялық мұражай ретінде тануға болады. Қылует этномұражайықазіргі кезде дəстүрлік өнертанымдық мазмұны күрделеніп, ұлттық бояу нақышы қоюланып, философиялық мəнге толы тарихи шежіреге айналуда.Ал мұндағы қыш өнері мектебі де республикадағы өнер оқу орындарының бірінен саналады.Шеберге тəн ең басты шығармашылық ерекшелік уақытпен үндескен қыш өнері бұйымын сомдауда.Ол ғимарат болсын, музыкалық аспап болсын оған ұлттық мəн беруге, тарих пен дəстүрге байланысын көрсетуге ұмтылады.Мұражайдағы аса қадірлі бұйым –металдан жасалған табақ. Бұл табақтың да өзіндік сыры бар. Табақты ожау іспетті бұйыммен шайқағанда онан жағымды дыбыс шығады.Табақтан шыққан дыбыс адам ағзасына игі əсер ететіні анықталған.Бұл этнодизайнердің тағы бір қырын анықтап, оны этнотерапевт ретінде халыққа таныта білген бұйым болды.К.Қарабдалов өз шеберханасында қыш өңдеу өнерімен қатар ағаш өңдеуменде айналысады.Оның жасаған,қаншама ғасырлар үнін бізге жеткізген қобызы өзінің формасының даралығымен қатар, дыбысының да сонылық ерекшелігімен танылады.Ол өзі жасаған қобызбен өзі шығарған күйді орындайды.Өзінің этномұражайында қолөнер көрмесін ұйымдастырып, дəстүрлі музыка өнерінен концерт береді.Этнодизайнер К.Қарабдалов шығармашылығын зерттеу нəтижелері мынандайқорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1.Қазақ қолөнеріндегі Кендебай Қарабдалов шығармашылығы қазақ халқының дəстүрлі қолөнерін əрі қарай зерттеп, оны заманауи безендіру формаларыментүрлендіріп, жаңа технология мүмкіндіктері арқылы ерекше құрылымдық өлшем берілген этнодизайнерлік шығармашылық болып танылады.

2.К.Қарабдаловтың шығармашылығы нəтижесінде жасалған көркем бұйымдар мен музыкалық аспаптар ұлттық ою- өрнектермен безендірілуімен, ұлттық дəстүрлі формаларды қолдану ұстанымын сақтаумен ерекшеленеді.

3.Этнодизайнер ұйымдастырылған ұлттықкиіз үй құрылымынелестететін «Қылует» этномəдениет орталығы жеке тұлғаға тарихи рух дарытатын көркем мəдени жəне рухани орталық ретінде тану маңызды.

4.Қазақ халқының барлық ерекшелігі ескеріліп ағаштан ойып шығарылған, əртүрлі материалдарды қолдану арқылы жасалған «Кендебай қобызы» қолөнер шығармашылығының озық туындысы болумен қатар, этномузыкалықорындаушылық өнердің жоғарғы үлгісін көрсететін өлшем бірлігі ретінде танылады.

5.Суретшінің Отырар гончарлық пешін қалпына келтіру еңбегінің нəтижесі оның алғашқы зерттеушілік қызметі ретінде тануға болады.Оның отырар уілдегі, шырағдан, бойтұмар, сыбызғыт.б. еңбектерінің көркемдік ерекшеліктерішебердің этнодизайнерлік қызметінің жоғары деңгейін айғақтайды.

6.Кендебайдың қолынан шыққан «Отырар уілдегі» ұлттық қолөнер тарихында Кендебай Қарабдалов есімін əлемге танытқан ұлттық көркем өнер бұйымы ретінде танылды.Оның ұйымдастырған этнодизайнерлік мұражай – Қазақстанда алғашқы ашылған жеке этнографиялық мұражай болып табылады.

7.К.Қарабдаловтыңқазақ қолөнеріндегі дара тұлға ретінде танылуының басты себебі, қыш өңдеу, ағаш өңдеу, сəулеткерлік шеберліктерін тең де жоғары деңгейлерде меңгеруінде.

Əдебиет:

  1. Кемешов Д. Қышөнері. - Шымкент, ШПИ, 1992. - 94 б.
  2. Ералин Қ.Бейнелеу өнері шеберлері. - М-Талант.Алматы, 1999. - 100 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос