Ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №6 (86) март-2 2015 г.

Дата публикации: 19.03.2015

Статья просмотрена: 487 раз

Библиографическое описание:

Алимжанова, С. Д. Ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні / С. Д. Алимжанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 6.2 (86.2). — С. 61-62. — URL: https://moluch.ru/archive/86/16527/ (дата обращения: 16.12.2024).

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, кәсіпке даярлау үшін әр оқушыға қабілетіне сәйкес келетін білім беру қажет. Адамға ең бірінші еңбектің қажеттігін уақыт дәлелдеуде. Адам өмірі үшін аса қажетті әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән технология . Бір-бірімен жалғасып келе жатқан технология оқу пәнінің білім стандартындағы басты мақсат- оқушыларды белгілі бір кәсіпке бағдарлы оқыту болып табылады. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу арқылы іске асыру технологиясын жасау, оқуды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған шығармашылық үйірмелермен жұмыс жасаймын. Адам баласы туа сала емес, көре-көре жүре-жүре жетіледі. Өзім сабақ беретін 5-11 сыныптарда оқушыларға  қолөнер әрбір адамның міндетті екенін үйірме арқылы үнемі айтып отырамын. Өмір сүруіне қажетті игіліктің бәрі еңбектен табылатынын, адамдардың барлығы еңбектің нәтижесінде жақсы жетістіктерге жүргендіктерін өмірмен байланыстырып түсіндіремін.Оқудың қабілетін және белгілі бір кәсіпке бейімделетінін айқындай отырып әр оқушыға жеке тақырыптарды өмірмен байланыстырып бағыт-бағдар беріп отырамын. Сонда ғана оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен  ''сән'' үйірмесінің бағыты   ұлттық қолөнерге негізделген..Жеке оқушының  шығармашылық жұмысы да болашақта осы кәсіпті игерудегі айғағы. Әр оқу жылының соңында апталық өткізіп, көрме ұйымдастыру жылдық дәстүріме айналған. Ондағы себебім  бәсекелестік қоғамда өмір сүруге оқушыны бейімдеу- заман талабы. А  Байтұрсыновтың ''Басқадан кем болмас үшін біз білімді күшті болумыз керек'' Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек деген сөзіммен ойымды түйіндесем.Қазақ халқы талғампаз халық.Ұрпағына қалдырған бай мұрасы- тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірбиесіне толы. Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін үш анасы бар:сөз өнері,қол өнері, саз өнері.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпынуда.Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жетқан бай қазына. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі түсті ою-өрнек адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасып, сонау заманнан келе жатқан  қарым- қатынасын, көңіл күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау еткен.Менде өзім келін боп түскен  шаңырақта үлкен әжелеріміздің он саусақтарынан өнер тамған шебер екенін сөзге тиек етіп кетсем деймін. Жолдасым үнемі анасы мен Елті әжесініңөте ісмер,шебер болғандығын айтып отырады. (Алматы кітап 2003) [1, 3 б.]  

Тұрмыста тұскиізді әсемдік үшін кереге ұстаған,ал қалың киізден жасалған тұскиізді суықтан қорғану үшін пайдаланған.Өнер таусылмас азық,жұтамас байлық дегендей, ана-әжелерімізден жеткен қолөнерімізді ұрпақтан - ұрпаққа бұлжытпай жеткізу біздің 
ұстаздық парызымыз.Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлікпен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық татулық «заттанған» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі- қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз

Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйіп, қастерлей білетін адам болып табылады. В. Белинский былай деп айтқан: «Әсемдікті сезіну- адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін...,тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да  отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады,... эстетикалық сезім жақсылықтың негізі, адамгенршіліктің негізі.» Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу-ұлттың өмірге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ,ақуал ойын, дүниетанымын дамытады. Эстетикалық сезім- адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев: «Жартылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, сұлу ай жұлдызды түн міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері... адам жанының сұлулық толқынын оятып, сезім туғызбай қоймайды. Сұлулық сезімдері адамның сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан, баланың сұлулық тәрбиесіне жақсы ықпал жасауға тиіспіз.» деп өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі тиіс [1, 26 б.].    

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлікпен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық татулық «заттанған» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі- қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз:
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады  (қабылданады).
Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.
Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа «ата-жұрт», «ата-мекен», «елім-жерім», «туған өлке» ұғымдарын қалыптастырады. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйіп, қастерлей білетін адам болып табылады. В. Белинский былай деп айтқан: «Әсемдікті сезіну- адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін...,тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да  отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады,... эстетикалық сезім жақсылықтың негізі, адамгенршіліктің негізі.»

Эстетикалық сезім - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев: «Жартылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, сұлу ай жұлдызды түн міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері... адам жанының сұлулық толқынын оятып, сезім туғызбай қоймайды. Сұлулық сезімдері адамның сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан, баланың сұлулық тәрбиесіне жақсы ықпал жасауға тиіспіз.»
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, кәсіпке даярлау үшін әр оқушыға қабілетіне сәйкес келетін білім беру қажет. Адамға ең бірінші еңбектің қажеттігін уақыт дәлелдеуде. Адам өмірі үшін аса қажетті әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән технология . Бір-бірімен жалғасып келе жатқан технология оқу пәнінің білім стандартындағы басты мақсат- оқушыларды белгілі бір кәсіпке бағдарлы оқыту болып табылады. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу арқылы іске асыру технологиясын жасау, оқуды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған шығармашылық үйірмелермен жұмыс жасаймын. Адам баласы туа сала емес, көре-көре жүре-жүре жетіледі. Өзім сабақ беретін 5-11 сыныптарда оқушыларға  қолөнер – әрбір адамның міндетті екенін үйірме арқылы үнемі айтып отырамын. Өмір сүруіне қажетті игіліктің бәрі еңбектен табылатынын, адамдардың барлығы еңбектің нәтижесінде жақсы жетістіктерге жүргендіктерін өмірмен байланыстырып түсіндіремін.Оқудың қабілетін және белгілі бір кәсіпке бейімделетінін айқындай отырып әр оқушыға жеке тақырыптарды өмірмен байланыстырып бағыт-бағдар беріп отырамын. Сонда ғана оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен  ''сән'' үйірмесінің бағыты   ұлттық қолөнерге негізделген..Жеке оқушының  шығармашылық жұмысы да болашақта осы кәсіпті игерудегі айғағы. Әр оқу жылының соңында апталық өткізіп, көрме ұйымдастыру жылдық дәстүріме айналған. Ондағы себебім  бәсекелестік қоғамда өмір сүруге оқушыны бейімдеу - заман талабы. А  Байтұрсыновтың ''Басқадан кем болмас үшін біз білімді күшті болумыз керек'' Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек деген сөзіммен ойымды түйіндесем.
Қазақ халқы талғампаз халық.Ұрпағына қалдырған бай мұрасы- тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірбиесіне толы. Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін үш анасы бар:сөз өнері,қол өнері, саз өнері.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпынуда.

Әдебиет:

1. Энциклопедия. - Алматы кітап, 2003

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бай.


Задать вопрос