Шағын бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 11.03.2016

Статья просмотрена: 2566 раз

Библиографическое описание:

Спанова, Л. К. Шағын бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі / Л. К. Спанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.5 (109.5). — С. 22-25. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26823/ (дата обращения: 22.11.2024).



В статье проанализировано развитие малого бизнеса в зарубежных странах.

Ключевые слова: малый бизнес, конкуренция, предпринимательство.

Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдерде шағын бизнесті дамытуда көптеген шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын бизнес экономиканың дамуына көп әсерін тигізетін факторлардың бірі. Шағын бизнестің экономикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық - несиелік қамтамасыз ету болып саналады. Шағын бизнестің жақсы дәрежеде дамуы, мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік - қаржылық көмексіз өркендей алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйену Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.

Қазақстанның шағын кәсіпкерлігін дамыған елдермен салыстырғанда байқалатыны жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштеріне қосар үлес пен халықтық жұмыспен камтамасыз етілуі сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалушылық бар, сонымен қатар дамыған елдердегі сияқты Қазақстандағы ШКС барлық шаруашылық субъектілерінің 90%-ына иелік етеді. Мысалы, дамыған елдерде ШОК субъектілерінің шығаратын өнімдері көлемінің жылдық үлесі жалпы ішкі өнім көрсеткіштері бойынша 43%-дан (Канада) 57%-79%-ғa дейін құраса, Қазақстандағы оның үлесі 3 еседен кем, яғни 15%-ға тең. ШОК секторынан орын алатын халықтың үлeci бойынша біздің еліміздің көрсеткіштері дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен (кесте 1). Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 23% деңгейінде тұрса, дамыған елдерде 47%-дан (Канада) 75%-ға (Жапония) дейін [1].

Қазақстанның ШОК секторы сапалық құрылыс бойынша өзінің шетелдік ұқсас секторлары бойынша едәуір өзгеше.

Қазақстанның 40%-ға жуық ШКС көтерме және жеке сауда саласын қамтиды да, ШКС-ның20%-дан астамы ауыл шаруашылығына тән.

АҚШ-та шағын бизнестің құрылымы басқаша қызмет саласының шынайы көрінісі 58%, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 20%-дан астамы құрылыс пен сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асырады.

Кейінгі онжылдықтарда экономикалы дамыған Батыс елдеріндегі бәсекенін дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.

Кесте 1

Дамыған елдер мен Қазақстанның шағын кәсіпкерліктегі макрокөрсеткіштерін салыстыру

Мемлекет

тер

Елдің жалпы ішкі көрсеткішіндегі ШК/ШОК-тің үлесі, %

Жалпы жұмыспен қамтылудағы ШК/ШОК-тің үлесі, %

Шаруашылық секторындағы ШК/ШОК-тің үлесі, %

АҚШ

97,60

54

52

Канада

99,80

47

43

Жапония

99,20

75

52

Ұлыбритания

99,10

56

52

Франция

97,60

57

50

Германия

99,30

69

57

Италия

99,20

73

55

Қазақстан

92

23

15

Ескерту: статистикалық мәліметтер бойынша автор құрастырған

Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономикалық құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлк топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.

Дамығын елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл атқарады: сауда, автосервиз құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын кәсіпорында жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызымет, информатика, микроэлектроника, телекомуникация слалаларына әртараптаңдырылып жатыр.

Шағын және орта кәсіпорындарын ірі кәсіпорындарымен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ –та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерліктер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ – тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.

АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін – жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады [2].

АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, бөлшек сауданың 72%-ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр.

Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен қысқарту кезінде шағын кәсіпорынжұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму мысалы көрсеткендей, шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруне тез бейімделеді. АҚШ Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25%-ға дейін үлес қосады.

АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдануға ие. әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын бизнес туралы» заң. АҚШ конгрессіне шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы – шағын бизнесті жан-жақты қолдау. әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.

АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасалады.

АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:

- Бюджеттен тікелей дотациялау;

- Мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіп орындарда орналастыру;

- Шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;

- Шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.

Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар- ол университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармадлар жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты – жаңа кәсіпкерлерге жан –жақты көмек көрсету болып табылады. Себебі көптеген кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен , мүмкіндігі жоқ, осындай кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа , қаржыландыру көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік, жекеше болуы мүмкін. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар:

Инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу.

- жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;

- жаңа жұмыс орындарын ашу.

Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та шағын кәсіпорындар экономикада жетекші рөл атқарады. Сондықтан да федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта бизнестің дамуына үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр.

Жапониялық шағын және орта бизнес. Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен тәжерибеге ие болып отыр.

Жапонияға шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі, шағын бизнесті дамыту арқылы жапония соғыстан қираған әлден жоғары технологиялық дамыған елге айналады. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.

Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-зы, көтерме сауданың 60%-зы, бөлшек сауданың 80%-зы тиеді. Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды жаңртуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуға көмек береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолданудың басты ерекшелігі – басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорынға жеңілдетілген салық мөлшермесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр [3].

Ресей Федерациясындағы шағын және орта бизнес. Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылады.

1995 жылы Ресей Федерациясында «Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар екі жылға дейін табыс салынған төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға Федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-зы келіп түседі [4]. Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:

- Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек;

- қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асырады.

Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.

1994-1995 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мемлекеттік программасы» жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаны іске асырғаннан кейін, Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті қолдауды біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлар мен орталықтар кіреді.

Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік Федералдық және жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әртүрлі жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің инфрақұрылымын құру жобалары қаржыландырады.

2015 жылдың басына есептегенде Ресей Федерациясында 900 000-нан аса шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды. Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны – 7 адамнан тұрды.

Ұлыбританияның шағын бизнестегі тәжерибесі. Ұлыбританияда шағын бизнес субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 миллион фунт стерлингтен аспайтын, активтер сомасы 1 миллион фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік концультациялық қызметі бастаушы кәіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселелерді қалай шешу керек екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі туралы, нарықты қалай зерттеу керек екендігі туралы кеңестер. Шағын бизнес жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әртүрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында кәсіпкер үшін қарыздық кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді.

Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш-жігерді шет елде шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн.

Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатяр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға – жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда – 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.

Әдетте әкімшілік процедуралар шағын кәсіпорындарды құруға кедергі келтіретіні мәлім. Сондықтанда Франция Үкіметі формальды мәселеледі қысқартуға көшті. Францияда шағын және орта бизнесті экономика, қаржы, индустрия министрлігінің бір департаменті бақылайды. Әкімшілік қысым бірқатар әкімшілік, әлеуметтік процедураларды оңтайландыру арқасында азайды.

Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет бонификациялайды. Бонификация – бұл жеңілдету. Қаржылық механизм арқылы мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырды.

Сонымен қорытындылайтын болсақ, шетел елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Финк Т. А. Малый и средний бизнес: зарубежный опыт развития [Текст] / Т. А. Финк // Молодой ученый. — 2012. — №4. — С. 177-181.
  2. Малый бизнес: зарубежный опыт [Электронный ресурс], 2015 - Режим доступа: http://www.mispnsk.ru/articles.html?id=45
  3. Кунин В.А., Александрова Е.А. Анализ зарубежного опыта поддержки малого предпринимательства // Российское предпринимательство. 2014. № 1 Вып. 2(176). С.36-43.
  4. Абдимомынова А.Ш., Жаксыгулова Р.А.Малый инновационный бизнес в Республике Казахстан. Россия и Казахстан: опыт научно-экономического сотрудничества, перспективы интеграции. Сборник статей международной научно-практической конференции. ФБГОУ ВПО Ставропольский государственный аграрный университет; Кызылординский государственный университет им. Коркыт Ата. 2015. С. 10-15.
Основные термины (генерируются автоматически): бизнес, орт, канада, малый бизнес, Казахстан, мена, сан.


Похожие статьи

Сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі жүйелер

В статье приведены проблемы обеспечения безопасности и пути улучшения качества молочных продуктов.

Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының «қазақстандық» үлгісін жетілдіру бойынша ұсынымдар

В статье даны рекомендации по совершенствованию «казахстанской» модели местного самоуправления.

Саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы

Мақалада саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы талданады.

Заманауи мұғалімнің этномәдени креотосферасы біртұтас әлеуметті-педагогикалық феномен ретінде

Экологиялық туризмнің құқықтық негіздері

Мақалада экологиялық туризмнің мәні және қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы айтылады.

RFID-технологиясын қолдану перспективалары

RFID технологиясының негіздері және осы технологияны қызметтің әртүрлі салаларында қолдану ерекшеліктері қарастырылады.

Медициналық қызметкерлердегі кәсіби стрестің негіздері

Бұл әдеби шолуда кәсіби стресстің медицина қызметкерлерінің негізгі денсаулығына әсері жайлы әлемдік мәліметер келтірілген. PubMed, Springer мен Google-Академия базалары қолданылып, әдеби шолу жасалыңды.

Жастар арасында девиантты мінез-құлықтың қалыптасу ерекшеліктері және оны алдын-алу шаралары

В статье дана классификация влияющих факторов в формировании девиантного поведения среди молодежи, а также рассмотрены методы и технологии по возрастным категориям.Это значимая проблема в обществе, которая предлагает пути полноценного внедрения нацио...

Корпоративтік салықтық менеджменттің қызмет ету ерекшелігі

Инновациялық әлеуетті зерттеудің теориялық негіздері

Похожие статьи

Сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі жүйелер

В статье приведены проблемы обеспечения безопасности и пути улучшения качества молочных продуктов.

Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының «қазақстандық» үлгісін жетілдіру бойынша ұсынымдар

В статье даны рекомендации по совершенствованию «казахстанской» модели местного самоуправления.

Саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы

Мақалада саясат және медиа түсініктерінің өзара байланысы талданады.

Заманауи мұғалімнің этномәдени креотосферасы біртұтас әлеуметті-педагогикалық феномен ретінде

Экологиялық туризмнің құқықтық негіздері

Мақалада экологиялық туризмнің мәні және қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы айтылады.

RFID-технологиясын қолдану перспективалары

RFID технологиясының негіздері және осы технологияны қызметтің әртүрлі салаларында қолдану ерекшеліктері қарастырылады.

Медициналық қызметкерлердегі кәсіби стрестің негіздері

Бұл әдеби шолуда кәсіби стресстің медицина қызметкерлерінің негізгі денсаулығына әсері жайлы әлемдік мәліметер келтірілген. PubMed, Springer мен Google-Академия базалары қолданылып, әдеби шолу жасалыңды.

Жастар арасында девиантты мінез-құлықтың қалыптасу ерекшеліктері және оны алдын-алу шаралары

В статье дана классификация влияющих факторов в формировании девиантного поведения среди молодежи, а также рассмотрены методы и технологии по возрастным категориям.Это значимая проблема в обществе, которая предлагает пути полноценного внедрения нацио...

Корпоративтік салықтық менеджменттің қызмет ету ерекшелігі

Инновациялық әлеуетті зерттеудің теориялық негіздері

Задать вопрос