Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: История

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 05.10.2015

Статья просмотрена: 813 раз

Библиографическое описание:

Туякова, А. Е. Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы / А. Е. Туякова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19 (99). — С. 8-18. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22305/ (дата обращения: 16.12.2024).

Аталмыш мақалада, Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасу ерекшеліктері жайында айтылған. Кәсіптік-техникалық оқу орындары, елімізде Кеңестік билік толығымен орнап, кеңестік үлгідегі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрыланнан кейін саяси идеологиялық, мәдени және әлеуметтік экономикалық салада түбегейлі өзгерістертер мен байланыстыруға болады.  Сонымен қатар, кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасу барысындағы кемшіліктеріне де тоқтолып кеткен.

В данный статье рассматривались особенности формирования профессионально-технических учебных заведений в Казахстане. Профессионально-технические заведения были основаны на установках индустриализации, новой экономической политики и коммунистического строя. А также наряду с этим автором отмечены недостатки в системе образования в профессионально-технических учебных заведениях Казахстана.

 

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қолы жетіп, егеменді ел ретінде жаңа сапалық сатыға көтерілген таңда, өзінің ұлттық болмысын, тарихындағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасуы мен әлеуметтк бағыттылығын зерттеуге қызығушылық танытты. Олай болса, төл тарихымызды жаңа көзқараста қарау мүмкіндігіне қол жеткіздік.

Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасуын 1920 жылы елімізде Кеңестік билік толығымен орнап, кеңестік үлгідегі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрыланнан кейін саяси идеологиялық, мәдени және әлеуметтік экономикалық салада түбегейлі өзгерістертер мен байланыстыруға болады. Бұл өзгерістердің бәрі социалистік қоғам орнату жолындағы саяси арнаға келіп тоғысып жатты. Республикадағы саяси өзгерістермен бірге азаматтық қарсы тұру жылдары мен Азамат соғысының салдарынан тұралап қалған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру шаралары жүзеге асырыла бастады. Жаңа экономикалық саясат ұстанымдарын өмірге енгізу науқаны басталды. Аталмыш іс шаралардың барлығы қатаң партиялық (большевиктік) — идеологиялық тұрғыда негізделіп отырды.

Халыққа білім беру жүйесінің бір саласы ретінде Қазақстанның кеңес заманындағы кәсіптік білім саласы да қалыптасудың белгілі бір тарихи кезеңдерін басынан кешірді. Орталықтың нұсқауларына сәйкес республикаларда да кәсіптік-техникалық оқу орындарын басқаратын органдар құрылды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту үшін кәсіби мамандар даярлауға бағытталған арнаулы мектептер және курстар ашылды, маман жұмысшыларды дайындауға баса назар аударылды.

Кеңес өкіметі халық бұқарасына тегін білім алу мен жоғарғы білім алу құқығын бергенімен, қарапайым жұмысшылар мен шаруалардың жоғарғы оқу орындарына түсу барысындағы тұрған ең басты ауыртпалықты жоя алмады. Бұл бөгет жұмысшы — шаруа жастарының жоғарғы мектеп курсын өтуге дайын болмауында еді. Жұмысшылар мен шаруалардың орта білімі болмады және жоғарғы оқу орындарында өтілетін пәндерді меңгере алмады. Бұл бұқара халықтың жоғарғы оқу орындарына қабылдануын тежеп қана қоймай, студенттердің белгілі бөлігін оқудан шығып кетуіне себеп болды. Алайда, Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі еңбек етуші жастарды жоғарғы оқу орындарына түсуге даярлайтын орта мектептердің құрылу уақытын күте алмады. Кеңес үкіметінің алдында жұмысшылар мен шаруалардың жоғарғы оқу орындарына түсу құқығын кеңіткенімен, өкінішке орай, қоғамның алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері мен буржуазия деп саналған ауқатты топ өкілдерінің азаматтық құқықтары бұзылып, «буржуазия мен буржуазиялық интеллигенция өкілдерінің жоғарғы білімге деген басымдықтарынан айыру керек болды» [1, б.67–69].

Кәсіптік-техикалық білім беруде Коммунистік партияның ұстанған ұстанымы техникалық ілім мен қоғамдық ғылымдарды байланыстыра оқытуға және жастарды социалистік құрылысқа атсалысуын қамтамасыз етуге негізделді. Кеңес үкіметінің кәсіби-техникалық оқу орындарын ұйымдастырудың алғашқы түрі ретінде жұмысшы факультеттерін ашу ісінен бастады. Оқу үрдісінің кеңестік идеологияға жауап беретін жаңа түрлерін іздеу, еңбек етуші бұқараның шығармашылық талпыныстары жұмысшы факультеттерінің құрылуына әкелді. Мысалы, Кеңес үкіметі 1919 жылы 2 ақпанда К.Маркс атындағы халық шаруашылығы институтында тұңғыш жұмысшы факультетін ұйымдастырды. Жұмысшы факультетінің ашылуына байланысты өткен жиналыста Халық ағарту ісі бойынша халық комиссары А. В. Луначарский оның маңызы туралы сөз сөйлеген. Бұл оқиғадан кейін 1919 жылы наурызда өткен РКП(б)- ң VIII съезінде жоғарғы білім беру жүйесі алдына төмендегідей мәселелер қойылды: «Барлық оқуға ниет еткен адамдарға, соның ішінде бірінші кезекте жұмысшыларға жоғарғы мектеп аудиторияларына қол жеткізу мүмкіндігін беру, білім алушы пролетариат пен шаруаларды материалдық тұрғыда қамтамасыз ету». Съезд шешімдерін басшылыққа ала отырып РКФСР 1919 жылы 11 қыркүйекте «Барлық университеттер мен жоғарғы оқу орындарында жұмысшы факультеттерін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылданды. Жұмысшы факультеттерінің ұйымдастырылуы 1920 жылы 17 қыркүйекте заң жүзінде негізделді [2, б.58].

1921 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Орынбор және Торғай губерниялары бойынша 16 кәсіптік-техникалық оқу орындары жұмыс істеген. Олардың ішінде ауыл шаруашылық мектептері, тау кен барлау курстары, кәсіптік-техникалық мектептер, техникумдар болды. Бұл оқу орындарында барлығы 1822 адам оқыған. Орал губерниясында кәсіби-техникалық бағыттағы 4 оқу орнында 316 оқушы білім алған. Олар: құрылыс техникалық мектеп пен ұн тарту техникалық (мукомольно техническая школа) мектептері еді. Семейде ауыл шаруашылық, қаржы есеп, кәсіптік-техникалық мектептері жұмыс істеген.Сонымен бірге, Қазақстанда Ташкен темір жолы басқармасының қатынас қызметін қадағалайтын мамандар даярлайтын 7 техникалық мектебі қызмет еткен. 1921 жылы Қазақстан бойынша мына мамандықтар бойынша мамандар даярланған: техника- 1293 адам, ауыл шаруашылығы — 1027, экономика — 706, ветеринария — 100, байланыс — 173, жол қатынасы — 822, медицина — 44 адам және т. б. [3, б.41].

Қазақстанда 1921 жылдың қаңтар айында (Түркістан Республикасына қарайтын Сырдария және Жетісу обылыстарын есептемегенде) 2 мыңға жуық адамдар оқитын әртүрлі кәсіби бағыттағы 30 мектеп пен курстар жұмыс істеген. Олар үш кәсіптік-техникалық мектеп, темір жол, телеграфистерін дайындайтын екі мектеп, бір ауыл шаруашылық мектебі, қалғандары жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, байланыс, спорт, темір жол саласына жұмысшылар дайындайтын мектептер еді. Мектептерде оқу төрт жылдық, ал курстарда бір немесе бір жарым жылдық мерзімде жүргізілді. Мұндай оқу орындарының саны 1921 жылдың аяғында 57-ге жетті [4, б.78].

1921 жылдың ақпан айында Қазақ АКСР ОАК жанындағы кәсіби-техникалық білім беру жөніндегі Бас комитетін құрды. Осы жылы кәсіби техникалық оқу орындарына 2 мың жас жеткіншектер қабылданды. Қарсақпай мыс қорыту, Риддер қорғасын, Семей тері өңдеу, Шымкент хим-фарм зауыттарында және еліміздегі басқа да кәсіпорындар жанынан фабрика-зауыт училищелері ашылды. Бұл училищелерде болат құйюшы, құбыр жөндеуші, темір жонушы, темір және ағаш ұсталары, бұрғышылар және басқа да маман-жұмысшылар дайындау ісі жолға қойыла бастады.

Еліміздегі индустриаландыру саясатымен сәйкес келген бірінші бесжылдықта Қазақстанда 40 ірі өнеркәсіп орны іске қосылды. Республиканың халық шаруашылығы саласында өнеркәсіптің үлес салмағы 6,3-тен 35,9 пайызға көтерілді [5, б.95]. Бұлардың бәрі, сөз жоқ маман жұмысшыларды қажет етті. Шаруашылық салаларын фабрикалық-зауыттық училищелердің түлектерімен қамтамасыз ету мен сұраныс арасында қайшылық пайда болды. Сондықтанда республикадағы индустрияландырудың алғашқы жылдарында, яғни 1928 жылы ФЗУ-дің саны жиырма бірге жеткен болатын. ФЗУ мектептері Қарсақпай мыс қорыту, Риддер қорғасын зауыттарында, Қапал тоқыма фабрикасында, «Ембімұнай» кәсіпорындарында, Петрапавол шойын қорыту және былғары, Шымкент химфарм зауыттарында құрылды. Олар ағаш ұсталарын, кен қазушыларды, слесарьларды, токарьларды және басқа да маман жұмысшылар дайындай бастады.

Республикадағы индустрияландыру науқаны кезеңінде өндіріске құрал-жабдықтар, технологиялық процестер, автоматты және механикалы жабдықтар еңгізілуіне байланысты осындай күрделі құрал жабдықтарды игерген кәсіби маман кадрларды талап етті. Ондай жұмысшылар мен кәсіби мамандар өндірістің өзінде жеке бригадалық оқу арқылы дайындалды. Мұндай ерекшеліктердің пайда болуының өзіндік себептері де болды. Өнеркәсіптік, көлік, байланыс салалары ауылдық жерлерден келген жұмысшылармен қамтамасыз етілді, ал олардың жалпы білімі төмен, ересек адамдар еді. Оларды дайындау Орталық еңбек институты (ЦИТ) ұйымдастырған курстар арқылы іске асырылды. Республикамызда 1928–1929 оқу жылында бұл институттың екі арнаулы базасы және екі оқу орталығы болды, олар 490 жұмысшы дайындайды, оның 360-ы қазақ жастары еді. Бұдан кейінгі уақытта жағдай айтарлықтай өзгере бастаған. Жұмысшы құрамына келушілер көбейе түсті. 1929–1930 жылдары аталмыш институттың үш базасы және төрт оқу орталығы болды. Олар 6359 жұмысшы дайындады, оның 4500 қазақ жұмысшылары еді. Ал, 1930–1931 оқу жылында он екі базасы және 65 оқу орталығы болды, онда 26125 жұмысшылар оқыды, оның 19590-ы қазақтар болатын [6,б.42].

Күрделі кәсіптік мамандық беретін жұмысшылар дайындауда ФЗУ мектептерінің орны ерекше болып қала берді. Олардың саны 1930 жылы 36 болса, 1932 жылы 54-ке жеткен. Тек ауыр өнеркәсіп салаларында ғана 8-ден 15-ке дейін өсті. Олар, әсіресе көмір, мұнай, металлургия және тау-кен өнеркәсіптеріне жұмысшы мамандар дайындады. Бұл жылдары ФЗУ мектептері оқушыларға кәсіптік мамандық пен қатар, жалпы білім де бере отырып, жастардың орта және жоғары арнаулы оқу орындарына түсуіне тікелей жағдай жасады.

Өнеркәсіп орындарының жаулап дамуын және оған маман жұмысшылардың қажеттігін ескере отырып, КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1933 жылы 15-ші қыркүйекте ФЗУ мектептері туралы арнаулы қаулы қабылдады. Бұл қаулыда кәсіптік-техникалық оқу орындарының маман жұмысшылар дайындаудағы атқарған қызметі атап көрсетілді. Сонымен қатар олардың оқу мерзімі ұзақ, соның нәтижесінде ФЗУ-дың түлектері өндіріске бармай бірден жұмысшы факультетеріне (рабфак), техникумдарға, жоғары оқу орындарына түсіп отырды. Сондықтан да ФЗУ мектептерінің оқу үрдісін қайта құру қажет болды. Ендігі жерде оның оқушыларының оқу уақытының 80 пайызын өндірісте өтуі керек болды, ал қалған уақыты жаңа кәсіпті игерудің теориялық негізіне арнауы керек деп табылды. ФЗУ-дың әрбір түлегі өндірісте үш жылдан кем жұмыс істемеуі тиіс болды [7, б.110]. Тәжірибе мынаны көрсетті, 6 айдан бір жылға дейінгі мерзім маман жұмысшы дайындауға жеткіліксіз болды. Одан кейінгі уақытта олар өз мамандығын өндірісте жетілдіруі қажет еді. Сондықтанда 1935 жылы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі ауыр өнеркәсіп комиссариатына ФЗУ-да жұмысшылар дайындайтын оқу мерзімін бір жарым жылға дейін, қайсібір күрделі мамандықтар бойынша екі жылдан үш жылға созуға рұқсат беріді.

Соған сәйкес республика партия, кеңес және кәсіподақ ұйымдары да жаңа талапты басшылыққа ала отырып, кәсіптік-техникалық оқу орындарының базасын нығайтты, оларды оқытушылармен және шеберлермен қамтамасыз ету ісін жақсартуды қолға алды. Бұл салада сан алуан қаулылар қабылданып, әртүрлі мәселелер қаралды. Ұйымдастыру жұмыстары іске асырылды, олар өзінің нәтижесін де бере бастады.

Шаруашылық салаларының күрделене түсуі мен өндіріске жаңа техниканың енуіне байланысты ФЗУ мектептерінің саны арта түсті, оқушыларды да көптеп қабылдады. Бірақ, олар өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқара алмады. Себебі, уақыт өмір талабы кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарын қайта құруды қажет етті.

Республиканың қала және село жастары жаңа училищелер мен ФЗО мектептерінде оқуға ынта білдірді. Оқуға арыз қабылдаудың алғашқы күндерінде-ақ Алматыдан 2000, Семейден 1500, Шымкенттен 1500, Зырьяновскіден 371 арыздар келіп түсті. Училищелер мен ФЗО мектептеріне Қостанайдан, Ақтөбеден, Өскеменнен жүздеген арыз қабылданды. Бұл жерде назар аударарлық жағдай, 25 мыңнан астам арыз түсіп, бір орынға 5 адамнан келген. Қысқа мерзім ішінде өнеркәсіп, көлік тағы басқа да мекемелердің базасы негізінде 35 кәсіби техникалық оқу орны құрылып, онда 5880 оқушы оқыды. Оқу желтоқсанның 1-нен басталды [8, б.3].

Кеңестік идеологиялық талаптарға сәйкес жұмысшы факультетіне түсушілердің таптық жағдайын анықтау үшін мандаттық комиссиялар құрылды. Олардың құрамына партия, комсомол және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кірді. Комиссияның жұмысында талапкерлермен жеке әңгімелесу жүргізген партия өкілдерінің қызметкерлеріне маңызды орын берілді. Жұмысшы факультетінің мандаттық комиссиялары қатаң таптық сараптау қағидасына сүйене оқуға қабылдану ережелерінің орындалуына бақылау жүргізді. Мысалы, 1923 жылдың көктемінде РКП(б)-ң Қазақ облыстық комитеті бюросының отырысында Орынбор жұмысшы факультетіне қабылдау нәтижелері жайлы мандаттық комиссияның анықтамасы тыңдалды. Партияның облыстық комитеті мандаттық комиссияның жұмысын қолдады. Қабылдау ережелерін қатаң сақтаудың нәтижесінде 144 оқуға түскендердің 74-і жұмысшы, 41-і шаруа, ал қалғандары қоғамдық жұмысқа белсене қатысқандар деп атап өтілді [9,б.88].

Қазақ АКСР де партия мен үкімет жұмысшы факультетінің студенттер құрамын арттыру бағытында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды: дайындық бөлімінің тыңдаушылары үшін қосымша стипендиялар тағайындалды, негізгі курс студенттерінің стипендиясын көбейту үшін қаржы бөлінді. Алайда 1922 жылдың соңында қаражат пен білікті педагог мамандардың жетіспеуі салдарынан Семей жұмысшы факультеті РКФСР Халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша жабылды. Осылайша Орынбор жұмысшы факультеті республикадағы жұмысшылар мен шаруаларды жоғарғы оқу орнына дайындау бойынша жалғыз ғана оқу орны болып қалды.

Жұмысшы факультеттерінің қоғамдық өмірінде маңызды рөлді студенттік кәсіподақ ұйымдары атқарды. Кеңес өкіметі Қазақстанда социалистік құрылыстың қажеттілігін қанағаттандыратын мамандарды даярлау мәселесіне де таптық тұрғыдан келді. Кеңес өкіметі Қазақстанның өзінде бұл жылдары жоғары оқу орнын ашуға материалдық және мәдени алғышарттар жасалмаған деген сылтаумен республикаға қажетті жоғары білікті мамандар даярлауды Ресей мен Украинаның жоғары оқу орындарында жүргізді. Кеңес үкіметі Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, Х.Досмұхамедов сынды көптеген жоғары білікті ұлттық зиялы қауым өкілдерін білім беру саласынан идеологиялық себептерге байланысты алыс ұстауға тырысты. Олардан жастардың санасына ұлтшылдық рухын себеді деп күдіктенді. Ұлттық зиялы қауым өкілдерінің интеллектуалдық мүмкіндіктерін Кеңес үкіметі толық пайдаланудан бас тартты. Оларды ғылыми-шығармашылық қызметке араластырған күннің өзінде, қатаң идеологиялық бақылауда ұстады.

Сол себепті, алғашқы қазақстандық жұмысшы факультетінің түлектеріне Мәскеу, Петроград және басқа қалалардың жоғарғы оқу орындарына жолдама беріліп, олар үшін оларға арнайы орын бөлінді. Мысалы: Орынбор жұмысшы факультетін бітірген тұңғыш 36 түлегі — Темирязев атындағы ауылшаруашылық академиясына, Саратов медицина институтына, Орта Азиялық мемлекеттік университетке және т. б. түсті. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары РКФСР Халық ағарту комиссариаты Орынбор жұмысшы факультетіне бірталай қаржылай және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету бағытында көмектесіп тұрды. Алайда, бұл бағыттағы Ресей, Өзбекстан, Украина сияқты көршілес одақтас республикалардың жан-жақты қолдауы мен көмегіне қарамастан Қазақстанда жоғарғы білікті мамандар дайындау ісі баяу алға жылжыды.

Коммунистік партия және Кеңес үкіметі ұлттық мүддеден алшақ, таптық сана тұрғысында көзқарасы қалыптасқан ұлттық интелегенциясын құру мәселелеріне көп көңіл бөлді. Оны шешудің жолдарын былайша ұйымдастырды: жоғары оқу орындарына, техникум, жұмысшы факультеттеріне шығу тегі бойынша жұмысшы немесе шаруа өкілдерінен ұлттық республика өкілдері үшін орындар алдын ала бөлінді, оларға оқуға түскенде кең көлемде жеңілдіктер жасалды. Жаңғырту кезеңі мен халық шаруашылығын қайта құру жылдарының басында Қазақстан үшін жоғары білікті маман кадрлар даярлау ең алдымен РКФСР және Өзбек ССР-ң жоғары оқу орындарында жүргізілген еді. Дегенмен, оқуға түсерде Қазақстанның жұмысшылары мен шаруалары өкілдерінен таптық тұрғыда іріктеп алынған жастарының алдында тұрған үлкен қиындық туғызған мәселе олардың білім деңгейі мен дайындық дәрежесі болатын. Жалпы, бұл мәселе тек қазақ жастарына ғана тән қиындық емес еді. Өйткені, іріктеу барысында білім емес, шыққан тегі мен таптық көзқарасы негізгі талап ретінде алынған жүйеде жоғарыда аталған қиындықтың болуы заңды еді. Осындай себептерге байланысты да, орталық жоғары оқу орындарына жолдама алған қазақ студенттерінің артқа қайтуға мәжбүр болған фактілері жиі кездесіп отырған. Бұған қазақ жастары, әсіресе ауылдық жердегі орыс тілін жетік білмегенді қоса айта кету керек.

Кеңес үкіметі бұндай күрделі жағдайдан шығудың бірден бір жолы жұмысшы факультеттерінің қызметін жандандыру деп түсінді. Таптық сипатта ашылған оқу орындары қазақ жастарына жоғары мектепке түсуге ғана дайындаған жоқ, сонымен қатар қажетті деңгейде орыс тілін меңгеруге көмектесті.Республиканың жұмысшылары мен шаруаларын жұмысшы факультеттеріне халық білімі бөлімі қарамағындағы таңдаулы губерниялық комиссиялары жолдады. Олардың қатарына Коммунистік партияның губерниялық комитеттері, комсомол және губерниялық кәсіподақ комитеттерінің өкілдері кірді. Таңдау комиссиялары қазақ жастарының жолдамаларына ерекше көңіл бөлді.РКП(б) Орталық Комитетінің Қазақстандағы облыстық партия комитетіне жолданған жеделхатында жергілікті халыққа жұмысшы факультеттеріне жолдаманы бірінші кезекте берілуі туралы нұсқау берілді. Қазақ жастарына жұмысшы факультеттеріне түсуді жеңілдету үшін РКФСР Халық ағарту комиссары Ақмола және Семей губернияларын Омбы жұмысшы факультеттерінен қазақ таңдаушыларына орын бөлу және біршама даярланған үміткерлерді қабылдау жүйесін ретке келтіруге мүмкіндік берді. 1925 жылы Омбы жұмысшы факультеттерінде Ақмола мен Семей губернияларынан 53 тыңдаушы оқыды. 1924 жылы күз мезгілінде Омбы жұмысшы факультеттерінің жанынан қазақ-татар дайындық бөлімі ашылды, оған қазақ жастарынан 20 адам қабылданды.Жұмысшы факультетінің басшылығы дайындық бөлімнің тыңдаушыларының санын жыл сайын өсіруді міндет етіп қойды. Бөлім бағдарламасына орыс тілі мен әдебиетін, тарих пен география, саяси сауат ашу пәндері кірді. Дайындық бөлімінде оқығандардың негізгі бөлігін жұмысшы факультетінің 1-курсына көшірілді. Дайындық бөлімінде оқығандардың көпшілігінде ауылдық мектеп көлемінде ғана білімі бар болатын және орыс тілін өте әлсіз білген еді. Міне, сондықтан да жұмысшы факультеттері жанынан ашылған ұлттық бөлімдер қазақ жастарының оқу бағдарламасын, кейін жоғарғы оқу орнының да күрделі бағдарламаларын меңгеруде үлкен септігі тиді. Омбы жұмысшы факультетінің Кеңесінде атап көрсетілгендей, ұлттық бөлімде сабақ беруге қазақ тілін білетін педагог мамандар тартылған. Осындай бөлім Мәскеудегі Түсті металл және алтын институтының жанынан ашылған жұмысшы факультетінде де жұмыс істеді. Орта Азиялық Жоспарлау институтының жанындағы Жұмысшы факультетінде дербес қазақ топтары ұйымдастырылды.

Партиялық ұйымдардың басшылығымен губерниялық таңдау комиссиялары жоқ мектепке Қазақстанның жұмысшы тобының ең белсенді өкілдерін тарту қызметін жандандыра бастады. Бұл жұмыстардың негізгі түрлері мынадай болды: біріншіден, кәсіпорындарда жұмысшылар мен мәдени құрылыстағы жұмысшы факультеттерінің рөлі жайлы әңгімелер (сауалдар) өткізіліп отырды. Олардың алдында осы өндіріс кәсіпорындарының ұжымының шешімімен республикадан тыс жұмысшы факультеттеріне оқуға жіберілген тыңдаушылары сөз сөйледі. Жұмысшы факультеттері өздерінің оқулары жайлы, бұл факультетте өткізілетін қоғамдық-саяси іс-шаралар мен жұмыстары жайлы баяндаған. Екіншіден, газеттердің бетінде Қазақстан үшін орталық жұмысшы факультеттерінде бөлінген орындар саны туралы үнемі хабарланып тұрды. Мұның бәрі еңбекші жастарда жұмысшы факультетіне деген қызығушылық туғызды. Әрине, оқуға барғысы келетіндер саны жоспарланған орындар санынан біршама көп болды. Мысалы, республика Халық ағарту комиссариатына 1924 жылы тамызда ғана жұмысшы факультетіне жолдама беруді сұраған 300-ден астам өтініш түскен [10,б.78].

Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетіне болашақ білікті мамандарды даярлайтын негізгі орталықтар Москва, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), Ташкент, Омбы және Қазан сияқты алдыңғы қатарлы дамыған қалалар болды. 1925 жылдың күзінде Ташкенттің жұмысшы факультеттерінде 144 тыңдаушы оқыды, оның 96 қазақ, Омбыда — 55, Ленингардта — 67, Қазанда — 40 тыңдаушы оқыды. Мәскеу жұмысшы факультеттерінде де қазақ студенттерінің саны жоғары қарқынмен өсті. Бұл мәліметтер Қазақстанда тек бір жұмысшы факультеті қызмет еткенде республиканың жұмысшы және шаруа табынан шыққан жастарының басым бөлігі тек жалпы білімдік емес, сонымен бірге саяси-идеологиялық дайындықтан өткізетін одақтық жұмысшы факультеттерінде де кәсіби — техникалық мамандық алғандығын көрсетеді. Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының деректері бойынша 1927 жылы республикадан тыс жұмысшы факультеттері мен оқу орындарында 1000-нан астам қазақстандық жігіттер мен қыздар оқып-білім алып жатқан екен. Нақтылай келсе, Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарын қалыптастыру, әлеуметтік бағыттылығымен ұштасты.

Қазақстанда осы тарихи кезеңде орын алған жаңа экономикалық үрдістер ел басшылығының алдына кәсіби маман жұмысшы кадрларын даярлау міндетін қойды. Сондықтан да Қазақстандағы кәсіби-техникалық оқу орындарының қалыптасуы бірінші кезекте экономикалық үрдістерге тікелей байланысты еді. Олай болса, Кеңес үкіметі социалистік қоғамның басты тірегі ретінде жұмысшы табының әлеуметтік статусына ерекше саяси идеологиялық маңыз бергені белгілі. Сол себепті шеткі аймақтар мен алыс өңірлерде де, жұмысшы табын қалыптастыруда және оларды материалдық өндірістегі белсенділігін арттыруда кәсіптік-техникалық оқу орындары ерекше орын алады. Кәсіптік білім беру жүйесінің мақсаты — кәсіптік мектепті бітірушілердің еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ету, әрі кәсіби дайындықтың жоғарғы деңгейін қалыптастыруға жағдай жасау. Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2003 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Алдымызға қойған статегиялық мақсаттарға жету үшін бізге кәсіби біліктілігі жоғары мамандар керек»,-деп атап көрсеткен еді [11, б.3]. Бұдан біз заман өзгерсе де кәсіби мамандарға деген сұраныс және оларды даярлау мәселесі қай қоғамда болмасын өткір қойылатын мәселе екенін аңғарамыз. Жаңа экономикалық саясат, одан кейінгі индустриаландыру науқаны Қазақстанда кәсіби мамандығы бар жұмысшыларды дайындау ісіне үнемі назар аударылып отыруын талап етті. Республикалық кәсіби-техникалық мектептер өз жолын аз санды және жекелеген фабрика-зауыттық оқудан бастап, маман жұмысшыларды дайындаудағы қалыптасқан жүйеге айналды.

 

Әдебиет:

 

1.         Қожамқұлов Т. Профессионально-техническое образование в Казахстане.- Алма-Ата, 1962. 67–69 б.

2.         Асылбеков М., Нурмухамедов С., Пан Н. «Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1946–1965 гг.), 1979. 58б.

3.         ҚР ОММ 81 қор, 1 тізбе, 30 іс, 35–36, 41 б.

4.         Михайлов Ф. К. «Профессионально-техническое образование в Казахстане», 1962. 78б.

5.         Қожамқұлов Т. Профессионально-техническое образование в Казахстане.-А., 1962. 95б.

6.         ҚРОМА, 81-қор, 1-тізбе, 201-іс, 42-б.

7.         Ескеев Ж. Педагогическое образование в Казахстане 1917–1930.- Алматы, 105–110 б.

8.         ҚРОМА, 81-қор, 1-тізбе 317-іс, 3-б.

9.         Сулейменов Р. Б. Великий Октябрь и культурные преобразования в Казахстане. Алматы, 1987, 88 — б.

10.     ҚР ОМА, 81-қор, 1-тізбе, 342-іс, 78-б.

11.     «Егеменді Қазақстан», 2003, 4 тамыз. 3б.41. ҚР ОМА, 1565-қор, 12-тізбе, 240-іс, 25-б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Казахстан, маман, Профессионально-техническое образование, сан, VIII, орт, партия, партия мен, пена.


Задать вопрос