Құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселелері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық құжаттары мен мақаларында басты орын алады. Мысалы, Қазақстан халқына арналған өзінің Жолдауларында Мемлекет Басшысы құқықтық жүйеге, оның дамуы мен жетілдіруіне, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше назар аударады. Бұл мәселелер ҚР Президентімен бекітілген бес институционалдық реформада және «100 нақты қадам» Улт жоспарында да белгіленген.
2016 жылы 6 қантарда басылымға шыққан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласының мәні өте зор, себебі онда біздің мемлекеттің әрі қарай даму жолдары көзделген. Осы Ұлт жоспарының екінші реформасы құқықтық тәртіб пен заңдылыққа арналып отыр, оның негізгі мәні – тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындалуына және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталуы тиістігінде.
Біз бұны дұрыс деп есептейміз, себебі өркениетті құқықтық мемлекетте құқықтық тәртіб пен заңдылық орын алу керек, онда заңдардың бәрі бұлжытпай орындалуға тиіс, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары толық көлемде қамтамасыз етілуі керек, құқықбұзушылық үшін қатан жауапкершілік көзделуі тиіс, заң үстемділігі қағидасы іс әрекетін жүргізуі керек.
Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетте құқықтық тәртіп пен заңдылыққа қатысты бір қатар нормативті-құқықтық актілер қабылданды. Олардың ішінде келесілерді атауға болады: ҚР Заңдары «Сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы», «Сот приставтары туралы», «Атқару өндірісі және сот приставтарының мәртебесі туралы», «Жоғарғы сот кеңесі туралы», «Әділет органдарының кәсіби коллегиялары туралы», «Құқыққорғау қызметі туралы», «Медиация туралы», «Сыбайласқа қарсы іс қимылдар туралы», Жер, Су, Орман, Кеден, Салық, Бюджет, Неке және отбасы кодекстері, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі, Қылмыстық, Азаматтық кодекстері, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстері, Еңбек кодексі т.б.
Ел Басы белгілегендей, біріншіден, барлық осы нормативті-құқықтық актілер сот жүйесіне қоғамның сенімін арттыруына ықпал етеді. Әрине, әділдік тек сотта болатыны белгілі. Сол себептен, әділдік, кінәлі тұлғамен жасалған әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін дұрыс бағалауды, ол жағдайды ауырлататын және жеңілдететін мән жағдайларды, сотпен кінәліге тағайындалатын жазаның турі мен мөлшерін анықтауды қамтиды.
Екіншіден, процессуалдық істерге әділетті шешім қабылдау үшін сапалы судьялар корпусы жасақталуы керек. Ол үшін судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі мен оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптары заң тұрғысынан қарастырылған. Сондықтан соттар қатарына үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер іріктелінеді. Судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерістері қоғам үшін мөлдір және ашық болады.
Сонымен қатар, өзінің аппараты бар, құрамы мен өкілеттілігі кеңейтілген автономды мемлекеттік мекемеге айналатын Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланады.
Үшіншіден, сот жүйесі үш сатылы болады, яғни, бірінші, апелляциялық және кассациялық инстанциялар. Сонымен бірге, істердің басым мөлшері бірінші және аппеляциялық инстанцияларда шешілетін болады. Ал, судьяларды және сот мәжілісіне басқа да қатысушыларды тәртіпке шақыру мақсатында және сот процессі мен сот қабылдаған шешімнің объективтілігін қамтамасыз етілуіне байланысты сот залдары сот істерін аудио және видеожазудың аппаратураларымен жабдықталынады және жазбаларды қандай да бір тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді.
Төртіншіден, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриі түбегейлі қайта құрылады, ол азаматтардың судьялардың іс-әрекетіне арыз шағымдарды қарайды; судьялардың Этикалық кодексі қабылданады; Жоғарғы Сот жанынан дауларды, оның ішінде, ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін мамандандырылған алқа құрылатын болады; қылмыстық іс жүргізу шеңберінде соттарда, оның ішінде сотқа дейінгі кезеңде, айыптау мен қорғау арасында теңгерім қамтамасыз етілетін болуы тиіс; соттардың төрағалары басқа судьялар қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі мүлдем болмайды; мемлекеттік сот орындаушыларын кезең-кезеңімен қысқарту арқылы жеке сот орындаушыларының институты одан әрі дамытылады.
Бесіншіден, сот төрелігін барынша объективті атқаруға мүмкіндік беретін және құрметті зейнетке шыққан судьяларды зейнетақылық қамтамасыз ету бойынша барлық мәселелерін шешуді қарастыратын заң қабылданады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіп сияқты құқықтық құбылыс тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп дегеніміз қоғамдық өмірді белгілі бір жүйеге, ұйымдастырушылыққа, тәртібке келтіруді білдіреді. Мысалы, осыған байланысты мемлекет Басшысы бізге барлық құқық қорғау органдары және бәрінен бұрын полицияның адамдардың мүддесін қорғау үшін және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту бойынша қызмет етуі қажет деп тұжырымдады. Ол үшін жергілікті билік органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылады. Олар қоғамдық тәртіп күзеті, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көрсету мәселелерді жүзеге асырады.
Бұдан басқа, азаматтардың этикалық нормаларды бұзған полициялардың үстінен түсірген арыз-шағымдарын қарайтын қоғамдық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңестік органдар жүйесін құрылады; сонымен бірге, «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» интернет-порталы құрылатын болады. Ол бойынша осы веб-ресурсқа елдегі барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жедел енгізіледі. Бұл жұртшылықтың құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін бақылауына мүмкіндік береді. Осымен бірге, бұған дейін заңнан аттап, сол үшін жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік жағынан көмек көрсету мен ықпал ету қарастырылады.
Қорытындылай келе, біздің мемлекет Басшысы бұл проблемаларды бекер қозғап отқан жоқ деп айтқымыз келеді. Себебі, заңдылық пен құқықтық тәртібсіз қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу, экономикалық реформаларды нәтижелі жүргізу, адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, қылмыспен күресу, құқықтық мәдениет пен сана сезімді қалыптастыру мүмкін емес. Ойткені, елде жасалып жатқан өзгерістердің бәрі адамның өмірі мен тіршілігін жақсарту болып табылады.
Біздің елдің негізгі мақсаты – 30 өркениетті елдің қатарына еңу болса, қоғамда құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға және нығайтуға шақырамыз.
Әдебиет:
- 2016 жылы 6 қантарда басылымға шыққан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол».