Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өмірге икемді тұлға қалыптастыру. Сондықтан, мектеп мұғалімінің басты мақсаты - оқушыға тиянақты білім беру және алған білімін қолдана алатын деңгейге жеткізу. Осы мақсатқа жету үшін әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, оқушыларды шығармашылыққа үйрету, оқушылардың сенімін бекемдеп, білімге деген ынтасын арттыру басым міндет.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильм Уарт: «Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттандырады»,- деген екен.
Ал, қазіргі заманда егеменді еліміздің, тәуелсіз жеріміздің болашағы жас ұрпақтарының қолында десек, сол ұрпақты, жастарымызды тәрбиелеуде мұғалімдер сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануда. Осы мақсатта маған Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздері ұнады. Бұл курста өзгеден бұрын өзімізді өзгертуіміз қажет екенін білдім.Бізге ұсынылып отырған осы бағдарламаның негізі -мұғалімнің пәнді оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастамасы. Бұл бағдарламаның басым бөлігісындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Осы теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Мұғалімнің оқыту мен оқудағы іс-әрекетінің қазіргі замандағы әдістері Бағдарлама аясында жеті модульге біріктірілген. Осы курста,«Диалог негізінде оқыту мен оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқыту керектігін үйрету»(Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік – сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданатындығын түсіндім. Және оны тәжірибеге енгізу барысына осы тәсілдердің оқушылардың білім алуда жетістіктерге жететінін, белсенділіктері артатынын сабақ барысында көз жеткізгендей болдым.
Жеті модулдың ішінде «диалогтық оқытудың» ерекше рөл атқаратындығын байқауға болады. Егер диалогты сабақта тиімді жүргізер болсақ, оқушылардың білім алуы жеңіл болар еді. Н.Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және оның үш түрі бар делінген [1].
Осы әңгімелесудің сабақ барысында әңгімелесудің зерттеушілік кезеңі басым болған жағдайда диалогтық оқыту орнайды. Оқушылар топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтар бойынша жұмыс жасайды, және бірге ойланып, сол тапсырманы шешуге үйренеді. Бұл оқушылардың өз ойын еркін айтуғаықпал жасап, сабаққа қызығушылығы оянады. Көп жағдайда сыныптағы оқу мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде қалып қояды. Оқушылар өз ойын еркін айта алмайды.
Мұғалім оқушылар жауабына мына нәрсе дұрыс, мына нәрсе дұрыс емес деп шектеу қояды. «Мына нәрсе қызықты екен» - деп айта алмайды. Мұғалімнің сұрақтарды қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгімесі оқушылардың ойлау деңгейлерін, өз ойларын жеткізуін дамытпай қояды. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтық оқытудың маңызды рөл атқаратындығын көрсетті.
Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын айтады. Оқушылардың білім алуын жетілдіру үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі әдістерін пайдалануға болады. Диалог негізінде білім алу бұл оқушы – мұғалім, оқушы –оқушы арасындағы өзара сұхбаттасуы, диалогтың оқушылардың сабақты меңгеру барысында өзіндік ой пікілерін жүйелеу мен дамытуды меңзейтінін тәжірибе барысында көрінді. «Менің ойымша» деген ұғымның қалыптасуына ықпал етеді. Осы тәсілдерді қолдану оқушылардың өздігінен білімді жинақтай отырып, бұрынғы және жаңа білімдерін ұштастырып, білім алатындықтарын білім алуға жауапкершіліктерінің артатынын көрдім. Тәжірибе кезінде осы алған білімімді барынша қолдануға тырыстым.
Дерек көздерді пайдалана отырып, оқушыларға жоспарланған тақырыпты меңгеруіне ықпал етуге тырыстым.«Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабақтың мақсатын сабақтың құрылымын жаңарта отырып құрдым. Сыныпты үш шағын топқа бөлдім. Оқушыларды топтарға бөліп, сабақ өткізу тиімді. Оқушылар арасындағы қарым-қатынастарыжақсарады, дұрыс сөйлей білуге үйренеді, оқушылардың білімін жетілдіреді. Топтар арасында оқушы өзінің жақсы қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік алады. Диалог процесі бүкіл топтағы адамдармен де, екі адамның арасында да жүреді. Топтағы оқушылардың әңгімесі арқылы олар бір-бірін үйретеді.
Үй тапсырмасын «БЖӘ» әдісі арқылы, сұрақтарға жауап алдым. Осы әдіс арқылы мұғалім мен оқушының арасында диалог орнағанын байқадым. Мысалы, үй тапсырмасымен жұмыста:
-Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы не білесіңдер?
-Қандай шығармаларын оқыдыңдар?
-Қай шығармасы ұнады? Неліктен? –деген сұрақтар тастадым ортаға.
Оқушылар: Булаев ауданында дүниге келген.Төрт жасынан мектепке барды. Қызылжардағы медресеге оқуға түсті. Бұдан әрі «Ғалия» медресесінде жалғастырды.Әрі қарай «Батыр баян», «Туған жер», «Қорқыт», «Түркістан» т.б. шығармалары бар екенін айтты. Бізге «Батыр Баян» поэмасы ұнады. Өйткені батырлардың ерлік көрсеткен қасиеттері, ерен ерліктері ұнады, -деп жарыса жауап беріп жатты.
Дегенмен маған ұнамағаны, оларың сұрақтарға тек бір сөзбен ғана жауап бергісі келгендігі, сондықтан олар өздерінің ойын толық жеткізе алмады. Осының нәтижесінде сабақта диалог өз дәрежесінде көрініс таба қойған жоқ.
Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын қосатынын байқадым. Келесі сабағымда даоқушылардың арасында диалог қалыптасуы үшін үй тапсырмасын сұрау кезінде «БЖӘ» әдісін пайдаландым. Оқушылар сабаққа қызығушылық таныта бастады. Сабаққаынтасы төмен оқушылардың өзі шамалары келгенше сұрақтарға жауап беріп жатты. Диалогтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметі оқушының танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Баланың тіл байлығын дамытады. Диалогті сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе іске асырылады: жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық оқыту екі адамның арасында жүреді. Онда негізгі мақсат –екі оқушының сөйлесуі мен бір-бірін тыңдауы арқылы іске асырылады. Мұнда оқушылар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді.
Топтық оқыту арқылы арнайы құрылған шағын топтардың іс-әрекеті нәтижесінде жүреді. Топтар сабақтың өтуіне қолайлы шағын 5-6 адамнан тұрады және мұғалімнің алдына қойған мақсатына сай құрылады. Топқа тапсырма бергенде мақсатын айтамын, оқушылар топта тапсырманы ой елегінен өткізіп, талқылайды, талдайды. Топта пікірлесіп, бір оқушы шығып тобының жұмысын қорғайды.
Осы әдіс-тәсілдерді қолданғанда баланың өз ойын айта білуі, бірлесіп пікірлесуі оның білім алуға ықпал жасайтынын түсіндім. Мұғалім сұрақ қою арқылы баланың пәнге қызығушылығын, сенімін, сыни тұрғыдан ойлауға, бір-бірінен үйренуіне, тыңдауына ықпал жасайды. Диалогтық оқытуда сұрақ қоя білудің өзі маңызды рөл атқарады, себебі сұрақ түсінікті әрі әсерлі болса, сабақ берудің тиімді құралына айналады.
Егер сұрақ оқушының ойлауына әсер ететін болса, оқушы өз ойын жинақтап айтады. Келесі сабағымда «Баяндама» оқыта үйрету ойынын ойнаттым. Бұл ойынның ережесі бір оқушы мәтінді мұқият оқып береді, қалған оқушылар тыңдайды сол тыңдағандарын сурет, сызба, белгі түрінде береді, постер жасайды. Оқушылар сол жасаған постерлерін ауыстырады.Соған қарап, баяндама жасайды.
Есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін «Бейнелі жады» - оқыта үйрету ойынын ойнатамын.Бұл ойында кез келген құрал-жабдықты, плакатты қолдана отырып, мылқау қойылым көрсетеді. Соңында әр топтың тапқырлығын, ойларының бірегейлігін, білімін бағалау қажет. Әр топ мүшелері бір-бірінің жұмыстарын жетондар арқылы бағалайды. Сабақ соңында «Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?»- дегенде қуанғаным, аталған жұмыста оқушылар «мүмкін», «егер» деген сөздерді қолданып,айтқандарын дәлелдеуге тырысты.Өздерінің ойын еркін,ашық айтуға бейімделді.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төмен дәрежелі сұрақтар және жоғары дәрежелі сұрақтар. Сабақ барысында мен сұрақтардың екі түрінде пайдаландым және балаларды сұрақтарым арқылы үнемі ойлауға итермеледім. Сұрақтарды оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет.
Л.Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады дейді.Оқушылар көбірек білетін басқа біреумен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оларды оқыту оңай болады. Басқа біреу оның сыныптастары немесе мұғалімдері болуы мүмкін. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен,ЖАДА(жақын арадағы даму аймағы) аясында қарастырылатын болса, оқыту табысты болмақ. Оқушылар осы жұмысты орындауда диалог арқылы бір-бірінен үйренді, білім алды білмегенін толықтырды, оқыту да оңай болды. Бұл тапсырманы орындауда оқушыларым түгел белсенділік танытты.
Зерттеулерде (Н.Мерсер) оқушыларды сыныпта талқылауға тарту оларға өз түсінігін көрсетуге, әр түрлі адамдардың әр түрлі пікірі бар екенін түсінуге ықпал етеді, өз пікірлерін негіздеуге және балалардың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл пікір сабақты қорытындылау кезінде жүзеге асты. Оқушыларға оқулықтағы қорытынды сұрақтарды оқуды ұсындым. Сынып сұрақтарды талқылауға салды. Мерсер, айтқандай, егер балаларға бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік берілсе, олар бір-біріне ойларын айтады, пікір алмасу барысында өз пікірлерін негіздеуге мүмкіндік алады десек бұл жұмыс алдыңғы айтқан идеялармен қоса осы идеяның да дәлелі болғандай болды және зерттеушілік әңгімеге де оқушылар тартылды. Сондықтан әр сабақты өткізу барысында оқушыға олардың арасында зерттеушілік әңгіме өрбіп, диалог болатындай тапсырмалар беруіміз қажет деп ойлаймын.
Сабақ барысында оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының білімінің тереңдеуіне көп септігін тигізеді.Көбінесе зерттеушілік әңгімеде көрінеді. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді.Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады: идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді: ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады.
Әдебиет сабағын өткенде бала қиялына барынша еркіндік беруге, шығармаға сын айтуға ынталандыру керек.Сол кезде баланың фантазиясы ашылады. Шығарманы өзінше түсінеді.Яғни, шығармада айтылған ойды емес, айтайын деген ішкі құпиясын білдіруге талпынады. Мағжан Жұмабаевтің: «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз,түссіз бір нәрсеге айналмақ, мылқау өмірге үн беретін,сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын,барды гүлді,көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып,тәңірімен тілдестіретін сол фантазия», -дегені тегін емес. Әдебиет сабағында дәстүрлі оқыту әдісі мен оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалану балаларды шығармашылыққа тәрбиелеуде, дамытуда тиімділігі зор.
Әріптестер тәжірибиесінен байқағаным, оқу үрдісінде оқушылардың бейімділігі мен есте сақтау қабілеттері-әдеби шығарманы талдау барысында айқын көрінеді және дамиды. Жаңалық ашуға ұмтылысы балада жаңалыққа деген қажеттілік пайда болған кезде көрінеді. Сондықтан, бала талантын ашудың басты кепілі-оқушыны әдеби шығармашылыққа тәрбиелеу. Оқыту барысында мұғалім өз пікірін білдірмей тұрып, алдымен оқушылардың пікірін тыңдай білу керек.Олар қате айтып тұрса да, оның пікірін «дұрыс емес»деп, бетіне басуға болмайды.Қалай да жолын тауып өз қателігін өзіне дәлелдеу керек.Сонда ол оқушы өз пікірінің дұрыс,бұрыстығын айыра алатын дәрежеге жетеді,әр оқушы мен мұғалімнің қатынасы дұрыс сақталады екен.
Қорыта айтқанда, диалогтық оқытуоқушылардың өз білімін жетік білуге, талдауға, сөйлеуге, жақсы оқуға, бірлесіп жұмыс жасауға көп көмегін тигізетінін,сабақта маңызды рөл атқаратынын көрдім. Оқушылар өздері қалыптастырған білім арқылы үлкен нәтижелерге жетеді деп ойлаймын.
Әдебиет:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші (негізгі) деңгей. Астана, 2014.
2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, «Атамұра», 2011.
3. Сынып жетекшісінің анықтамалығы. Астана, 2009.