Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қорларды бағалау әдісін таңдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Калымбетова, А. Р. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қорларды бағалау әдісін таңдау / А. Р. Калымбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 32-34. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49774/ (дата обращения: 16.12.2024).



Есептегі бағалау мәселелері жөніндегі пікірталас 19 ғасырда басталған. Бірақ, ерекше басымдылық, біздің еліміздегі есептің дамуына ерекше ықпал еткен, неміс бухгалтериясына берілген. Бухгалтерлік есеп саласындағы Ресей экономистерінің еңбектерін атап өту керек. Мысалы, Я.В.Соколовтың арқасында, өзіндік құн қағидасы танылып, кейіннен нормативті құжаттарда бекітілді [1]. Бұл қағида объективті, себебі бұл жағдайдағы бағалау құжаттарға негізделген және бағалау заты үшін, шындығында ақша сомасы төленетін немесе төленеуі тиіс. Ол екіжақтылық қағидасынан шығады, себебі шаруашылық өмірдің фактілері шынайы қандай бағамен орындалса, сол бағамен есепте көрсетілуі тиіс; мүліктер қандай бағамен сатып алынған болса, сол бағамен есептен шығарылады; және қаржылық нәтижелер барынша шынайы көрсетілген, себебі оларға қайта бағалау әсер етпеген.

К.Ш.Дюсембаев, Т.А.Тасмағамбетов, Д.О.Абленов жұмыстарының негізінде, баланс баптарын бағалаудың келесідей қағидаларын атауға болады [2,3] :

- бағалау үшін заттарды дифференцияциялау маңызды – сатуға арналған ба, жоқ өз өндірісінде пайдалануға арналаған ба;

- бағалау үшін әдістер мен тәсілдер тарапынан, дайын түрде сатып алынатын заттар мен кәсіпорынның өзімен жасалатын немесе өзгертілетін заттарды бөліп ажырату маңызды;

- сатуға арналған және нарықтық бағасы бар заттарды бағалауда – екі бағадан (дайындау және нарықтық) төменгісін қабылдау керек.

- тұтынуға арналған заттар дайындау құны бойынша бағаланады;

- жартылай фабрикаттар – дайындау құны бойынша немесе өндіріс шығындарының құны бойынша, бағалануы тиіс.

Материалдарды орташа өлшемдік бағалары бойынша бағалау келесі есеп процедураларымен байланысты болған. Материалдардың номенклатуралық номерлері бойынша ашылған дербес есептерде, әрбір есепті кезеңнің бірінші күніне қалдық натуралды өлшемде және ақшалай өлшемде де шығарылып отырған. Сомасын санына бөлу арқылы, берілген номенклатуралық номердегі материал бірлігінің орташа өлшемдік өзіндік құнын анықтайтын.

«Жою» әдісімен бағалаудың мазмұны, әрбір партия ай соңындағы қалдықпен бірге, толық шығысқа жіберілгенге дейін өз партиясының бағасы бойынша есептен шығарылатынында. Егер, бірінші әдіс қиын және күрделі болса, себебі материалдың әрбір түрін бағалауда үнемі, осы материалды бағалау үшін белгіленген орташа өлшемдік бағасы туралы белгі жасау үшін, тиісті карточкаға қарап отыру қажет болған, ал «жою» әдісімен бағалау, күмәнсіз дұрыстау болып табылғанымен, бұл жерде де қиындықсыз болмаған. Тәжірибеде бұл әдістің қиындығы, материалдардаң белгілі партиясының біткен-бітпегенін әрдайым тексеріп отыру қажет болғанында. Бірақ шығыс ешқашан кіріспен сәйкес келмейтін, сондықтан материалдардың бір бөлігі – бірінші партияның бағасы бойынша, ал басқа бөлігі – келесі партияның бағасы бойынша бағаланатын.

«Жою» әдісі бойынша бағалау, отандық есептің өз кезінде ФИФО және ЛИФО әдістеріне ұқсас өндірістік қорларды бағалау тәжірибесінің болғанын білдіреді. Бұл есептің халықаралық стандарттарына көшу барысында маңызды болып табылады.

Материалдық қорлар есебін жоспарлы (есепті) бағалар бойынша жүргізуге көшу, бір уақытта көліктік дайындау шығындар есебі мен жоспарлы бағалардан ауытқуларды есепке алуды ұйымдастыруды қарастырды (тиісті шоттарды белгілеумен).

Барлық көліктік дайындау шығындары мен жоспарлы бағалардан ауытқулар – «Шикізаттар мен материалдар» синтетикалық шотында есепке алына бастады. Бұл жерде «Көліктік дайындау шығындары» субшоты ашылуы мүмкін болған – онда жоғарыда көрсетілген шығындардан басқа, жоспарлы бағалардан ауытқулар көрініс табатын. Материалдарды жоспарлы өзіндік құны бойынша ағымдық бағалауда, нақты өзіндік құннан ауытқулар сатып алынған материалдардың жоспарлы өзіндік құнына қатысты – үнемдеу немесе артық жұмсауды көрсеткен.

Халықаралық стандарттарға көшуде қиындық туғызған жағдай, біздегі бухгалтерлік есептің ұзақ уақыт бойына әлемдік тәжірибеден алыс болғандығы.

Қазіргі уақытта, қорларды бағалауға әсер ететін келесідей факторларды атауға болады :

а) иелік сипаты :

- меншік құқығы бойынша ұйымға тиесілі;

- ұйымға тиесілі емес, баланстан тыс есепке алынатын;

б) пайдалану тәртібі :

- өндірісте пайдаланатын – материалдар;

-сату үшін – дайын өнім мен тауарлар;

-еңбек құралы ретінде пайдаланатын – шаруашылық құралдар,

орнатудан кейін негізгі құралдар құрамында қызмет жасайтын қорлар; в) қорларды алғашқы есепке алу формасы .

үздіксіз есеп жүйесі,

кезеңдік есеп жүйесі.

Материалдық қорлар келесідей кезеңдерде бағалауға жатады :

- есепке қабылдау,

- өндірісте пайдалану,

- тауарлар мен дайын өнімді сату,

- есепті кезеңнің соңына қалдықтарды анықтау, бухгалтерлік есептілікте көрініс табу.

Бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес материалдық қорлар есепке қабылданғанда нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады. Бұл нормативті құжат қорларды сатып алу және дайындау құнына кіретін шығындар құрамын біршама өзгертіп, кеңейтті [4].

Материалдық қорларды өндіріске жұмсауда, немесе басқадай есептен шығаруда стандарттар ұйымдарға оларды (сату бөлшекті бағасы бойынша есепке алынатын тауарлардан басқа) келесідей әдістердің біреуімен бағалауды ұсынады:

- әрбір бірліктің өзіндік құны бойынша,

- орташа өзіндік құн бойынша

- алғашқы сатып алынған материалдық қорлардың өзіндік құны бойынша (ФИФО),

Әр әдісті жеке толығырақ қарастырайық. Әрбір бірліктің өзіндік құны әдісін пайдалану (жалпы идентификациялау әдісі), қорлардың әрбір бірлігін ерекше белгілеуді қарастырады, ол кез келген уақытта материалдың құнын анықтауға,қорлардың нақты түрінің әрбір бірлігінің сатылған күнін анықтауға және ұйымда қалған қорлардың құнын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті пайдалануда, материалдық қорлар құнының қозғалысы, олардың нақты (физикалық) қозғалысымен тікелей сәйкес келеді. Бұл, материалдық қорлардың физикалық және құндық айналымдарын толық сәйкестендіретін жалғыз әдіс.

Нормативті құжат бұл әдісті ұйыммен ерекше тәртіпте пайдаланылатын қорлар үшін (құнды металлдар мен тастар және т.б) пайдалануды ұсынады.Ауыл шаруашылығы ұйымдарында бұл әдіс өз өзектілігін жоғалтады.

Орташа құн әдісі қорлардың құны туралы берілгендердің негізінде есептік кезеңнің басымен соңына кезең барысындағы қорлар айналымының құны туралы шынайы ақпарат алуды қарастырады. Кезең бойында қор бірлігінің орташа құнын есептеудің нақты алгоритмі қорлар есебінің әдісіне байланысты (үздіксіз немесе кезеңмен) анықталады.

Есептің үздіксіз әдісін пайдалануда қорлардың орташа құны құбылмалы орташа әдісімен есептеледі.

ФИФО әдісі материалдық қорларды олардың бастапқы құны бойынша бағалаудан тұрады. Ол қорлар құнына олардың ағымдағы құнына жақындатылған мағына береді және үздіксіз және кезеңдік есепте бірдей қолданыла береді.Сонымен қатар, бұл әдісті пайдалануда қорлар құнының қозғалысы олардың натуралды көрсеткіштегі қозғалысымен нақты сәйкес келмесе де соған жақындайды, жәнеде қорларды сатып алумен жұмсаудың жиілігі көп болған сайын жақындау ұлғая түседі.

Бұл әдістің негізіне, қорларды пайдалану мен сатуда олардың құнынан алғашқы келіп түскен және қорлар құрамында барлығынан ұзағырақ болған қорлардың құны алынып тастауы тиіс қағидасы алынған. Бұл әдісті пайдалануда, қорлардың әрбір нақты бірлігін сатып алумен сатудан түскен шығыстар мен табыстарды салыстыру мақсат емес. Тәжірибеде, әдетте, қорлар келіп түсу мерзіміне байланыссыз қоймада араласып кетеді,бұл нақты бірліктің қозғалысын бақылап отыруға мүмкіндік бермейді. ФИФО әдісін пайдалануда қорлар құндарына байланысты топтарға бөлінеді.

Бағалардың үнемі өсу кезеңінде ФИФО әдісін пайдалану, таза табыстың барынша мүмкін жоғары деңгейін береді. Кезең соңында материалдық қорлар қоры соңғыларының бағасы (ең көп шығындардың) бойынша бағаланатын болғандықтан, олардың көлемі өседі. Бұл сатылған өнімнің төменгі өзіндік құнын береді, нәтижесінде, ол таза пайданың ең жоғары көлемін алуға тікелей әсер етеді.Бұл әдіс тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда жақсы қолданылады, себебі, тез бұзылатын болғандықтан сақталу мерзімі шектеулі, олардың алғашқы сатып алынғандары бірінші болып пайдаланылады[5].

Сонымен, әрбір ұйым, қандай факторлар ол үшін маңызды екенін нақты анықтауы тиіс – салықтың сомасын азайту ма, инвестициялар тарту үшін ең көп пайданы көрсету ма, немесе инфляциялық процестерді тегістеу керек па. Қойылған мақсаттарға байланысты қорларды бағалаудың тиімді әдісін таңдап алуға болады. Мысалы, инвестиция тарту үшін ең жоғары пайданы көрсету үшін, ФИФО әдісін қолдану қажет. Таңдауды жеңілдету үшін, біз бағалау әдістерінің салыстырмалы талдауын жүргіздік (1 кесте).

1 кесте – Отандық тәжірибеде пайдаланылатын өндірістік қорларды бағалау әдістерінің салыстырмалы талдауы

Өндірістік қорларды бағалау әдістері

Оң әсер етуші факторлар

Теріс әсер етуші факторлар

Балансқа әсері

Қаржылық нәтижелер туралы есепке әсері

Күтілетін экономикалық тенденциялар

Орташа өзіндік құн

Бағалардың өсуі мен төмендеуін тегістейді

Басқару шешімдерін қабылдауда табысты болжамдауды қиындатады

Тегістеу

Тегістеу

Экономикалық циклдарды ажыратпай, болжамдауды қиындатады

Әрбір бірліктің өзіндік құны

Қаржылық нәтижені бағалаудың объективтілігі

Аналитикалық есеп өте күрдклі ауыр болады

Объективті көрсету

Объективті көрсету

Экономикалық циклдардан тәуелсіздік

Алғашқы сатып алынғандардың бағасы бойынша – ФИФО

Инфляцияның өсуінде бағаларды көтеру мүмкіндігі

Салықтық салмақтың күшеюі

Бағалар өскенде активтерді көтеру, төмендегенде – төмендету

Бағалар өскенде пайданы көтеру, төмендегенде – төмендету

Қаржылық нәтижелер мен активтер құнына экономикалық даму циклының әсер ету кезеңін ұлғайту, тиісті баға саясатын жүргізу

Ескерту- әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

Тәжірибеде көптеген ұйымдар орташа әдісті қолданады.Ауыл шаруашылығы ұйымдарымен пайдаланылатын қорлардың түрлі номенклатурасында әрбір бірліктің өзіндік құны бойынша әдісті қолдану мүмкін емес. ФИФО әдісі партиялар бойынша есепті жүргізуді қажет етеді. Орташа құн әдісі есептеу үшін ең қарапайым әдіс болып табылады, сондықтан есеп қызметкерлері соны пайдаланғанды ыңғайлы көреді.

ФИФО әдісінің артықшылығы – оның қарапайымдылығында; материалдардың физикалық ағымымен сәйкес келетінінде; баланстағы соманың шамамен қорлардың ағымдағы нарықтық құнымен сәйкес келетінінде. Бұл әдістің кемшіліктері – «қағаздағы» табыстарды баяндау, ал салық салу мақсатында пайдаланғанда – салықтың жоғары сомалары төленеді.

Ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін, біз орташа құн әдісін қолдануды ұсынамыз, өйткені бұл жағдайда қорлардың орнын толықтыру резерві пайда болады, себебі сатылған өнімнің өзіндік құнына, құны келесі өндірістік кезеңге қажет материалдық қорлардың нарықтық бағасынан айырмашылығы аз ғана қорлар кіреді.

Әдебиет:

  1. Соколов Я.В. Бухгалтерский учет от истоков до наших дней.– М: ЮНИТИ, 1996 – 638 с.
  2. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева А. Удит и анализ финансовой отчетности. Алматы: Экономика, 2000.
  3. Тасмағамбетов Т.А., Абленов Д.О. Бизнестегі есеп пен талдау. Оқу құралы. Алматы. Дәуір. 2002. 416б
  4. Гетьман, Терехова, Шнейдман и др. «Финансовый учет». М: Финансы Статистика. 2002
  5. Назарова В.Л. «Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов» Алматы: Экономика, 2002
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Бухгалтерский учет, немес.


Задать вопрос