Қазақтың ұлттық ойындарын мектепке дейінгі мекемедегі дене тәрбиесіне қолдану әдістемесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (63) апрель 2014 г.

Дата публикации: 28.03.2014

Статья просмотрена: 3739 раз

Библиографическое описание:

Есиркепов, Ж. М. Қазақтың ұлттық ойындарын мектепке дейінгі мекемедегі дене тәрбиесіне қолдану әдістемесі / Ж. М. Есиркепов, Г. М. Есиркепова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 53-54. — URL: https://moluch.ru/archive/63/10011/ (дата обращения: 16.12.2024).

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, тәрбиелейтін негізі іс-әрекет- ойын. Ойын арқылы балалар ұйымшылдыққа үйренеді. Қазақ халқы балалардың дені сау болып қалыптасуына көп көңіл бөле білген. Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы ғылыми тұрғыдан ғалымдар көп ізденген. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістері педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттеген этнограф, педагог-ғалым Әбубәкір Диваев өзінің «Қазақ балаларын қалай жұбатады», - деген мақаласында қазақтың бауырмалдылығын сипаттай келіп, «бала бас бармағын көтеріп, оған пайғамбарымыз не дейді деп, көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - десе, «Бес саусақ» ойынымен саусақ атауларын алға тартады. Саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелей  шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығын сөз етеді [1, 126-127 бб.].

Қазақтың белгілі ғалым-ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов,             Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудің тәрбиелік мәнін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдаған.  Ұлтымызды ұлықтайтын тұрмыс-салтының өзі - дене тәрбиесіне негізделген. Бесікке салудан бастап, баланы шомылдыру, маймен сылау, тұсау кесу рәсімі, атқа мінгізу, ұлттық ойындарға араластыру - баланы жастайынан шынықтыру, моральдық-рухани нығайту, темірдей тәртіпке үйрету, ерік-жігерді дамытуға тәрбиелейді. Ата-бабамыздан қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық ойындарды дене тәрбиесіне енгізу баланың күш-жігерінің дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ дене құрылысы икемделеді, сымбатты, қырағы, алғыр, өмірдің барлық қиыншылығына төзімді азамат болып қалыптасады. «Денсаулық - зор байлық», - дейді дана халқымыз. Өзін іргелі ел санаған халық әдеп-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін қадірлей біліп, жас ұрпақтың бойына дарыту қажет. Ел арасында көп тараған ойын түрлерін баланың жас ерекшелігіне сай саралап, рухани талап-тілектеріне сәйкес бағыттауымыз керек. Ең басты міндет - ұлттық ойынның өзіндік құндылығын жоғалтпай, ойынды мазмұнды ұйымдастыруға жағдай жасау, тәрбиеге де, ой-санаға да лайықты етіп пайдалана білу. Ұлттық ойынның тәрбиелік мәні - бала өз халқының ұлттық мәдениетімен танысып, заттардың пішінін, көлемін, қасиеттерін байқауға, қоршаған ортаға еркін араласуына көмектесетіндігінде. Өмір туралы қарапайым түсініктер алады, жылдамдық, мергендік сияқты қасиеттері артады.

«Баланың күні бойы ойнауға шамасы бар. Ойын - оның шынайы тіршілігі. Көзіне көрінген, қолына түскен нәрсенің бәрімен ойнайды. Үш жасар бала көбіне жалғыз ойнайды. Көппен бірге ойнауды ол әлі көтере алмайды, мазасыздана бастайды», - деп жазады «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923), - деген еңбегінде ойын түрлерінің қолдану әдістері мен маңызына тоқталған педагог-ғалым Нәзипа Құлжанова [2, 233 б.] .

Ұлттық ойындарды мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесіне енгізуде үш бағытта ұстанғанымыз жөн:

1. Ағартушылық - ұлттық тәрбиеге насихаттау, үйрету.

2. Тәрбиелік - имандылыққа, әдептілікке баулу.

3. Бақылау- дене тәрбиесінде ұлттық ойындардың қажеттілігіне әсер ету, қолдау көрсету.

Балабақшада ұлттық ойындардың қолдану жүйелері:

1. Таңертеңгілік-гигиеналық жаттығуда;

2. Сергіту сәттерінде;

3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде;

4. Таза ауаға серуенге шыққанда.

Ұлттық ойындарды табиғат аясына серуенге шыққанда, тәрбие жұмысына мүмкіншілікке қарай ұйымдастырса, балалар сол ойындар арқылы жақсы тәрбиені, өмірге қажетті қимылдарды тез үйреніп, ақыл-ой парасаты дамиды.

Дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің  міндеті - қимылдың белгілі бір кешенін жасап үйрену болып табылады. Мақсаты - баланы өнегелікке, сымбаттылыққа, күштілікке, төзімділікке тәрбиелеу. Ойынды тиімді пайдалану  - ұйымдастырылған іс-әрекеттің әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне орай, қарапайым болуы керек. Ойынның ережеге сәйкес орындалуына - тәрбиешілердің ойынның мазмұнын дұрыс түсіндірмеуінен болады. Мұндай жағдайда балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Ойын барысында көрнекілікті алдын-ала дайындауы тиіс. «Аңшы мен ит және қояндар», 5-6 жастағылар үшін  «Торғай мен мысық» ойындары барысында алғашқы күннен бастап өзін-өзі тежеуге үйрету керек. Барлық баланың қабылдау қабілеті бірлей емес екендігі, яғни белсенділер мен әлжуаз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау оларды әр түрлі орынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысында баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігі артады.

Ұлттық ойыннан ой-танымы жаттығуларын, тапқырлыққа, ептілікке машықтану көріністерін байқаймыз. Атап айтқанда: ұлттық ойындардың ішінде ер балалардың денесін шынықтырып, икемділігін, сергектігін, күш-қабілетін толықтырып, машықтандырытын да, ой тапқырлығы мен шешендігін жетілдіретін, ой сергітетін, білімін байытып, тапқырлығын танытатын түрлері бар. Ер балаларға арналған «Ат жарыс», «Қап киіп жарысу» баланың күшін дамытып, жігерін, денесін ширатып, бұлшық еттерін нығайтып, төзімділікке, батылдыққа баулиды. Өз бойындағы күшін, әдіс-айласын түгел пайдаланатын «Қазақ күресін» алайық. Күрестің «Білектесу», «Аударыспақ» сынды көптеген түрлері бар. Ойын барысында бала  мінез-құлық ережелері мен нормаларын, өмірге көзқарасын, өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен игереді.

Қазақтың ұлттық ойындарының өзіндік ерекшелігі қыз балаларға арналған ойындардың болуы. Қыз баланың биязы болуы, дене икемділігі мен нәзіктігіне тәрбиелейтін ойындарды жас ерекшеліктеріне қарай пайдаланған. Қыздардың «Қуыршақ» ойынында қуыршаққа киім дайындау, отбасындағы ата-ана рөлдерін сомдау, кейіптендіру олардың психологиясына саналылық өзгерістер тудырады. Мазмұнды ойындар арқылы өз әрекетін өзгелермен үйлестіруге, түсінуге талпынса, өзінің ақыл-есін түгел сол ойынның мақсатына жетуге жұмсайды, шындыққа сенеді, тапқырлық пен табандылыққа ұмтылады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» сияқты ұлттық ойындарды жаңа материалдарды бекіту немесе қайталау кезінде қолдануға болады. Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ұлттық ойынмен сабақтастырып түсіндірсе, баланың пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруіне ықпал етеді. Мысалы: «Даусынан таны» ұлттық ойыны барысында балалар шеңбер болып отырады. Санамақ санау арқылы бір бала жүргізуші болып, көзін орамалмен байлайды. Ортаға шыққан жүргізуші атын атаған баланың даусынан тануы тиіс. Таба алмаса, айыбына тақпақ немесе ән айтуы керек. «Шалма тастау» ойынына қатысушылар алаңға топталады. Мәре сызылып, он метр жерге қазық немесе үшкір ағаш  қағылады. Ұзындығы сол жерге жететін арқанның бір ұшы ілмекпен, шалма тастайды [3, 32 б.].

Қыз балаларға арналған «Үй тұсынан ақ қоянды ояту» ұлттық ойынында бір ырғақта әрекет жасап, ән айтуға, тіл байлығын молайтуға, моральдық, эстетикалық тәрбие беруге тигізер септігі мол.  Ойынды  қызықты өткізу үшін - ойынның шартын бұзбау, достарын ренжітпеу, жеңілсе ашуланбау, бастаушының айтқандарын орындау керек.

Пайдаланылған ойындарды қортындылағанда баланың өздеріне талдау жасату қажет. Балалардың не себептен немесе қандай мүмкіндікпен жеңіске жеткендіктерінде көздерін жеткізу арқылы балалар ойын ережесін жете түсінетін болады.

Әдебиет:

1.      Қалиұлы С.. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: «Білім», 2003. - 151 бет.

2.      Қалиев С., Аюбай Қ. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. - Алматы, 1996.

3.      Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - Алматы, 2007. - 9 том. - 32 бет.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал.


Похожие статьи

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі және тәрбиелік мәні

Кірме сөздердің лингвомәдени сипаты және оны аудармада қолданылуы

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Жастарға ұлттық тәрбие арқылы музыкалық педагогика негізінде тәрбие берудің мүмкіндіктері

Оқу үрдісінде интерактивті құралдарды қолдану тиімділігі

Похожие статьи

Қазақ және ағылшын тілдік қауымдастық өкілдері мифологиялық дүние бейнесінің танымдық ерекшеліктері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі және тәрбиелік мәні

Кірме сөздердің лингвомәдени сипаты және оны аудармада қолданылуы

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Арал өңірінің жануарлар дүниесінің қазіргі экологиялық күйі

Жастарға ұлттық тәрбие арқылы музыкалық педагогика негізінде тәрбие берудің мүмкіндіктері

Оқу үрдісінде интерактивті құралдарды қолдану тиімділігі

Задать вопрос