Жасөспірімдік кезеңдегі балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын қалыптастыру ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (87) апрель-1 2015 г.

Дата публикации: 08.04.2015

Статья просмотрена: 2120 раз

Библиографическое описание:

Рысбаева, Г. И. Жасөспірімдік кезеңдегі балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын қалыптастыру ерекшеліктері / Г. И. Рысбаева, Г. К. Кожабаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.2 (87.2). — С. 33-34. — URL: https://moluch.ru/archive/87/17214/ (дата обращения: 17.12.2024).

Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады.

Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық [1].

Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық [2].

Жасөспірімдік кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқуымен сәйкес келеді.

Біз жасөспірімдік «мен» деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталсақ. Қайшылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады. Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын білмеуді білдіреді.

Жасөспірімдік кезеңде үлкендерден өзінің есейгенімен,өзбетілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен,орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенен емес,оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр»,- дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.

Жалпы алғанда жасөспірімдік кезеңде үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмір баяанын мысал ретнде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік..» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе,қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген,не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді [3].

Жасөспірімдік кезеңде балалар сырт пішінің жағынан да,мінез-құлықы жағынан да ересектерге ұқсамйды, олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз таппайды,қызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп,ден қоюы да,біреуді жақсы көруі,қарым-қатынасы да тұрақсыз басқаның ықпалына оңай көнгіш келеді болады. Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды үрдістері жүріп жатады. Жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу үрдісі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатта және сан алуан. Ересектіктің алғашқы өркендері оның дамыған формаларынан өте-мөте айрықша болып,кейде жеткіншектің мінез-құлқын ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерді салыстырғанда жеткіншекте жаңаның көп болуының нақ өзі дамитын болады және жеткіншектегі дамудың жаңа бағдарларын білмесе және олар ескерілмесе тәрбиелеудің пәрменділігі аз болып шығады.ал жеке адамның қалыптасуы оның дамуының қалыптасуы оның дамуының осы жауапты кезеңінде стихиялы түрде өтуі мүмкін.

Жасөспірімдік кезеңде аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады,ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегінділер менің ересек болғанымды таныса,деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды. Ересектік сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік көзқарасын білдіреді,оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, аффективтік ықпалдардың жүйесін анықтайды [4].

Жасөспірімдік кезеңде өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды,құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады.

Жасөспірімдік кезеңде  жаңа құқыққа ие болмақ тілегі ең алдымен ересектер мен қарым-қатынастың бүкіл санасын қамтиды.

Жасөспірімдік кезеңде бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала сенімді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға оның мүделерімен,көзқарастарымен,пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді.  Жасөспірімдік кезеңде өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады,ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқығынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынатың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз,оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді де,өз құқықтарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін яғни ересектермен айқын тең құқықтылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары ересектермен қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жасөспірімдік кезеңде сезімнің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа мәселені туғызады. Жасөспірімдік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын баланың қарым-қатынасына тән,саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады.

 

Әдебиет:

1.    Елубаева С.Б. Психологические особенности этнической и идентичности и самооценки современных казахских подростков. - Алматы, 2004.

2.    Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ә. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. - Тараз: Қорғау, 2007.

3.    Күнсләмова Т.К. //Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу . Алматы, 2002.

4.    Мұқанов М.М. //Жас және педагогикалық психология А.: Білім, 2002.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал.


Похожие статьи

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру жолдары

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері мен факторлары

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Жергілікті өзін-өзі басқаруда басқарушылық шешімдер қабылдау

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Похожие статьи

Мектепке дейінгі балалар мен ата-аналардың әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру жолдары

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері мен факторлары

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Жергілікті өзін-өзі басқаруда басқарушылық шешімдер қабылдау

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Задать вопрос