Жер мәселесінің Алаш Орда заманындағы ауқымдылығы мен қазіргі уақыттағы көрінісі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 18 мая, печатный экземпляр отправим 22 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мырзабек, А. О. Жер мәселесінің Алаш Орда заманындағы ауқымдылығы мен қазіргі уақыттағы көрінісі / А. О. Мырзабек, А. Д. Омирбек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 11-12. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101256/ (дата обращения: 05.05.2024).

Мақалада жер мәселесінің Алаш Орда заманындағы ауқымдылығы мен қазіргі уақыттағы көрінісі талданады.

Кілтті сөздер: Алаш Орда, жер мәселесі, қоғам.

В статье анализируются масштабность земельной проблемы во времена Алаш Орды и ее современное отражение.

Ключевые слова: Алаш Орда, земельный вопрос, общество.

Ауқымдылығы мен шиеленісі тарқамаған жер мәселесі халықтың ежелден-ақ мұңына айналған-ды. Жерді сақтап қалу жолында тағылымды жұмыс атқарып, мемлекеттік біртұтастық идеясын ұсынған Алаш зиялыларының өшпес еңбегін ескермеске болмас. Шындығына келсек, ортақ халықтың игілігін сақтау, қорғау мақсатында көмектесетін көптеген маңызды шешімдер ұсынатын уақыт болды. Бірақ неліктен жер мәселесі тұрғысынан пайда болған мәселелер әлі де шешімін таба алмай, әлі де шиеленісі күрделеніп отыр?

ХІХ ғасырды алып қарасақ, 1861 жылғы 19 ақпанда жарияланған орыс шаруаларын кіріптарлықтан босату туралы реформалық шаралары Қазақстанның шет аймақтарына орыс шаруаларын көбірек қоныстандыруды көздеді. Бұл жерді халықтың еркінсіз иемденудің басы болатын. Ерте заманнан бастап, қарапайым ауыл шаруашылығымен айналысып, мал баққан халыққа жер түйткілді мәселеге айнала қоймаған еді. Оның себебі бәрімізге де белгілі халықтың ең басты уайымы — кисе киім, жесе азық қылып отырған малынан айрылып қалмау болатын [1].

Қоғамда жер мәселесінің қызу талқылануы бір жаңашыл дүние емес. XX ғасырдың бас кезінде Алаш қайраткерлері жан ұшыра көтерген мәселелерінің бірі осы еді. Алаш қайраткерлері оятқан ұлттық сана-сезімі мен жасырын жария етілген қаншама мұралары осы қазақ елінің мәселелерімен күресі болып табылады. Ұлт зиялылары ұлттық ұрандармен қазақтың белсенді азаматтарын бір ортаға біріктіріп, ойы бір тұлғалардың елі үшін еңбек етуіне негіз болды. Жалпы алғанда Алаш партиясы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына негіздей отырып, назар аударған 14 мәселенің бірі жер мәселесі еді. Осы құжатта бос жатқан және босап қалған жер алқаптарын халыққа берілу керектігін, жерді пайдалану нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті комитет белгілеп, артық жер бөліктерін өзін-өзі басқару органдарының қорына түсуін талап етті. Осы ретте, ұлт жанашырлары халық санының өсіміне байланысты жері аз немесе жерсіз қалған тұрғындарға жер берілуі керектігін көтерді. Патша саясатының артық жерлерді өзіне алуға ұмтылуына қарсы болып газет-журналдарға мақалалар мен өлең шумақтары арқылы ашық түрде өз ойларын жеткізе бастады. Кім білген осындай Алаш зиялылары бастаған мәселе XXI ғасырда ұшқынының сақталып, әлі күнге дейін елімізде ерекше орын алып, қорқыныш барша қазақ елін мазалайтынын?! Қазақ еліндегі ұлт ұстазы болып танылған, елінің ертеңіне қауіп төнгенін сезген Ахмет Байтұрсынұлының сөзінде «жер мәселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі», «жерді жалдаудан тартынбағандар — сатудан да тартынбайды» деген тұжырымдары өзгенің еншісіне өтіп қазақтың өзге ұлтқа өз жерінде жалданып жұмыс жасауына деген қорқынышы болар [2].

Алдымен, XX ғасырдағы қазақ жерін пайдалануда өзге ұлтқа тәуелді болуына байланысты екі мәселесіне тоқталсақ. Біріншіден, мемлекет ішінде бөлінген жерден артық жер сатып алуға құқығы болмады. Екіншіден, шұрайлы жерлердің өзге ұлттың қарамағына берілуі және жер байлығы мен азығы Ресейдің қол астына өтуі ашу-ызаны тудыруы. Тарихқа сүйенсек, алдымен 1893–1905 жылдар аралығында жапа шеккен қазақ халқынан 4 миллион десятина жер тартып алды. Ал 1905–1912 жылдар аралығында 17 миллион десятинадан астам жерді патша үкіметі тартып алғандығын көруге болады [3]. Осыған байланысты зиялы өкілдер шығарған «Қазақ» және «Айқап» басылымдары арасында көшпелі өмір салтымен қалу болмаса отырықшы өмір салтын ұстану керек дейтін екі түрлі көзқарас қалыптасты. «Көшпелі өмір салтының әсерінен жерімізді сақтай алмай отырмыз» — деген «Айқап» журналында М. Сералин, Б. Қаратаев бастаған тұлғалардың ойын аңғаруға болады. Бертін келе, XXI ғасырда жеріміздің басым көпшілігі шетелдік компанияларға жалға беріліп отыр. Осындай жерді жалға беруден жеріміз ғана емес, тілімізде жойып алу қаупі өте жоғары. Ол жақта күндердің бір күнінде қазба байлық табылар болса, ол ұлт мүддесіне берілмеуі әбден мүмкін. Тарих сахнасында өз жерінен айырылып, өзге ұлтқа қосылып, ұлты жоғалып кетіп жатқан елдердің қатарында тұрмауымызға кім кепіл?! Ең қорқыныштысы кең байтақ даламыздың жарты бөлігі ешқандай қолданысқа енгізілмеген. Оны іске асырып, неге бірнеше жұмыс орындарын салып, жұмыссыздар санын азайтпасқа, тіптен сырттан келетін азық-түліктерді өз жерімізде өндірмеске?! Қазақ халқының мақсаты тек тәуелсіздік алып қана қоймай, ондағы бар байлықты игеріп, халық мүддесінің қорғалуына жағдай жасау. Тарихта жеріміз алпауыт мемлекеттердің қызығушылық танытып, қаншама мәрте олардың құрамына еніп кету қауіпі төнгені бәрімізге белгілі [4].

Қорытындылай келе, мемлекеттің суы мен көлі де, қазба байлығы мен жері сатылмауы керек. Әрі оны халық мемлекеттен талап етуі керек деген тұжырымға тоқталып отырмыз. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ғ. Бірімжановтардың жасаған жобасы Алаш көсемсөзі: Жер мәселесі кітабында да осы проблеманы тиек етіп тұр. Жер болмаса Отанда болмайды, халықтың атын тарих сахнасында қалдыру үшін ең алдымен жерді қорғау маңызды жұмыс болып отыр [5].

Әдебиет:

  1. Сәрсембин Ү. Алаш зиялыларының ұлттық мүдде тұрғысындағы көзқарастары // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://news.arsu.kz/?p=5678 (қаралған күні: 14.03.2023).
  2. Қадыр Б. Ахмет Байтұрсынұлы: Жер мәселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://turkystan.kz/article/145238-ah-met-baytursynuly-zher-meselesi-ka-zaktyn-tiri-ya-oli-boluynyn-meselesi/ (қаралған күні: 14.03.2023).
  3. Әлімақын Д. Ахмет Байтұрсынұлы: «Жерді жалдаудан тартынбағандар — сатудан да тартынбайды» // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: http://qazaqadebieti.kz/20549/ahmet-bajt-rsyn-ly-zherdi-z...tudan-dtartynbajdy? (қаралған күні: 14.03.2023).
  4. Алаш көсемсөзі: Жер мəселесі Том 1 // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://adebiportal.kz/kz/books/view/alas-kosemsozi-zer-meselesi-tom-1__3474 71 б. (қаралған күні: 14.03.2023).
  5. Сәрсембин Ү.Қ. Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты көзқарастары // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://abai.kz/post/44380 (қаралған күні: 14.03.2023).
Основные термины (генерируются автоматически): Алаш, Ахмета, мена, оса, ресурс.

Ключевые слова

қоғам, Алаш Орда, жер мәселесі

Похожие статьи

Алаш партиясының көшбасшысы — Әлихан Бөкейханов

Мақалада алаш арысы — Әлихан Бөкейхановтың экзистеницялық жолы мен қызметі қарастырылған. Әлихан Бөкейхановтың өмірлік мұрағатынан құнды деректер беріліп, қоғам қайреткерінің алаш партиясындағы алар рөлі мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Қазақ хандығының бастау көздері, Қазақ хандарының тарихи орны

Ахмет хан Жаныш сұлтанұлы 1533-1535 жылдары Сырдария маңын билеген.

Өйткені оларда Керей мен Жәнібектің ту астындағы жұрттың қандастары – бір халық өкілдері, бәрі бір алаштың ұлдары еді.

Жаныш сұлтанның жаужүрек баласы Ахмет те осы соғыста мерт болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан...

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі нысандар...

Қазақстандағы мұражайлардың қалыптасуы | Статья в журнале...

Орал тарихи-өлкетану музейінің жұмысы қайта жанданып, тарихи-өлкетану бағытында өз қызметін жалғастырды. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариаты құрылып, оған басшылық ету белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа жүктелді.

Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам» концепциясы

 Ахмет Ясауидің діни философиясы бір қарағанда тек аскеттік өмір сүру мұраттарын насихаттайтын тұтас ілімді негіздеу болғанмен, түп мәні – тұлға қалыптастыру (аль-инсан аль-камил).

Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның...

Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан бейжай...

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлі

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығындағы «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасында «Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті...

Әкімшілік юстиция: кіріспе және тарихи шолу | Статья в журнале...

Мақалада қазіргі уақытта әлемде өзекті болып табылатын әкімшілік сот төрелігінің ҚР да шығу тарихы туралы, әкімшілік іс-жүргізу жайында, ҚР әкімшілік іс-жүргізу кодексінің жобасы туралы мәселелерді қарастырады.

Егістік дақылдардың бейімделгіштік селекциясы | Статья в журнале...

Ахмета, мена, оса, Хасан, алматы, бар. Сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар, Ақтөбе, Орал, т.б. қалаларда медреселер қызмет атқаруда. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Электронный ресурс, бар, мена, оса. Рассмотрены...

Понятие и определение коррупции. [Электронный ресурс] – Режим доступа. — https. Основные термины (генерируются автоматически) : Электронный ресурс, бар, мена, оса. Что тормозит развитие электронного документооборота в России [ Электронный ресурс ]...

Задать вопрос