«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №18 (308) май 2020 г.

Дата публикации: 04.05.2020

Статья просмотрена: 231 раз

Библиографическое описание:

Адилбек, А. К. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы / А. К. Адилбек. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2020. — № 18 (308). — С. 549-552. — URL: https://moluch.ru/archive/308/69511/ (дата обращения: 25.04.2024).



Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі нысандар ретінде топтастырып, бөліп қарастыру. Тұңғыш елбасымыздың «рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарының бірі — «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы». Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де, бізді кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Рухани жаңғыра отырып, болашаққа бет түзеген халықтың Ұлы Даласы киелі жерлерге толы. Біз үшін Атырау — Арқа — Алатау — Алтай– Тараз сияқты ұлан-асыр аймақты алып жатқан Қазақстанның әрбір сүйем жері қасиетті де киелі. Қазақстанның қасиетті орындары мен кешендері ретінде ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұраның, зайырлы және діни сәулеттің айрықша қастерлі ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады.

Кілттік сөздер: рухани жаңғыру, киелі және қасиетті орындар географиясы, мәдени географиялық орындар, археологиялық ескерткіштер.

В качестве сакральных памятников выступают природно-ландшафтные объекты, такие как «священные» горы, пещеры, реки, урочища, древние городища, места необычных природных явлений, родовые святилища, курганы и захоронения, объекты религиозного культа, места памятных битв и подвигов, места жизни великих людей, святых, мавзолеи, храмы и иные памятники природного культурного и исторического наследия, где поклонение составляет одно из оснований духовных традиций нашего народа. Одним из направлений программы «рухани жаңғыру» Первого Президента является «География святых мест Казахстана». Культурно-географический пояс священных мест Казахстана является символическим щитом и источником нашей национальной гордости, которая, несмотря на прошедшие века, защищает нас от любой духовной нищеты. Для нас каждая любимая земля Казахстана, занимающая такой обширный регион, как Атырау — Арка — Алатау — Алтай — Тараз, является священной и святой. Священными местами и комплексами Казахстана являются памятники природного, культурного наследия, светской и религиозной архитектуры, мавзолеи, а также места, связанные с историческими и политическими событиями, которые оставили неизгладимый след в памяти народа Казахстана.

Ключевые слова: духовное возрождение, география святых и сакральных мест, культурно-географические объекты, археологические памятники.

Кіріспе.

Елбасымыздың жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын нықтап айтуы заңды құбылыс. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез- келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз» дей отырып, Президент: «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ — жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек»,– деп атап көрсетті. Осыған байланысты Елбасы тапсырмасы негізінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, бұл іске бұрыннан бері осы сала бойынша жұмыс істеп, зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, этнографтар тартылып, ғылыми жүйе құрылды. Зерттеушілер басшылыққа алатын нұсқаулықтар жасалып, ол барлық өңірлерге жолданды. Мұндағы мақсат — еліміздегі қасиетті тарихи орындарды анықтап, оларды ұлттық ұстаным деңгейіне көтеру. [1]. Оңтүстік аймақтарымыздың киелі және қасиетті орындарын зерттей отыра, олардың экономикалық дамуын, туристік ошақтарын көркейту біздің ең басты мақсаттарымыздың бірі екені айқын. Туризм дамуының теориялық аспектілерін қарастыру, сондай-ақ қасиетті және киелі орындардың түсінігін нақтылау және туристік қызметтің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларын ашу негіз болып отыр. Қазақстанның әрбір жері қасиетті де киелі екені бәрәмізге мәлім. Қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүрген ата-бабаларымыз «кие» сөзіне ерекше мән беріп, кіндік қаны тамған туған жерінен бастап, тарихи жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындарды киелі де қасиетті мекеніне балап отырған. [2]. Бұл жұмыстың рухани маңызына тоқталар болсақ, біріншіден, киелі, қасиетті нысандар біздің ұлтты рухани жұтаңдықтан сақтайтын символдық қалқанымыз және ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы деп түсінген дұрыс.

Зерттеудің әдіс тәсілдері мен өзектілігі

Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 844 елді мекенде 3452 іс- шара өткізіліп, оған 943,0 мыңға жуық адам қамтылды.Елбасының «Болашаққа бағадар:Рухани жаңғыру» мақаласындағы жергілікті атқарушы органдарға тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен өңірлік комиссия құрылып, олардың жанынан жұмысшы топтары жасақталған болатын. Жоба аясында облыстағы қасиетті және киелі жерлердің тізімі анықталып, өңірлік карта дайындалды. Бүгінде облыста тарихи-маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынды.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне 2003 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулеттік ескерткіші енген. Бүгінгі таңда Қазақстан тарапынан осынау тізімге енгізу ұсынылған 23 ескерткіштің 8-і Түркістан облысынан. Олар — Жуантөбе, Қараспантөбе, Күлтөбе, Сидақ, Сауран ежелгі елді мекендері, Бөріжар қорымы, Отырыр оазисінің ескерткіштері, Түркістан қалашығы. «Қасиетті Қазақстан» орталығы тарапынан республика бойынша ұсынылған нысандардың ішіннен 100 нысан іріктеліп алынды. Оның ішіне Түркістан облысы бойынша 23 нысан еніп отыр Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өңірдегі қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыруға ұсыныстар әзірлейтін тарихшылар, ғалымдар, археолгтардан тұратын арнайы өңірлік жұмысшы тобы құрылып, өңірлік карта жобасы дайындалды. Облыс тарапынан «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына іріктелген 104 нысан ұсынылды. Мұның ішінде 38 макро обьект, 66 микро обьект. Атап айтқанда 12 сәулеттік 24 археология, 42 зиярат ету орындары, 4 тарихи тұлғалар және саяси оқиғалармен байланысты орындар, 22 табиғи-ландшафтты нысандар.

«Қасиетті Қазақстан» орталығы тарапынан республика бойынша ұсынылған нысандардың ішіннен 100 нысан іріктеліп алынды. Оның ішіне Түркістан облысы бойынша 23 нысан еніп отыр. Бұл басқа облыстармен салыстырғанда саны жағынан екі есе көп көрсеткіш. Екінші орында 12 нысанмен Қарағанды облысы тұр. Қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілді. [3]. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» географиясы бойынша Оңтүстік облыстардағы көнеден келе жатқан белгілі табиғи және тарихи мұраларымызды ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды ұлттық мақтанышымыз ретінде жас ұрпаққа патриоттық, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, оңтүстік өңірдің тарихи,қасиетті, киелі орындарымен таныстырып географиялық ерекшкліктерімен, ұлттық құндылықтарымен және әсем табиғатымыздың кереметтерін түсіндіру негіз болып отыр.

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 3 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған. Олардың 5-еуі — халықаралық, 25 — республикалық, 711 — жергілікті дәрежеде, қалғаны алдын-ала тізімге алынып отыр. Жамбыл облысынан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне 35 тарихи-мәдени нысан енді. Оның ішінде 8-і жалпы ұлттық, ал 27-і өңірлік деңгейдегі тарихи мұралар жатқызылды. [4]. Бабаджа қатын кесенесі Айша бибі кесенесі мемориалдық діни кешені құрамына кіреді. Кесененің салыну тарихы мен Бабажы қатынның өзі туралы жазба деректік мəліметтер жоқ. Жерлеу орнына археологиялық зерттеулер жүргізілмеген. Құрылыстық сəулеттік-құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жүргізу негізінде Қарахандықтар кезеңіне жатқызылғанын көруімізге болады. Қазақстан сəулеттік өнерінің ең көне ескерткіштерінің бірі болып саналатын бұл кесене құрылымының қарапайымдылығымен жəне көп ғасырлық сақталуын қамтамасыз еткен өте сапалы құрылыс жұмысымен ерекшеленеді. Ол Орта Азия аймағының сəулет өнеріндегі кесенелердің бетше босағалы композицияның алғашқы кезеңін, төбесін шатырлап жабудың көркемдік идеясын сипаттайды. Әулиеата өңірінде орналасқан Қарахан, Айша бибі, Тектұрмас кесенелері мен ежелгі ескерткіштер көне заманнан сыр тартып, кешегі тарихты бүгінмен сабақтастырып тұр. [5]. Есте жоқ ескі замандардан күні бүгінге дейін жетіп отырған тарихи жәдігерлердің бойындағы тылсым сыр, жұмбақ күй көне дәуірдің көркем көріністерін көз алдымызға келтіреді. Тарих толқынында тербелген таңғажайып сәулет ескерткіштері тарихымен де, тағдырымен де қызықтырады. Әулиеата өңірінде орналасқан Қарахан, Айша бибі, Тектұрмас кесенелері мен ежелгі ескерткіштер көне заманнан сыр тартып, кешегі тарихты бүгінмен сабақтастырып тұр. [6]. Ел аузында киелі аталып кеткен, кейбіреуі қазірдің өзінде мемлекет қарауында тұрған табиғат құбылыстарының нәтижесінде пайда болған орындар.

Оңтүстік Қазақстан обылысындағы көне қалалар ортағасырларда Ұлы Жібек жолының бағытындағы сауда мекендері ретінде пайда болғаны мәлім. [7]. Облысымызда есепке алынған тарих пен мәдениет үшін маңызы зор 1281 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері бар. Оның ішінде сәулеттік ескерткіштер 218, археология ескерткіштерінің саны 1063-ті құрайды. Осы тарихи орындарымызға кезең — кезеңімен археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіріуіміз қажет. [8]. Көне қалалар мен киелі орындарға бай өңірдің бірі — Қызылорда облысы. Бұл облыстан 12 орынның Қазақстанның киелі нысандарының қатарынан табылуы бұған анық дәлел бола алады. Сыр бойының рухани қайнар бұлағы болып отырған киелі мекеннің бірі Шиелі ауданындағы «Оқшы ата» мазаратында жеті әулие жерленген, көпшілік бұл жерді «әулиелер ордасы» деп те атайды. Жалағаш топырағында ежелгі қалашықтар мен мәдени-ескерткіштер ашық аспан астындағы музей іспеттес. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін суреттейтін бұл киелі жерлер көне дәуірден сыр шертеді. [9].

Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындардың барлығы елімізде осы киелі орындардың бірі. Шірік-Рабат қалашығы. Қазба барысында жер деңгейінен 2,10–2,50 м. тереңдікте пішіні төртбұрышты болып келетін күрделі түрде салынған қабір құрылысы табылды. Бұл бір-біріне ұқсас батыс және шығыс бөліктерден тұратын катакомбалардан тұрады. [10]. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер көрсетіліп отыр. [11].

Қорытынды

Ұлттық құндылықтарымызды осындай киелі нысандар арқылы жаңғырту, жаңғырта отырып елдің иесі болар болашақ ұрпақты рухани бай мұрамен сусындата тәрбиелеу — Тұңғыш Елбасымыздың алдымызға қойған бағдарламалық тапсырманың бірі де бірегейі. Бірін-бірі толықтыратын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы туған жер мен киелі жерлерге деген шынайы патриоттық сезім арқылы, екеуінің сабақтастығы арқылы болашақ ұрпақта біртұтас мызғымас тарихи сана қалыптасады. Туып-өскен жерге деген сүйіспеншілік бір ғана Отанымыз — Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласса, Қазақстанның қасиетті жерлерін қастерлеу — бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы болары хақ.

Әулиеата өңірінде орналасқан Қарахан, Айша бибі, Тектұрмас кесенелері мен ежелгі ескерткіштер көне заманнан сыр тартып, кешегі тарихты бүгінмен сабақтастырып тұр. Есте жоқ ескі замандардан күні бүгінге дейін жетіп отырған тарихи жәдігерлердің бойындағы тылсым сыр, жұмбақ күй көне дәуірдің көркем көріністерін көз алдымызға келтіреді. Тарих толқынында тербелген таңғажайып сәулет ескерткіштері тарихымен де, тағдырымен де қызықтырады. [12].

Осынау рухани тарихи-географиялық нысаналардың ғылыми және тәрбиелік маңыздылығы жергілікті мекен еткен халықтың жадысында ешқашан үзілмеген. Тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісі бұрын-соңды жасалған емес. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды жас ұрпақтың біліп өсуімен қатар, Елбасымыздың идеясының түпкі төркіні тарихи Түркістан төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, бүкіл Қазақстанға белгілі қасиетті Қазығұрт тауының төңірегіндегі және оңтүстіктің басқа да киелі мекендері мен қатар басқа да қасиетті және киелі жерлерін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды көздейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз, әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол — ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл ғылыми-зерттеу жұмысында орын алған географиялық нысаналар келешекте жасалатын ғылыми-географиялық жұмыстардың бір тамшысы ретінде саналады. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» географиясы бойынша Оңтүстік облыстардағы көнеден келе жатқан белгілі табиғи және тарихи мұраларымызды ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды ұлттық мақтанышымыз ретінде жас ұрпаққа патриоттық, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, сондай-ақ оңтүстік өңірдің тарихи, қасиетті, киелі орындарымен анықтай отырып географиялық ерекшкліктерімен, ұлттық құндылықтарымен және әсем табиғатымыздың кереметтерін білуіміз керек.

Әдебиет:

  1. Әбжанов.Х Рухани жаңғыру және қазіргі тарих ғылымы. Ақиқат 2017 ж-Б.7–14
  2. Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері Астана «Тоймас» 20009 ж-Б.200–208
  3. Рухани жаңғыру — ұлт негізі. Егемен Қазақстан. 13.05.2017 ж.-Б5–9
  4. Жамбыл облысы. ҚР Тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы. –Алматы, 2002ж.-157б
  5. Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштері. Мәдени ескерткіштер жинағы, Байзақ ауданы. — Алматы, 2010 ж.- 46 б.
  6. К. М. Байпақов, Г. А. Капекова, Д. А. Воякин, А. Н. Марьяшев. Ежелгі жəне орта ғасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналары. Алматы: «Археологиялық сараптама» ЖШС, 2013 ж.- 143 б, 243 б.
  7. "Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы.- Алматы, "Қазақ энциклопедиясы», 1998 ж.-368 б.
  8. Х.Есаман. «Егемен Қазақстан» газеті.- 09 Қараша, 2017ж.
  9. Қызылорда облысы. ҚР Тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы. –Алматы, 2003ж.-102б.
  10. Отырыр Энциклопедия «Арыс» баспасы Алматы 2005 ж.-Б.291–301
  11. Тасмұратұлы.Ә «Кесенелер сыры — елдің тарихы»., «Жас Алаш» 1996 ж.-Б.56–59
  12. "Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. Алматы,- 1998 ж.Б-418
Основные термины (генерируются автоматически): мена, сыр, Алатау, алматы, Алтай, Атырау, Ахмета.


Ключевые слова

рухани жаңғыру, киелі және қасиетті орындар географиясы, мәдени географиялық орындар, археологиялық ескерткіштер

Похожие статьи

Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам» концепциясы

Ахмет Ясауидің діни философиясы бір қарағанда тек аскеттік өмір сүру мұраттарын насихаттайтын тұтас ілімді негіздеу болғанмен, түп мәні – тұлға қалыптастыру (аль-инсан аль-камил).

Егістік дақылдардың бейімделгіштік селекциясы | Статья в журнале...

Республиканың Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында Астана және Алматы қалаларында халық саны көші-қон және табиғи өсім есебінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл

Основные термины (генерируются автоматически): Ахмета, мена, оса, Хасан, алматы, бар.

Өткелбай би | Статья в журнале «Молодой ученый»

Өткелбай би / Молдабек Менлибайулы Ахметов.

Сыр өлкесінде де сан ғасыр қойнауынан бізге жеткен археологиялық, сәулеттік, тарихи және мәдени ескерткіштер аз емес.

Сыр өңіріне әйгілі Жарылқап ақын өз заманының игі жақсылары мен жайсаңдары туралы өлең-толғауында

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының агроландшафттық...

Қарастырылатын жұмыста ауылшаруашылық алқаптарын тиімді игерудің үлгілері құрастырылып, WEB-GIS ортасына интеграциялау алгоритмдері мен тәсілдері орындалған. Зерттеу барысында веб жүйелердің архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін агроөнеркәсіптік кешенде...

Топырақтардың мұнай өнімдерімен ластануы және оларды...

Мақалада мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды биоремедиация әдәсі арқылы тазартатудың нәтижелері келтірілген. Бөлініп алынған белсеңді штаммдардың негізгі көміртек көздерінде өсуі, олардың морфологиялық, физиологиялық-биохимиялық қасиеттеріне...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов жерленген Орталық зиратына жерленді. Бүгінгі таңда әкесінің жолын қуып, тарихшы болған оның Нәйлә Бекмаханова әке ізін жалғастырып, тарих оқулықтарына қойылатын талаптардың...

Мырқы, Аппаз, Мінайдар билер | Статья в журнале...

Библиографическое описание: Ахметов, Молдабек Менлибайулы. Мырқы, Аппаз, Мінайдар билер / Молдабек Менлибайулы Ахметов.

Мінайдар Мұртазаұлы Жарасбаев Қостанай мен Сыр арасында көшпелі қазақ отбасында 1834 жылы туып, 1919 жылы Арқада қайтыс болған.

Қазақтың философиялық дүниетанымының қалыптасуы

Қазақ халқының дүниетанымы — халқымыздың болмысы мен тарихын ұштастырып, мәдениетімен үйлестіре отырып танып-білу. Қазақ халқының философиялық дүниетанымының дамуы қалай жүзеге асты?

Тарихи романдардағы халық мәдениетін танытатын киім-кешек...

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руаният» орталығының «Сыр бойының рухани мұрасы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры-бірлікте, жүдеудің сыры-алауыздықта.

Похожие статьи

Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам» концепциясы

Ахмет Ясауидің діни философиясы бір қарағанда тек аскеттік өмір сүру мұраттарын насихаттайтын тұтас ілімді негіздеу болғанмен, түп мәні – тұлға қалыптастыру (аль-инсан аль-камил).

Егістік дақылдардың бейімделгіштік селекциясы | Статья в журнале...

Республиканың Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстарында Астана және Алматы қалаларында халық саны көші-қон және табиғи өсім есебінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл

Основные термины (генерируются автоматически): Ахмета, мена, оса, Хасан, алматы, бар.

Өткелбай би | Статья в журнале «Молодой ученый»

Өткелбай би / Молдабек Менлибайулы Ахметов.

Сыр өлкесінде де сан ғасыр қойнауынан бізге жеткен археологиялық, сәулеттік, тарихи және мәдени ескерткіштер аз емес.

Сыр өңіріне әйгілі Жарылқап ақын өз заманының игі жақсылары мен жайсаңдары туралы өлең-толғауында

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының агроландшафттық...

Қарастырылатын жұмыста ауылшаруашылық алқаптарын тиімді игерудің үлгілері құрастырылып, WEB-GIS ортасына интеграциялау алгоритмдері мен тәсілдері орындалған. Зерттеу барысында веб жүйелердің архитектурасы мен жұмыс істеу принциптерін агроөнеркәсіптік кешенде...

Топырақтардың мұнай өнімдерімен ластануы және оларды...

Мақалада мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды биоремедиация әдәсі арқылы тазартатудың нәтижелері келтірілген. Бөлініп алынған белсеңді штаммдардың негізгі көміртек көздерінде өсуі, олардың морфологиялық, физиологиялық-биохимиялық қасиеттеріне...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов жерленген Орталық зиратына жерленді. Бүгінгі таңда әкесінің жолын қуып, тарихшы болған оның Нәйлә Бекмаханова әке ізін жалғастырып, тарих оқулықтарына қойылатын талаптардың...

Мырқы, Аппаз, Мінайдар билер | Статья в журнале...

Библиографическое описание: Ахметов, Молдабек Менлибайулы. Мырқы, Аппаз, Мінайдар билер / Молдабек Менлибайулы Ахметов.

Мінайдар Мұртазаұлы Жарасбаев Қостанай мен Сыр арасында көшпелі қазақ отбасында 1834 жылы туып, 1919 жылы Арқада қайтыс болған.

Қазақтың философиялық дүниетанымының қалыптасуы

Қазақ халқының дүниетанымы — халқымыздың болмысы мен тарихын ұштастырып, мәдениетімен үйлестіре отырып танып-білу. Қазақ халқының философиялық дүниетанымының дамуы қалай жүзеге асты?

Тарихи романдардағы халық мәдениетін танытатын киім-кешек...

Ғылыми-зерттеу жұмысы «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы «Руаният» орталығының «Сыр бойының рухани мұрасы» университетішілік жобасы шеңберінде орындалып, университет құрылтайшысының қаржыландыруымен жарық көрді.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры-бірлікте, жүдеудің сыры-алауыздықта.

Задать вопрос