Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам» концепциясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (141) февраль 2017 г.

Дата публикации: 16.02.2017

Статья просмотрена: 7922 раза

Библиографическое описание:

Бейсенбай, Куаныш. Қ.А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам» концепциясы / Куаныш Бейсенбай, Ж. Е. Нурматов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 7-9. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39724/ (дата обращения: 25.04.2024).



Ахмет Ясауидің діни философиясы бір қарағанда тек аскеттік өмір сүру мұраттарын насихаттайтын тұтас ілімді негіздеу болғанмен, түп мәні – тұлға қалыптастыру (аль-инсан аль-камил). Жетілген адам болмысының таза рухани-моралдік жағынан толыққандығының өзіндік бір үлгісін жасап шығарған оның ілімінде, мистикалық бейнелер мен қоғамдық өмірдің шынайы бейнелері қатыстырылып, өзіндік бір талғау мен шыңдалу, салыстыру мен ұмтылдыру сияқты стимулдарға айналған деуге де болады. Бірақ тұлға аскеттік өмір стилінде болған жағдайда ғана өзіндік бір жаңа руханияттық өрлеу сатысына көтеріледі, ол психологиялық, философиялық, педагогикалық арналар арқылы өзінің бағдарын айқындап алатындығы туралы айтылады. Нәтижесінде, діни ғашықтық сезім адамды кемелдендіруге алып келетін негізгі қозғаушы күш болып саналады. Көшпелі мәдени құндылықтарды сақтап, оның тіршілік етуін қамтамасыз еткен, "білектің күші, найзаның ұшымен" қорған болғандар - сол қоғамның төл перзенттері - алыптар. Сондықтан қуат пен құдіретті айшықтайтын бұл батырлық, ерлік, алыптық сияқты құндылықтар көшпелі адамдар үшін мақсат, үлкен мұрат болатын. "Қорқыт Ата" кітабындағы Байындыр Хан, Қазан Хан, Бамсы Байрақ, Боғаш Хандардың әрбірі алып түлға, батыр, ер. Өйткені қоғамның мұрат еткен адамы осындай болу керек. Ал Иасауидің қоғамға қабылдатуды мақсат еткен идеал адам типі - кемел адам, яғни сопы, дәруіш. Қорқыт Ата дүниетанымы бойынша әрбір адам батыр, ер болуға ұмтылуы тиіс болса, Иасауиде барлық адам "кемел адам" болуға ұмтылуы керек. Көшпелі мәдениеттегі ең негізгі құндылық болып табылатын батырлық, ерлік, алыптық үғымы ислам мәдениетінде де дәріптелетін, мұрат болып саналатын басты құндылықтар. Дегенмен, Иасауи сопылық ілімі арқылы батырлықтың білекте емес, жүректе екендігін, адамдық мәннің сыры оның рухы арқылы ашылатындығын басты тұғыр қылып көрсетті. Осының негізінде батырлық, ерлік, алыптық ұғымы мазмұны жағынан тереңдетіліп, толықтырылды. Көшпелі мәдениеттегі негізгі күш материалды қуат, батырлық, білектілік ретінде дәріптеліп, "қанша батыр болса да, жауға салма жалғызды, қанша шешен болса да, дауға салма малсызды" деген қағида бойынша шектеліп, таразыланып қойылатын болса, ал Иасауи ілімінде батырлық жүректе, ал жүрек болса, шексіздікті - Тәңірді де сыйдыра алатын адамдағы ең асыл жауһар (субстанция) болып дәріптелген. Бұрын "көп қорқытатын" болса, енді ол жүректілікпен, яғни Құрандық аяттармен азықтанған ар тазалығымен тереңдікке жетіп, Абайша айтқанда "мыңмен жалғыз алысатын" дәрежеге, рухани кемелдікке көтеріледі. Өзінің орнын анықтау үшін қоғамға тайсалмай кіріп, етене араласа алады. Яғни "өзіндік менін" "қоғамдық менмен" үйлестіре алады, диалог-сұхбатқа түседі. Еркін сұхбатқа түсу үшін алдымен рухтың тазалығы, сенім, жауапкершілік сезімі қалыптасуы керек. Өйткені адамның бойындағы сезім, қорқыныш, үрей, жауапкершіліктен қашу сияқты психологиялық хәлдерді реттеп отыратын күш - иман нұры болып табылады.Иасауи кемел адам типін мақсат еткен ілімін қоғамға мойындату, қабылдату үшін дәстүрлі түркілік дүниетанымдық ұстындарға жүгінеді. Бұл ұстындар көшпелі мәдениеттің төңірегінде қалыптасқан түсініктер, категориялар, құбылыстар, ұғымдар екені анық. Көшпелі адам үшін табиғаттың барлық элементтері ерекше мән мен киеліліктің объектісі ретінде көрінетін болса, Иасауи ілімі сол мән мен киеліліктің объектісі ретінде адамды көрсетіп, табиғаттың адам игілігі үшін Тәңір тарапынан жаратылғандығын, барлық әлемнің адамға сәжде етіп тұрғандығын уағыздайды. Барлық жаратылғандардың жаратылыс мақсаты - адам және оның игілігін қамтамасыз ету. Иасауи ілімінде табиғат езінің жаратылыс мақсаты мен мәнін толық біледі, сезінеді. Табиғатқа бұл қызметті Тәңір бергендіктен, оның еркі Тәңірде. Ал адамның еркі өзінде, сол ерікті қалай қолданғанына байланысты Тәңір алдында жауапқа тартылады. Иасауи ілімі - сол ерікті қалай қолдансақ адамдық мәнге жетеміз, Тәңірге лайықты құл боламыз деген сұраққа жауап іздеу жолы, адамдық мәннің ақиқатын табу, өзін-өзі тану жолы [1].

Иасауи ілімі адамның ішкі тыныштыққа жетуі арқылы қоғамда бірлік пен тыныштық орнатуды, адамды іштей бөліну мен ыдырау психологиясынан арылтуды мақсат етеді. Иасауи адамның ішкі әлеміндегі ыдырауды реттеуге ықпал ететін күшті уағыздайды, ол - Тәңірге деген махаббат. Иасауиде адамға жөн сілтер, жол көрсетуші серігі - ақыл (басират-көңілдің көзі). Адам ақылы арқасында періштеден де үстем тұрады. Ақыл -адамның өзін-өзі тануына ықпал ететін Тәңір тарапынан берілген қуат. Адам өзін-езі тану арқылы менмендік, кекшілдік, ашу, өтірік, жамандық, құмарлық сияқты адамның ішкі әлемін балталайтын пессимистік психологиядан арылады. Иасауи адамды имандылық, тобашылдық, қанағат, махаббат, сабыр, игілік, жомарттық, шыншылдық, әділет, қарапайымдылық, өзара сүйіспеншілік және құрмет сияқты сезімдерді байытуға үндейді. Иасауи ілімінде адамның кемелдікке жетуі теориялық (шариғат) және практикалық (тариқат) таныммен қаруланып қана қоймай, оны өзінің хәлі арқылы рухында сезініп, жүзеге асыруы шарт. Яғни, таным “суық теория” мен “құрғақ практика” шеңберінде қалып қоймауы керек. Иасауи ілімінде теория-“қал (сөз)”, практика да “хәл (іс)” өзара тұтастықта болғанда ғана толық мәнге ие болады. Сондықтан да Тәңірге махаббат арқылы ұмтылу шарт. Иасауи иманды әл-Фараби сияқты рационализациялау арқылы емес, хәл ілімінің табиғатына сай “өз рухында сомдау” арқылы күшейтуге болатындығын айтады [2]. Иасауиде қоғамдағы моральдық-этикалық нормалардың бұзылуы иманның әлсіздігі мен нәпсінің үстемдігінің көрінісі болса, ал, оны қалпына келтірудің негізгі жолы-махаббат. “Ғашықсыздың иманы да, жаны да жоқ, ол-хайуан”, - деген Иасауи, әл-Фараби сияқты иманды философиялық жолмен түсіндіру арқылы емес, тікелей сопылық құндылықтармен рухты тәрбиелеу арқылы иман нұрымен ақиқатқа жетелеу керектігін уағыздайды. Иасауидің дүниетанымдық концепциясының теориялық негізін шариғат пен мағрифат құраса, ал практикалық негізін тариқат белгілейді.

Сонымен Қорқыт Ата мен Әзіреті Иасауи -түркілік дүниетанымның бірін-бірі толықтырып тұратын екі кезеңнің өкілдері. Негізгі моральдық-адамгершілік құндылықтар екі дүниетанымда да өте маңызды орынға ие. Салыстырып қарағанда Қорқыт дүниетанымында дәстүрлі түркілік құндылықтар өте белсенді, қоғамдық тәжірибедегі функциялары да жанды. Ал Иасауидің уақытында өркениеттің түлеуі процесі нәтижесінде бұрынғы құндылықтар мен ұстындар шайқалған. Қоғамдағы осындай әртүрлі келеңсіздіктер мен хаостың орнын толтырып, реттеу үшін Иасауи өзінің төл ілімін үсынып отыр.Ахмет Ясауидің моральдік этикалық көзқарасына діни-философиялық сараптама жасау, оның қазіргі таңда жас ұрпаққа беретін пайдасын және ислам сопылығына қосатын үлесін анықтау, сонымен қатар оны тәрбие беру ісінде қолдануды мақсат ету. Себебі, сопылық жол адамды жоғары моральдық–этикалық құндылықтарды өз бойына қалыптастыруды басты мақсат етіп қояды. Иасауи кешпелінің рухындағы жауынгерлік, күрескерлік қуатты қиын әрі негізгі күреске бағыттауға тырысады. Бұл жаңа әрі қиын күрестің объектісі адамның өзі болатын. Өйткені Иасауи сол дәуірдегі болып жатқан құбылыстар мен қиындықтардың мәнін түсіне алмай дал болған адам мен қоғамдағы психологиялық үрейдің себебін оның өзін-өзі танымауынан, өзінің ішкі мәнін аша алмауынан деп түсінеді. Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік құбылыстар мен өзгерістер тікелей адамның ішкі әлеміндегі қарама-қайшылықтардың, іштей бөлінулердің өмірдегі көрінісі болатын. Адам бұл дерттен тек ішкі әлемінде тұтастыққа жетіп, үндестік пен үйлесімділікке қауышқанда ғана құтыла алады. Иасауидің пікірінше, адам өз нәпсісін жеңгенде және ішкі тұтастыққа қауышқанда ғана рухани тепе-теңдік пен бақытқа қол жеткізеді [3]. Ясауидiң сопылық дүниетанымында Аллаға бағынуға, оны тануға көп мән берiлген. Себебi, Алланы тану – көңiл көзiн ашудың негiзгi кiлтi. Сондықтан сопылық жолдың кезек күттiрмейтiн басты өзегi – Алланы тану (мағрифату-л-лаҺ). Сопылық дүниетаным бойынша әлем мен әлемдегі барлық жаратылыстарды Аллаћ ғашықтығының әсері ретінде қарау және сүю негiзгi мәселе ретiнде қарастырылады. Құран Кәрімде: “Шын сенгендерге жер жүзінде көптеген ишараттар (белгілер) бар. Тағы да өз болмыстарыңда белгілер бар. Еш көрмейсіңдер ме? (50;20-21)” - деп, адамның болмысы, дене құрылысы Құдайдың бар екендігін, осы тәріздес жаратылыстар әлем иесінің кемшіліксіз көрінісі екендігін дәлелдейді. Құдайдың құдіреті мен шеберлігі кездеспейтін ешбір дене, мақұлық жоқ. Сондықтан жаратылған барлық болмыс Құдайдың жаратқан өрнегі, Алланың ауызбен айтып жеткізуі мүмкін емес шеберлігінің белгiсi болып табылады. Құран осы ақиқатты былай деп түсіндіреді: “Қайда қарасаң Алланың жүзі (рақымдылығы, қайырымдылығы, құдіреті) сонда” (Бақара-115).

Ахмет Ясауи - осы ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Оның пікірі бойынша әлем мен әлемдегі бүкiл жаратылыстар ұлы Жаратушының құдіреті шексiз екендiгiн көрсетедi. Ұлы бабамыздың көзқарасы бойынша дүниедегі барлық жаратылыстар Алланың ұлы, жомарт, мейірімді де рақымды екенiн дәлелдейдi. Жаратылысқа өмір берген де, бейне берген де тек олғана. Ол - шексіздік (мұтлақ) қайнары. Ясауи ілімінде нәпсі жамандықтың, ал рух болса жақсылықтың қайнар көзі болып табылады [4]. Жақсылық пен жамандықтың бірге болуы мүмкін болмағаны сияқты, нәпсі мен рухтың қатар өмір сүруі де мүмкін емес. Екеуінің бірі ғана өмір сүруі керек. Ал рухтың өмір сүруі үшін, нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының ашылуында жатыр. Рух тазалығынан мақсат, ғашық мәртебесіне ұласып, Хақдидарын көру болып табылады. Олай болса, түркі халқының тарихындағы дін туралы толғаныстар мен ондағы адам мәселесінің негізгі даму бағыттарын былайша жүйелеп көрсетуімізге болады. Бірінші, діннен адам болмысын туындатып, оның этикалық жақтарына баса назар аудару. Екіншісі, дәстүрлі исламдық діни философияны жаңғырта отырып, адам туралы ортодоксальді діни антропологияны негіздеу беталысы болды. Үшіншісі, еркін-ой мен ислам дінінің жаңа арналарын іздеуге талпыныс және діни сенімнің өзіндік бір «қазақы» үлгісін жасауға деген ұмтылыс [5]. Шын мәнінде де, табиғи-биологиялық түрде сабақтасқан ұлттық болмыс бірлігі арқылы, ділдік-архетиптік түрде жалғасқан қоғамдық сананың тарихи жадысының тұтастығы арқылы, мәдени-әлеуметтік түрде ізденістер арқылы табылған руханияттар бойынша ата-бабамыздың діни философиясындағы адам мәселесі туралы толғаныстары қазіргі таңдағы осы мәселеге қатысты қазақ руханиятынан ерікті-еріксіз түрде көрініс тауып, жаңғырып отырады. Сондықтан да, біздің осы тарихи шолуларымыз, бір қырынан алғанда, қазіргі кездегі еліміздегі діни-психологиялық климат келбетін барынша толықтай саралауымызға мүмкіндіктер ашу үшін жасалды.

Әдебиет:

  1. Sulеyman Uludag. Islam Dusunсеsinin yaрisi, Dеrgah yayin. – Istanbul, 1994.
  2. Сыдықов Е.Б. Шәкәрім: ғылыми– танымдық басылым. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК , 2013.
  3. Sarmış İ. Tasavvuf ve İslam.İstanbul.1997 y.
  4. Mihr İ. A. Mutuluk.Tasavvuf.İslam. İzmir.1990 y.
  5. Ayni M.A. Tasavvuf Tarihi. İstanbul.2000 y.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, ахмета, оса, пена.


Похожие статьи

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой структуры.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Характеристика пороков сырого молока, наиболее часто...

Запах ацетона возникает в результате неправильного кормления, приводящего к нарушению обмена веществ (ацетонемия).

В результате развития бактерий кишечной палочки молоко подвергается брожению и образуется пена.

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

ЖЭО күлі, күріш қауызы мен сабаны, портландцемент пен керамзит ұнтағымен қоса бірге шарлы диірменде механикалық-химиялық активтендіру

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Көптоннажды ауылшаруашылық қалдықтары – күріш қауызы мен сабанын арболит технологиясында тиімді...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Похожие статьи.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ. Наименее качественным средством для мытья посуды является Fairy...

Закономерности формирования структуры пеноминеральных...

В статье приводятся результаты исследований, направленных на выявление закономерностей формирования наполненных пен, широко используемых в производстве пористых строительных материалов — пенобетонов, ячеистой керамики, пеностекла и др.

Резиналық ұнтақтың асфальт жолдарында қолданылуы мен...

Мақалада тозған автокөлік шиналарын ұсақтау арқылы алынған резиналық ұнтақтың асфальт бетіне қосу технологиясына талдау жасап оның экологиялық, экономикалық маңызын анықтау.

Похожие статьи

Выбор пенообразователя и стабилизатора при получении...

В статье приводятся экспериментальные данные по влиянию пенообразователей и стабилизаторов на технологические свойства пены при получении материалов ячеистой структуры.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім. Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена. Похожие статьи.

Характеристика пороков сырого молока, наиболее часто...

Запах ацетона возникает в результате неправильного кормления, приводящего к нарушению обмена веществ (ацетонемия).

В результате развития бактерий кишечной палочки молоко подвергается брожению и образуется пена.

Күріш қауызы мен сабаны негізіндегі арболит бұйымдарының...

ЖЭО күлі, күріш қауызы мен сабаны, портландцемент пен керамзит ұнтағымен қоса бірге шарлы диірменде механикалық-химиялық активтендіру

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Көптоннажды ауылшаруашылық қалдықтары – күріш қауызы мен сабанын арболит технологиясында тиімді...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Похожие статьи.

Синтетические моющие средства: польза и вред | Молодой ученый

Косвенно можно судить о наличии а-ПАВ в стиральном порошке по интенсивности пенообразования при стирке. Чем выше пена, тем выше концентрация а-ПАВ. Наименее качественным средством для мытья посуды является Fairy...

Закономерности формирования структуры пеноминеральных...

В статье приводятся результаты исследований, направленных на выявление закономерностей формирования наполненных пен, широко используемых в производстве пористых строительных материалов — пенобетонов, ячеистой керамики, пеностекла и др.

Резиналық ұнтақтың асфальт жолдарында қолданылуы мен...

Мақалада тозған автокөлік шиналарын ұсақтау арқылы алынған резиналық ұнтақтың асфальт бетіне қосу технологиясына талдау жасап оның экологиялық, экономикалық маңызын анықтау.

Задать вопрос