Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №42 (384) октябрь 2021 г.

Дата публикации: 12.10.2021

Статья просмотрена: 9 раз

Библиографическое описание:

Нурбопанова, Г. Е. Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері / Г. Е. Нурбопанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 42 (384). — С. 226-229. — URL: https://moluch.ru/archive/384/84579/ (дата обращения: 20.04.2024).



Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан бейжай қалдырмаған. Өткен ғасырда Қазақстан мұсылмандары өздерінің көп жылдық діни құндылықтарынан, оның ішінде амалда Ханафиттіктен және сенімде Матуридиліктен алыстап қалды. Тәуелсіздік алған жылдары кейбір дінге сенушілер өздерінің діни көзқарастарынан айырылып қалғандарында білмеді. Осының әсерінен кейбір адамдар ата-бабасына жат діни ағымдарға мән беріп, исламның терең ілімі жайында сауатсыздығының себебінен діннің маңызынан айырылып қалды. Бұл ретте діннің дәстүрлі жақтары ғана емес, оның дүниетанымдық және адамның жан дүниесіне қатысты рухани жақтары басымдыққа ие болып отыр.

Кілтті сөздер: Матуриди, дін, иман, халық, сопылық, Алла, мазхабтар, иман тақырыбы, жазбалар.

История ислама и роль ислама в обществе в Центральной Азии стоят на повестке дня в течение последних десяти лет. Необходимо было пересмотреть вопросы ислама. В связи с этим интерес к Матуриди и его учению не оставил равнодушными ученых. В прошлом веке мусульмане Казахстана отошли от своих давних религиозных ценностей, включая ханафизм на практике и матуридизм в вере. За годы независимости некоторые верующие не знали, что они утратили свои религиозные убеждения. В результате некоторые люди упускают из виду важность религии из-за незнания глубоких учений ислама. При этом преобладают не только традиционные аспекты религии, но и ее идеологические и духовные аспекты человеческой души.

Ключевые слова: Матуриди, религия, вера, люди, суфизм, бог, секты, вера, писания.

The history of Islam and the role of Islam in society in Central Asia have been on the agenda for the last ten years. It was necessary to re-examine the issues of Islam. In this regard, the interest in Maturidi and his teachings has not left scientists indifferent. In the last century, the Muslims of Kazakhstan have moved away from their long-standing religious values, including Hanafiism in practice and Maturidism in faith. During the years of independence, some believers did not know that they had lost their religious beliefs. As a result, some people have lost sight of the importance of religion due to their ignorance of the deep teachings of Islam. At the same time, not only the traditional aspects of religion, but also its ideological and spiritual aspects of the human soul prevail.

Keywords: Maturıdı, religion, faith, people, Sufism, god, sects, faith, writing.

Кәламның мақсатын басты назарға алып қарар болсақ, байқаймыз бұл ілімнің негізгі көздегендерінің бірі адамның өмірде дұрыс, қуатты сеніммен дүниеде бақытты өмір сүруі және ақыретте де азаптан құтылуына көмектесетінін ілім екенін көре аламыз.

Ислам ақаиды итиқади мәселелерден сөз қозғағанда түрлі методтар қолдана алады. Бұл мазмұнда жазылған шығармалар салафтың (жол салушының) нақылға жеткен ұсынушы методын қолданған секілді, Кәламшылардың негізге алған ақыл мен нақыл бірлігі методын да қолдана алады. Олай болса ақаид шығармалары қай кезде, қандай дәуірде жазылған, қандай методты қолданған болса да, Ислам иман негіздерінен сөз қозғайды.Тек бұл шығармалардың авторлары әдетте бір нақыл методын принцип етіп еткен. Сол себепті ақида шығармаларында, Кәлам методымен жазылған шығармаларда басқалар сияқты басқа аймақтардың түсініктеріне жол берілмейді, яғни басқа дін өкілдерімен ғылыми тартысулар болмайды. Бұл шығармаларда авторлар Ислам итиқадын қысқаша мазмұнда айтумен тоқталады [4].

Ислам келгеннен кейінгі дәуірлерде «мутаххариун» деп аталатын Ғазалиден басталған кәламшылар дәуірінде философияның жанында логика ілімі де кәламға кірген және кәламның тақырыбы да осыған парраллель түрде жаңаша түрде кеңейген. Осылайша кәлам сыртқы әлемде болмаған түрде діни негіздерде алыс не жақын бір арақатынасы болу шартымен адамның ақпаратында сөз болған кез-келген затты (малум,белгілі) тақырып етіп жеткізеді. Нәтижесінде жоқ (мадум) көру және түсіну әдісі сияқты логика тақырыптарында шолып өткен [5].

Ислам әлеміндегі мектептердің шығуына да кәламдық мәселер түрткі болған. Иман және амал, пайғамбарлық, үлкен және кіші кунә істегеннің жағдайы, тағдыр т. б. сұрақтар мұсылман әлемінде ашария, мутазила, джабрия, матуридия сияқты үлкен-үлкен кәламдық мектептердің ортаға шығуына жағдай жасаған. Ал бұл мектептердің бастауына исламға танымал еңбегі сіңген ғұламалар болды. Кейбір мектептерге сол кісілердің атаулары берілген (Матуридия-Матуриди, ашария-Әбул Хасан ал-Ашари т. б.). Ал ислам әлеміндегі алғашқы топ Харижилер деп келтіріледі. Оларда орталықтанған бір мектеп болмағанымен, көптеген әрекеттерге байланысты өздерінің үкімдерін шығаратын қарсылықты топ болып есептеледі. Ал енді кәламға Мақсатына қарай: ақли мен нақли дәлелдерге сүйеніп ислам сенім негіздеріне байланысты ортаға шығатын күмандарды жойу негізінде діни ақиданы дәлелдеп және оны қорғайтын бір ілім болып саналады. Кәламның екі негізі бар. Олардың біріншісі, Ислам дінінің сенім негіздерін ақли, нақли дәлелдерді пайдаланып дәлелдеуге жұмыс жасау. Екіншісі, бұл негіздер төңірегінде ортаға шығатын күмандардан арылту және исламға айтылған сындарға жауап берген түрде олардың талаптары мен дәлелдерін теріске шығару [6].

Кәлам нақыл мен ақылды бір арада ұстайтын, әрқайсысының жері мен жағдайына қарай көңіл аударатын методымен, мәселелерді тек қана ақылмен шешетін философиядан ерекшеленеді. Айрықша кәламның методы дін/уахи арқылы ақылды бір арада қолдануды негізгі тірек етеді. Бұл үшін ол қаншалықты ақли дәлелдерге сүйенген болса да соңында бұл дәлелдердің дұрыстығы туралы уахидің басшылығын да негізге алады.

Кәламның мақсатын басты назарға алып қарар болсақ, байқаймыз бұл ілімнің негізгі көздегендерінің бірі адамның өмірде дұрыс, қуатты сеніммен дүниеде бақытты өмір сүруі және ақыретте де азаптан құтылуына көмектесетінін ілім екенін көре аламыз. Бұл айтылғандардың соңғыларына қосымша етіп, қазір төменде беретін мысалдарымызды көз алдында ұстауымыз қажет:

Кәламның көлеңкесінде адам, ақли мен нақли дәлелдерге келтірілген бір иманмен тақлидтен алыстап тахқиқи, сахиһ әрі қуатты бір сенімге жетеді.

Кәламның көлеңкесінде қолда болған қуатты иман білімімен, иманымен адам Ислам сенімдеріне теріс келетін болмашы ағымдармен оқиғалардан, әр түрлі ойдан шығарылған, батыл сенімдерден құтылады.

Кәлам, тура жолды іздегендерге басшылық етіп, хақты, ақиқатты тануға келмейтін, оған қарсы кері пікірде болған, күмандарды ортаға қойғандарды ол ойларынан арылуларына көмекші болады [7].

Кәлам, өзінің әдісімен басқа дін мүшелері тарапынан әдейі ортаға шыққан күмандар мен терістеулерді, қажет болса жылы жүзді болған кейбір күманды адамдар тарапынан болатын тербелістермен қарсы пікірлерге жауап берген түрде Ислам сенімдерін құлдыраудан сақтайды [4].

Мутазилиттердің ішінде илахи сипаттарға қатысты бірінші пікірді Уасыл бин Ата ұсынып, «екі абсолюттік құдай» танымын негіздейтін манихеизмге қарсы еңбек жазғаны белгілі. Онын «кім қадим» мәнін немесе сипатын мойындап сенсе, екі құдайға сеніп оны қабылдаған болып есептеледі», дегендігі баяндалады. Бұдан кейінгі кезеңдерде мутазиланың каламшылары осы идеяны дамытқан болатын. Мутазилашылар Алланың субстанциясынан бөлекше азали тәңірлік сыфаттарға сенуді таухид ұстанымдарына қарсы деп аңғарған. Бұған қатысты олар «Алла құдіретпен, біліммен (илм), хаятпен (тірі) емес, затымен (субстанциясымен) хай (тірі) қадир (құдіретті), ғалым» ретінде түсінген. Басқа қырынан мутазила ғалымдары арасында Әбу Хашим әл-Жуббаи тәңірлік сыфаттар жайында «ахуал концепциясын» шығарды. Ол Құдайдың сипаттарын затының түрлі халдері деп тұжырымдаған. Ғалымның пікірінше бұл халдерді адамдардың жекелей тануы мүмкін емес. Ол өз алдына жеке жоқ емес, бар да емес, белгісіз де, белгілі де емес, хадис те, қадим де емес. Бұлай болса, ол халдер — тәңірлік заттың әртүрлі жақтары мен қырлары. Өзі жалғыз болатын тәңірлік бір затты саналық байланыстармен ғана түсінуге мүмкіндік бар. Осыған байланысты, халдер затымен байланысуы арқылы таныла алады, жекелей тану мүмкін емес.

Мутазила кәлам мектебі Алланың жаратылған нәрселерге ұқсатуға себеп болатын бүкіл ойлар және идеялардан өздерін қашық ұстауға тырысқан. Мутазилиттер Алланың айрықша сипаты деп қыдам сипатына маңызды орын берген болатын. Осы сипат арқылы безендірілген күллі жаратылыс Аллаға серік ретінде саналады. Демек, басқа тәңірлік сипаттарды Алланың затынан бөлек сипаттар ретінде танылуына мүмкіндік бермей, олардың затының ішінде деп тұжырымдаған. Бұған байланысты басқа ағымдар мутазилиттерге «Алланы сипатсыз деп танитындар» деген мәнге жақын «муаттыла» деген ат берген. Бұл жағдайдан мутазиланың негізі қаланбай тұрып оның құрылуына себеп болған сырттан келіп сұрақ қойған адамның «бір топ былай,енді бірі былай жауап беруде» деген сөзінен оған дейінде ислам әлемінде ағымдар шығуы бассталып қойғанын көре аламыз. Алайда тарихи деректің болмауынан харижилерден кейінгі шыққан ағымға мутазила деген атау беріліп отыр.

Оқыған жері мен өмірбаяны, ғылыми саяхаттары мен қажылыққа барып бармағандығы да белгісіз. Матуридидің өз елінде қаншалықты беделді болғандығы, қандай қызметтер жасағандығы, қаншалықты халықтың қолдауына ие болғандығы, сол кезеңдегі Саманилердің үлкен қалалары Самарқанд пен Бұхарадағы биліктегілермен қандай қатынаста іс жүргізгендігі жайында дереккөздер жоқ. Қандай да бір ресми лауазымды қызмет атқарып атқармағандығы да белгісіз. Матуриди шамамен 944 ж. дүниеден озған. Самарқандтың атақты Шакардизе моласында жерленген.

Ислам дініне көп еңбек сіңірген Матуриди Мәуераннахрда әһлі сүннет, кәлам мектебінің құрушысы және алғашқы өкілдерінің бірі болып саналады. Бізге мәлім болған еңбектері арасында Матуридидің кәләмдық мәселелерге байланысты тұжырымдары және ол туралы баяндалған біршама аллегориялық әңгімелерді жеткізген жазба деректердің ең көнесі болып есептелетін Матуридиден білім алған Әбу әл Хасан ῾Али ибн Са῾ид ар Рустуфағни/ар-Рустуғфаниге (қ.ж.350/961), келесісі Рустуғфанидің ізбасарына тиесілі болғандығы жайында анықталған [7]. Бұл шығармалардың біріншісі сұрақ-жауаб түрінде жазылған «Фауа’йд» деп аталатын шығарма, кейінгісі «Жумәл усул әд дин» деген еңбекке жазылған түсіндірме. Авторы Самарқандтағы суннит кәләмдік мектебінің абыройлы өкілдерінің қатарынан Әбу Сәләмә Түсіндірменің аты«Шәрх жумәл усул әд дин» деп аталады.

Матуриди әр адамның өзіндік түсінігі, қабілеті, жеребе тарту немесе бет-бейнесі, аяғының іздеріне қарап үкім шығару сияқты белгілі-бір негізге сүйенбейтін әрі жүйесіз әдіс-тәсілдердің эпистемологиялық құны жоқ екендігін айтады. Оның ойынша заттар мен оқиғалардың ақиқатына көз жеткізу үшін сезімдердің танымы, хабар мен ақыл болуы шарт. Осы үшеуі қажет. Таным арқылы келген мәліметтерді білімсіздікке балай салу мүмкін емес нәрсе [6]. Мұндайды қасарысып қабылдамай қоятын адамдардың түрлері кездеседі. Бірақ оны түсіне алмайтын, үрейлі түрде көру яки сырын білуге тырысқан заттың өте кішкене немесе өте ұзақта болуы оны тануға кедергі келтіруі мүмкін. Матуриди эпистемологияға байланысты көптеген тақырыптарды талқыға салғанда танымға ерекше тоқталған. Исламның суннитік бағытындағы ең ірі екі кәлам мектептерінің негізін қалағандардың бірі Әшғари болса, енді бірі Матуриди. Аталмыш екі ғалым атымен аталатын мектептерде XI ғасырдан бастап ислам әлемінде сунниттік теологияның көшбасшылары ретінде танылған [10].

Матуриди көзқарастарын қалыптастыру барысында нақылмен бірге ақылды пайдаланып, тұжырым жасауға, назарға және қиясқа мән берген. Өз ішінде оппозициялық ойлардан арылу үшін, және ілім негіздерін қуаттау үшін тұжырым жасауға қатысты кез-келген амалдарды қолдануға аса мән берді. Оның методы нас пен ақыл теңдігі арақатынасында құрылғандықтан және сол уақытта қоғамда болып жатқан оқиғаларға байланысты көптеген ғұламалар тарапынан дұрыс деп танылған.

Матуриди методында ақыл мен логиканың алатын орны жоғары. Ол өзінің көзқарастарын ашықтауда және кері ойларды теріске шығаруда сенім методын қолданған.Ол әңгімелесушілерін сендіру үшін нақылмен қоса ақылды бірге пайдаланып және тұжырым жасауды негізге алған. Осы себеп бір жағынан нақли дәлелдерді келтірумен қатар бір жағынан ақыл мен тұжырым жасау арқылы семантикалық, социологиялық және тарихи дәлелдерге сүйенген. Және осы арқылы кері ойлардан арылуға тырысқан. Ол осы арқылы бір жағынан мұсылмандар арасында шыққан түрлі мәселелрді, басқа бір жағынан басқа дін өкілдерінің алға тартқан әлемнің үлкендігі, жаратушысы және оның ұқсасы тақырыптарындағы сұрақтарға ақли мен нақли дәлелдер төңірегінде жауап берген.

Әдебиет:

  1. Kutlu S. Mezhepler Tarihine Giriş, — İstanbul
  2. Fiğlalı R. E. Çağımızda İtikadi İslam Mezhepleri, — İstanbul: 1996.
  3. Ebu Zehra M. İslamda Siyasi İtikadi ve Fıkhi Mezhepler Tarihi, — İstanbul: 1972.
  4. Bağdadî A. Çev. Fığlalı E. R. Mezhepler Arasındaki Farklar, — İstanbul: 1979
  5. Eş’ari E. H. çev. Dalkılıç M., Aydın Ö. İlk Dönem İslâm Mezhepleri, — İstanbul: 2005
  6. Асалыоглу А. Ислам мазхабтары тарихы, — Түркістан: 2011
  7. Ислам діні және оның тармақтары. Құрастырушылар: Кенжетай Досай, Байқанақов Ербол, Бақадыр Абдулла, — Шымкент: 2007
  8. Өзбекұлы, С., Исахан, М. Ислам және кәламдық мәзхабтар, — Алматы: 2009
Основные термины (генерируются автоматически): Ислам, мена, оса, Хасан.


Похожие статьи

Ортағасырлық ислам теологиясының негізгі проблемалары

Бірақ осы Құран аяттары мен хадистерге түсініктеме жасауға, хадистердің кейінгі дәуірге жеткізілу жолдары мен деңгейлеріне байланысты исламдық діни сенім аясында әр алуан

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, ислам, пена, кал, Хасан.

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

Основные термины (генерируются автоматически): Ислам, мена, ислам осы, оса, бар, вводный курс, немес, теория, утилитаризм, Этика.

Ислам (араб., букв. — покорность) — монотеистическая религия, одна из мировых религий (наряду с буддизмом, христианством)...

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

 Ислам тарихында Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін бір ғасыр өтпей, Исламды тек өздері ғана ең жақсы меңгерген басқалардың көзқарасы қате деген түсінікпен әртүрлі ағымдар шыға бастады. Солардың бірі хариджиттік ағымы. Кейбір ғалымдар хариджиттік ағымды исламдағы ең алғаш...

Біздің рухани байлығымыз | Статья в журнале «Молодой ученый»

Ислам, мена, ислам осы, оса, бар, утилитаризм, теория, немес, вводный курс, Этика. Осы заман ислам дәуірінде болуға тиіс табиғи, ғылыми, тарихы бар жетістіктер, оқиғалар, апаттар – бәрі де исламның кітабында...

Егістік дақылдардың бейімделгіштік селекциясы | Статья в журнале...

Ахмета, мена, оса, Хасан, алматы, бар. Сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар, Ақтөбе, Орал, т.б. қалаларда медреселер қызмет атқаруда. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Адам болмысының руханилық бастаулары: адами рух пен діннің...

оса, бола, мена. Осы құндылықтар бізге қуатты қару, асқақ рух болады деп шүбәсіз сенемін.

оса, мена. Оған осы уақытқа дейінгі болып келген көтерілістер,соғыстар дәлел бола алады. «Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Дін және оның халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығы

Ислам бейбітшілікке, тыныштыққа үндейтін дін. Алайда, соңғы жылдары ислам атын жамылған радикалды топтардың кез келген халықтың танымын жоюға талпынып жатқаны өтірік емес. Қазақтың дүниетанымын мансұқтап, салт-дәстүрді жоққа шығарып, келіннің сәлем салуын...

мена, немес, ислам, III, оса, пена. Похожие статьи. Apт-тepaпия...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші... мена, немес, ислам, III, оса, пена.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Осы заман ислам дәуірінде болуға тиіс табиғи, ғылыми, тарихы бар жетістіктер, оқиғалар, апаттар – бәрі де исламның кітабында «Құран-Кәрімде» бар, оларды алдын ала ескерткен. Демек, ислам ілімінде дүниеде бұрын болғандар да, келешек болатындар да тегіс айқын...

Похожие статьи

Ортағасырлық ислам теологиясының негізгі проблемалары

Бірақ осы Құран аяттары мен хадистерге түсініктеме жасауға, хадистердің кейінгі дәуірге жеткізілу жолдары мен деңгейлеріне байланысты исламдық діни сенім аясында әр алуан

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, ислам, пена, кал, Хасан.

Салыстырмалы тұрғыда Ислам этикасы мен басты этикалық...

Основные термины (генерируются автоматически): Ислам, мена, ислам осы, оса, бар, вводный курс, немес, теория, утилитаризм, Этика.

Ислам (араб., букв. — покорность) — монотеистическая религия, одна из мировых религий (наряду с буддизмом, христианством)...

Хариджиттік ағымының дүниеге келуі | Статья в журнале...

 Ислам тарихында Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін бір ғасыр өтпей, Исламды тек өздері ғана ең жақсы меңгерген басқалардың көзқарасы қате деген түсінікпен әртүрлі ағымдар шыға бастады. Солардың бірі хариджиттік ағымы. Кейбір ғалымдар хариджиттік ағымды исламдағы ең алғаш...

Біздің рухани байлығымыз | Статья в журнале «Молодой ученый»

Ислам, мена, ислам осы, оса, бар, утилитаризм, теория, немес, вводный курс, Этика. Осы заман ислам дәуірінде болуға тиіс табиғи, ғылыми, тарихы бар жетістіктер, оқиғалар, апаттар – бәрі де исламның кітабында...

Егістік дақылдардың бейімделгіштік селекциясы | Статья в журнале...

Ахмета, мена, оса, Хасан, алматы, бар. Сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар, Ақтөбе, Орал, т.б. қалаларда медреселер қызмет атқаруда. «Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Адам болмысының руханилық бастаулары: адами рух пен діннің...

оса, бола, мена. Осы құндылықтар бізге қуатты қару, асқақ рух болады деп шүбәсіз сенемін.

оса, мена. Оған осы уақытқа дейінгі болып келген көтерілістер,соғыстар дәлел бола алады. «Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Дін және оның халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығы

Ислам бейбітшілікке, тыныштыққа үндейтін дін. Алайда, соңғы жылдары ислам атын жамылған радикалды топтардың кез келген халықтың танымын жоюға талпынып жатқаны өтірік емес. Қазақтың дүниетанымын мансұқтап, салт-дәстүрді жоққа шығарып, келіннің сәлем салуын...

мена, немес, ислам, III, оса, пена. Похожие статьи. Apт-тepaпия...

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленуші... мена, немес, ислам, III, оса, пена.

Конфуций мен әл-Фарабидің рухани мұрасы | Статья в журнале...

Осы заман ислам дәуірінде болуға тиіс табиғи, ғылыми, тарихы бар жетістіктер, оқиғалар, апаттар – бәрі де исламның кітабында «Құран-Кәрімде» бар, оларды алдын ала ескерткен. Демек, ислам ілімінде дүниеде бұрын болғандар да, келешек болатындар да тегіс айқын...

Задать вопрос