Мектептегі химия пәнін басқа ғылым салаларымен байланыстыра оқыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 11 мая, печатный экземпляр отправим 15 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №42 (437) октябрь 2022 г.

Дата публикации: 23.10.2022

Статья просмотрена: 106 раз

Библиографическое описание:

Жумагулов, Нурболат Азатулы. Мектептегі химия пәнін басқа ғылым салаларымен байланыстыра оқыту / Нурболат Азатулы Жумагулов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 42 (437). — С. 343-347. — URL: https://moluch.ru/archive/437/95657/ (дата обращения: 02.05.2024).

Бұл шолуда Қазақстан мектептерінде химия пәнін ағылшынша оқытуда қолданылатын оқулықтардағы химияның басқа ғылыми пән салаларымен байланысы жайлы сөз болады. Химия пәнін басқа ғылым салаларымен бірлестіре оқытуда «Астана-кітап» баспасының Chemistry 9 textbook оқулығы талданды. Аталған оқулықта химиялық мазмұнның әр түрлі тақырыптарында химияның өмірмен, технологиямен, басқа да ғылым салаларымен байланысты мысалдары көптеп келтірілген.

Түйін сөздер: қостілді оқулық, Қазақстан мектептері, химия оқулығы, пәнаралық байланыс, ғылым саласы, химия тұрмыста.

В статье приведены данные о связи химии с другими научными дисциплинами в учебниках, используемых при преподавании химии на английском языке в школах Казахстана. Учебник Chemistry 9 textbook издательства «Астана-кітап» был проанализирован в рамках совместного преподавания химии с другими отраслями науки. Этот учебник содержит многочисленные примеры химии, связанные с жизнью, техникой и другими областями науки по различным темам химического содержания.

Ключевые слова: двуязычный учебник, школы Казахстана, учебник химии, межпредметная связь, область науки, химия в жизни.

Қазіргі Қазақстан мектептерінде оқытылып жатқан «Химия» пәні — іргелі ғылымдардың бастауы. Себебі мектеп қабырғасында оқушылар химия арқылы өмірді, айналасын, болып жатқан құбылыстарды таниды. Химияның күнделікті өмірде алатын орнын, химиялық өнеркәсіп материалдарының жасалу жолдарын, химиялық қосылыстар жайлы мәліметтер алады.

Химия пәнін үйретуде оқушыларға оның басқа ғылымдармен де байланысын түсіндіру маңызды. Мысалы, химия мына ғылымдармен байланыстыруға болады (Сурет 1).

Сур. 1. Химия ғылымының басқа ғылымдармен байланысы [4]

«Chemistry 9 textbook» оқулығын құрастыру барысында химия мазмұнының басқа пән салаларымен байланысын көрсету ескерілді. ҚР Негізгі орта білім беру деңгейінің 7–9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқулықта келтірілген «1.1 Electrolytes and nonelectrolytes» («Электролиттер және бейэлектролиттер») тақырыбында адам ағзасындағы қан плазмасының химиялық құрамы мысал ретінде келтірілді (Сурет 2).

Сур. 2. Адам қаны плазмасының химиялық құрамы [1, 8б]

Тақырыптағы осы сурет арқылы оқушылар қан плазмасы құрамында қай иондардың қаншалықты мөлшерде кездесетінін түсініп біледі. Әрі адам денесі электр тогын осы иондардың көмегімен өткізетінін меңгереді.

Оқулықтағы [1] «1.3 THE DEGREE OF DISSOCIATION. STRONG AND WEAK ELECTROLYTES» («Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер») тақырыбында күнделікті өмірде және медицинада дәрі ретінде қолданылатын кейбір әлсіз қышқылдардың атаулары келтірілді (Сурет 3).

Сур. 3. Күнделікті өмірде және медицинада қолданылатын кейбір қышқылдар [1, 12 б]

Бұл кестеде тамақ өндірісінде қолданылатын сірке қышқылы, лимон қышқылы және алма қышқылы және медицинада қолданылатын ацетилсалицил қышқылы, бор қышқылы, аскорбин қышқылы мысал ретінде көрсетілді. Себебі, бұл химиялық қосылыстар — адам өмірі үшін маңызды қосылыстар болып саналады.

Оқулықтың «1.6 HYDROLYSIS OF SALTS» («Тұздар гидролизі») тақырыбында химиялық тұздардың pH-ы жайлы сөз қозғалады. Сонымен қоса, әр түрлі тұздардың сулы гидролизі де тақырыпта айтылады. Ауыл шаруашылығында, агрохимияда кейбір тұздар өсімдіктердің, дәнді дақылдардың өсіп өнуінде маңызды рөл ойнайды. Осы тақырыпта гортензия ( Hydrangea hydrangeoides, Hydrangea petiolaris ) гүлдерінің түстері топырақтың сутектік көрсеткішіне pH-ына байланысты екендігі айтылды (оқулықтың «Facts» айдарына енгізілді) Ағылшынша мәтіні: «The flowers of a hydrangea bush are blue when grown in acid soil and pink when the soil pH is alkaline.» (Сурет 3).

Сур. 3. Гортензия гүлін түрлі түске бояуда топыраққа әр түрлі химиялық қосылыстар қосады. [3, 18 б]

Оқулықтың «2.1 QUALITATIVE REACTIONS FOR CATIONS» («Катиондарға сапалық реакциялар») тақырыбында тұз құрамындағы белгісіз металл катиондарын анықтауда жалынмен тексеру әдісі қолданылатыны жайлы баяндалады. Тақырыпта осы әдіс негізінде зертханалық жұмыс жасалып қана қоймай, бұл түрлі түсті жалындар пиротехникада жарылғыш отшашуларды жасауда да қолданылатыны айталады (Оқулықтың «Sciencein context» айдарында). Ағылшынша мәтіні: «Display of fireworks are also a chemical reaction. Different colours of fireworks are produced by pyrotechnic ‘stars’. The ‘stars’ contain five basic ingredients: red — Sr 2+ ion, orange — Ca 2+ ion, yellow — Na + ion, green — Ba 2+ ion, blue-green — Cu 2+ ion.» (Сурет 4)

Сур. 4. Отшашу [2, 22 б]

Химия ғылымының медицинамен байланысы өте тығыз екенін жоғарыда атап өттік. Осының дәлелі ретінде оқулықта «QUALITATIVE REACTIONS FOR ANIONS» («Аниондардың сапалық реакциялары») тақырыбына Lego ойыншықтарын жасауда барий сульфаты BaSO 4 тұзы қолданылуы баяндалды. Барий сульфаты — суда мүлдем дерлік ерімейтін тұз [6]. Тұздың бұл қасиеті оны адам ағзасы үшін зиянсыз етеді. Медицинада осы тұздың суспензиясы адамның іш-құрылысын рентгенмен сканерлеуде қолданылады. Себебі бұл тұз рентген суреттерінде ақ бояу ретінде айқын көрінеді. Сол арқылы адамдағы ішек-құрылыс аурулары анықталады. Және кішкене жастағы балалар Lego ойыншықтарын жұтып қойса, бала денесін рентгенмен сканерлеу арқылы ойыншықтың денеде қай жерде тұрғандығын мамандар байқай алады. Осы қызықты әрі пайдалы ғылыми ақпарат оқулықта мынадай түрде орын алған: «Barium sulfate BaSO 4 is one of the components of «Lego» constructors.» (Сурет 5)

Сур.5. Lego ойыншықтары [1, 25 б]

Оқулықтың 26-бетінде келтірілген № 2 практикалық жұмыс «Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы» тақырыбында қосымша ретінде сапалық анализдің өмірде қолданыс аясы жайлы айталады: «Qualitative analysis is used in food quality analysis, in medicine, in identifying soil composition, in water purity analysis, etc.» Яғни, «Сапалық талдау тағам сапасын талдауда, медицинада, топырақ құрамын анықтауда, судың тазалығын талдауда және т. б. қолданылады.»

Химияның маңызды тақырыптарының бірі — «Химия реакция жылдамдығы». Оқулықтағы осы тақырыпта («3.2 TEMPERATURE AND CONCENTRATION EFFECTS») химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері жайлы мәтін беріледі. Қосымша мәлімет ретінде мына мәтін келтірілді: «When the temperature drops, most fish stop normal activities and their whole system slows down.» (Сурет 6)

Сур. 6. Салқын суда балықтың тіршілігі баяулайды [2, 35 б]

Осы секілді басқа да мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Химия-экология байланысы оқулықтың «3.3 Pressure effects. Catalysts and inhibitors» («Катализаторлар. Ингибиторлар») тақырыбында көрініс тапқан. Осы мәтінді мысалға келтірсек: «Pollutants also can act as catalyst, for example, CFC. The depletion of the ozone layer increases by chlorofluorocarbon (CFC), which have been widely used in refrigeration and air conditioners» (Сурет 6). Яғни бұл мәтінде ауаны ластаушы заттар (хлорлы-, фторлы-органикалық қосылыстар) катализаторлар секілді әсер етіп, озон қабатына зиянын тигізетіні жайлы айтылған.

Сур. 7. Хлорлы-, фторлы органикалық қосылыстар озон қабатына зиян келтіреді. [2, 36 б]

Оқулықта әр түрлі ғылыми фактлер мен ақпараттарды келтіру — оқушының ғылымды тұтастай қабылдауына әсер етеді. Себебі, осы әлемді әр түрлі ғылым призмасы арқылы тануға болады. Химия сабағындағы пәнаралық байланыс оқушы танымында үлкен рөл атқарады. Бір ғылым саласының жаңалығы басқа ғылымда да қолданылады. Осы арқылы оқушыда ғылыми ойлау, ғылыми сана, әлемдік біртұтастық принциптері қалыптасады. Әрі мұғалім пәнді оқытуда мақсаттарына жетеді деп айтуға болады.

Әдебиет:

  1. Байкенов К., Хасен Т., Жұмағұлов Н., Калиев Д., Юсупов О., Саматов А., Сел А., Тор А. Chemistry 9 қостілді оқулық. — Алматы: Астана-кітап. — 2018. -176 б.
  2. Байкенов К., Хасен Т., Жұмағұлов Н., Калиев Д., Юсупов О., Саматов А., Сел А., Тор А. Chemistry 9 textbook. — Алматы: Астана-кітап. — 2018. -176 б.
  3. Байкенов К., Хасен Т., Жұмағұлов Н., Калиев Д., Юсупов О., Саматов А., Сел А., Тор А. Chemistry 9 билингвальный учебник. — Алматы: Астана-кітап. — 2018. -176 б.
  4. www.chem.libretexts.org сайты
  5. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7–9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 2017
  6. CRC Handbook of Chemistry and Physics 97th Edition. p 769
Основные термины (генерируются автоматически): химия, AND, CFC, FOR, QUALITATIVE, REACTIONS, оса, ANIONS, CATIONS, CONCENTRATION.

Ключевые слова

қостілді оқулық, Қазақстан мектептері, химия оқулығы, пәнаралық байланыс, ғылым саласы, химия тұрмыста

Похожие статьи

Teaching strategies for young learners (7–10 ages) | Молодой ученый

 Teaching English, especially for young learners (7–10 ages), should be enjoyable, interesting, repetitive and understandable.

For the first time teaching young learners seems to be simple action but it demands more experience and knowledge that assist to make effective teaching.

Cognitive and linguoculturological system of concepts as theoretical...

Correlating values of culturally determined units with concepts of national culture, linguoculturological analysis provides them with deep and volume explication. For instance, here are phraseological series with the word раб in metaphorically associated meaning: раб страстей, раб желаний, раб привычек.

«Зеленая химия» в органическом синтезе | Статья в сборнике...

Miao, W. Ionic-Liquid-Supported Organocatalyst: Efficient and Recyclable Ionic-Liquid-Anchored Proline for Asymmetric Aldol Reaction. /

E. Task-Specific Ionic Liquids Incorporating Novel Cations for the Coordination and Extraction of Hg2+ and Cd2+: Synthesis, Characterization, and Extraction Studies.

Method of Teaching a Foreign Language as an Independent...

...prepare training materials for classes based on the stage and profile of training; analyze and evaluate the students' individual psychological characteristics and the level of their knowledge of a foreign language; analyze your own educational activities and colleagues; organize independent work using.

From the history of the development of methods of teaching foreign...

Their role did not reduce also in the period of the Middle Ages, as evidenced by the literary monuments of that time and lexical borrowings, marked by the dictionaries of Western European languages. At first Greek and then Latin were the main foreign languages that were taught privately and in schools.

Лексико-грамматические особенности химического дискурса

For the scientific style is characterized by logic, strict emphasis on summary, accuracy, clarity.Terms are

It appears first that non-ionic polar groups in sulphonate anions can form hydrogen bonds to case in water

This route may have been followed in reactions.—Возможно, что реакции протекали этим путем.

Бутелези, Т. Химия. Материя и изменения, NewYork: McGraw-Hill, 2008. — 1008 с.

Эффективность цефдиторена в лечении инфекций дыхательных...

В статье изучена целесообразность использования Цефдиторена («Спектрацеф») — перорального цефалоспорина III поколения широкого спектра действия в терапии инфекций дыхательных путей в реальной амбулаторной практике. Проведен анализ клинической...

Professionally oriented foreign language teaching to the ESP students

The second feature of a foreign language as an academic subject is that the language is both a means and a goal of learning.

For educational purposes, regardless of the different types and forms of teaching the language — from courses to a specialized institution of higher learning, from general...

Оценка максимальной ионной силы раствора | Статья в журнале...

В данной работе освещена предложенная Льюисом теория об ионной силе раствора, приведена формула для ее расчета, показана значимость концепции ионной силы для химии и физики. Рассмотрены ранее не описанные в научной литературе физическое и математическое...

Задать вопрос