Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 19 октября, печатный экземпляр отправим 23 октября.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №52 (394) декабрь 2021 г.

Дата публикации: 26.12.2021

Статья просмотрена: 554 раза

Библиографическое описание:

Махамбетова, А. А. Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері / А. А. Махамбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 52 (394). — С. 436-439. — URL: https://moluch.ru/archive/394/87214/ (дата обращения: 11.10.2024).



Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Кілтті сөздер: еңбек нарығы, жастар, жұмыспен қамту, еңбек нарығына бейімделу.

В данной статье рассматривается текущее положение казахстанской молодежи на рынке труда. В частности, будет проведен анализ участия молодежи в трудовых ресурсах страны, государственной поддержки занятости молодежи.

Ключевые слова: рынок труда, молодежь, занятость, адаптация на рынке труда.

Жастар қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарады, сондықтан олардың еңбек нарығына талдау жүргізу өте маңызды. Әрбір аймақта еңбек нарығының өзіндік ерекшеліктері бар, оның ерекшелігі жүргізіліп жатқан саясаттың, қалыптасқан әлеуметтік-мәдени, еңбек дәстүрлерінің әсерінен қалыптасады. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жағдайға демографиялық, саяси, әлеуметтік, этникалық, экономикалық факторлар әсер етеді. Жастар жұмыс күшінің ерекше категориясы болып табылады. Бұл әлеуметтік-демографиялық топ қарама-қайшылықты белгілерімен сипатталады: бір жағынан, еңбек нарығының жай-күйі, мүмкіндіктері туралы ақпараттармен жеткілікті деңгейде қамтылмауы; жұмыс тәжірибесінің болмауы; еңбек заңнамасының негіздерін жеткіліксіз білу немесе білмеу; ал екінші жағынан жоғары бастамашылдығымен және жаңашылдықты игеруге ұмтылуымен ерекшеленеді [1, с. 51].

Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықтың дәстүрлі статистикалық көрсеткіштері көбінесе жастардың еңбек ресурстарына кіру процесінде кездесетін проблемаларды көрсетпейді. Жастарды еңбекке бейімдеу мәселесі өте өзекті. Кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін тиімді жұмысқа орналастырудағы қиындықтардың негізгі себептерінің бірі осы процестің негізгі субъектілері арасында тығыз байланыстың жоқтығы болып табылады:

Алынған білім мен еңбек нарығының сұранысы арасындағы сәйкессіздік

Жастардың еңбек өміріне жеткіліксіз дайындығы мәселесі, сарапшылардың пікірінше, негізінен заманауи білім беру бағдарламаларындағы «олқылықтарға» байланысты туындайды. Қазіргі уақытта қолданыстағы білім беру бағдарламаларында мамандарды кәсіби даярлаудың практикалық құрамдас бөлігі ескеріле бермейді. Оқыту бағдарламалары нақты жұмыс орнында мүмкіндігінше көп тәжірибені қамтуы керек [2, c. 110].

Жастарды жұмыспен қамтудың мәселелерінің бірі — жастардың кәсіптік бағдары мен кәсіпорындардың еңбек ресурстарына қажеттіліктері арасындағы қайшылықтың болуы. Білім беру ұйымдары деңгейінде еңбек нарығының жай-күйі және оның тенденциялары туралы жан-жақты ақпараттың жоқтығынан әртүрлі мамандықтар бойынша еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік пайда болады. Нәтижесінде, білім беру ұйымдарының түлектерінің көпшілігі осал санаттар қатарына жатады.

Еңбек нарығында гуманитарлық мамандықтар бойынша мамандардың көптігі мен техникалық кадрлардың тапшылығы ұзақ уақыт бойы сақталып отыр.

Тағы бір мәселе — көптеген оқу орындарының білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмеуі. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәліметінше, 2019 жылы Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының 2 мың бағдарламасы зерттелген. Олардың 73 %-ы жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді.

Демек, еңбек нарығына енген жастар ондағы теңгерімсіздікке байланысты жұмысқа орналасуда айтарлықтай кедергілерге тап болады. Осыған байланысты, жас мамандар біліктілігін жоғалтудың салдарынан мамандығынан тыс жұмыс істеуге, сондай-ақ бейресми жұмысқа баруға мәжбүр.

Жұмыс берушілердің әлеуетті қызметкерлерге шамадан тыс талаптары

Кез келген компания персоналды таңдаудың өзіндік критерийлерін әзірлейді, бұл өз кезегінде ұйымның тиімділігіне әсер етеді. Алайда үміткерлерге қойылатын кейбір талаптар жас мамандардың жұмысқа орналасуына кедергі болады.

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі жұмыс беруші қызметкерлерді таңдау кезінде назар аударатын маңызды критерийлердің бірі болып табылады.

Жұмыс берушінің көзқарасы бойынша, аз жұмыс тәжірибесі бар мамандар барлық компаниялардың қалтасы көтере бермейтін тәуекел болып табылады. Қосымша оқыту қажеттілігін ескере отырып, жас мамандарды жұмысқа алу әлдеқайда қымбатқа түседі [3, c. 35–38].

Ірі қалаларда жұмыс орнының тапшылығы

Қала жастарының жұмыссыздығы ауылдағы жастарға қарағанда әлдеқайда жоғары, бұл ішкі көші-қон процестерінің күшеюінің салдары болып табылады. Жастар арасындағы ішкі көші-қонның өсуіне аймақтардың экономикалық дамуының біркелкі еместігі ықпал етеді. Оның үстіне қала мен ауылдағы табыс пен даму мүмкіндіктерінің алшақтығы еліміздің барлық аймақтарына тән. Ауылдар мен шағын қалаларда жұмыстың жоқтығы және әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейінің төмендігі жастар арасындағы ішкі көші-қонның және ауыл тұрғындарының ірі қалаларға кетуінің негізгі себебі болып табылады.

Қазіргі уақытта ішкі мигранттар мемлекеттің әлеуметтік саясатынан іс жүзінде шеттетілген. Қалада тіркеудің жоқтығы еңбек шартымен жұмыс табу мүмкіндігін азайтады. Соның салдарынан мигранттардың көпшілігінің зейнетақы қорларында есепшоттары жоқ, балалар жәрдемақысы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді ала алмай отыр.

Ішкі мигранттарды тіркеудің қиындығы күрделі мәселе. Бірде-бір мемлекеттік органда ірі қалаларда қанша ішкі мигранттар тұратыны және олардың арасында қанша жас бар екені туралы мәлімет жоқ. Тіркеусіз өмір сүретін ішкі мигранттарға жазаны қатайту көші-қон ағынының төмендеуіне әкелмейді, тек бірқатар заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың өсуіне алып келеді. Жұмыссыз жастардың көбеюі, баспанаға қолжетімсіздігі, өмір сүру деңгейінің төмендігі әлеуметтік шиеленістің күшеюіне алып келеді [4, c. 21–22].

Жастарды еңбек нарығының ұсыныстары туралы ақпараттандыру арналарының жоқтығы

Жастарды жұмыс күшіне тарту жеке және мемлекеттік секторлар ұсынатын мүмкіндіктер туралы белсенді түрде хабарлауды білдіреді. Сонымен қатар, бұл жұмыс іздеушілерге жұмыс берушілер талап ететін кәсіптер мен дағдылар туралы толық және жан-жақты ақпарат беру дегенді білдіреді.

Көптеген сарапшылар коммуникация құралдарының, әсіресе аймақтық деңгейде дұрыс жолға қойылмағанын атап өтеді. Сонымен қатар, жас мамандар мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктері туралы ақпаратпен аз қамтылады, жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қатыстырылуы салыстырмалы түрде төмен. «Жастар» ҒЗО социологиялық зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан жастардың 4,7 % мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы туралы естіген, тек 0,8 % мемлекеттік бағдарламаға қатысқан [3, c. 38–39].

Қазақстанда еңбек нарығындағы белсенді саясат жұмыспен қамтудың мемлекеттік және салалық бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады, олардың ішінде негізгі басымдық «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына берілген. Бұл бағдарлама бұрын іске асырылған жұмыспен қамту бағдарламалары — Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020, Жұмыспен қамту бағдарламасы — 2020 негізінде әзірленген.

Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуды арттыру бойынша жеке әзірленген мемлекеттік бағдарлама жоқ. Бұған дейін жас мамандарды жұмыспен қамтуды қолдау шаралары 2001 жылғы «Қазақстан жастары» бағдарламасы, 2005–2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы аясында жүзеге асырылған болатын. Бұл ретте 2018 жылы NEET жастарын тарту мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтендіру жол картасы әзірленді, онда алты бағыт бойынша шаралар кешені қарастырылған: кәсіптік бағдар беру, кәсіптік оқыту, жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастарды әлеуметтендіру, ұйымдастыру-әдістемелік шаралар.

2019 жылғы көрсеткіш бойынша «Еңбек» бағдарламасына 29 жасқа дейінгі 224 мың адам қатысты, қатысушылардың арасында жастардың үлесі шамамен 37 %-ды құрады.

Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде жұмыссыздарға тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкінкіндігі қарастырылған. Уақытша жұмыс орындарына жұмысқа қабылдау қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, кәсіптік оқытуға және кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруды қамтиды. 2019 жылы барлық бағдарламаға қатысушылардың 37 %-ы бос жұмыс орындарына, 29 % әлеуметтік жұмыс орындарына, 32 %-ы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, жастар арасындағы кәсіпкерлік белсенділік төмен деңгейде қалып отыр — жастар алған шағын несиелердің жалпы санының 19 %-ын ғана құрайды.

Сарапшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттік билік өкілдері елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша қолданыстағы шаралардың жеткіліксіз тиімділігі туралы мәселені кезең-кезеңмен көтеріп келеді. Сын негізінен қолданыстағы бағдарламалардың көбіне уақытша жұмыс орындарын құруға бағытталғандығымен және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету міндеттеріне сәйкес келмейтіндігімен түсіндіріледі. 2011 жылдан бастап іске асырылып жатқан жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалардың тиімділігін талдау бағдарламаға қатысушыларды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырудың төмен деңгейін көрсетеді. 2019 жылы жастардың 212 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Өңірлер бойынша тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіштері айтарлықтай өзгереді. Мәселен, тұрақты жұмысқа орналасқандардың ең көп үлесі Алматы мен Ақмола облысында, ең азы — ірі экономикалық орталықтар — Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында болды.

Жалпы, халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау құралдарының тиімділігін арттыру мәселесі күн тәртібінде қалып отыр.

Жастарды жұмыспен қамтуды қолдау тетіктерін қарастыра отырып, мыналарды бөліп көрсетуге болады.

«Жастар тәжірибесі»

Жастардың еңбек нарығына шығуын қолдауға бағытталған бағдарламаның бірі — 6 айға созылатын жастар тәжірибесі. Бұл бағдарлама техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. 2017–2019 жылдар аралығында бағдарламаны аяқтаған жас мамандардың саны 40,5 %-ға өсіп, 2019 жылы 34,7 мың адамды құрады.

«Жастар — Ел тірегі»

Білім сапасын арттыруға және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға баса назар аудара отырып, жастарға қолдау көрсетуді кеңейту мақсатында 2019 жылы «Жастар — Ел тірегі» ұлттық жобасы іске қосылды. Осы бағыт аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауды қамтитын «Жас Маман» жобасын іске асыру көзделген [4, c. 54–56].

«Серпін»

Жоғарыда аталып өткен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мəңгілік ел жастары — индустрияға» («Серпін») жобасы жүзеге асырылып отыр. Бұл жобаға сəйкес еңбек күші басым өңірлердің — Түркістан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының жəне Шымкент қаласының 9 жəне 11 сынып бітірген жастарына техникалық жəне кəсіби білім беріп, жұмыс күші жетпейтін өңірлерге қоныс аударып, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жобаға қатысушыларды тегін оқытып, шəкіртақы тағайындап, жол жəне тамаққа кететін шығындарды толығымен қаржыландырылады [5, c. 114].

2020 жылы COVID-19 пандемиясы экономикаға, бизнеске және әрбір адамның өміріне әсер етті. Содан бері экономикалық белсенділік ең алдымен елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болды. Пандемия жұмыс орындарына үлкен әсер етті, жұмысшылар мен олардың отбасыларына лайықты өмір мен әл-ауқат деңгейін қамтамасыз ету үшін қол жетімді ресурстарды шектеді.

Жастар пандемия жағдайында ең осал санатта болды. Жұмыспен қамтылған әрбір алтыншы жас, әсіресе 18–24 жас аралығындағы жас жұмысшылар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Жұмыспен қамтылған жастардың жұмыс уақыты шамамен 25 %-ға қысқарды. Жалпы алғанда, жастар арасындағы, әсіресе жас әйелдер арасындағы жұмыссыздық ересектерге қарағанда жылдам өсуде [3, c. 79–80].

Қорытындылай келе, жастарды жұмыспен қамту саласын одан әрі дамыту үшін келесі шараларды қолдану ұсынылады:

Білім беру мекемелері мен жұмыс орындарының өзара әрекеттесу механизмінің арттыруға негізделген еңбек нарығын болжау жүйесі мен кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру қажет;

Мемлекеттік бағдарламаларды, сондай-ақ жастар арасында жұмысқа орналасу мен оқыту мүмкіндіктеріне ақпараттандыру үшін жастарға қол жетімді ақпарат көздерін пайдалануды арттыру керек;

Цифрландыру мен пандемия еңбек нарығындағы өзгерістерді жеделдетті. 2020 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған «Future of Jobs» баяндамасында айтылғандай, енді бүкіл әлемде адамдар болжанғандай жаңа технологиялардың таралуына байланысты ғана емес, сонымен қатар экономикалық дағдарысқа байланысты жұмыссыз қалады. Еңбек нарығында 2025 жылға қарай сыни тұрғыдан ойлау, күрделі мәселелердің шешімін талдау және табу қабілеті, өзін-өзі басқару және белсенді оқу дағдылары, стресске төзімділік пен икемділік дағдыларын менгерген мамандар сұранысқа ие болады. Қазірдің өзінде жұмысқа орналасудың негізгі критерийі — бұл қызметкердің дипломы емес, оның дағдыларына басты назар аударылады. Сондықтан, елімізде мамандарды қайта даярлау құралдарын белсенді енгізу қажет.

Әдебиет:

  1. Л. А. Миндибекова. Молодежный рынок труда: проблема трудоустройства. — Вестник КГПУ им. В. П. Астафьева, № 3, 2017.
  2. Ю. А. Зубок, В. И. Чупров. Отношение молодежи к образованию как фактор повышения эффективности подготовки высококвалифицированных кадров // Социологические исследования, 2012.
  3. А. А. Альшанская. Проблемы трудоустройства молодежи на рынке труда в Казахстане. — Нур-Султан: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2020.
  4. М. М. Махмутова. Внутренняя миграция молодежи в Казахстане: на примере г. Алматы. — Центр анализа общественных проблем/Public Policy Research Center, 2011.
  5. Г. Ж. Доскеева. Оценка современного состояния занятости молодежи Казахстана и системы ее государственной поддержки. Central Asian Economic Review, 2021.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, рынок труда, Казахстан, NEET.


Ключевые слова

жастар, еңбек нарығы, жұмыспен қамту, еңбек нарығына бейімделу

Похожие статьи

БҚО Орал қаласы, «Мирас» Шаруа қожалығындағы қолдан ұрықтандыру кезінде жіберілетін қателіктер

Жасанды ұрықтандыру- бұл ұрықты тікелей жатырға енгізу арқылы бедеулікті емдеу әдісі. Ғалымдар үй малын тез өсіру жолын жасады. Содан бері жануарлар адамдарға арналған техникаға бейімделе бастады.

Есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға ойын әдісі арқылы экологиялық тәрбие беру

Мақалада авторлар есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға ойын әдісі арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары қарастырған.

Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асыру жағдайында Қазақстан Республикасында мектептегі математикалық білім берудің дамуы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектептегі математикалық білім берудің мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру контекстінде негізгі мазмұны қарастырылған.

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың экологиялық мәденитін көтеру

Мақалада авторлар экологиялық білім беру арқылы жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру жолдарын қарастырады. Экологиялық мәдениет ұғымына анықтамалар береді. Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім...

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Бағдарламалық қамтаманы тестілеуге талдау жасау

Алғашқы компьютерлердің пайда болуы — компьютерлік бағдарламалардың пайда болуына себеп болды. Ал бағдарламалау, кез-келген адам сияқты іс жүзінде қателіктерсіз жұмыс жасай алмайды. Бұл мақалада тестілеуге талдау жүргізіледі.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Похожие статьи

БҚО Орал қаласы, «Мирас» Шаруа қожалығындағы қолдан ұрықтандыру кезінде жіберілетін қателіктер

Жасанды ұрықтандыру- бұл ұрықты тікелей жатырға енгізу арқылы бедеулікті емдеу әдісі. Ғалымдар үй малын тез өсіру жолын жасады. Содан бері жануарлар адамдарға арналған техникаға бейімделе бастады.

Есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға ойын әдісі арқылы экологиялық тәрбие беру

Мақалада авторлар есту қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға ойын әдісі арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары қарастырған.

Заңсыз кірістерді заңдастыруды тергеудің негізгі бағыттары

Бұл мақалада Заңсыз жолмен келген ақшалай қаражаттарды немесе басқа мүлікті заңдастыруды тергеу бойынша жаңа шараларды жетілдіруге және әзірлеуге арналған негізгі бағыттары туралы қарастыралады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асыру жағдайында Қазақстан Республикасында мектептегі математикалық білім берудің дамуы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектептегі математикалық білім берудің мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру контекстінде негізгі мазмұны қарастырылған.

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың экологиялық мәденитін көтеру

Мақалада авторлар экологиялық білім беру арқылы жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру жолдарын қарастырады. Экологиялық мәдениет ұғымына анықтамалар береді. Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім...

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Бағдарламалық қамтаманы тестілеуге талдау жасау

Алғашқы компьютерлердің пайда болуы — компьютерлік бағдарламалардың пайда болуына себеп болды. Ал бағдарламалау, кез-келген адам сияқты іс жүзінде қателіктерсіз жұмыс жасай алмайды. Бұл мақалада тестілеуге талдау жүргізіледі.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Задать вопрос