Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Калтаева С. А. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы // Молодой ученый. — 2018. — №5.1. — С. 46-49. — URL https://moluch.ru/archive/191/48249/ (дата обращения: 20.04.2019).

Тұрғындардың жұмысбастылық, жұмыссыздық пен еңбек ресурстарының ұтқырлық мәселелері әрқашан сәйкес ведомостволар, ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми, қоғамдық, саяси және шаруашылық қызметінінде ерекше орын алған. Ол жаһандық экономиканың дағдарыстан кейінгі қалпына келтірудің қазіргі кезеңінде ерекше өзектілікке ие болып отыр. Білім және инновациялық экономикаға өтумен байланысты экономикалық өсудің, адамдардың тұрмыс жағдайын, өмір сүру сапасын жоғарылатудың басты факторы ретінде адам факторы басты факторлдардың біріне айналады. Білім, кәсіпқойлық, интеллекттің негізінде адами ресурстар жаңа стратегиялық міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңызды алғышартын құрайды.

Тұрғындардың жұмысбастылық сферасында және қазақстандық еңбек нарығында көптеген дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда жаһандық экономиканың дағдарысты жағдайында тұрақты жағдай қалыптасты. Соңғы жылдардан бастап ҚР статистика жөніндегі Агенттік мәліметтері бойынша елде экономикалық белсенді тұрғындар санының, жұмысбастылықтың ұлғаюы мен жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы орын алды (кесте-1).

Кесте 1

2012-2016 жылдардағы Қазақстандағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары

2012

2013

2014

2015

2016

Жұмыскүші ,мыңадам

8981,9

9041,3

8962,0

9074,9

8 998,80

Жұмыспенқамтылғанхалық, мыңадам

8507,1

8570,6

8510,1

8623,8

8 553,40

Жалдамалықызметкерлер, мыңадам

5813,7

5949,7

6109,7

6294,9

6 342,80

Өзбетіншежұмысістейтінқызметкерлер, мыңадам

2693,4

2621

2400,4

2328,9

2 210,50

Жұмыссыздар, мыңадам

474,8

470,7

451,9

451,1

445,5

Жұмыссыздықдеңгейі, %

5,3

5,2

5,0

5,0

5,0

Жастаржұмыссыздығыныңдеңгейі, % (15-24 жас)

3,9

3,9

3,8

4,1

3,8

Жастаржұмыссыздығыныңдеңгейі, % (15-28 жас)

5,4

5,5

4,2

4,3

4,1

Ұзақмерзімдіжұмыссыздықдеңгейі, %

2,5

2,5

2,4

2,4

2,2

Жұмыссыздықтыңорташаұзақтығы, айлар

8,4

7,4

7,3

6,7

6,9

Жұмыскүшіқұрамынакірмейтінадамдар, мыңадам

3538,7

3569,4

3715,9

3680,1

3 855,00

Ескерту: ҚР статистика Агенттігінің мәліметі

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жұмыссыздық пен жұмысбастылық сферасында елеулі өзгерістер орын алды. Елдегі жүргізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды.

ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша Қазақстан экономикасының әртүрлі сфераларында 2016 жылы 8,5 млн. адам немесе 15 жас пен одан жоғары жастағы тұрғындардың 66,5% жұмыспен қамтылды. 2016 жылы жалдамалы жұмысшылар саны 6,3 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 74,2%-ын құрады. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың саны 2,2 млн. адамды немесе 25,8% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2016 жылы 86,4% (2015 жылы – 77,6% болған), нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 13,6% (2015 жылы – 22,4%) болды [1].

2016 жылы жұмыссыз тұрғындардың саны 445,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 5,0% деңгейінде қалыптасты (2015 жылы да -5,0%). Жұмыссыздардың жалпы санынан қала тұрғындары 268,9 мың адам (57,1%), ал ауылдық жұмыссыздық – 201,8 мың адам (42,9%), жұмыссыздық деңгейі сәйкесінше 5,4% және 4,9% құраған.2016жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар деңгейі жеткілікті жоғары – 25,4% құрады. Оңтүстікте өзін-өзі жұмыспен қамту көрсеткіші республикалық деңгеймен салыстырғанда жоғары болып отыр. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың көрсеткіші жоғары – сәйкесінше 43 және 44% (сурет-1)

Еңбек нарығында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі жоғары болған кезде ол белгілі бір қиындық туғызады. Бұл азаматтардың аталған категориясы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтындығын және зейнетақы жинақтарына ие болмайтындығымен байланысты. Мысалы жұмыспен қамтылған 8,6 млн. адамның тұрақты зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыратыны небәрі 5,8 млн. адам ғана, бұл жұмысбастылардың жекелеген категорияларының әлеуметтік әлсіздігін күшейтеді. Бұдан басқа олардың көпшілігінің тұрақты табыс көзі жоқ. Олар мансаптық өсуді көздемейді, сондықтан біліктілікті арттыруға мүдделі емес. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындардың білім деңгейі көп жағдайда нарықтың қазіргі заманғы талаптарына жауап бермейді, бұл олардың нәтижелі жұмысбастылығын тежейді [2].

Сурет 1- 2016 жылы жұмыспен қамтылған тұрғындар санынан өз бетінше жұмыс жасайтындардың үлесі

Ескерту: ҚР статистика Агенттігінің мәліметі

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмысбасты тұрғындар туралы мәліметтерді талдайтын болсақ, экономика құрылымының өзгеруі тұрғысынан жағымды деп бағалауға болмайды. Мысалы, ауыл шаруашылығында 2012 жылдан бастап бүгінге дейін жұмыспен қамтылу көрсеткіші төмендеген, сол сияқты құрылыс, қаржылық және сақтандыру қызметінде де жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда азайып отыр. Өнеркәсіп саласы, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру және білім саласында аз ғана өсім байқалады. Электрмен жабдықтау, көлік және қоймалау саласында өзгеріс жоқ. Бұл экономикалық жүйе құрылымында көрнекті өзгерістердің жоқтығын куәландырады, өйткені бір салаларда жұмысбастылықтың қысқаруы басқа салаларда жағымды өзгерістерге алып келмеді. Осылайша, көрсеткіштер қарқыны құрылымдық емес, экономикадағы циклдық өзгерістермен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың үлесі -55,8% құрайды, ал еуропалық одақ елдерінде бұл салалалардағы жұмыспен қамтылғандардың саны орташа 65-66%. Бұл салаға кіретін біртекті емес салалардың үлкен санын ескере отырып, дамыған елдерде қызмет көрсету саласында едәуір үлесті кәсіби және сервистік қызметтер алатындығын атап көрсету қажет. Ал Қазақстанда қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың 30%-ы сауда мен жөндеу қызметтерін ұсыну саласына тиесілі.

Еңбек нарығында гуманитарлық мамандардың артықтығы жағдайында жаңа технологияларды, қазіргі заманғы ғылыми сыйымды өндірістерді ендіру бойынша жұмысшылар, дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Техникалық мамандықтағы жұмысшылардың жеткіліксіздігі кәсіпорынды шетелден білікті кадрларды тартуға мәжбүрлейді. Елде жалпы білім берудің теңгерімсіз жүйесі қалыптасқан: жұмысбастылық құрылымы кадрларды дайындау жүйесінің білікті құрылымынан ерекшеленеді.

ҚР-да жұмыссыздық құрылымында әрбір екінші – әйел адамдар. 25-34 жастағы тұлғалардың үлесі – 43,5%, 15-24 жас аралығы – 9,6%. Жұмыссыздардың ішінен жоғары білімі барлар 131,3 мың адам (27,9%), орта жалпы – 146,3 мың адам (31,1%), орта кәсіптік білім барлар – 146,9 мың адам (31,2%).

Экономикалық белсенді емес халық – қарастырылып отырған кезеңде жұмыссыз болып табылатын экономикалық белсенділікті өлшеу үшін белгіленген жастағы тұлғалар. 15 жас пен одан жоғары жастағы экономикалық енжар тұрғындардың саны 2015 жылы 3,6 млн. адамды құрады. Тұрғындардың экономикалық енжарлық деңгейі 28,3 % құрады.

Экономикалық енжар тұрғындардың негізгі үлесін зейнеткерлер құрайды – 43,6%, күндізгі бөлімде оқитындар – 38,7%, денсаулық жағдайы бойынша (мүгедектігі немесе еңбекке қабілетсіздігі бойынша)- 5,5%, үй жұмыстарын жүргізумен 7,5% айналысады [3].

Елде еңбек нарығының перспективті өзгеруі тұрғындардың жұмысбастылығының тиімсіз формаларын жеңумен, өнімді жұмысбастылықты жоғарылату мен жұмыс күшінің ұтқырлылығымен анықталады. Миграциялық процестерді ұтымды басқару, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар мен жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға ықпал ету тұрғындардың табысын арттырып, кедейлікті қысқартуға ықпал ететін болады.

Қазақстанның еңбек нарығы саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен тұрақты түрде дамиды және өзінің дамуында әзірге уақыт талабынан артта қалып отыр. Осының нәтижесінде жұмысбастылық, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау сферасында көптеген шешілмеген мәселелер жинақталып қалды. Қазақстанның еңбек нарығы өзінің дамымағандығынан әлемнің басқа елдеріндегі осындай нарықтардың қызмет етуінен елеулі ерекшеленеді. Бұған еліміздің қоғамдық және саяси құрылысын өзгерту барысында туындаған қиындықтар келеңсіз ықпал етті. Осы жағдайлардың салдарынан Қазақстанның қазіргі еңбек нарығы бейресми және көлеңкелі жұмысбастылықтың жоғары үлесі, жұмыссыздардың әлсіз әлеуметтік қорғалуы, мамандығы бойынша жұмыс істемейтін азаматтар үлесінің өсуі сияқты ерекшеліктермен ерекшеленеді.

Жүргізілген талдауды қорытындылай отырып, Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының бірнеше ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

-Қазақстанда нарықтық механизмнің ең басты элементі - еңбек биржасы жоқ, бұл еңбек нарығының қызмет ету принципінің бұзылуына алып келеді. Еңбек биржасының жоқтығы жұмыссыздар санының есебін жүргізу бойынша жұмысты күрделендіреді;

- Елде жұмыссыздардың аз ғана бөлігіне әлеуметтік төлемдер тағайындалады, бұл ең төменгі өмір сүру стандарттарын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Осыдан жұмыссыздардың көпшілігі бір жағынан, әлсіз әлеуметтік қорғалған, екінші жағынан жұмыспен қамту қызметтеріне баруға ынталары жоқ, себебі олардан нақты материалдық және моральдық қолдау күтпейді. Осы себептердің әсерінен мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінің тиімділік деңгейі төмен;

- Қазақстанда соңғы жылдары 30%-дан жоғары деңгейді ұстап тұрған өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі жоғары. Олардың көп бөлігі ауылдық жерде тұрады және жоғары емес білім мен төмен біліктілікпен сипатталады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 40%-ға жуығы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, бұл мемлекет азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсуін тежей отырып, елдің еңбек ресурстарының тиімсіз қолданылауына алып келеді;

-Жұмысбастылық пен жұмыссыздық көрсеткіштері жоғары нақтылықпен ерекшеленеді. Статистикалық мәліметтердің жеткіліксіздігі мен сенімсіздігі жағдайында еңбек нарығындағы жағайды жақсарту бойынша мемлекетпен қабылданған көптеген бағдарламалық шаралардың ықпалын бақылау мүмкін болмайды;

- Жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне шығындар деңгейі мен құрылымы бүкіл әлемде ерекшеленеді және бірінші кезекте мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне, табиғи-климаттық жағдайларына және елдің басқа да ерекшеліктеріне тәуелді. Еңбек ақының бүгінгі деңгейі біздің қоғамның даму деңгейіне сәйкес келмейді және еңбек нәтижелеріне деген жұмысшылардың материалдық қызығушылығын ынталандырмайды;

- Еңбек нарығының қалыптасуы еңбек ресурстарының сапалық қасиеттерін жақсарту жағдайында жүріп жатыр. Жұмысшы мамандықтар бойынша білім алған адамдардың саны азайды. Осының салдарынан жоғары білімі бар мамандарды дайындауда ауытқубайқалады және жұмысшы мамандықтарының жеткіліксіздігі сезіледі;

- Еңбек нарығының әлсіз инфрақұрылымы мен кәсібі бойынша экономика салаларының кадрларға қажеттіліктері туралы жеткілікті ақпараттың жоқтығы ҚР білім және ғылым министрлігінің желісі бойынша мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырысты бөлу бойынша жүргізілетін шараларының тиімділігін қысқартады. Осыдан көптеген жұмысберушілер тиісті кадрларды таба алмайды, ал елдегі жұмыспен қамтылғандардың 30%-нан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді, бұл еңбек нарығының жақсы ұйымдастырылмағанын куәландырады.

Қазіргі уақытта халықраралық тәжірибені есепке ала отырып, шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне сәйкес келетін еңбек нарығының инфрақұрылымы мен оның қызмет етуінің нормативті-құқықтық ортасын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар қайтадан басталды. Жоспарланған шараларды жүргізуде жұмыссыздық пен жұмысбастылық мәселелерін дұрыс құрылымдау үшін еңбек нарығының жоғарыда аталған және басқа да ерекшеліктерін детальды зерттеуге объективті қажеттілік туындайды. Тек осындай жүйелі жұмыс ғана қорланған мәселелерді кезекті шешуге және біздің қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін еңбек нарығының жаңа моделін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Әдебиет:

  1. «Халықтың жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық» Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі. http://www.stat.kz
  2. Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы- Алматы: ТОО «Баспа», 2014- 263 c.
  3. Ситуация на рынке труда 2015 год.– Режим доступа: http://www.kazpravda.kz/fresh/view/situatsiya-na-rinke-truda2
Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена, рынок труда, сан, Статистик.

Похожие статьи

Монопсония на рынке труда | Статья в журнале «Молодой ученый»

Административно-командная система хозяйствования, имевшая место до рыночных реформ, определяла позицию государства на отечественном рынке труда как монопсониста. После реформ ситуация изменилась, и государство перестало быть единственным работодателем.

Влияние миграции на рынок труда Российской Федерации

Россия, рабочая сила, международная трудовая миграция, мигрант, Российская Федерация, Федеральная служба, половой состав, национальный рынок труда, территория РФ, государственная статистика.

Женщина на рынке труда | Статья в журнале «Молодой ученый»

Женщина на рынке труда. Автор: Ножова Анастасия Сергеевна. Рубрика: Экономика и управление.

Проанализировав данные статистики ОЭСР по 95 странам, производящим 97 % мирового ВВП, можно говорить т том, что до реального гендерного равенства в мире еще далеко.

Статистическое исследование занятости населения Российской...

Ситуация на рынке труда оценивается расчетом абсолютных и относительных показателей. Абсолютные показатели отражают экономический потенциал и возможности экономического развития страны.

Теоретические подходы к исследованию рынка труда

В статье рассмотрены наиболее значимые теоретические подходы к рынку труда. Ключевые слова: рынок труда, наемные работники, работодатели, занятость. Теории рынка труда присуща методологическая неоднородность...

Научный журнал «Молодой ученый» №18 (98) сентябрь-2 2015 г.

Эффективность охлаждения газов в пенном слое на провальных тарелках.

Обучение персонала как основной метод повышения конкурентоспособности работников на внутрифирменных рынках труда: проблемы и пути их решения.

Влияние рынка труда на формирование заработной платы

На рынке труда определяется стоимость рабочей силы, условия ее найма, [2, 4] в том числе величина заработной платы

2015. 4. Мазманова Б. Г. Управление оплатой труда. М.: Финансы и статистика. 2016. 5. Организация и регулирование оплаты труда / под ред. М. Е. Сорокиной.

Положение женщин на современном рынке труда

Ключевые слова: рынок труда,профессиональная карьера, женщина, дискриминация. В настоящее время, в условиях рыночной системы хозяйствования, имеет место изменение социальных отношений...

Особенности рынка труда молодежи | Статья в журнале...

Как известно, в международных стандартах статистики труда возрастные границы молодежи составляют 16―29 лет, а сама молодежь (хотя и не вся) относится к

3) рынка труда молодежи возрастом от 25 до 29 лет. (Поэтому данную особенность можно называть структурной.)

Труд в XXI столетии: особенности развития | Статья в журнале...

Современный труд почти полностью регулируется рынком. То есть, реальность не просто конвертируется рынком/обменом, но и полностью освоена им и «вобрана».

Развертывание 4-й промышленной революции меняет рынок труда и структуру занятости.

Задать вопрос