Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 5 февраля, печатный экземпляр отправим 9 февраля.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №51 (393) декабрь 2021 г.

Дата публикации: 21.12.2021

Статья просмотрена: 1 раз

Библиографическое описание:

Акишева, А. К. Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту / А. К. Акишева, М. Е. Жетыбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 51 (393). — С. 542-545. — URL: https://moluch.ru/archive/393/86910/ (дата обращения: 22.01.2022).



Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданғанда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталғанын байқалады. Аталған жоба білім беру процесіне адам психикасының бұрын ескерілмеген аспектілеріне қатысты элементтерді енгізуге мүмкіндік береді.

Кілттік сөздер: салауатты өмір, денсаулық, тәрбие, жүктеме, мотивация, арт-терапия, дене тәрбиесі.

В статье рассматриваются эффективные способы использования проекта критического мышления в образовательном процессе начальной школы, использование различных новых педагогических технологий в его обучении. Кроме того, исследование показывает, что использование проектов критического мышления направлено на повышение познавательной активности школьников. Этот проект позволит ввести в учебный процесс элементы, связанные с ранее незамеченными аспектами человеческой психики.

Ключевые слова: здоровый образ жизни, воспитание, загруженность, мотивация, арт-терапия, физическая культура, здоровье.

Бастауыш сыныпта білім беру — бұл өзіндік ерекшелігіне байланысты оқытудың әртүрлі техникалық құралдардың неғұрлым икемді және кеңінен пайдалануды көздейді.

Бастауыш сыныпта білім берудің ерекшелігі — оқушыларда оқу қабілетінің қалыптасуы болып табылады, бұл оқушылардың өз қызметін ұйымдастырудың амалдары мен әдістерінен тұрады, солардың негізінде рефлекстік қабілеті, таңдауды жүзеге асыру қабілеті, таңдауды, шешімді қабылдау қабілеті қалыптасады. Мен өз жұмысымда өзімнің оқушыларымның жас ерекшеліктерін және әрқайсысының тұлға ретіндегі ерекшеліктерін ескеремін. Ең алдымен, мен сабақ үстінде сенім мен серіктестіктің ортасын жасауға тырысамын, онда оқушылар оқыту процесіне кірісіп, өздерінің сабақтағы қызметін белсенділендіреді, ол олардың сабаққа белсенді қатысуына ықпал етеді.

Оқушылар әрдайым мұғалімнің айтқанын тыңдайды, оның тапсырмалары орындайды, сабақтарында алаңдамайды және сирек ескертулер алады.

Сабақтан тыс уақытта балалар барлық топпен сөйлеседі, шағын әлеуметтік топтарға бөлінбейді. сабақта топ құрамында кім немесе олардың жұптарында серіктес болатынына қарамастан жұпта немесе топта жұмыс істеуге дайын.

Балалар қызығушылық танытады, сабақта барлық жұмыс түрлеріне дайын, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды үлкен қуанышпен орындайды және үй тапсырмаларын жүйелі түрде орындайды.

Жалпы, оқушылар білім алудың жоғары деңгейін көрсетеді. Олар назарын тез ауыстырады, сонымен қатар тапсырмаларды орындауға тез назар аударады. Сынып оқушыларының өнімділігі жоғары, сабаққа үлкен қызығушылық танытады және жақсы ынталандырады.

Сын тұрғысынан ойлау әдістерін кешенді қолдану олардың күшті жақтарын тиімді пайдалануға және мүмкіндігінше әр әдістің кемшіліктерін бейтараптандыруға мүмкіндік беретіндігіне байланысты, біздің технологиямызда жалпы білім беру мекемелерінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-зерттеу қызметі, дәстүрлі оқыту әдістері мен белсенді оқыту әдістерін үйлестіріп қолдандық. Дәстүрлі оқыту әдістері оқушыларға ықпал етудің орташа құралдарын қамтитындықтан, оқыту процесіне жеке қатысуды қамтамасыз ету үшін оқытудың белсенді әдістерін қолдану қажет деп санаймыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдануды талдау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

– Сын тұрғысынан ойлау технологиясының жалпы сипаттамасы және бастауыш сыныпта білім беруде қолданылуын зерттеу;

– Бастауыш сыныпта оқушылардың сөздік қорын молайту мен тілін дамытуды сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы жүргізу жолдарын зерттеу.

Тарихи талдау. Сын тұрғысынан ойлау жобасы негізінде оқыту негізінен оқушылардың білімді өз бетінше меңгеруге, олардың белсенді танымдық және практикалық іс-әрекет процесінде біліктер мен дағдыларды саналы түрде меңгеруге белсендіруге бағытталған әдістер жүйесін қолдануды көздейді.

Сыни ойлауды Ричард В.Павл екі толқынды қозғалыс ретінде сипаттады. Сыни ойлаудың «бірінші толқыны» көбінесе «сыни анализге» қатысты болып, ол сынауды қамтыған таза, рационалды ойлау. Оның егжей-тегжейі оған анықтама берушілерге қарай әртүрлі. Барри К. Бейердің пікірі бойынша, сыни ойлау таза, уәжді пайымдаулар жасауды білдіреді. Сыни ойлау барысында идеялар дәлелденуі, толық ойластырылуы және бағалануы тиіс. АҚШ-тың Сыни ойлау шеберлігі бойынша Ұлттық Кеңесі сыни ойлауды: «сенім мен әрекетті бағыттау үшін бақылау, тәжірибе, рефлексия, пайымдау, немесе қарым-қатынас арқылы жиналатын, немесе жасалатын ақпаратты белсенді, әрі шебер жолмен ұғымға айналдыру, қолдану, анализдеу, синтездеу, немесе бағалау қатарлылардың интеллектуалды, жетілдірілген процесі» — деп анықтайды.

Зерттеу әдістемесі.

Іс — тәжірибе барысында тіл дамыту мен сөздік қорын молайту жұмысы «Жақсыдан үйрен» тақырыбы бойынша берілген мәтіндегі балаларға таныс емес жаңа сөздерді саналы түрде меңгеруін қамтамасыз етумен бірге мыналарға дағдыландырады: тіл дамыту әдістемесінде сөйлеудің логикалық, стилистикалық және грамматикалық құрылысы жағынан дамуы орфоэпиялық және орфографиялық дағдының дамып, беки түсуімен қабысып жатуға тиіс екені қатаң қадағаланады. Ол үшін ауызша және жазбаша сөзді өзара байланыстыра жүргізу іскерлігін меңгере алатындай жұмыс түрлері іріктеледі.

Әдебиеттік оқу пәнінен «Жақсыдан үйрен» тақырыбы бойынша тәжірибелік — эксперимент жасалды.

Бірінші эксперимент берілген мәтіндегі сөздер арқылы сөздік қорын молайту бойынша жаңа сөздердің тізбесіне негізделді.

Көрсеткіштер мен критерийлерді аңықтау бізге тәжірибе-эксперименттік жұмыстың белгілінген кезеңдерін (дайындық, дамыту, бекіту) іске асыруға кірісуге мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижесі. Іс — тәжірибе барысында тіл дамыту мен сөздік қорын молайту жұмысы «Жақсыдан үйрен» тақырыбы бойынша берілген мәтіндегі балаларға таныс емес жаңа сөздерді саналы түрде меңгеруін қамтамасыз етумен бірге мыналарға дағдыландырады: тіл дамыту әдістемесінде сөйлеудің логикалық, стилистикалық және грамматикалық құрылысы жағынан дамуы орфоэпиялық және орфографиялық дағдының дамып, беки түсуімен қабысып жатуға тиіс екені қатаң қадағаланады. Ол үшін ауызша және жазбаша сөзді өзара байланыстыра жүргізу іскерлігін меңгере алатындай жұмыс түрлері іріктеледі.

Әдебиеттік оқу пәнінен «Жақсыдан үйрен» тақырыбы бойынша тәжірибелік — эксперимент жасалды.

Бірінші эксперимент берілген мәтіндегі сөздер арқылы сөздік қорын молайту бойынша жаңа сөздердің тізбесіне негізделді.

Көрсеткіштер мен критерийлерді аңықтау бізге тәжірибе-эксперименттік жұмыстың белгілінген кезеңдерін (дайындық, дамыту, бекіту) іске асыруға кірісуге мүмкіндік берді.

Диагностика жүргізуге 3 «А» және 3 «Б» сынып оқушылары қатысты және бұл эксперимент сын тұрғысынан ойлау жобасына негізделіп, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту бойынша карточкаларға сұрақтар беріліп, оқушылардың өз ойларымен жауап жазуымен жүргізілді.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімділігін айқындау мақсатында 3 «А» сыныбында тақырып дәстүрлі сабақ үлгісімен өткізілді, ал 3 «Б» сыныбында сын тұрғысынан ойлау жобасына негізделіп жүргізілді (1,2 — кесте).

1 кесте

3 «А» сыныбында дәстүрлі оқыту бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіші

Білім сапасының деңгейі

Көрсеткіштері, %

Ойлау қабілеті

13 %

Сұрақ қою

16 %

Сұраққа жауап беру

16 %

Мәтінді меңгеру

21 %

Сипаттау

19 %

2 кесте

3 «Б» сыныбында сын тұрғысынан ойлау жобасы бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіші

Білім сапасының деңгейі

Көрсеткіштері, %

Ойлау қабілеті

29 %

Сұрақ қою

26 %

Сұраққа жауап беру

29 %

Мәтінді меңгеру

27 %

Сипаттау

20 %

Зерттеу нәтижелерін әр оқушымен тақырыптағы көрсеткіштер арқылы бағаладым. Бұл жұмыстың артықшылығы бүкіл сыныптың да, үш деңгейдегі оқушының да даму деңгейін анықтауға болады.

Сыныптың белгілі бір даму сатысынан келесі даму деңгейіне жетуінің нәтижесінің көрсеткішін шығардым (1,2 — сурет).

3 «Б» сынып даму деңгейінің көрсеткіші үш деңгейдегі оқушылардың даму деңгейін зерттеу кезінде орта және төменгі деңгейдегі оқушыларымда алға жылжу болды.

Төменгі деңгейдегі орташа оқитын Рустам бұрынғыдай емес ол да сабақ айтып, өзіндік жауаптарын айтатын болды. Бұрын тұйық және өз ойын айта алмайтын.

Ал орта деңгейдегі жақсы оқитын Жуманова Аружан берілген сұраққа дәлелдемелермен жауап беруге тырысқанын, өз ойын ашық айта бастағанын көрдім. Бұрын тек тақырыптың сұрақтарына ғана толық жауап беретін, оқулықтағы берілген тапсырманы толық орындап келетін.

Ал жалпы 3 «Б» сынып оқушыларының оқу үдерісінде іс-әрекеттермен ықпал ету арқылы оқушылардың дамуын зерттеу нәтижелері жақсы қорытынды берді.

Тәжірибеде зерттеген жұмысымда бала сабаққа қызығу үшін әдіс-тәсілдерді де өзгертіп отырған дұрыс екеніне көзім жетті. Сын тұрғысынан ойлау жобасына негізделген 3 «Б» сынып оқушыларында ізденушілік, әрі зерттеушілік қабілеттері артты.

1 сурет. 3 «А» сыныбында дәстүрлі оқыту бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіші бойынша нәтижесі

2 сурет. 3 «Б» сыныбында сын тұрғысынан ойлау жобасы бойынша оқушылардың білім сапасының көрсеткіші бойынша нәтижесі

Қорытынды. Жүргізілген эксперименттік жұмыстарының 3 «А» (дәстүрлі сабақ) және 3 «Б» (сын тұрғысынан ойлау жобасы) сыныптарындағы көрсеткіштерінің нәтижесін салыстыра отырып, сын тұрғысынан ойлау жобасы оқушылар мен мұғалімдер арасында елеулі өзгерістің қозғаушы күші екеніне көзім жетті. Оқыту мен оқудың сыни тұрғыдан ойлау жобасы білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Біздің әрекетіміз — баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, қабілетімен еркін атқара алатын ісі, соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу.

Бұл өзгерісті өзімнің болашақтағы мұғалімдік жолымда одан әрі дамыту үшін үнемі сабақта қолданып, дамытып отырамын. Сабақтан тыс уақытта тренинг өткізіп отыруды қолданамын. Осы әдіс–тәсілдерді үнемі қолдансақ жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Ғылыми әдебиеттерде белсенді оқытудың бірқатар ерекше белгілері көрсетілген:

– ойлауды мәжбүрлеп белсендіру,оқушы өзінің қалауына қарамастан белсенді болуға мәжбүр болған кезде;

– оқушылардың білім алуға қатысуының жеткілікті мерзімі, бұл қысқа мерзімді немесе эпизодтық емес, тұрақты және ұзақ мерзімді қызметті қамтамасыз ететін процесс;

– шығармашылық шешім қабылдаудағы жеке, тәуелсіз көзқарас, мотивация дәрежесін және оқу процесіне эмоционалды қатынасты арттыру;

– «Оқушы — мұғалім» тікелей және кері байланыс сілтемелері арқылы үнемі өзара әрекеттесу.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданып оқытудың әдістері оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталғанын байқаймыз. Олар білім беру процесіне адам психикасының бұрын ескерілмеген аспектілеріне қатысты элементтерді енгізуге мүмкіндік береді. Оқытудың белсенді әдістерін қолдану мұғалім оқушының одақтасына айналатын, оған кеңес беретін білім беру процесін, мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу жүйесін ұйымдастырудың жаңа әдісін болжайды. Өз кезегінде оқушы оқу іс-әрекетінің субъектісі — оқу процесінің белсенді қатысушысы позициясына ие болады.

Бұл оқыту әдісінің сипаттамалық ерекшелігі — жоба бойынша жұмыс барысында шешуді қажет ететін мәселенің болуы. Сонымен қатар, мәселе жеке маңызды сипатқа ие болуы керек. Бұл оқушыны шешім табуға итермелейді. Бастапқы мәслені анықтау, мақсатты тұжырымдау және жобалық өнімді құру — жобаның сипаттамалық ерекшеліктері.

Әдебиет:

1 Б. Қадірова. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми-педагогикалық проблемалары. — Алматы, 2005, 496 б.

2 А. Құсайынов. Білім және реформа. //Егемен Қазақстан, 2002, 24 сәуір

3 Тәжіғалиева З. Әдебиет сабақтарында оқушыны шығармашылыққа баулудың тиімді технологиясы. //Ғалым-ұстаз С. Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері. Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2007–70 б.

4 Выготский Л. С. Основы педологии.-М., 1934

5 Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. -М.:Педагогика, 1989. 290 с.

6 Дьяченко В. К. Развивающее обучение и развитие личности // Школьные технологии.- 1997. N 3. — С. 22–23.

7 К. Мередит, Джинни Л. Стил, С. Куртис, Ч. Тэмпл. Популяризация критического мышления: подготовлено в рамках проекта «Чтение и письмо для Критического мышления». Пос.II. — М.: Изд-во «ИОО», 1997. — С.72–76.

8 Жаманқұл П. Қ., Муфтибекова З., Орынбаева Н. Н. Оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері. //Әдебиеттік оқу әдістемесі. 3-сынып. Алматыкітап баспасы, 2010.-103 б.

9 Иманбекова Б. И., Жаманқұл П. Қ., Муфтибекова З. Әдебиеттік оқу. 3-сынып. Алматы кітап баспасы, 2010.-121, 137 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, сын, Критическое мышление, дама, немес, эксперимент.


Задать вопрос